1. Исландия. Рейкьявик
2. Моңғолия. Улан-Батор
3. Гренландия. Нуук
4. Беларусь. Минск
5. Канада. Оттава
6. Финляндия. Хельсинки
7. Литва. Вильнюс
8. Эстония. Таллин
9. Польша. Варшава
1. Қазақстан. Астана
Назарларыңызға рахмет!
1.49M
Category: geographygeography

Әлемдегі ең суық 10

1.

2. 1. Исландия. Рейкьявик

1. ИСЛАНДИЯ. РЕЙКЬЯВИК
Исландия астанасы – Рейкьявик әлемдегі ең таза және әдемі
қалалардың бірі. Керемет құрылым, таза қоршаған орта, әдемі
ғимараттарға толы өмір сүруге тұрарлық жоғары дәрежедегі қала.
Барлығы керемет естіледі, бірақ шын мәнісінде оның климаты өте
қатаң, сұрықсыз. Исландия полярлы климаттық аймағындағы арал
мемлекет болып табылады. Сондықтан Рейкьявик үшін күн сәулесі
ең үлкен байлық іспетті. Ең жаманы онда жыл он екі ай қыс мезгілі.
Жаз кезінде өте салқын. Қазіргі таңда ол қалада 118 000 адам өмір
сүреді.

3. 2. Моңғолия. Улан-Батор

2. МОҢҒОЛИЯ. УЛАН-БАТОР
Моңғолия астанасы – Улан-Батор, басқаша атауы “ең суық астана”. Ол
Моңғолияның солтүстік бөлігінде, теңіздің 1200 метрдей деңгейінде
орналасқан. Қала өте құрғақ, өлі контитентті климатты қамтиды. Қыста ауа
райы рекордтық көрсеткішке жетеді: күндіз -15 градус, ал түнде -27 градусқа
дейін жетеді. Әлемдегі ешқандай астанада қыс мезгілі мұндай болмайды.
Қаладағы тұрғындар саны: 2. 850 000 адам. Қала айналасын тек жазда ғана
шөптер болатын тау сілемдері қоршаған. Онда ормандар мүлде жоқ.

4. 3. Гренландия. Нуук

3. ГРЕНЛАНДИЯ. НУУК
Жалпы, бұл қала жан жағын жыл бойы мұздық жапқан даттық биліктегі арал.
Ауа арйына келер болсақ, түнде температура шамамен -10 градус, ал күндіз -5
градусқа дейін төмендейді. Жаз мезгілі өте қысқа әрі суығырық, ал қыс мезгілі
өте ұзақ және суық. Онымен қоса қыс кезінде полярлы түндер жағдайды одан
бетер қиындатады. Мұндағы өмір түгелдей ауа райын сәйкес келеді.
Гренландияда халық саны небәрі 57 000, ал оның 18 000 халқы Нуукта тұрады.
Нуукта көңіл көтеретін жерлер аз, ағаштар мүлде жоқ.

5. 4. Беларусь. Минск

4. БЕЛАРУСЬ. МИНСК
Беларусь Республикасының астанасы Минскдегі ауа райы былай қарағанда
жақсы көрінгенмен, қатты аязды күндер жиі болады. Тіпті бір кездері қыста
температура - 40 градусқа дейін жеткен болатын. Минскде туристердің
назарын мәдениет ошақтары, түрлі спектакльдер мен опералар өтетін керемет
театрлары аударады. Сонымен қатар онда керемет цирк те бар. Жалпы суық
демесеңіз онда уақытты жақсы өткізе аласыз.

6. 5. Канада. Оттава

5. КАНАДА. ОТТАВА
Біздің Жер шарымыздың қарама қарсы бөлігінде суық қалалардың бірі,
Канаданың астанасы – Оттава қаласы орналасқан. Ол жақта қыс мезгілінде
температура -37 градусқа дейін төмендеген. Қаладағы әдемі жерлерден басқа
ол жақта хоккей матчін көре аласыз. Шайба мен хоккей Канаданың ұлттық
ойыны болып саналады.

7. 6. Финляндия. Хельсинки

6. ФИНЛЯНДИЯ. ХЕЛЬСИНКИ
Финляндия астанасы – Хельсинки қаласы да қыс мезгілінде өте суық,
онда температура -33 градусқа дейін төмендейді. Хельсинки қаласы
қысқы ойындар ойнауға арналған таптырмас орын. Оның табиғаты
өте әдемі, әрі ондағы еуропалықтарда қаланы өте жақсы көреді,
мақтанышпен жүре алады.

8. 7. Литва. Вильнюс

7. ЛИТВА. ВИЛЬНЮС
Вильнюс Еуропаның мәдени астанасы, сонымен қатар әлемдегі ең
суық қалалардың біреуі болып саналады. Онда температура -30
градусқа дейін төмендеген. Қыс кезінде қала маңындағы мұздықтарға
барып балық аулауға болады, одан соң оны сол жердегі мейрамхананың
шеф-поварына апарып берсеңіз сізге ол балықтан керемет кешкі ас
әзірлеп береді.

9. 8. Эстония. Таллин

8. ЭСТОНИЯ. ТАЛЛИН
Эстонияның астанасы Таллин қаласы Финляндия шығанағы жағалауында
орналасқан. Таллиндегі қыс мезгілі құбылмалы, кейде қатты, кейде
шамалы суық. Ал жаз мезгілі салқын, қоңыржай континетті. Қаладғы ең
суық ай – ақпан айы. Жылы ай – шілде айы. Ауа райы наурыз айының
соңына қарай жыли бастайды.

10. 9. Польша. Варшава

9. ПОЛЬША. ВАРШАВА
Польшаның астанасы – Варшавадағы ең төменгі температура -29
градусты құрайды. Варшаваға сапарға шықсаңыз суық демесеңіз еш
өкінбейсіз. Қала шағын болса да оның архитектурасы өте әдемі. Онда бәрі
бар: әртүрлі мұражайлар, сурет галереясы, көптеген тарихи ескерткіштер,
Польшаның ұлттық мәдениетін бейнелейтін керемет орындар.

11. 1. Қазақстан. Астана

1. ҚАЗАҚСТАН. АСТАНА
Әлемдегі ең жас астаналардың бірі – Астана қаласы әлемдегі ең суық
қалардың қатарында. Ондағы ең төмен температура -52градус болған. Бұл
әрине таңқалдыратын жағдай. Ол жаққа саяхатқа бара қалсаңыз онда
керемет жерлер өте көп екендігіне көзіңіз жетері анық: Бейбітшілік пен
келісім сарайы, Президент сарайы, Ақ Орда, Бәйтерек, Ханшатыр секілді
әсем жерлері жетерлік. Ерекше архитектурасы бар заманауи қаланың бір
кемшілігі тек қыс мезгілінің өте жайсыздығы.
English     Русский Rules