Similar presentations:
Құтыру кезінде шаралардың стандарттары және алгоритмдері
1.
2.
3.
–.
4.
Құтырудың белгілеріХайуандарда;
Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады,
ашуланшақ болады;
Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды;
Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін
Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі
Адамдарда;
Тістеген жер ауырып, ысиды;
Алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты
болады;
Ауырсынып және қиналып жутынады, аузының сілекейі
қоюланып, желімдесе береді;
Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас
урады;
Өлім алдында талма үстап, дене құрысып сал болып қалады.
5.
Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады,әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен
болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен
уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас
төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әр
түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы
жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. "Өршіген
құтырықтың" 3 кезеңі болады:
Біліне бастаған;
көтерліген;
дел*дал.
Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың
мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе
үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым
еркелеп, қолын бетін жалауға тырысады.Бұл кезде иттің сілекейінде вирус
болтаныдықтан, өте сақ болған жөн.
6.
Құтыруды деп сезік туғызғанкез келген хайуанды өлтіріп,
көміп тастаңыз (немесе бір
апта бойы үйшікте ұстаңыз);
Ауырған сияқты
көрінген немесе
мінезінде өзгеріс
болган кез келген
хайуаннан балаларды аулақ үстаңыз.
Иттерді вакцина
жасау жөніндегі
шараларға
қатысыңыз;
7.
Құтырудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) ісшараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар жеке және заңдытұлғалардың (жануарлар иелерінің) мынадай шараларды сақтауы болып табылады:
1) өздеріне тиесілі иттер мен мысықтарды ауданның (қаланың) мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторының немесе мемлекеттік ветеринариялық
дәрігерінің ұсынымы бойынша клиникалық тексеру және антирабиялық вакцинамен
сақтандыру екпелері үшін ветеринариялық емдік-профилактикалық ұйымдарға жеткізу;
2) құтыруға қарсы егілмеген иттерді жеке аулаларға, фермаларға, үйірлерге,
отарларға және табындарға жіберуді шектеу;
3) ауыл шаруашылығы және үй жануарларын жабайы жыртқыштар, иттер немесе
мысықтар тістеген жағдайда, ауруға күдікті немесе тістелген жануарларды оқшаулауға
қажетті шаралар қабылдау.
Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар және басқа да
жануарлардың (құтырудың айқын белгілері бар жануарлардан басқа) иелері немесе
қараусыз қалған иттер мен мысықтарды ұстайтын арнайы бригада оларды ветеринария
мамандарының 10 күнтізбелік күн ішінде оқшаулауы мен бақылауы үшін тез арада жақын
ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізеді.
8.
Жеке және заңды тұлғалар өз жануарларын құтыруға қарсы уақтылы вакцинациялауды жәнедиагностикалауды қамтамасыз етеді. Профилактикалық егулерді жүргізу туралы актіге олардың
иелерінің деректерін (аты-жөнін, мекен жайын) көрсете отырып, вакцинацияланған иттер мен
мысықтардың тізімдемесі міндетті түрде қоса беріледі. Жануардың паспортына тиісті белгілер
қойылады.
Құтыру бойынша эпизоотологиялық қолайсыз аймақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын
(ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе), иттер мен мысықтарды құтыруға қарсы жоспарлы
профилактикалық иммундеу жүргізіледі
Құтыруға зерттеу жүргізу үшін зертханаға ұсақ малдан – жаңадан өлген өлексені немесе басын,
ал ірі малдан – жаңа өлген өлексенің басын жібереді
Емдеу-профилактикалық иммундау курсын мемлекеттік медициналық ұйымдар құтыру
вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарға вакциналарды қолдану жөніндегі
нұсқаулықта (ережеде) көзделген тәртіппен және мерзімде жүргізеді
Медициналық ұйымдар құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарды
травмотологиялық пункттерге немесе хирургиялық кабинеттерге жібереді, ауылдық жерлерден
зардап шеккендерді (сондай-ақ антирабиялық егулер курсын жалғастырудан жалтарғандар)
медициналық көлікпен жеткізуді жүзеге асырады.
9.
Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптасабастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.з.д. 2300
жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит иттің
құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель әртүрлі жануарларға
құтырықтың ит қапқанға жұғатындығын жазды. І.Есенберлиннің "Алтын
Орда" романында Әмір Темірдің Алтын Орданың болашақ ханы
Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені
суреттелген. Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет
тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның
отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй
қоянына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен
иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй
қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын
әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық
қоздырушысының вирус екендігін бұдан көп кейін 1903 жылы
Ремленже мен Риффат-бей делелдеді.