Similar presentations:
Балалардағы асқазан ойық жара ауруы
1.
“Астана Медицина Университеті” АҚІшкі аурулар кафедрасы
Орындаған: Молдагельдинова Ж.
Топ: 519-ОМ
Қабылдаған: Бегларова Г.Е.
2.
Жоспар:I. Кіріспе
II. Ойық жара ауруы
III. Этиологиясы
IV. Балалардағы ойық жара ауруының патогенезі
V. Қорытынды
VI.Қолданылған әдебиеттер
3.
Балалардағы асқазан ойық жара ауруыОйық жара ауруы –ойықтық дефектінің пайда болуымен
жалғасатын, қауіп факторы мен гастродуоденальді ойық
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуымен туындайтын
созылмалы ауру. Соңғы жылдары балалардағы ойық
жарасының кездесу жиілігі жоғарылап, 600 баланың біреуі
ауыратындығын көрсетті. Сонымен қоса, аурудың «жасаруы»
ауыр ағымы мен емдеу нәтижелерінің төмендеуі
патологиялық аймақтың ұлғаюына әкеліп соғуда. Осыған
сәйкес,ойық жара ауруы балалар арасындағы маңызды
мәселеге айналуда.
4.
Этиология.Аталмыш дерттің дамуына ағзаға біршама қолайсыз
факторлардың әсері, олардың қатарына тұқым қулаушылық және
эмоциональді күйзеліс, алиментарлы олқылық (тамақтанудың
бұзылуы, қышқыл тамақ пайдалану) жатады. Негізгі себептеріне:
жүйкелік бұзылыстар және асқазанның гормональді реттелу
қызметінің бұзылысы және агрессия факторлары мен қорғаныш
факторлары арасындағы тепе-теңдік бұзылысы болып табылады.
Ойықтың дамуы созылмалы гиперхлоргидрияға және пептидтік
протеолиз, асқазанның басты бездерінің гипергастринемия және
гиперплазиясы, сонымен қатар, гастродуоденальді дисмоторика
және ұзақ уақыттық антробульбарлы аймақтың қышқылдануымен
байланыстырылады.
5.
Науқастардың 90-100% асқазанның антральдібөлімінің шырышты қабатында анықталғандай,
дерттің дамуында басты рөлге Helicobacterpylori ие.
6.
Балалардағы ойық жара ауруыныңпатогенезі.
Тұз қышқылы секрециясы мен
пепсиннің жоғарылауына, шырышты
заттардың түзуінің төмендеуіне және
гастродуоденальді зонаның моторлы
реттелуінің төмендеуіне әкелетін
бірнеше механизмдер қарастырылған.
Секрецияға және асқазан мен он екі
елі ішектің моторикасына екі жақты
әсер ететін ОЖЖ маңызды орын
алады. Орталық және вегетативті
жүйке жүйесіндегі патологиялық
өзгерістер қорғаныс пен қауіп
факторлары арасындағы тепе-теңдікті
сақтай алмай, ойықты дефекттің
пайда болуына әкеледі.
7.
8.
Клиника: Клиникалық көрінісі үрдістіңлокализациясы мен клиникоэндоскопиялық сатысына байланысты.
9.
I саты (ойықтың бастамасы). Басты клиникалық симптом –оң жақта кіндік аймағына жақын, орта сызығының оң жақ
бойында эпигастрий аймағындағы ауырсыну. Ауырсыну аш
қарын кезінде тамақ қабылдағаннан кейін 2-3сағаттан соң
біліне бастайды (кешкі ауыру сезімі). Балалардың басым
көпшілігінде түнгі ауыру сезімі байқалады. Ауыру сезімі
байқалады: аш қарында — ауыру – тамақ қабылдау –
жеңілдену сезімін туындатады. Диспепсиялық синдром
байқалады: қыжылдау (ерте және жиі белгі), лоқсу, іш өту.
Іштің беткей пальпациясы ауырсынусыз, терең — беткі
бұлшық еттердің қорғаныштық жиырылуына байланысты
қиындық келтіреді.
10.
Эндоскопиялық зерттеу кезінде шырыштықабаттың гастродуоденальді аймақтың сұр —
сары немесе ақ түсті фибринмен қапталған
дөңгелектенген және сопақша пішінді
буылтықты дефект айқындалған қабыну
ошағы көрінеді. Балалардағы ойық жара
ауруы Пилороантральді бөлікте орналасқан
асқазан ойық жарасы көбінесе ер балаларда
кездеседі. 12 елі ішектің алдыңғы
қабырғасында және бульбодуоденальді
айналымда орналасуы мүмкін. Моторлы —
эвакуаторлы бұзылыстарға дуоденогастральді
рефлюкс және спастикалық деформацияны
жатқызуға болады.
11.
II саты (ойық дефектісінің эпителизациясы)Балалардың басым көпшілігінде эпигастриалды аймағындағы кешкілік
ауырсыну сезімі сақталады, күндіз де байқалады, ал тамақтанған соң
жеңілдене түскендей күй кешеді. Беткей пальпацияда жақсы сезуге мүмкіндік
туса, терең пальпация барысында бұлшық еттік қорғаныштық байқалады.
Диспепсиялық көрініс азырақ білінеді. Эндоскопиялық зерттеу барысында
шырышты қабықтың гиперемиясы әлсіз, ойықтық дефекттің айналасындағы
ісіну азайған, қабыну аймағы жоғала бастайды. Дефект фибриннен босай
бастайды, ойықтық конвергенция басталып, жазылудың белгілері пайда
болады.
12.
III саты (ойықтың жазылуы). Ауырсыну сезімі тек ашқарында байқалады, түнгі уақытта аштық сезімі сақталады.
Терең пальпация кезінде іш айқын сезіледі, бірақ ауыру сезімі
әлі де сақталған. Диспепсиялық бұзылыс білінбейді.
Эндоскопиялық зерттеу барысында — сызықты, циркулярлы,
жұлдызша пішінді қызыл түсті буылтықтар репарацияның ізін
көрсетеді. Асқазан мен он екі елі ішек қабырғасының
деформациясы білінеді. Асқазан мен он екі елі ішектің
шырышты қабатында қабыну үрдісінің белгілері байқалады,
сонымен бірге моторлы — эвакуаторлы бұзылыс білінеді.
IV саты (ремиссия) Жалпы жағдайы — қанағаттанарлық.
Шағымы жоқ. Іш пальпациясы ауырсынусыз. Эндоскопиялық
зерттеу кезіндегі асқазан мен он екі елі ішектің шырышты
қабықта өзгеріс жоқ. Алайда 70-80% жағдайда асқазанның
қышқыл түзуші қызметі жоғарылаған.
13.
Асқынулары: Асқазан ойық жаралы ауруының асқынуыбалалар арасында 8-9% жағдайда кездеседі. Қыз
балалардан қарағанда, ұл балаларда 2 есе жиірек
кездеседі. Асқынулар арасында он екі елі ішектен қан
кету жиі байқалады. Асқазан ойық жаралы ауруы кезінде
перфорацияға жалғасып асқынуы мүмкін. Ол эпигастрий
аймағындағы «қанжар сұққандай» ауыру сезімін
тудырып, сілеймеге әкелуі мүмкін. Пенетрация (ойықтың
көршілес жатқан ағзаларға өтіп кетуі) дұрыс жасалмаған
емнен немесе созылмалы үрдістің нәтижесінде дамиды.
Клиникалық пенетрация кенеттен пайда болған ауыру
сезімімен,арқа бөлігіне иррадияция берумен және
қайталамалы лоқсумен сипатталады. ФГДС жүргізу
арқылы толыққанды диагноз қойылады.
14.
Диагностикасы Ойық жаралы аурудың диагнозы жоғарыда келтірілгенклинико — эндоскопиялық белгілермен қатар келесі әдістердің жүруімен
анықталады. Асқазанды фракционды зондтау, асқазан сөлінің қышқылдығын;
тұз қышқылы мен пепсиннің дебитті — сағатын анықтау. Асқазан сөлінің
арнайы тітіркендіргіштерді ашқарынға қабылдау нәтижиесінде рН,
пепсиннің жоғарылауы. Асқазан мен он екі елі ішектің рентгенологиялық
зерттеу әдісінде контрастты затты жұту арқылы тексереді. Ойықтың негізгі
белгісіне: «ниша» симптомы және он екі елі ішектің буылтықтануы; жанама
белгісіне – мықын ішектің спазмы, он екі елі ішектің буылтықтың
дискинезиясы, асқазан гиперсекрециясы жатады. Helicobacterpylori табылуы.
Қайталамады анықтауға нәжіс құрамында жасырын қанның анықталуы
жатады (Грегерсен реакциясы).
15.
Балалар ойық жара ауруының емі Ойық жара ауруы кезінде емдік әрекетбірнеше негізгі принципке негізделген: қышқылды-пептикалық
агрессиясының төмендеуі, НР эрадикациясы, жаралық дефекттің
репарациясы үшін жағдай жасау. Бұл мәселелерді шешу тәртіптік және
емдәмдік ұсыныстар көмегімен, сонымен қатар адекватты медикаментозды ем
көмегімен жүзеге асырылады. Медикаментозды емес ем Ойық жара ауруының
асқынбаған түрлерімен науқастардың көбі балаға қолайлы күн тәртібі мен
тамақтануын қалыптастыру жағдайында амбулаторлы ем қабылдауы мүмкін.
Арнайы гастроэнтерологиялық бөлімге жатқызу ойық жара ауруының
асқынған түрлерінде немесе әлеуметтік көрсеткіштері бойынша көрсетілген.
Бұндай балаларды амбулаторлы жүргізгенде бірнеше ережелерді сақтаған
жөн: баланы мектепке жібермеу (бақылау эндоскопиясын жүргізу алдында),
жартылай төсектік тәртіппен шектелген күн тәртібін қамтамасыз ету,
теледидарлық және компьютерлік уақытты шектеу. Сондай ақ психологиялық
тұрғыдан ыңғайлы жағдайлар орнату мен бүкіл дәрігерлік нұсқауларды
орындау (әсіресе жасөспірімдер). Диета (емдәм). Диетотерапияның негізгі
принциптері СГД ерекшеленбейді. 1-в үстел 3 айға жалпы үстелге өтуімен
тағайындалады. Бұрын тағайындалған жиі бөліп тамақтану қазіргі кезде
физиологиялық емес болып қабылданды; дұрысы бірдей уақыт аралығында
тағамды 4-5 рет қабылдау деп есептеледі.