Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Интервью жанры
Сұхбат
Сұхбат
Пайдаланылған әдебиеттер
552.01K
Category: literatureliterature

Интервью жайлы түсінік

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тақырыбы: Интервью жайлы түсінік
Тексерген:Адилова Э.Т.
Орындаған: Тоқжан Д.
Хабитқанова Н.

2.

Интервью— көсемсөз
жанры, журналистің бір не
бірнеше адаммен қандай
да бір өзекті мәселе
төңірегінде сұхбат
жүргізуі. Интервью
барысында белгілі бір
оқиғаның, құбылыстың
мән-мазмұны маман
әңгімелесушінің түсіндіруі,
айтуы бойынша терең
ашылады.

3. Интервью жанры

Хабарламалы интервью түріне
— тілші мен әңгімелесуші
екеуінің сұрақ-жауап түріндегі
диалог интервью тілшінің бір
ғана сұрау беріп, оған
әңгімелесушінің ұзақтау
жауабы монолог интервью,
әңгімелесуші айтқанының
мазмұны ғана түйіліп берілетін
мазмұндама интервью жатады.
Бұларда түсіндіру талдау
болмайды, сухбаттың есебі
ретінде ғана танылады.
Түсіндірмелі интервью
түрлеріне — интервью
суреттеме, баспасөз
маслихаттық дөңгелек үстел
басыңдағы әңгіме, брифинг,
анкета жатады. Бұларда
дерек, оқиға, құбылыс
хабарланып қана қоймайды,
олардың қыр-сыры кеңірек
түсіндіріліп, күрделі
жайттарға түсіндірме
беріледі.

4.

• Брифинг сұхбат берушілердің ұсынымен, жұртқа
қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі.
Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат
құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе
әлденеше маманмен қатар сұхбат
жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып,
сұхбаттаушыпар оған жауап береді. Дөңгелек үстел
басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен
айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар
сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.

5.

Интервью әдісі - әлеуметтік
психологиялық зерттеу әдістерінің бірі.

6.

• Интервью әдісінде зерттеуші (интервьюер) сыналушымен
(респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі
реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі
сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы
жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қасқабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы
қажет. Интервью әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек
детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады.
Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше
мән бермейінше болмайды. Өйткені зерттеушінің әңгімесіне
ықыласталған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы
ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай интервью бірнеше
түрлерге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (дара интерьвю), сондай-ақ
арнайы ұйымдастырылған топтармен де (семья әулеті, комсомол
активі, дос жарандар тобы т.б.) жүргізіледі. Интервьюдың
стандарттық (алдын-ала жасалған нақты программа бойынша), үлкен
тақырыптың төңірегінде құрылған дейтін түрлері де бар.

7.

• Интервью жанрының
тиімділігі-мәселені білікті
де мазмұнды ашуға
мүмкіндік береді, ақпарат
құралдарының халықпен
байланысын жақсартады.
Бұқаралық ақпарат
құралдарының түріне
қарай интервью
радиоинтервью,
телеинтервью, т.б.болып
бөлінеді.

8. Сұхбат


1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте
не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік
әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың
еркін және стандартты түрлері бар.
Әдістері: клиникалық
сұхбат және диагностикалық сұхбат;
2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтікпсихологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат
екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме
түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала
әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.
3)Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт
емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында
көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни
эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан
да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай
сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз
беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ
емес, одан қайтарылтан жауап маңызды
рөл атқарады.

9. Сұхбат

• Бұл жанрдың ұсынылмаған негізгі шарттарының бірі - әңгімелушілер
деңгейінің бірдей болмауы. Егер сіз сұхбат алатын адам "пәлеқор"
болса, онымен әңгімелесу (сұхбат жасау) оңды нәтиже бермейді,
сонымен қатар одан көпшіліктің назарын аударарлықтай қызықты
ақпарат ала алмайсың. Сондықтан біз сұхбат жүргізетіндер - өмірде
белгілі бір табысқа жеткен, жоғарғы мәртебеге ие, қоғамда өз орны
бар адамдар. Көпшіліктің назарын аударарлықтай қызықты сұхбат
жасау үшін ол адам туралы көп мәлімет білу керек (ол адам жайында
не білетініңді, не естегеніңді, не оқығаныңды еске түсіру керек). Ол
адамға қатысты Интернеттегі барлық ақпаратты жинап алу сіздің
міндетіңіз болып табылады. Сұхбат барысында өзіңізді еркін, сенімді
ұстаңыз. Сіз сұхбат берушіні саналы, "жолы болғыш", жалпы бір
"керемет" етіп көрсететін сұрақтар дайындау міндетті емес. Ештене
емес, екі ұшты ойлы сұрақтарды да дайындаңыз. Тосын сұрақтар да
қоя біліңіз. Сұхбат берушіңізді қойылатын өткір сұрақтармен алдынала таныстырудың еш қажеті жоқ. Сіздің сұхбатыңыз сұхбат берушінің
бір кісілік монологіне айналмауы тиіс. Оның айтайын деген ойын
аңғарыңыз, қарама-қарсы сұрақтар қойыңыз, сұрақтардың өз орнымен
қойылуына үлкен мән беріңіз, сонда ғана сұхбат қалаған деңгейде
ашық, анығырақ болады.

10.

• Есте сақтаңыз: тіпті жай ғана әңгіменің өзі
қалаған деңгейдегі керемет сұхбатқа
айналуы мүмкін. Бұл үшін сіз әртүрлі әдістәсілдерді меңгеріп, сұхбат барысында сол
әдіс-тәсілдерді пайдалануыңыз абзал. Баспа
бетінде жарияланған сұхбаттардың кейбірін
Сіз қызығып оқисыз, ал кейбірінің тек
абзацтарын оқумен ғана шектелесіз.
Мұндай авторлар қателігін жасамаңыз.
Қорыта айтқанда, сұхбат ойға жеңіл, нақты,
әрі мазмұнды, әр түрлі мәселелерді
қозғайтын болуы керек. Осы жағдайда біз
сұхбат мазмұны мен формасына үлкен мән
береміз. Қорытынды бөлімінен біз
компания қандай жетістіктерге жетті, алда
қандай өзгерістер (компания туралы емес,
адам жөнінде тәжірибе жүзінде дәл осылай
жазуымыз керек) күтіп тұр т.с.с. көптеген
ақпараттар аламыз. Сұхбаттың қорытынды
бөлімі - барлық ақпараттардың өзегі болып
табылады. Сұхбатта нақты бір ой болуы
керек, сондықтан барлығы соның аясында
құрылуы керек, бұдан Сіз еш ұтылмайсыз.

11.


Сұхбатты жазар алдында әңгімелесушіңізбен белгілі бір тақырыпта ой қозғап
отырмын деп сезініңіз. Сіздің әңгімеңіз белгілі бір логикадан ауытқыды (егер
мұндай жағдай болған кезде оны дайын мәтінде көрсетпеудің алдын алу
керек) дегенге мен күманданамын, ой шашыраңқы емес, бір-біріне
жалғасымды. Міне, мәтін дәл осылай құралады, бірақ та оқырмандарды естен
шығармаңыз. Олар сіздің сұхбат берушіңіз туралы хабардар емес, Сіз бен
сұхбат берушіңіз арасындағы болған әңгімеден ой қорытады. Сіздің еңбегіңізді
оқитын оқырмандар үшін мәтін көпшілікке түсінікті болуы керек. Сұхбат
барысында Сіз бен әңгімелесушіңіз қандай ойда болды, осы сұхбат астарында
не жатыр т.с.с. сұрақтар жауабын оқырман шешуге міндетті емес.
Көп жағдайда сұхбат кезінде сұхбат беруші өзінің айтайын деген нақты ойын
дәл, тура жеткізе алмайды. Сұхбатты қағаз бетіне түсірер алдында сұхбат
берушінің ойын дұрыс анықтап, оны өз тарапыңыздан көркемдеп, байыту
керек. Ойды нақты көркем етіп жеткізу әңгімелесу кезінен гөрі жазу
барысында жүзеге асады. Сұхбат мәтіні бекітіледі, бұл егер сіз сұхбат кезінде
қателік жіберсеңіз, оны түзетуге өте қолайлы. Ол сіздің қателігіңізді түзетеді.

12.

• Егер сұхбат идеясы дұрыс құрылса,
сұхбат беруші Сізге дән риза болады,
себебі бұл сұхбатта ол келелі
сұрақтарға жауап бере алатын,
қоғамда өз орны бар жеке тұлға
ретінде көрінген. Дәл осындай
мүмкіндік туып, сұхбатқа тағы да
шақырған кезде ол міндетті түрде
келісері сөзсіз. Қазіргі күнге дейін өз
мәнін жоймаған фразалар мен
пікірталас (пікірсайыс) сияқты әдіс
(бірде, Сіздің әңгімелесушіңіз бұл
туралы не ойлайтыны сізді
қызықтырады, ал кейде онымен
таласасыз) қолданылса, тосын және
қолайсыз сұрақтар қойылса сұхбат
қызықты, тартымды болады. Арнайы
тақырыптағы кез-келген сұхбат көз
бояушылық болуы мүмкін.

13.

Ішкі өңдеу редакторлық жөндеуден қарағанда әлдеқайда
маңызды.Өзіңіздің жазғаныңызға әрдайым сын көзбен
қараңыз. Өз шеберлігіңізді жетілдіруге ешқашан да ерінбеңіз.
Егер мәтін дұрыс құрастырылмаған, айтылар ой аз, көпшілікті
қызықтырарлықтай болмаса, онда қайта құрастырып жазудың
себептерін іздестіру керек. Қысқасы, ақпарат сіздің тегіңізге
жазылған. Сондықтан Сіз өз атыңызды баршаға мәлім етесіз,
не мүлдем өшіресіз (тіпті ең мықты мамандандырылған
редакторлық жөндеу Сіздің еңбегіңізге көріктілік бере
алмайды). Журналистика саласында ең негізгісі - өзін-өзі
жетілдіру. Ал бұған ұмтылысы жоқ адам міндетті түрде шетте
қалады.

14.

• Көбірек оқыңыз! Сіздің
әріптестеріңіздің
шығармашылық
деңгейінің жоғарлауы бұл Сіздің де үлесіңіз
(олармен бір жерде
жұмыс жасау міндетті
емес). Құмарлана оқыңыз.
Мәтіннің не себепті бір
жүйеге түспегендігін,
шұбалаңқылығын,
журналист өзінің мәтінің
не жөнінде және қалай
құрайтынын талдаңыз.

15. Пайдаланылған әдебиеттер

• Хмель Н.Д. Педагогика.-Алматы, 2003 ж.
• Сейталиев Қ. Жалпы психология
/университеттер мен педагогикалық
институттардық педагогика мамндықтарына
арналған оқу құралы/.-Алматы, «Білім»,2007.
• http://kaz.bizmedia.kz/master_class/165-rtsrrsrrsrs-v-rtr-urrs.html
• https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D2%B1%
D1%85%D0%B1%D0%B0%D1%82
English     Русский Rules