Similar presentations:
Панда. Панда туралы деректер
1. Панда
2. Панда туралы деректер
Панда , бамбук аюы (лат. Ailuropoda melanoleuca) – аюлар тұқымдасына жататын сүтқоректі.Кейде үлкен панда жанат тұқымдасына жатқызады немесе кіші пандамен пандалар
тұқымдасына (Ailuropodidae) белгілейді.
Қытай (СычуаньШэньси, Ганьсу және Тибеттік тay беткейлерінде) таралған. Жылына 1-2
қонжық туады. Бамбук өркені және тамырларымен қоректенеді. 20 ғ. 70 жж. бамбуктар
жойылған кезде үлкен панда саны азайды. Қытайда үлкен панда халықтың асыл казынасы
болып жарияланды. Панда аю қазіргі таңда сирек кездесетін, аз қалатын және жоқ болып
кетуі үлкен қауіпі бар жануарлардың тізіміне кіреді. ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.Дене
ұзындығы 120-180 см, құйрығы 12 см. Салмағы 30 дан 160 келеге дейін жетеді. Терісінің түсі
жартысы ақ жартысы қара. Денесі ірі аяқтары қысқа. Аюлардан айырмашылығы тіс
құрылысында және құйрығы ұзын. Түсі ақ тек аяқтары, құлақ ұштары, көз айналасы,
көлденең иық жолағы, құйрық ұшы қара. Арттағы сирақтары қысқа әрі жуан, тырнақтары
өткір. Табандардың және бақайлардың ерекшіліктері пандаға жылтыр бамбук сабақтарында
тайып кетпей берік ұсталуға мүмкіндік береді.
Панда аю жыртқыш сабына кірсе де, негізінде өсімдік жейтін жануарлар секілді бамбук
сабақтарымен қоректенеді.
Батыс зерттеуші ғалымдардың арасында үлкен панданы алғашқы көріп зерттеген Арман
Дэвид еді. Бұл 1869 жылында болды. 1936 жылы панда аю Чикаго, ал 1938 жылы Лондон
хайуанат бақтарында алғашқы рет пайда әкелінді. 70-шы жылдарында Қытай үкіметі кейбір
шет елдерге панда аюларды жалға беруші еді. Панда аюларды АҚШ және Жапонияның
хайуанат бақтарына беру дипломатияның бір бөлігі. Алайда, 1984 жылынан кейін Қытай
осындай практикадан бас тартты.
3. Панда туралы видео
4. Құрма пальмасы
5. Құрма пальмаса туралы дерек
Құрма (лат. Phoenix dactylifera) — пальмалар тұқымдасының Пальма тегініңбиологиялық түрі. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма
пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән.[1] Құрма өсіру
шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Сауд
Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады.
Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының
түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы
әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.
Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кгға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80
кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді. Бұл жеміс
мұсылмандар үшін өте маңызды. Құрма – қасиетті Құранда аталған
жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда,
Аллаһ тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен.
6. Гималай аюы
7. Гималай аюы туралы дерек
Гималайлық немесе ақтөсті аю (Ursus thibetanus) көлемі қоңыр аюдан 2 есегежуық кіші, одан сымбат дене құрылымымен, жіңішке үшкір тұмсығымен,
үлкен домалақ құлақтарымен, алдыңғы аяқтарының артқы аяқтарынан
күштілігімен ерекшеленеді. Аталықтарының дене ұзындығы 150-170 см,
шоқтық биіктігі 80 см жуық, салмағы 120-140 кг. Аналықтары көзге
түсерліктей кіші. Үлбірі қысқа, жылтыр, жібек тәрізді, әдетте қара, бірақ
қоңыр немесе жирен түсті дарақтары кездеседі. Кеудесінде әр қашан ақ,
кейде сарғыш реңді V түрлі дақ болады. Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Корея,
Жапония және Ресейді мекендейді. Өсімдік қоректі, бірақ жемтікті
жиіркенбей жейді. Аналықтары 300-400 г салмақта болатын 1-2 қонжықтан
туады. Олар баяу дамиды, бір айлығының өзінде тіпті дәрменсіз келеді. Жас
халық медицинасында өт қабы, аспаздықта - табаны пайдаланылады.
Халықаралық Қызыл Кітапқа оның түршелері - Белуджистан ақ төсті аюы
(U. thibetanus gedrosianus) және Рессей Қызыл Кітапқа уссурийлік ақ төсті
аюы (U. thibetanus ussurianus) тіркелген.
аңдардың ұрықтық жетілуі туғаннан 3 жылында байқалады. Ол да қоңыр
аюдай құнды аулау зерзаты. Оның Қытай
8. Гималай аюы туралы қызық видео
9. Тауыс
10. Тауыс туралы деректер
Тауыс– әлемдегі ең ғажайып құстардың бірі, қырғауыл тұқымдасына жатады.Туыстығы жағынан қораздарға өте жақын. Ол жәндіктермен, тұқымдармен,
өсімдіктермен, кейде ұсақ жануарлармен қоректенеді. Өзгелерден өзгеше түр беріп,
тартымды ететін, алып желпіткіш секілді қанатшасы тек ұрғашы түрлерінде болады,
ал еркек тауыстар қарапайым құсқа ұқсайды. Ұрғашысы одан екі есе кіші болады.
Біз аузымыздың суы құрып, тамсана тамашалайтынымыз – құйрығы емес, қауырсыны.
Оның құйрығы қысқа, 40-50 см болады. ал қауырсыны 2 метрге дейін жетеді. дене
тұрқы – 100-125 см.
Қауырсынының тағы бір ерекшелігі – өзге құстармен байланыс орнату. Бұл «тілде» тек
тауыстың ұрғашы түрлері дыбыстай алады. Қауырсынын козғаған кезде адамға
естілмейтін инфрадыбыс шығады. Біздің құлағымызға жапырақ сыбдырындай боп
естілуі мүмкін. Негізінде жиілігі 20 Гц дейін жетеді. Бұл сұлудың бір ғана кемшілігі –
мысықтың мияулағанындай ащы дауысы. Әсіресе, жаңбыр жауар алдында ерекше
дыбыстайды.
Мұндай үлкен әрі ұзын қауырсынды көтеріп жүру қиын секілді көрінеді. Бірақ бәрі біз
ойлағандай емес. Ол мұнымен оп-оңай жүгіреді, тіпті ұшады. Тауыстар – аса сақ құс.
Олар жауының жақындағанын, ауа райының бұзылатынын да мерзімінен бұрын біледі.
Осындайда қауырсыны жауынан қорғанатын қызмет те атқарады. Қауіпті сезсе, бірден
қанатын жаяды.
Тауыс алғаш рет Үндістанда қолға үйретілген. Қазір осы елдің нышаны тауыс
саналады. Ол тәкаппарлық, сұлулық белгісі ретінде де қабылданады
11. Тауыс туралы видео
12. Орангутан
13. Орангутан туралы дерек
Орангутандар (лат. Pongo) (малай тілінде orang-utan, сөзбе-сөз – орман адамы) – приматтаротрядына жататын тартанаулы маймылдар тобының бір туысы.
2 түрі – борнео орангутаны (P. pygmaeus) және суматра орангутаны (Pongo abelii). Суматра мен
Калимантан аралдарының батпақты тропиктік ормандарында тіршілік етеді. Олардың
аталықтарының бойының ұзындығы 1,5 м-дей, салмағы 200 кг-дай, аналықтары едәуір кіші
болады. Орангутанның денесін жапқан қалың түктері қызыл-жирен не қызғылт-қошқыл түсті, иық
тұсындағы түктерінің ұзындығы 40 см-дей. Қолы өте ұзын, құлашы 3 м-ге дейін жетеді, аяғының
тобығына дейін түсіп тұрады. Бассүйегінің ми сауыты жақсы дамыған. Миының салмағы 300 – 500
г-дай. Басының пішіні конус тәрізді, қалың шашы, сақал-мұрты болады. Тұмсығы алға шығыңқы.
Тістері ірі, әсіресе, сойдақ тістері еріндерінен сыртқа анық шығып тұрады. Құлақтары кішкентай,
басына жабысып жатады. Көзінің үстіндегі доға тәрізді сүйегі әрең көрінеді. Беті жалпақ,
кішкентай көздері бір-біріне жақын орналасқан. Мойны қысқа. Аталықтарының мойнының
алдыңғы жағында қатпарлы көмекей қапшығы болады, ол дыбыс шығарғанда үлкейеді.
Орангутандар ағаш басынан жерге түспейді, негізінен жеке жүреді. 8 – 10 жасында жыныстық
жағынан жетіледі, буаздық мерзімі 9 ай, көбіне жылына бір рет жалқы бала табады. Жаңа туған
баласының салмағы 1,5 кг, анасы сүтімен 3 – 4 жыл қоректендіреді. 30 жылдай тіршілік етеді.
Орангутандар өсімдіктермен, кейде құстың жұмыртқасымен, балапандарымен де қоректенеді.
Олардың саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Халықараралық табиғат қорғау
одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
14. Орангутан туралы видео
15. Қар барысы
16.
17. Қар барысы туралыдерек
Қар барысы (лат. Uncia uncia) Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерінмекендейтін мысық.
Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында
таралған; таулардың альпі және субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы
саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер
(таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар бағында өсіп-өнген.
Ақсу-Жабағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын
ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет.
Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан
республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.
Барыс, ірбіс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан
алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді
дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден
астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар
қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе,
арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен
іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей. Олар негізінен АқсуЖабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым
салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.
Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші
жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.