КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырып: «ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ»     Орындаған :
1.57M
Category: pedagogypedagogy

Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда халық педагогикасын пайдалану

1. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырып: «ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ»     Орындаған :

2.

Бүгінгі таңда адамзаттың тарихи дамуы мен ғылымитехникалық процестің жеделдеуіне сәйкес жеке адамның
шығармашылық, рухани, адамгершілік және салауатты
өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру негізгі
көкейтесті проблеманың бірі болып отыр.
Аталған
зерттеулерде мектеп
оқушыларына
адамгершілік тәрбие
беру мәселелері
бойынша маңызды
тұжырымдар бар

3.

Ал, біздің зерттеу еңбегіміздегі қаралып отырған
адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың
бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын
қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне,
отбасына, басқа адамдарға мемлекетке.Отанға деген
қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен
ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің
арнаулы мақсат көздеген қызметі болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты
тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен
қатар, ол адамгершілік-қоғамдық
дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі
өзгерістерге байланысты дамып жетіліп
отыратын маңызды құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:
оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды
педагогикалық міндеттері оқушылардың
белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық
борышқа саналы көзқарасын, сөз бен
істің бірлігін, адамгершілік құнды
негізден ауытқушыларға жол бермеуді
қалыптастыру болып табылады.

4.

мектеп оқшыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында алғаш жаңа мазмұнға
ие. (АТАМЕКЕН) тәрбие бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламада
«Салт», «Асыл мұра», (Бабалар өсиеті», «Қыз бен жігіт», «Заманай», «Достық»,
«Ата-ана», «Қайырымдылық», «Сөнбес жұлдыз» атты тәрбиелік мәніне
орай топтастырылған бөлімдер бар. Осы бағыттардың қай-қайсысы болмасын жас
ұрпақ бойында асыл да, ізгі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына үлкен
септігін тигізері даусыз. Біздің қоғамда игілікті шараларды қабылдау мен енгізу бар
да, оның жүзеге асуын талап ету, қадағалау жағы ақсап жатады.

5.

Адам баласы үшін-отбасы мейірімділіктің қайнар көзі. Ол
отбасынан адам баласына қажетті тәлім-тәрбие, өмір
заңдылықтарын осы ортадан алады. Сондай-ақ үлкенге құрмет
кішіге ізет, ізеттілік, инабаттылық, адамгершілік және
имандылық міндеттерін өз санасына құяды. Отбасы–
сүйіспеншілік пен мейірімділік ошағы. Қазақ ата-бабамыз «ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп отбасы тәрбиесінің
жобасын байқап отырған. Балаға туған тілі, жері, салт-дәстүрі,
тарихын үйлесімді мейірімділікпен шектестіре отырып, санасына
құйып отырған. Бұл жөнінде М.Шахановтың туған тілі, жері, салтдәстүрі, және тарихты төрт ана деп, өз анасына теңестіруінде де
үлкен философиялық мән бар.

6.

Қазақтың тәлім-тәрбие мектебі
отбасына сіңісіп, қалыптасқан, атабабалар қалдырған тәрбиелік мұралар,
халық арасындағы беделі зор,
имандылық-адамгершілік, әлеуметтік,
қоғамдық заңдылықтардың ұлттық
талаптарына берік, билердің, ақынжыраулардың өсиеттері, ғибраттары,
халықтың мұңы мен мұраттарын, асыл
арманын, ерлігін көрсететін ауыз
әдебиеті мақал-мәтелдері, тиымдары,
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері екенін
ағартушылар, педагог-ғалымдар
еңбегінен білеміз.

7.

8.

Қазақ ауыз әдебиетті нұсқаларын жинаушы әрі зерттеуші М.Әлімбаевтың сөзімен айтқанда, «Мақалмәтелдер – халықтың моральдік кодексі, тәрбие қағидасы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған өнегелі
өсиеті» .
Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе
өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын
мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен (екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау, екінші
бөлімде ой қорытындысы айтылады.
Халық мақал-мәтелдерінің
өміршеңдігі-оның тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағына бере білу
қасиетінде, балалардың жадында сақтап жаттауына, керек кезінде тез еске түсіруіне қолайлығында .

9.

Мұғаліммен оқушының мақсатқа сай, тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге
бағытталған іс-әрекетін оқыту процесі деп атайды. Оқыту процесінде білім беру,
тәрбиелеу, дамыту ісі шешіледі, яғни оқыту процесінде алдымен оқушыға оқу
пәндеріне сай білім беріліп, іскерлік пен дағдыға үйретіледі. Екіншіден, берілген
білім оқушының ой-өрісінің, қабілеті мен бейімділігінің дамуына әсер етсе,
үшіншіден оқушыда көзқарас, сенім, мұрат, тәртіптілік, жүйелі еңбек ету, мінезқұлық қалыптастырады.
Тәрбие процесінің қажетті
буыны - өзін-өзі тәрбиелеу. Ол адамның
өз мінез-құлқына баға беруінен, өз ісіне
бақылау жасап, алға мақсат қоюынан
көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу ісі арнайы
ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарын
жүргізгенде тиімді нәтиже береді.

10.

Бала ұғымына лайықты пайдаланып, кеңестерде айналадығы дүние мен
адамдардың өзара қарым-қатынасы әр қырынан қамтылған сан алуан ақпараттар
бар. Мұндағы-адамның жақсы, жаман қасиеттері, елін сүю, ата- ананы құрметтеу,
үлкенлі сыйлау т.б. үлгі өнегелер болса бала санасына жетерлік.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілікрухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
English     Русский Rules