Similar presentations:
Компьютер құрылғылары. Процессор
1.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІТақырыбы: Компьютер құрылғылары. Процессор
Орындаған: Бақытжанқызы Т.
Тексерген: Сұлтанғазиева А.
Алматы,2019 жыл
2.
Процессор (ағылш. centralprocessing unit, CPU Орталық есептеуіш бөлім)
1) программаға сәйкес
операцияларды орындауға
арналған компьютердің
негізгі құрылғысы,
қызметтік бөлігі. Көптеген
жартылай өткізгішті
элементтерден тұратын
және компьютерде барлық
есептеулер мен ақпарат
өндеу жұмыстарын
орындайтын электрондық
микросхема. Қазіргі
компьютерлерде бір немесе
бірнеше процессорлар
жұмыс істейді;
2) мәліметтерді өңдеу
кезінде кейбір алдын ала
есептеу жұмыстарын
немесе ұйымдастыру
қызметін атқаратын
машиналық программа.
3.
Процессорды компьютердіңжүрегі десекте болады.
Компьютеріңіздің есептеу
жылдамадығы осы
процессорға байланысты.
Өндірісте процессорды Intel
және AMD фирмалары
шығарады. Intel-дің екі
ядролық процессоры Core 2
Duo, ал AMD-нікі DualCore
деп аталады. Процессордың
жиілігін жоғарлатудан жарыс
бітті. Процессордың жиілігі
жоғарлаған сайын оның
жылу бөлуі де жоғарылайды.
Бұл әрине тиімсіз болды.
Бұны бір корпусқа екі
процессор орнату арқылы
жеңді. Процессорлар
такталық жиілігі, кэш
жадысының көлемімен,
платаға орналасатын
ұяшықтарының түрімен әр
түрге бөлінеді.
4.
Процессордың разрядтылығы. Сыртқы шина арқылы процессорға ақпарат түседімәліметтер және командалар. Бұлар арифметика логикалық құрылғыда өңделеді.Процессордың схемаларының разрядтылығы қаншалықты көп болса соншалықты
ақпаратты тез өңдейді.
Процессордың жиілігі (frequency). Разрядтылықтан басқа процессорда маңызды
қызмет атқаратын ол тактылық жиілігі. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц ол
секундына миллион такт болады. 100 МГц - секундына жүз миллион такт болып
есептеледі. Бір тактыда процессор қандайда бір фрагментті есептейді. Сондықтан
тактылық жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен мәліметтерді
соншалықты тез өңдеп беретін болады.
Процессордың кэш жадысы. Процессор өңдейтін мәліметтерді оперативті жадыдан
алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсеніде сақтамайды. Ода мәліметтер өңделетін
ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Процессордың
жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. Кэш
бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы
жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі. Егер бұл мәліметтер тағы
керек болып жатса, алысқа жүгінбей буферден ала салады. Процессорға мәлімет
керек болса, ол бірінші регистрді тексереді. Ол жерде керек мәлімет жоқ болса,
жақын жердегі кэш жадыны тексереді. Ол жердеде жоқ болса оперативті жадыдан
қарайды. Бұл жерде де жоқ болса, HDD дискіге сұраныс жасайды. Бұл атқарылатын
жұмысты төмендегі суреттен көруге болады.