Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық академиясы «Гигиена – 2» - кафедрасы Атмосфералық ауа ластануының гигиеналық
Жоспар:
Атмосфералық ауаның ластануы қазіргі замандағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Халық санының өсуі мен адамның
Ауаның ластану себептері
Химиялық өңдіріс орындары
Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер тізімі
168.95K
Category: ecologyecology

Атмосфераның ластануы. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары

1. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық академиясы «Гигиена – 2» - кафедрасы Атмосфералық ауа ластануының гигиеналық

маңызы.
Орындаған: Қалдарова М.
Тобы: 304 МПД

2. Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Атмосфераның ластануы
Атмосфералық ауаның ластануының
зардаптары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

3. Атмосфералық ауаның ластануы қазіргі замандағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Халық санының өсуі мен адамның

өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық әрекеттерінің
қарқынды жүруі ауаның қауіпті масштабта ластана бастауына және
күтілмеген салдары дамуына әкеп соқты.

4. Ауаның ластану себептері

Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны
ластайтын негізгі көздер - автокөліктер,
транспорттың басқа түрлері және өндіріс
орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша
антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын
25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна
күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн
тонна хлорлы және фторлы көміртектер
(фреондар), көмірсутектің, қорғасынның
органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі
ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар
бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде. Ауылды
жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар
мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім
қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен
қара тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды
қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседен аса
көп. Лас ауа ірі қалаларда 1,5-2 км биіктікке дейін
созылады. Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің
20%, ал қыстың күні онсыз да күн сәулесі аз
болғандықтан жартысын Автокөліктерден
бөлінетін заттар. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна
ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот
оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді
атмосфераға бөледі.

5. Химиялық өңдіріс орындары

қоршаған ортаны ластаудың қуатты көзі болып табылады. Мысалы
1950 жылы бүкіл
әлемде шығарылатын органикалық заттардың мөлшері 7 миллион
тонна болса, 1970жылы 63 миллион тонна,
ал 1985 жылы 250 миллион тоннаға жетті. Атмосфераның ластануына
байланысты әлемнің әртүрлі елдерінде
рак аурулары, бала түсіктері, ісік аурулары көбейіп кетті.

6.

Ірі қалалардың көбінде байқалатын ауаның қорғасынмен жоғары деңгейде
ластануы жағдайында тұрғындарда қорғасыннан созылмалы уланудың әр
түрлі белгілері анықталуы мүмкін. Мысалы, гипохромдыанемияның,
астено-вегетативтік бұзылыстардың дамуы, балалардың ой өрісінің, мінезқұлық реакцияларының және оқуға қабілеттілігінің төмендеуі, бауыр мен
бүйректің, асқазан-ішек жолдарының уланудан зақымданулары, жүктілік
және босану барысының бұзылулары байқалады. Гипертония ауруының
және миокард инфарктарының, энцефало- және полинейропатиялардың
даму қаупі едәуір жоғарылайды. Ауадағы қорғасынның жоғары
концентрациясы, оның ана сүті мен сүйектерде жиналуына әкеп соғады.
Қазіргі адамдардың сүйегінің құрамындағы қорғасынның мөлшері, бірнеше
ғасыр бұрын өмір сүрген адамдарға қарағанда, 700-1200 есе жоғары екендігі
көрсетілген. Сүйектердегі қорғасынның қоры улануды үзбей жалғастырып
отыратын фактор болып табылады және бұдан басқа, ол сүйектерде
қорғасынның өзіне тән өзгерістері дамуына ықпал етеді. Қорғасынның ана
сүтімен шығарылуы рұқсат етілген деңгейден ондаған есе жоғары болуы
мүмкін, бұл емшектегі балалардың психомоторлық дамуының тежелуіне
және басқа да уланудан болатын көріністердің дамуына әкеп соғады.

7.

Адам ағзасына тек химиялық қана емес, сонымен
қатар, биологиялық ластаушылар да әсер етеді. Ауа ортасының
құрамында биологиялық нысандардың өте көптеген түрлері:
бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтардың
споралары, қарапайымдалардың цисталары, кенелер және т. б.
бар. Алайда, ауа ортасының өзіне тән микрофлораны бөліп
көрсету мүмкін емес, себебі, микроағзалардың өсіп-өнуі үшін ауа
қолайлы орта болып табылмайды. Сонымен бірге, биологиялық
агенттер, тіпті кепкен күйінде де өмірсүруге қаблеттілігін ұзақ
уақыт сақтап қала алады. Ауа көптеген инфекциялардың:
туберкулез, дифтерия, қызылша, көкжөтел, скарлатина, тұмау,
сібір жарасы, туляремия, обаның және басқалардың негізгі
берілетін жолы болып табылады. Ауа массасының үнемі
айналымда болуы биологиялық аэрозольдердың едәір қашықтыққа
таралуына ықпал етеді, бұл эпидемия дамуы қауіпін туғызады.
Соңғы жылдары «қолдан жасалған» немесе қоздырғыштардың
табиғи жолмен мутациялануымен (құс, доңыз тұмауы)
байланысты инфекцияларды жұқтыру қаупі шұғыл өсті.

8. Қорытынды:

• Қоғам мен табиғат ара қатынасы көп
Адамдардың іс-әрекеттерінен
туындайтын құбылыстар мен
өзгерістердің
Ауаны ластаушы заттарды зерттегенде
туатын қорытынды
Атмосфералық ауа таусылмайтын қорға
жатады.

9. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Ғ. Сағымбаев «Экология негіздері»
Алматы, 1995ж
Ұ.Б. Асқарова «Экология және
қоршаған ортаны
Алматы, 2004 ж
Е. Мамбетқазиев Қ. Сыбанбеков
«Табиғат қорғау»
Алматы, 1990 ж.
English     Русский Rules