Similar presentations:
11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға арналған қазақ тілі пәнінен жазбаша емтихан жұмысының (эссе) құрылымы
1.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ2016-2017 оқу жылындағы жалпы білім беретін
мектептердің 11-сынып білім алушыларын
қорытынды аттестаттауға арналған қазақ тілі
пәнінен жазбаша емтихан жұмысының (эссе)
құрылымы
1
2. ВИДЫ ВНЕШНЕГО СУММАТИВНОГО ОЦЕНИВАНИЯ В 2015-2016 УЧЕБНОМ ГОДУ
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ЕМТИХАНЫВИДЫ ВНЕШНЕГО СУММАТИВНОГО ОЦЕНИВАНИЯ В 2015-2016 УЧЕБНОМ ГОДУ
Бағалау мақсаты
Мақсаты – білім алушылардың оқу үдерісінде алған білімі мен білігін анықтау.
Оқу бағдарламасымен байланысы
11-сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауы «Қазақ тілі» пәнінің оқу
бағдарламасының мазмұнын бағалайды және 10,11-сыныптың оқу бағдарламаларындағы оқу
нәтижелерімен анықталады.
Бағалау төмендегі оқу бағдарламаларының негізінде құрастырылды:
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10,11-сыныптары үшін
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы «18» маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген).
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10,11-сыныптары
үшін «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2015 жылғы «18» маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген).
2
3. Бағалауға шолу
БАҒАЛАУҒА ШОЛУЖазбаша емтихан жұмысы - эссе
120 минут
Білім алушылар берілген үш тақырыптың ішінен 1-еуін таңдайды. Ол
тапсырмалар 20 балмен бағаланады. Әр тапсырманың жауабы үшін
бірдей сандағы балдар беріледі. Оқушылар өздері таңдаған тақырып
бойынша құрамы 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Емтихан
жұмысы оқушылардың таңдаған тақырыптарына сәйкес жүйелі және
сенімді түрде аргументтер/қарсы аргументтер, дәлелдер келтіре отырып
эссе жаза алу қабілеттерін бағалайды.
Білім алушылар шимай парақты қолдана алады. Шимай парақты білім
алушы жұмыспен бірге тапсырады, бірақ тексерілмейді.
Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.
3
4.
Емтихан жұмысының сипаттамасыСипаттама
Білім алушылар берілген үш тақырыптың ішінен біреуін таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазу қажет.
Білім алушылар тақырыпты таңдап алғаннан кейін негізгі ойды анықтаулары керек (не туралы?); мәселені
тұжырымдап, ұсынылған дәлелдемелерді/талдауларды негіздеу және тілдік құралдар мен тілдік тәсілдерді
орынды қолдану (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақтар, тірек сөздер мен сөйлемдер
және т.б.), сонымен қатар эссеге жалпы қорытынды жасау қажет.
Жалпы балл
20
Эссенің құрылымы:
1. Кіріспе (білім алушының мәселеге қатысты ойы қысқа тезис түрінде беріледі).
2. Негізгі бөлім (тезистер «келісемін», «жақтаймын» және/немесе «келіспеймін», «қарсымын» деген
аргументтермен немесе өз пікіріне дәйекті дәлелдер келтірумен негізделуі мүмкін. Аргументтер – бұл
фактілер, қоғамдағы құбылыстар, оқиғалар, тіршілік жағдайлары мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер,
ғалымдардың пікірлеріне сілтемелер және т.б. Әр тезиске қатысты кем дегенде екі аргумент келтірген жөн.
3. Қорытынды (білім алушы кіріспе, негізгі бөлімде айтылғандардың мәні мен мағынасын қорытындылайды).
Эссе жазу барысында келесілерді ескеру қажет:
1. Кіріспе мен қорытындыда көтерілген мәселеге ерекше назар аударуды (кіріспеде мәселе анықталады,
қорытындыда ой түйінделеді);
2. Абзацтарды азат жолдан бастап, бір-бірімен логикалық түрде байланыстыра отырып, жұмыстың тұтастығына
қол жеткізуді;
3. Баяндаудың эмоциялы, экспрессивті стильде болуын.
4
5.
МЫСАЛ ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІЖастардың кітап оқымауына ғаламтор кінәлі ме, әлде өздерінің
жалқаулығы басым ба?
Қалай ойлайсыз, асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана
қарым-қатынас немесе іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған
сияқты емес пе?
Қалай ойлайсыз, шешендік туа біткен қасиет пе, әлде үйренуге
болатын өнер ме?
5
6.
БАЛ ҚОЮ КЕСТЕСІБалл
қою
кестесі емтихан
жұмыстарымен қатар
құрастырылады. Барлық тексеруші мұғалімдер бірдей балл
қою кестесін қолданады. Балл қою кестесін қолданарда әр
диапазондағы толық балдарды ескеру қажет.
Тексеру
уақытында мұғалім алдымен білім алушы эссесінің қай
диапазонға сай екендігін анықтап алады. Диапазондағы
балдар (мысалы, 5 диапазон: 17-20 балл) төрт критериймен
берілген: мазмұны, құрылымы, тілдік құралдарды қолдануы,
сауаттылығы. Егер білім алушының эссесі диапазондағы
барлық 4 критерийге де толық сәйкес келсе, онда максималды
балл қойылады. Егер диапазондағы критерийлердің біреуі
сәйкес келмесе, онда балл төмендетіледі.
6
7.
БАЛ ҚОЮ КЕСТЕСІДиапазон Балдар
5
17-20
Сипаттамасы
Тапсырманы орындауда қызықты да әсерлі, қажетті форма мен өзіндік құралдарды бірегей қолданады, білім алушы пікірін сенімді де нақты
білдіреді;
Катаң ұстанымы мен сәйкестендірілген құрылымы мәселені логикалық күйде дамытады;
Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған көркем тіл құралдарының аясы өте кең;
Сауаттылығы жоғары деңгейде, елеусіз қателер болуы мүмкін.
4
13-16
Тапсырмаға жақсы дайындалған, қажетті форманы қолданады, білім алушы пікірін нақты білдіреді;
Құрылымы әсерлі және сәйкес, мәселе мен деректерді талдауы нақты;
Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған құралдары үйлесімді;
Сауаттылығы жақсы, түсінуге қиындық келтімейтін қателер болуы мүмкін.
3
9-12
Қажетті ұстанымы, сәйкестендірілген формасы мен мазмұны анық, білім алушы ойын түсінікті жеткізеді;
Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ жүйеленбеген құрылым, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар;
Әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған тіл құралдары кей жағдайларда жеткіліксіз деңгейде;
Сауаттылығы орта деңгейде, (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) қажетті әсер алуды
төмендетеді.
2
5-8
Қажетті форма мен мазмұны байқалады, білім алушы пікірін сирек білдіреді;
Құрылымы анық емес, нақты деректер мен дамыту қабілеті жеткіліксіз;
Тіл құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, деректендіру мен әсер ету қанағаттандырарлық күйде;
Қателер жиі (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) кездеседі.
1
1–4
Қажетті форма мен мазмұнды қолдануға ұмтылғаны байқалғанымен, көздеген мақсатқа сай емес, білім алушы мәселені түсінгенімен, өз ойын нақты
жеткізе алмайды;
Құрылымы жеткіліксіз, дұрыс ұйымдастырылмаған, тақырыптан ауытқулықтар байқалады;
Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында тілдің құралдары кей жерлерде ғана қолданылған;
Жіберілген қателер (шақтарды қолданылуы анық емес, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)
мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0
0
Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны төмен деңгейде;
7
Құрылымы эссеге сай емес;
Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында тілдің құралдарын қолданбаған;
Сауаттылығы төмен, (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) түсінуге кедергі келтіреді.
8.
БАЛДЫ БАҒАҒА АУЫСТЫРУ ШКАЛАСЫ0-49 %
50-74 %
75 - 89%
90- 100%
0-9
10-14
15-17
18-20
2
3
4
5
8