Similar presentations:
Ғылыми кадрларды дайындау
1.
2.
3.
Бакалавриат — бұл алғашқы, негiздi, 4 жылға созылатын жоғарыбiлiм деңгейi. Оның ерекшелiгi - студент өндірістік тәжірибеге
бағдарланған,яғни,iргелi даярлануда таңдаған бағыты бойынша кең
бiлiм ала алады. Бұдан басқа, бакалавриат бағдарламасына басқа
ғылыми облыстардан негiздi мәлiметтер кiредi. Бакалавриат
мамандандырының ауқымы кең. Оқуды бітірген соң білім
алушыларға жоғарғы кәсiби бiлiмi бар туралы"бакалавр"
дәрежесiмен қоса диплом табыс етіледі.
4.
«Магистр» сөзі - латын сөзінен шыққа ол «тәрбиеші», «оқытушы», «жетекші»деген мағынаны береді. Орыс тіліндегі аудармасында ол «өз ісінің шебері» дегенді
білдіреді. Ертеректе «магистр» — бұл батыс—еуропа унверситетінің философия
факультеттеріндегі докторлық дәрежеден сәл төмен тұратын оқу дәрежесі. Қазіргі
ағылшындық - американдық жоғарғы білім жүйесінде магистр дәрежесі бакалавр мен
ғылым докторы аралығындағы орынды иемденеді.
Ресейде магистірлік оқу дәрежесі 1803 жылы кандидат және ғылым докторы
дәрежесі қатарына енгізілді. Бұл дәрежеге ие болған
тұлғалар кафедра басқаруға құқылы болған.
1884 жылы ғылым кандидаты алынып тасталынды.
Осы уақыттан бастап Ресейде тек екі оқу дәрежесі — магистр
және ғылым докторы ғана аталды. 1917 жылғы Ресейдегі
төңкерістен кейін оқу дәрежелерінің барлығы дерлік
жойылды. Алайда, 1934 жылы кандидат және ғылым докторы
оқу дәрежелері қайта құрылды. Магистр дәрежесі болған жоқ.
5.
Қазақстан Республикасының жоғарғы білім құрылымындамагистрдің академиялық дәрежесі 1994 жылы енгізілді және
ғылыми деңгейі бойынша бакалавр дәрежесінен соң және ғылым
кандидаты дәрежесінің алдында тұрады.
Магистр дәрежесі ғылыми–зерттеу немес ғылыми –
педагогикалық әрекетке бағытталған.Магистрлік жұмысы және
таңдалған тақырыптың нәтижесін көрсетуші. Магистрлік
жұмыста алынған нәтижелердің жиынтығы оның авторының
таңдаулы кәсіптік әрекетінде бастапқы ғылыми дағдыларының
бар екендігін көрсетуі қажет.
Магистірлік жұмыс кандидаттық және докторлық диссертациялармен бірнеше
белгілеріне қарай ұқсас. Магистрлік жұмысқа дайындау мен оны қорғау процедурасы
барынша қарапайым. Мысалы, ғылыми басылымдарда алынған нәтижелердің жарық
көруі, авторефераттардың дайындау міндетті түрде талап етілмейді,
Мемлекеттік квалификациялық комиссияға құжат өткізуді қажет етеді.
6.
Докторантура – жоғары оқуорындары мен ғылыми мекемелердің
біліктілігі жоғары ғылыми және ғылымипедагог кадрларды – ғылым докторларын
даярлау бөлімі.
Докторантура ведомстволық
бағыныштылыққа, меншік түріне
тәуелсіз, қазіргі заманға лайық зерттеу
және эксперименттік базасы, белгілі бір
салада ғылыми мектебі бар, ғылымитехникалық жобалар мен
бағдарламаларды жасауға және жүзеге
асыруға белсенді түрде қатысып жүрген
жоғары оқу орындарында, ғылыми және
ғылыми-өндірістік мекемелерде
ашылады. Докторантураға ғылым
кандидаты дәрежесі
бар Қазақстан азаматтары «Жоғары оқу
орнынан кейінгі кәсіптік білім
беру туралы Ережеге» сәйкес
қабылданады
7.
Докторантура үш жылға дейінгі мерзімде ашылады және оған ғылымижетістіктерге жеткен, ғылыми-педагогикалық қызметкер ретінде танылған 40 жас
шамасындағы ғылым кандидаттары жіберіледі. Докторанттар қажет болған
жағдайда басты отандық және шетелдік ғылыми орталықтарға жүгіне алады.
Докторантурада оқу мерзімі ғылыми-педагогикалық жұмыс стажына қарай
есептеледі. Докторантураны бітірген соң докторлық диссертация қорғалады.