Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
АУЫЗ ҚУЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҒЗАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ (ОНТОГЕНЕЗ). АҚАУЛАРЫ
1 сурет. Адам ұрығының сагитальды кесiндiсi (схема) ұзындығы 2,2 мм
БЕТ ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ДАМУЫ
БЕТ ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ДАМУЫ
2 сурет. 4 апталық адам ұрығында бет және ауыз қуысының дамуы
ТАҢДАЙДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ЕКIНШIЛIК АУЫЗ ҚУЫСЫ ЖӘНЕ МҰРЫН ҚУЫСЫНА БӨЛIНУI. АҚАУЛАРЫ
ТАҢДАЙДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ЕКIНШIЛIК АУЫЗ ҚУЫСЫ ЖӘНЕ МҰРЫН ҚУЫСЫНА БӨЛIНУI. АҚАУЛАРЫ
3 сурет. Бет және ауыз қуысы ақаулары
СIЛЕКЕЙ БЕЗДЕРIНIҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АҚАУЛАРЫ
АУЫЗ ЕРIНДЕРIНІҢ ДАМУЫ
ҰРТТЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
ТIЛДIҢ ДАМУЫ. АҚАУЛАРЫ
ТIС-ЖАҚ ЖҮЙЕСI ДАМУЫНЫҢ БИОМЕХАНИКАЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
Тiстiң дамуы
4 сурет. Тiс даму схемасы (кесiндi)
Тұрақты тiстердiң жарып шығуы мен тұрақтануы
6 сурет. Сүт тiс пен тұрақты тiс ұрықтары
СҮТ ТIСТЕРIНІҢ ДАМУЫ
II. Тiстердiң алғашқы құрылымдарының пiшiндеуi мен элеметтерге бөлiнуi үш сатыдан тұрады.
1 кесте. Сүт тiстердiқ жарып шығу кезеңдерi
ТҰРАҚТЫ ТIСТЕРДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЖАРЫП ШЫҒУ КЕЗЕҢДЕРI.
2-шi кесте. Тұрақты тiстердiқ жарып шығу кезеңдерi
7 сурет. Тұрақты тiс жарып шығуы  
ТIС АҚАУЛАРЫ (АНОМАЛИЯЛАРЫ)
Тiс пiшiнiнiң аномалиясы
8 в сурет. Тiс түбiрiнi аномалиялары
Тiс аномалиясы
Тiс санының аномалиясы
Тiс санының аномалиясы
589.54K
Category: medicinemedicine

Ауыз қуысы және оның ағзаларының дамуы (онтогенез). Ақаулары

1. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Орындаған: Алдаберген Р.
Тобы: 440
Жетекшісі: Мустафаева А.

2. АУЫЗ ҚУЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҒЗАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ (ОНТОГЕНЕЗ). АҚАУЛАРЫ

Ауыз қуысы мен ас жолы басталады. Эмбриондық даму кезiндегi әртүрлi бұзылыстар
беттiң, ауыз қуысы мен мойынның кемтарлығына әкеледi. Ас жолы эндодермадан
дамиды. Алғашқы кезде ас жолы екi жағы бiтелген тiке түтiкке ұқсайды. Iшек түтiгiнiң
тек ортадғы бөлiгi сарыуызды қапшық қуысымен кең тесiк арқылы байланысты.
Ауыз қуысы, ұрықтың бас жағындағы эктодер-масының iшке қарай жиырылып,
алдыңғы iшектiң тұйық жағына қарсы дамуынан басталады.
Эктодерманың iшкерi жиырылуы мидың алдыңғы бөлiгiнiң тез өсуiмен, және
мезенхиманың ұлғаюымен байланысты. Осыдан маңдай темпегi түзеледi. Темпек
астында эктодермамен жабылған шұңқыр пайда болады. Шұңқырдан алғашқы ауыз
қуысының және келешек мұрын қуысының ұрық бастамасы дамиды (1 сурет).
Шұқырдың түбi, алдыңғы iшектiң эндодермасы мен жұтқыншақ жарғағын құрайды.
26—27 тәулiктен кейiн, жарғақ жарылып, ауыз қуысы (бухтасы) алғашқы iшек
қуысымен байланысады.
Жұтқыншақ жарғағы жарылғаннан кейiн, алғашқы iшектiң алдынғы белiгiнiң
бастапқы жерi ауыз бухтасына қосылып, екеуi бiрге алғашқы ауыз қуысын құрайды.
А.Г.Кнорре бойынша ауыз қуысы кiреберiс эпителиi, ауыз бухтасының эктодермасынан, ал ауыздың қалған бөлiгi алдынғы iшектiң (прехордиалды пластинкадан)
тесемiнен дамиды.
Жұтқыншақ жарғағының алдынғы эктодермасынан (Ратке қалтасы) гипофиздiң
алдыңғы бөлiгi дамиды.

3. 1 сурет. Адам ұрығының сагитальды кесiндiсi (схема) ұзындығы 2,2 мм

А-ортаны ми қабы;
Б- Ратке қалтасы;
В- жұтқынша жарғағы
Г-жұтқыншақ

4. БЕТ ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ДАМУЫ

Ауыз бухтасынан (қуысы) ауыз қуысының алдыңғы бөлiгiмен бiрге келешек мұрын
қуысының да бастауы пайда болады. Олардың пiшiнделуi және бөлектенуi бүкiл
беттiң дамуымен байланысты. Бұл даму 4 және 10 апта арасында жүредi.
Ауыз бухтасы бес темпешiкпен қоршалған саңылауға ұқсайды. Саңылаудың
жоғарғы шетi тақ құралған маңдай өсiндiсiнен және оның бүйiрлерiнде орналасқан
жоғарғы жақ өсiндiлерiнен құралады. Өсiндiлер мандибулярлық доғаның дорсалды
бөлiгiнен тұрады. Ауыз саңылауының төменгi шетiнен (бiрiншi желбезек доғасының
вентралды доғасы) дамитын екi төменгi жақ өсiндiлерi қатысады.
Дамудың бесiншi аптасына жақтың маңдай өсiндiсiнде сезiм шұңқырлары
дамуына байланысты, ол бiрнеше аймаққа бөлiнедi. Сезiм шұқырлар арасындағы
бөлiк маңдай өсiндiсi деген атауын сақтайды. Сезiм шұқырларын қоршаған
темпешiктер мұрынның медиалды және латералды өсiндiлерiне айналады.
Мұрынның латералды өсiндiсi жоғарғы жақ өсiндiсiнен мұрын жүлгесi арқылы
белiнедi. Ол көз шұқырларын сезiм шұқырларымен қосып, мұрын-жас ағу өзегiн
құрайды. Бұл өзектен коньюктивалық қаптан сұйық мұрын қуысына ағады.
Жоғарғы жақ өсiндiлерi мен мұрынның медиалды өсiндiлерi бiр-бiрiне бекидi.
Осындай үрдiстер арқылы жоғарғы жақ пен жоғарғы ерiн негiзi құрылады. Жоғарғы
жақтың күрек тiстері орналасқан орталық белiгi және жоғарғы ерiн аймағы
мұрынның медиалды өсiндiлерiнiң қосылуынан дамиды. Ал жоғарғы жақтың қалған
бөлiктерi жоғарғы ерiн мен жоғарғы жат өсiндiлерiнен дамиды.

5. БЕТ ЖӘНЕ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ДАМУЫ

Осыған ұқсас эмбрионалдық даму, теменгi жақ доғасы
аймағында да болады. Төменгi жақ өсiндiлерi 5-6 аптада өзара
бiрiгiп, төменгi жақ пен төменгi ерiндi құрайды (2 сурет).
Мұрынның медиалды өсiндiсiнен мұрын арқасы және ұшы,
жоғарғы ерiннiң ортасы және жақтар арасындағы сүйек
дамиды.
Латералды мұрын өсiндiсiнен: мұрын қанаттары, мұрын
сүйектерi, торлы сүйек және жас сүйектерi дамиды.
Жоғарғы жақ өсiндiсiнен: жоғарғы ерiннiң латералды бөлiгi,
жоғарғы ерiн бөлiгi, ұрт, жоғарғы жақ, бет сүйек, таңдай сүйек,
сына терiздi сүйектiң қанаттәрiздi өсiндiсiнiң медиалды
пластинкасы дамиды.
Төменгi жақ өсiндiсiнен: төменгi ерiн, төменгi жақ және ауыз
қуысының түбi дамиды.

6. 2 сурет. 4 апталық адам ұрығында бет және ауыз қуысының дамуы

А-маңдай өсіндісі;
В- төменгі жақ өсіндісі;
С- жоғарғы жақ өсіндісі;
D- дамып жатқан жүрек.

7. ТАҢДАЙДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ЕКIНШIЛIК АУЫЗ ҚУЫСЫ ЖӘНЕ МҰРЫН ҚУЫСЫНА БӨЛIНУI. АҚАУЛАРЫ

Эмбрионалдық дамудың 6-7 апталарында қатты және жұмсақ таңдай дамуы
басталады және алғашқы ауыз: екiншiлiк ауыз қуысы мен мұрын қуысына
бөлiнедi.
7-шi аптаның басында таңдай өсiндiлерiнiң шеттерi төмен қарай иiлiп, ауыз
қуысының ұзына бойында тiлдiң екi жағындағы бүйiрлерiнде жатады.
Кейiннен тiл төмен қарай түскенде, таңдай өсiндiлерiнiң жиектерi жоғары
және ортаңғы сызыққа көтерiледi. Төменгi жақ ұзына бойы және келденең өседi.
Төменгi жақ доғасының iшi кеңейiп, осы араға тiл түседi.
Таңдай өсiндiлерiнiң
жиектерi екiншi айдың соңында бiр-бiрiне бекидi.
Олардың бiтуi алдынан басталып, артына қарай жалғасады. Пайда болған перде
қатты және жұмсак, таңдайдың алғашқы ұрықтық бастамасы болады. Осы кезде
мұрын пердесi таңдайға жабысып, мұрын қуысын оң және сол мұрын
камераларына бөледi.
Егер, керсетiлген даму қалыпты жағдайда дұрыс құрылса, таңдай ауыз
қуысымен мұрын қуысы арасында перде құрайды. Барлық саңылаулар бiтелiп,
тек мұрын, ауыз тесiктерi және кездiң тiлiгi қалады.
Кейде қалыпты жағдайдан ауытқулар болуы да мүмкiн. Бұл кезде даму
ақаулығы пайда болады. Ақаулық екi бағытта жұруi мүмкiн: бiрiншiс өсiндiлердiң бiтiсуi қалыпты жағдайдан әрi дамып, табиғи тесiктердiң бiтелiп
қалып, атрезиялар (мысалы мұрын тесiгiнiң бiтелуi); екiншi жағдайда ұрықтық
кезеңдегi саңылаулар, есейген кезде де саталып, ауытқушылық (аномалия) пайда
болады.

8. ТАҢДАЙДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ЕКIНШIЛIК АУЫЗ ҚУЫСЫ ЖӘНЕ МҰРЫН ҚУЫСЫНА БӨЛIНУI. АҚАУЛАРЫ

Егер таңдай өсiндiлерi бiтпей қалса нересте қатты және жұмсақ таңдайдың жырығымен
(«қасқырдың араны») туылады. Бұл аномалия көбiнесе қыз балаларда кездеседi (1: 2500 жаңа
туған балалар арасында). Жоғарғы ерiннiң бүйiрiнiң саңылауы, «қоян ерiн» жиiрек болады.
Ерiннiң жырығы ер балаларда кебiрек кездеседi (1: 700-1000 жаңа туған балалар арасында).
Ерiннiң бiр жағындағы жырығы жиiрек (барлық жарықтың 80%), ал екi жағындағы сирегiрек
кездеседi.
Жоғары мұрын қуысына қарай созылатын және одан да жоғары мұрын қанатын, оның
арқасынан ажырататын, кейде тiптi көз шарасы аймағына дейiн жететiн жырықтар өте сирек
кездеседi. Бұндай аномалия «мұрын бұйiрiнiң саңылауы» деп аталады.
Басқа жағдайларда жырық латералды жүрiп, мұрын қанатын айналып өтiп, көз аймағына
жеткенде, төменгi қабақ бөлiнедi— соlоbоmа. Ұрық мұрынның латералды өсiндiсi мен жоғарғы
жақ арасындағы саңылаулық бiтiспеуiн беттiң қиғаш саңылауы деп атайды.
Егер таңдайдың медиалды өсiндiлерi бiтiспесе, ерiннiң ортаңғы жырығы, ал жоғарғы жақ
өсiндiсi теменгi жақ өсiндiсiмен бiтiспесе, беттiң көлденең жырығы дамиды. Ауыз өте үлкен
болса, оны mасгоstоmа (үлкен ауыз), бұған қарама-қарсы аномалия - miсгоstоmа (кiшкентай
ауыз) болады. Бұл түрi жоғарғы жақ пен төменгi жақ өсiндiлердiң бiр-бiрiмен қосылуы, қалыпты
жағдайдан ұзаққа созылғанда кездеседi.
Даму аномалиялары кейбiр хромосомды аномалияларда кездеседi. Бет құрылысы дамуының 48 апталарында залалды факторлардың әсерi өте қауiптi болады.

9. 3 сурет. Бет және ауыз қуысы ақаулары

А - беттiң қиғаш жырығы,
Б - қоян жырық,
В- таңдай жырығы,
Г - жоғарғы ерiннiң
ортасының жырығы.

10. СIЛЕКЕЙ БЕЗДЕРIНIҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ АҚАУЛАРЫ

Шықшыт және жақ асты сiлекей бездерi, ұрықтың 5-6
аптасында, ал тiл асты бездерi 7-8 аптада дамиды.
Майда сiлекей бездерінің дамуы ұрықтың 3-шi айынан
бастап жетiле бастайды. Бездердiң шығару өзектерiнiң
дамуы, бала туғанға дейiн дамиды.
Даму ақаулары. Бездердiң аплазиясы. Кебiнесе толық
аплазия болмайды. Бiр немесе бiрнеше бездердiң дамуының
нашарлауы кездеседi.
Бездердiң дистопиясы. Бездердiң орны алмасып, олардың
топографиясы өзгередi.
Бездердiң шығару өзегiнiң ақаулары. Бездер болмауы
мумкiн немесе орын алмасуы мумкiн. Шығару өзегi
болмаса—атрезия немесе қапшыққа ұқсап кеңейсе эктазия деп атайды.

11. АУЫЗ ЕРIНДЕРIНІҢ ДАМУЫ

Ерiн үш бөлiкке бөлiнедi: терiлiк (рагs сutаnеа), аралық (рагs intегmtdiа) және
кiлегейлi (рагs muсоsа). Ерiннiң қалың бөлiгiнде көлденең жолақты бұлшықеттер
орналасқан.
Ерiннiң терiлiк белiгiнiң құрылысы терiге ұқсас. Ол көп қабатты жалпақ
мүйiзделген эпителиймен жабылған және май бездерi, терi бездерi және түктерден
тұрады. Осы бөлiктiң эпителиi базалды мембранада орналасқан; мембрана астыда
болбыр денекер тiн жатыр. Олар биiк эпителиге енетiн биiк бүртiктер құрайды.
Ерiн терiсiнiң аралық белiгi. Бұл да терi, бiрақ ауызға қарай құрылысы өзгередi.
Ол екi аймақтан турады: сыртқы (түктi) және iшкi (бiртегiс). Сыртқы зонада:
эпителийдiң мүйiздi қабаты сақталған, бiрақ ол жұқа және мөлдiр болады. Бұл қабатта
түк жоқ, бiртiндеп терi бездерi жоғалады, тек өзiнiң өзектерiн эпителийдiң үстiне
ашатын май бездерi ғана сақталады.
Кiлегейлi қабатында бұлшықет жоқ.
Сондықтан меншiктi пластинка шекарасынан өтiп, кiлегей астына түсiп, одан
көлденең жолақты бұлшықетке жалғасады.
Кiлегей асты негiзiнде ерiннiң сiлекей бездерi орналасады. Олардық шығаратын
өзектерi көп қабатты, жалпақ мүйiзделмеген эпителийден тұрады және ерiн бетiне
ашылады. Ерiннiң кiлегейлi қабатынық кiлегей асты негiзiнде артерия және көптеген
веналар өрiмi орналасқан.

12. ҰРТТЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

Ұрт (buссае) — бұл бұлшықеттiк тұзiлiс. Шекарасы: алдынан — мұрын-ерiн жүлгесі,
артынан - шайнау бұлшықеттердiң алдықгы шетi, төменнен-төменгi жақтың жиегі, үстiнен
бет сүйектiң теменгi қыры және көз ұясының төменгi қыры. Сыртынан терiмен, iшiнен
кiлегейлi қабықпен жабылған. Құрылысы ерiнге ұқсас. Құрамында терi, терi асты шел
майы және кiлегей қабық бар.
Ұрттың кiлегейлi қабатын үш зонаға бөледi: жоғарғы немесе максилярлы, төменгi немесе
мандибулярлы және ортаңғы немесе аралық. Кiлегейлi қабатта бұлшықеттiк пластинка жоқ.
Бұл аймата сiлекей бездерi болмайды. Ұрттық кiлегейлi қабаты, астындағы тiндер мен
кiлегей асты негiздiң көмегiмен байланысқан.
Ұрттық бұлшықет қабаты бұлшықеттен турады. Оның қалыңдығында ұрттың сiлекей
бездерi және таза секреторлы бездер орналасқан. Терi астындағы ұлпада беттiң май
түйiршiгi (соrрus аdiроsum buссае (Вiсhat) ) шандырлы құндақта орналасқан.
Май түйiршiгi балаларда ерекше дамыған. Бала емгенде атмосфералық ысымның әсерiн
азайтады. Май түйiршiгiн өсiндiлерi беттiң терең аймағына (самай бұлшықетiнiң iшкi
бетiне) енiп, терi астындағы iрiңдiктi беттiң терең аймағына тарату жолы болуы мүмкiн.
Ұрттың бұлшықетi-ұрт бұлшықетi және ерiнге бағытталған бұлшықеттерден турады. Ұрт
бұлшықетi шандырмен жабылған. Оны қиғаш бағытта шықшыт без өзегi және көлденең
бағытта беттiң көлденең артериясы кесiп өтедi.
Ұрттың кiлегей қабаты бiртегiс, онық арасында майда сiлекей бездерi орналасады.
Олардың түтiкшелерi осы арада ашылады. Жоғарғы екiншi үлкен азу тіс маңында шықшыт
безi өзегi бүртiкпен (рарillа раrоtidеа) ашылады.

13. ТIЛДIҢ ДАМУЫ. АҚАУЛАРЫ

Алашқы тiл кiлегейге ораған бұлшықетке ұқсайды. Бұлай болуы тiлдiң кiлегей қабаты және
оның бұлшықетi әртүрлi жерден дамыған. Тiлдiң кiлегей қабаты, алғашқы үш желбезек доғасының
вентралды белiгiнiң түбiндегi мезенхиманың пролиферациялану нәтижесiнде дамиды.
4-шi аптада 1-шi және 2-шi желбезек доғалары арасынан жұп тiл темпешiгi дамиды. Ересектерде
осы темпешiктен, жүлге тарiздi бүртiктерiнiң арасында соқыр тесiктiң алдында орналасқан тiлдiң
арқасы дамиды.
Соқыр тесiк тiлдiң түбiрiнде қалқанша без дамығаннан кейiн қалған кiшкене шұқыр. Тақ
төмпектiң алдында екi төмпайған жер бар. Оны тiлдiң бүйiрлерiнiң төмпектерi деп атайды. Осы
төмпектер бiр-бiрiмен қосылып, тiлдiң денесi мен ұшының кiлегей қабатын құрайды.
Тiлдiң түбiрi 2- 3-шi желбезек доғалары деңгейiндегi соқыр тесiктiң артындағы кiлегейдiң
қалыңдауынан дамиды. Бұны тұтқа (сорulа) деп атайды.Тұтқа тақ төмпектен басталып,
краниокаудалды бағытта созылады. Тақ темпек -бастапқы кемей үстi шемiршек.
Тұтқа мен тақ темпек арасында қақанша-тiл өзегi бар. Бұны ересектерде тiлдiң соқыр тесiгi дейдi.
Қалыпты дамудың бұзылуы тiл ақуларының пайда болуына әкеледi.
1. Тiл жүгенiнiң қысқаруы (1: 300 жаңа туған балалар iшiнде).
2. Тiл ұшының айырылуы. Тақ төмпектің дұрыс дамымауы, «қосымша тiл» немесе «қосарланған
тiл» ақауы пайда болады.
3. Макроглоссия (үлкен тiл) және микроглоссия (кiшкене тiл) ақаулықтары тiлдiң қоршаған ағзалар
көлемiне сейкес дамымауы.

14. ТIС-ЖАҚ ЖҮЙЕСI ДАМУЫНЫҢ БИОМЕХАНИКАЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

Жаңа туған баланың ернi пiл тұмсық (хобот) терiздi болуы, қызыл иекте
мембрананың болуы, таңдайдағы көлденең қыртыстар және ұрттағы май
қабатының мол болуы ему үрдiсiн толық қамтамасыз етедi. Оларда төменгi
жақтың iлгерi тұруы және төмпешiктiң әлсiз дамуы, төменгi жақтың iлгерi
қарай оңай жылжып, ему мүмкiндгiн жеңiлдетедi.
Ему қозғалысы тiс-жақ сүйегiнiң, ымдау және шайнау бұлшықеттерiнiқ
дамуына есер етедi. Ему кезiндегi қозгалысқа байланысты есiресе төменгi
жатық өсуi және алға жылжуы дамиды. Бұл жағдай жақтардың өзара
ортогнатикалық қатынастарын дамытады.
Тiстердiң жарып шығуы қалыпты жағдайлармен анықталады:
1) Тiстердiң жарып шығуы белгiлi уақыт аралығында болады;
2) Жарып шығу жұптасып жүредi;
3) Жарып шығу ретi белгiлi заңдылыққа бағынады.
Әр уақытта төменгi жақ тiстері ерте шығады. Балаларда уақытша орталық
күрек тiстер 6-8, бүйiрлiк күрек тiстер 8 -12, бiрiншi азу тiстер 12-16, ит тiстер
16-20 айлығында, ал екiншi азу тiстер 20-30 айлығында жарып шығады.
2,5-3 жасқа таман уақытша тiстердiң жарып шығуы аяқталады. Тiстердiң
минералдануы 3,5-4 жаста аяқталады.

15. Тiстiң дамуы

Тiстердiң қатты тiндерiнiң минералдануы тiс сауытының кесушi бұдырларынан
басталып, тiс түбiрiне қарай жалғасады. Тiстiң минералдануы тiс тiндерiнiң қажеттi
белокты, ферменттердi және баса да биополимерлердi қабылдау мүмкiндiлiгiне тiкелей
байланысты. Бұл кезде ағзада кальцийдiң, фосфордың және басқа микроэлементтердiң
қажеттi мөлшерде болуы өте мақызды. Олар жетiспейтiн жағдайда, эмалдану үрдiсi
бұзылады.
Тiстердiң минералдануының келесi сатысы, жарып шыққан тiс эмалiнiң дамуы. Бұл
кезде сiлекейдiң ерекше мақызы бар. Эмальдiң дамуын электрогенетикалық әдiспен
анықтауға болады.
Тiстердiң сiлекеймен жуылатын жерлерiнде минералдану баяу жүредi. Уақытша тiс
түбiрлерiнiң семуi баланың 4 жасынан басталып, 11-12 жасқа дейiн созылады.
Бiрiншi тұрақты азу тiстер жарып шыққан кезден бастап ауысушы тiстен дамиды. Сүт
тiстер тұраты тiстерге өзгерiп, ауысушы тiстен дамиды. Тұрақты тiстердiң даму қабiлетiне
олардың минералдануы есер етедi.
Бала 1 жасқа жеткенде алдымен азу тiстердiң сауытының төмпешiктерi, күрек тiс пен ит
тiстердiң кесушi жиектерi қатаяды. Ал, үш жасқа жеткенде кіші азу тiс (премоляр), 4
жасқа жеткенде- екiншi кіші азу тiс (премоляр) минералданады. Тiс түбiрлерiнiң дамуы
мен минералдануы ерекше өтедi.
Тiстiң дамуы сауытынан басталып, түбiрiне қарай жүредi. Жарып шыққан тiс 3-4
жылдан кейiн толық дамиды. 13 жаста ит тiс түбiрiнiң минералдануы, ал екiншi азу тiстiң
минералдануы сәл кейiнiрек аякталады.

16. 4 сурет. Тiс даму схемасы (кесiндi)

17. Тұрақты тiстердiң жарып шығуы мен тұрақтануы

Тiстердiң жарып шығуының кептеген теориялары бар.
Бiр теорияда жарып шығу себебiн, өсiп келе жатқан тiс түбiрiнiң итеруiнен немесе дамып келе
жатқан ұяшықтың түбiне сүйек жиналып, тiстi итерiп шығаруынан деп түсiндiредi.
А. Я. Катц бойынша жарып шығу үшiн, тiстiң айналасындағы альвеолярлы өсiндiнiң сүйектегi
қайтадан құрылу үрдiсi де мақызды дейдi. Тұраты тiстердiң уақытында жарып шығыуы, уақытша
тiстердiң дер кезiнде түсуiне байланысты.
Сүт тiстер түбiрлерiнiң денеге сiңiп кету уақыты кешiксе, (әсiресе емделген тiстердiң түбiрлерi)
тұрақты тiстердiң дамуы және жарып шығуы бұзылып тiс-жақ жүйесiнде аномалиялар дамиды.
Тұрақты тiстердiң жарып шығу мезгiлiнiң орташа уақыттары:
1) бiрiншi азу тiстер 5-6 жаста;
2) бiрiншi күрек тiстер 7-8 жаста;
3) екiншi күрек тiстер 8-9 жаста;
4) бiрiншi кіші азу тiстер (премолярлар) 9-10 жаста;
5) ит тiстер 10-13 жаста;
6) екiншi кіші азу тiстерi (премолярлар) 12-13 жаста;
7) екінші азу тiстер 12-13 жаста;
8) үшінші азу тiстер 18-25 жаста немесе одан да үлкенiрек;
Қатты таңдай құрылғаннан кейiн, тiл ауыз түбiне түсiп төменгi жақ дамуына есер етедi. Осылай
жақтардың прогениялық қалпы құрылады.
Ауыспалы тiстем кезiнде самай — төменгi жақ буынының буындық төмпешiгi дамиды. Бұл кезең
сагиталды және трансверзалды, окклюзионды қисықтықтың дамуына алып келедi.

18. 6 сурет. Сүт тiс пен тұрақты тiс ұрықтары

19. СҮТ ТIСТЕРIНІҢ ДАМУЫ

Алғашқы тiс ұрығының пайда болу кезеңi:
1) Тiс ұрығын пiшiндеу және элементтерiнiң дифференцировкасы;
2) Гистогенез кезеңi: дентин, эмаль, пульпа, цемент дамуы.
3) Адамның тiстерi, ұрықтың ауыз қуысы кiлегейiнен дамиды. Даму
үш кезеңнен тұрады.
І. Алғашы тiс ұрығының пайда болу кезеңi.
Дамудың 6-7 аптасында ауыз қуысының көп қабатты жалпақ
эпителиi, келешек альвеолярлы өсiндiлердiң орындарына сәйкес доға
терiздi қалыңдайды. Осы доғалар астындағы мезинхимаға енiп,
вестибулярлық және тiс табақшаларына бөлiнедi.
Вестибулярлы табақшадан келешекте ауыз кiреберiсi дамиды. 8-шi
аптада тiс табақшасының сыртындағы эпителиден 10 домалат
құрылым - тiс бүртiктерi дамиды. Бұл жерде келешек сүт тiстер
орналасады.

20. II. Тiстердiң алғашқы құрылымдарының пiшiндеуi мен элеметтерге бөлiнуi үш сатыдан тұрады.

1-саты. «Бөрiк» тәрiздi сатысы (сар stаgе).
Эмбриогенездiң 10-шы аптасынан бастап, тiс бүртiктерi эмальдi ағзаға айналады.
Мезинхимадан тiстер бүртiгi және тiс қалтасы дамиды. Осы үшеуi эмалды ағза, тiс бүртiгi
және тiс қалтасы қосылып-алғашқы тiс бастамасын (ұрығын) құрайды. Эмалды құрылымның
пiшiнi «берiкке» ұқсайтындықтан «сар stаgе» деп атал ады.
2-саты. «Қоқырау» тәрiздi сатысы (bеII stаgе).
Әрi қарай даму кезiнде эмальды ағзаның пiшiнi өзгерiп, қоңырауға ұқсайды.
Ұрық дамуының 4-шi айының соңында, эмалды ағза адам антобластага және тiс бүртiгiнiң
жасушасы-одонтобластқа айналып, дентин құрылады. Бұл кезде тiс ұрығының құрамға бөлiнуi
аяқталып, онда гистогенез, яғни тiндердiң даму кезеңi басталғанын көрсетедi.
3-саты: Гистогенез кезеңi.
Бұл кезеңде тiстiң дентинi, эмалы, пульпасы және цементi дамиды. Эмбрионда цемент
дамымайды, себебi, осы кезде тек сут тiстердiң сауыты (коронкасы) құрыла бастайды.
Бала туғаннан кейiн 4 -5 ай өткен соң сүт тiстiң түбiрлерi қалыптасып, 6-7 айдан кейiн олар
жарып шыға бастайды.
Сүт тiстердiң ұрықтарының құрылуы мен олардың жарып шығуы әртүрлi кезеңде өтедi.
Алдымен медиалды және латералды күрек тiстер шығады. Кейiнрек бiрiншi азу, ит тiстер, ал
ең соқында екiншi азу тiстер шығады. Жоғарғы жақтың тiстерi, төменгi жаққа қараганда
кешiрек шығады (1-шi кесте).

21. 1 кесте. Сүт тiстердiқ жарып шығу кезеңдерi

Тiстiң
жарып
шығу
механизмдерi әлi толық
анықталмаған.
Кейбiр
ғалымдар, тiстiң жарып
шығуы, тiстiң iшiндегi
өзгерiстерге байланысты,
өзгерiс ұлпаның (пульпа)
өсiп, тiс iшiлiк қысымды
ұлғайтуына
байланысты
дейдi. Бұл қысым кезiнде
тiс ауыз қуысына қарай
итерiледi. Басқа ғалымдар,
тiстiң жарып шығу үрдiсi,
тiс айналасындағы тiндерге,
мысалы ұяшықтар құрылуымен байланысты дейдi.
Тiстер
Жарып шығу мезгiлдерi
(айлармен есептеу)
Төменгi жақ
Жоғарғы жақ
Медиалды күрек
6
17,5
Латералды күрек
тiс
Иттiс
7
19
16
18
Бiрiншi азу тiс
12
14
Екiншi азу тiс
20
24

22. ТҰРАҚТЫ ТIСТЕРДІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЖАРЫП ШЫҒУ КЕЗЕҢДЕРI.

Құрсақ iшiлiк өмiрдiң 5-шi айында, тұрақты күрек тiстер, ит тiстер
және кiшi азу тiстер құрала бастайды. Тұрақты азу тiстер, тiс
табақшасының төменгi етiнде, әр сүт тiс ұрығының артында
орналасады. Тұрақты молярлардың дамуы, тiс табақшасының өсуi мен
ұзндауына байланысты.
Ең алдымен, эмбрионның 5 айлығында бiрiншi молярдың ұрығы
дамиды. Екiншi моляр ұрығы, бала өмiрiнiң
бiрiншi жылының
ортасында, ал үшiншi моляр - бала өмiрiнiң 4-5 жасында дамиды.
Н. А. Алтухов тұрақты молярларды - қосымша тұрақты тiстер деп
атайды. Себебi сүт тiстер жүйесiнде олардың бастамалары болмайды.
6-8 жасар кезiнде тұрақты тiстер жарып шығады. Ең алдымен, 6 жасар
кезiнде әуелi төменгi, кейiннен жоғарғы алғашқы тұрақты тiстер дамиды
(2-шi кесте).
Тұрақты тiстер жарып шыққанға дейiн, сүт тiстер түбiрi семiп,
беткейiне остеокластар жиналады. Дентиннiң ыдырауы, сүт тiстердiң
пульпасы жағынан басталады. Ең соңында, сүт тiстерден тек босаған
сауыттары қалады. Оларды дамып келе жатқан тұрақты тiстер итерiп
сыртқа шығарып тастайды.

23. 2-шi кесте. Тұрақты тiстердiқ жарып шығу кезеңдерi

Тiстер
Жарып шығу кезеңi (жылдар)
Төменгi жақ
Жоғарғы жақ
Медиалды күрек
6-18
7-18
Латералды күрек тiс
7-18
8-19
Иттiс
9-10
11-12
Бiрiншi премоляр
9-12
10-11
Екiншi премоляр
11-12
10-12
Бiрiншi моляр
5-17
6-18
Екiншi моляр
11-13
12-13
Үшіншi моляр
12-26
17-21

24. 7 сурет. Тұрақты тiс жарып шығуы  

7 сурет. Тұрақты тiс жарып шығуы

25. ТIС АҚАУЛАРЫ (АНОМАЛИЯЛАРЫ)

Тiс аномалиялары жиi кездеседi. Тұрақты тiстердiң аномалиясы сүт тiстерiне
қарағанда көбiрек кездеседi. Тiстердiң пiшiнi, саны, орналасуы және құрылысының
ақауларын ажыратады.
(8 сурет а, б, в, г, д, е).
8 а сурет. Жоғарғы жақтың
күрек тiстерiнiң анамалиялары
8 б сурет. Тістердің бір-бірімен жабысу түрлері

26. Тiс пiшiнiнiң аномалиясы

Тiс пiшiнiнiң аномалиясы тiстердiң
әр тобында кездеседi. Тiс сауытында
аномалияларға тiс пiшiнi өзгеруi, тiс төмпешiктерiнiң санының аздығы немесе
көптiгiне байланысты.
Аномалиялар көбiнесе жоғарғы-бүйiрлiк күрек тiстермен ақыл тiстерде кездеседi.
Бұл көрiнiс адам тiстiрiнiң эволюциялық семуiне (редукция) байланысты деп
есептейдi.
Бүйiрлiк күрек тiстiң сауыты аномалия кезiнде сына терiздi немесе өзектенген
(штифт) тiске ұқсауы мумкiн.
1) Ит тiс пiшiнiнiң «балық тiсi» (Фурнье) терiздi болуы. Ит тiсiнiң тiл жағындағы
бетiнде төмпешiк жоқ, ал оның төбесi ауыз түбiне қарай бағытталған.
2) Пфлюгер тiсi - жоғарғы бiрiншi молярдың сауыты, шайнау төбесiнде
жiңiшкерiп бiр-бiрiне қарсы иiлген.
3) Тiс түбiрiнiң аномалиясы жиiрек кездеседi. Түбiрiнiң қисаюы, бұранда сияқты
бұралуы кездеседi, түбiрлер бiр-бiрімен қосылуы немесе тарамдануы және артық
түбiрлер болуы мүмкiн. Кейде артық түбiрлер кездеседi. Кейде түбiрлер
тарамданып, көршiлес тiстер цементiмен бiрiгуi мүмкiн.

27. 8 в сурет. Тiс түбiрiнi аномалиялары

1-түбiрнің
бұрылуы, иiлуi, бiрбiрiне жабысуы;
2- қосымша түбiр;
3- түбiр санының
кебейуы.

28. Тiс аномалиясы

Тiс көлемiнiң аномалиясы
Тiс сауыты немесе
тубiрiнiң көлемi үлкеюi
(макродонтизм)
немесе
кiшiреюi (микродонтиам).
2)
«Тiс iшiндегi тiс»
(densin dеntе) бiр тiстiң
ұрығы, келесi тiс iшiне
түбiр жағынан кiрiп, тiс
ұлпасы (пульпа) iшiнде
эмаль жатады.
1)
Тiстердiң орналасу
аномалиясы
тiс, тiс қатарынан
шықпайды;
2) тiс, тiс қатарынан басқа
жерде болады;
3)
тiстер
арасының
кеңеюi (diastеmа);
4)
жоғарғы медиалды
күрек тiстер арасындағы
саңылау
(trеmа),
Гетчинсон
тiсi
деп
аталады.
1)

29. Тiс санының аномалиясы

Көбiнесе жоғары жақ тiстерiнiң саны көбеюi кездеседi. Бұндай
жағдай атавизмге, немесе тiс табақшасының эпителиiнiң айналасына
жайылуы немесе дентин ұрығының бөлiнуiне байланысты болуы
мумкiн.
Мысалы: жоғарғы медиалды күрек тiстердiң арасында бiр немесе екi
тiкен терiздi тiс орналасуы мүмкiн.
Премолярлар аймағында қосымша тiстер І және II-шi премолярлар,
немесе II премоляр мен I моляр арасында орналасады. Моляр
аймағында қосымша тiстердi екi топқа: дистомолярлы және
парамолярлы тiстерге бөледi. Олар көбiнесе жоғарғы жақта кездеседi.
Дистомолярлы деп - ақыл тiстiң артында тiл жағында орналасқан
тiстердi атайды.
Қосымша парамолярлы тiстер І, II және III молярлар арасында
орналасады.
Тiс санының шын азаюы кезiнде кебiнесе ақыл тiс немесе жоғарғы
бүйiрлiк күрек тiс жоқ болады. Бұл-тiстердiң азаюы, редукциялық
семуге байланысты, болашақта олар тiптi жоғалуы да мумкiн.

30. Тiс санының аномалиясы

8 г сурет. Жоғарғы оң және сол ит тiстерiнiң
және дамымай қалуы.
8 е сурет. Төменгі жақтың ақыл тiсiнiң дисплазиясы
және өсу осiнiң кешендеуi.

31.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Rules