Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Бастауыш сынып
«Жай есептерді шығаруды қайталау» тақырыбына есептер шығару сабағында төмендегідей деңгейлік тапсырмаларды орындауға болады:
98.76K
Category: pedagogypedagogy

Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттырудағы инновациялық әдіс - тәсілдерді қолдану

1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Бастауыш сынып

2.

«Сабақ беру - үйреншікті
жай шеберлік емес, ол
үнемі жаңадан жаңаны
табатын өнер»
Ж. Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов
(1889-1931)

3.

Қазіргі кезде еліміздегі білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне ене бастағанда
пән мұғалімдері де, заман талабына сай педагогика
теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерді қабылдай отырып, сабақтарда жаңа
педагогикалық
технологияларды
пайдалануымыз
керек.

4.

Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі
таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа
сай тәрбиелеу үшін ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?
Бұл – арнайы мамандырылған, өз пәнін жетік меңгерген,
оқушылардың кез-келген тосын сауалдарына жауап қайтара
алатын ұстаз болуы шарт. Ол үшін мұғалім үнемі ізденісте
болып, өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Сабақтың қызықты,
сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты
болады.

5.

Бүгінгі таңда білім берудегі
басты міндет – әртүрлі әдістәсілдерді, жаңа технологияларды
қолдана отырып оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттыру
және білім сапасын жақсарту.

6.

Инновациялық оқыту – білім берудің ерекше түрі.
Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен
тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытады,
шығармашылық белсенділігін арттырады. Біз ақпарат
ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Ақпарат заманында
ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қолданылатын
саласының рөлі арта түсті. «Жүз рет есіткенше, бір рет
көрген жақсы» - дегендей біз ақпараттың көп бөлігін көз
арқылы қабылдаймыз. Сабақты оқушы жақсы түсінуі үшін
көрнекілігіміз де мол болғаны жөн. Теорияны практикамен
ұштастыруға жол ашады.

7.

Инновациялық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен
оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен,
әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан
Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнен асқан
шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттылықты
қажет етеді
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны
оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын
оятады

8.

Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа
технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап, пайдалануға
тиіс.
Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға
деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп,
арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектелмей
қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін
пайдалану артық етпесі анық. Инновация көпсалалы, кең
қолданыста.

9.

Бастауыш сынып математика сабақтарының
сапасын арттырудағы инновациялық әртүрлі әдіс
- тәсілдерді қолдануға болады. Олар: деңгейлеп
оқыту, модульдік оқыту,ойын арқылы оқыту,
өзін-өзі жетілдіру, бағдарлмалап оқыту әдісі
және т.б.

10.

Деңгейлеп оқыту дегеніміз – оқушының туа
біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуы жан –
жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
Деңгейлеп оқыту оқытылатын ақпараттың азаюы
арқылы
емес,
оқушыларға
қойылатын
талаптардың
әртүрлілігі
арқылы
жүзеге
асырылады.

11.

Бастауыш сыныпта математиканың сапасын
арттыру үшін оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын ояту керек. Оқушының оқуға
қызығушылығын оятудың басты элементтерінің
бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру. Ол үшін
қойылған талаптарды әр оқушы өз мүмкіндігі
деңгейінде орындауды қамтамасыз ету көзделеді.

12. «Жай есептерді шығаруды қайталау» тақырыбына есептер шығару сабағында төмендегідей деңгейлік тапсырмаларды орындауға болады:

І деңгей: Екі санның
қосындысын табуға
берілген есеп.
Қыз бала 3 шұңғыл
тәрелкені және 2 майда
тәрелкені жуды.
Қыз бала барлығы қанша
тәрелке жуды? (Барлығы 5
тәрелке жуды)
ІІ деңгей: Қалдықты
табуға берілген есеп.
Оқушылар 6 қара торғай
ұясын жасады. Екі ұяны
ағаш басына іліп қойды.
Енді ілуге тиісті қанша ұя
қалды? (4 ұя қалды)
ІІІ деңгей: Бірдей
қосылғыштардың
қосындысын
(көбейтіндіні) табуға
берілген есеп.
Тірі табиғат мүйісінде,
үш тордың әрқайсысында
2-2ден үй қояны бар еді.
Тірі табиғат мүйісінде
барлығы қанша үй қояны
бар? (6 үй қояны бар).
Балалар жай есептерді шығарумен байланысты жалпы есепті шешуге
жүргізілетін негізгі әдістерді игеретін болады. Сондықтан деңгейлік
тапсырмалар ретінде орындауға жай есептердің әр түрімен жұмысты
қалай жүргізу керектігін олардың қиындық деңгейін білуінің маңызы зор.

13.

Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттыру
әдіс-тәсілдерінің бірі – ойын элементтерін кірістіру
Математика сабағында оқушылардың қызығушылығын тудыру
үшін ойындар ұйымдастырудың маңызы өте зор
Ойнау барысында оқушының дербес ойлау мүмкіндігі, көңіл қоя
білу қабілеті дамиды
Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан
басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін
белсендіруге назар аударылады

14.

Мысалы, оқушылар «Кім алғыр» ойыны
арқылы тапсырмалар орындайды. Бұл ойынның
мақсаты балаларды өз бетінше жұмыс істеуге
жаттықтыру, тапсырмаларды тез, әрі дұрыс
орындауға баулу. Тақтаға ішінде 5, 4, 3 сандары
жазылған үлкен төртбұрыш ілінеді. Одан
оқушының өзі сол сандарға сәйкес тапсырмаларды
таңдап алып орындайды, яғни өз білімінің
деңгейін өзі бағалайды, себебі өзі таңдаған санға
сәйкес бағаға ие болады.

15.

білім мен
білігіне сай
келетін бағдар
таңдап
алатындай
дәрежеде
тәрбиелеу
өз бетінше
жұмыс істеу
дағдыларын
қалыптастыру,
дамыту
Қорыта келгенде,
жаңа инновациялық
педагогикалық
технологияның
негізгі, басты
міндеттері мынадай:
әрбір білім
алушының білім
алу, даму, басқа да
іс-әрекеттерін
мақсатты түрде
ұйымдастыра білу
аналитикалық
ойлау қабілетін
дамыту

16.

Әдебиеттер
1. “Бастауыш мектепте оқыту” Педагогикалық
зерттеулер - № 5-6, 2014
2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның
құрылымы. – А.:Өркен, 2007
3. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім
сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.:
Білім, 2008.
English     Русский Rules