Similar presentations:
Темперамент типтері
1. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Психология, психиатрия және наркология кафедрасы
СӨЖТақырыбы: Темперамент типтері
Орындаған: 135 ЖМФ тобының
студенті Тошай М.С.
Тексерген: Жакишева Г.С
Қарағанды – 2011ж
2. Жоспар:
Темперамент жөніндегі түснік.2. Темперамент туралы теориялар.
3. Темперамент түрлері және олардың психологиялық
сипаттамасы.
4. Темперамент және іс-әрекет.
1.
3. Темперамент жөнінде түсінік.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырғанмәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні –
адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның,
баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және
физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса,
екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға
негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық
сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар:
эмоция
тереңдігі,
қарқындылығы,
тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы
темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
4.
Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесініңшешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ
проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне
қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент
– жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының
биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне
адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы
сипатын
белгілейді.
Сондықтан,
темпераменттік қасиеттер басқа психкалық құбылыстарға
қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар
аударарлықтай
ерекшелік,
темпераменттің
әрқилы
қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар
негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің
нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара
қасиеттерінің жиынтығы.
5. Темперамент туралы теориялар
Негізінен темпераменттер туралы ілім көне Қытаи (б.э.д. VIII ғ.)емшілерінен бастау алады екен.
Ал грек медиктері бұл «құбылысқа» cәл басқашалау қараған.
Төрт темперамент туралы ілімді алғаш дамытқан грек ойшылдарының
бірі — Эмпедокл (б. э. д) 490— 430 ж.
Біздің дәуірімізге дейінгі 460—377 жылдар шамасында өмір
сүрген Гиппократтың мектебі өмірді
ілімді төрт сұйық (қан, сөл, сары өт және қара өт) туралы ілім
алмастырды.
Көптеген қадағалаулар мен хирургиялық операциялардың
барысында көне грек емшісі Алкмеон
[б.д.д. VI ғасыр] «ми дегеніміз жан – сезімнің органы» деген ой түйді.
Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің санын он үшке
жеткізді. Оның пікірінше, организмде жылылық неғұрлым басым
болса. адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса
темпераменті баяулайтынын айтты.
6. Темпераменттің психологиялық сипаты
Жүйке процесінің қозу және тежелу сипатыЖоғарғы жүйке
әрекеті типтері
Күшіне орай
Теңдестігіне
орай
Қозғалмалығына
орай
Темперамент
Күшті
Күшті
Тепе-тең
Қозғалмалы
Сангвиник
Ұстамсыз
Күшті
Тепе-теңдігі
жоқ
Қозғалмалы
Холерик
Енжар
(инертті)
Күшті
Тепе-тең
Кем қозғалмалы
Флегматик
Әлсіз
Әлсіз
Тепе-теңдігі
жоқ
Кем қозғалмалы
Меланхолик
7.
8. Қорытынды:
Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және денемүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды
психикалық типтерді ұсынды:
1) Лептосоматик - (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті
сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке ұзын.
2) Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа немесе қысқа, денесі жалпақ,
қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған саусақтары бар.
3) Атлетик – (грек – күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым, бойы орташа немесе
ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.
4) Диспластик – (грек – нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма жоқ, бұл типтегі
индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады.
9.
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктерпсихикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен
ауыратындардың көп-шілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер
маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер
эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық
типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э. Кречмер
адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы
байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері
дәлелдей түсті. Дене құры-лымының типі мен психикалық аурулар
арасындағы байланысты Кречмер былайша түсіндіреді: дене
құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар
қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді
жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.
10. Пайдаланылған әдебиеттер:
К.Б. Жарықбаев, Ж.І. Намазбаева «Жантану»оқулығы.
2. Бап-Баба С.Б «Жалпы психология» оқулығы.
3. Тәжібаев «Психология негіздер» оқулығы.
1.
4.
Либин А.В. Дифференциальная психология. - М.: Смысл,
1999. -534 с.
5.
Кречмер Э. Строение тела и характер //Психология
индивидуальных различий. Тексты. - М., 1982. - С. 219-247.