575.19K
Category: historyhistory

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

1.

2.

3.

МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ
Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысы Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша
сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Майлықожа әкесінің
үйретуімен сауат ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді
алған.
Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып, жоқшылық, мұқтаждық
көп көрген. Ержете келе жаттап өлең айтып, өнер жолына түсу арқылы елге
танылады.
Ол 20 жас шамасында өлең өнеріне бет бұрады. Ел ақындарымен кездесіп,
кейін өзінің сауатын кеңейтіп, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін
жаттап айтып, таратуға қол жеткізеді. Майлықожа 1860 жылдары Сырдан
қазіргі Таразға келіп, Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп,
онымен сөз қағыстырған. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет»
журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы
Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген.
Олар - «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт».
Кейбір деректерде Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір сүрген жылдары
1835-1898 деп берілген және оның Сарыағаш ауданында туғаны туралы
мәлімет бар.

4.

5.

Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат
таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын
тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар
шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары
Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз
шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден
өткен.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX
ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде
өзіндік орны ерекше, артына мол мұра
қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын.
Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына,
ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа,
Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да
беріп кеткен.

6.

Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің
құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып
шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы
білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді
Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр
жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай,
заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл»
(1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс»
жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары
енген.
Шымкент қаласында Майлықожа
Сұлтанқожаұлына ескерткіш мүсін орнатылып, бір
көшеге есімі берілген.
2009 жылы Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәдениет
орталығында ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының
175-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ
әдебиетіндегі кітаби ақындар дәстүрі» тақырыбында
ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
English     Русский Rules