Similar presentations:
Қан кетуді тоқтататын дәрі-дәрмектер
1. Қан кетуді тоқтататын дәрі-дәрмектер
Қан кетуді тоқтататын дәрідәрмектер2.
• Организмнің тіршілік етуіне қажетті шарттың бірі — қанның сұйықкүйде болуы және қантамыр арнасының бүтіндігі.
• Бұл жағдайды айналымдағы қанды сұйық күйде сақтайтын қанның ұю
жүйесі қамтамасыз етеді.
• Гемостаз жүйесі бір жағынан қанның сұйық күйде болуын қамтамасыз
етеді, ал екінші жағынан қантамырлары қабырғасының құрылымдық
бүтіндігін сақтау арқылы, тамырлардың зақымдану кезінде тез арада
тромб түзуі арқылы қан кетуді тоқтатады.
• Гемостаздың мынадай түрлері бар:
• қантамырлық-тромбоциттік гемостаз, тромбоциттік тромб түзу
арқылы микроциркуляциялық тамырлардан қан кетуді тоқтатады;
• коагуляциялық ферментті гемостаз, фибриндік тромб түзу арқылы
қан кетуді тоқтатады (ірі қантамыралардан қан кетуді тоқтатады).
3. Гемостатиктердің жіктемесі
1. Коагулянттар (фибриндік тромбтың түзілуін стимуляциялайтын):
а) тікелей әсер ететін (тромбин, фибриноген)
б) жанама әсер ететін (викасол, фитоменадион)
2. Фибринолиз тежеуіштері :
а) синтетикалық (аминокапрон қышқылы, амбен)
б) мал өнімдерінен (апротинин, контрикал, пантрипин)
3. Тромбоциттердің агрегациясын стимуляциялайтын заттар
(хлорлы кальций).
4. Қантамырлардың өткізгіштігін төмендететін заттар:
а) синтетикалық (адроксон, этамзилат)
б) витамин препараттары (аскорбин қышқылы, рутин, галаскорбин).
в) өсімдіктерден алынған препараттар (қалақай, мыңжапырақ, бүрген
жидегі, су бұрышы, арника және басқ.)
5. Қанды қоюландыратын заттектер: желатин, альстаз,
гемоколлаген
4. Тікелей әсер ететін коагулянттар (жергілікті қолданылатын)
Тромбин — қанның ұю жүйесінің табиғи компонентіӘсер ету механизмі: фибрин полимерінің түзілуіне жағдай жасайды (бірақ бұл тек қана
зақымданған қантамырлардың беткейінде байқалады).
Қолдану көрсетімдері: ұсақ тамырлардан және паренхималық ағзалардан (бауырға,
бүйрекке, өкпеге және миға операция жасағанда) қан кеткенде
қызылиектен қан кетуді тоқтату үшін қолданады.
Жергілікті тромбин ерітіндісімен сіңірілген гемостатикалық губка, коллагенді
гемостатикалық губка түрінде немесе тромбин ерітіндісімен сіңірілген тампондарды
қолданады.
Фибриноген
Әсер ету механизмі: тромбиннің әсерінен фибриноген тромб түзетін фибринге
айналады. Жедел көмек ретінде көлемді қан кетулерде қолданады
Изогендік фибриндік қабыршақ қан тоқтататын және ауырсынуды басатын әсерлері бар,
жараларды механикалық зақымдау мен инфекциядан қорғайды.
Қолданылу көрсетімдері: травмадан немесе күйгеннен пайда болатын скальптелген
терінің жаралары мен дефектілерін емдеп бекіту үшін.
Гемофибрин – қара малдың фибринінен тағайындалған қанда еритін гемостатикалық
губка, борқылдақ құрылымының нәтижесінен таза компрессиялық әсер етеді.
Қансыраған жараға салғанда гемофибрин жара бетіне тығыз жабысады да, онын ішінде
пайда болатын физиологиялық фибриндік ұйытқы эффективті антибактериалық барьер
тәрізді әсер етеді.
5. Жанама әсер ететін коагулянттар (К витаминнің препараттары )
Викасол
Әсер ету механизмі: К витамині бауырда протромбиннің (II фактор),
проконвертиннің (VII фактор), сонымен қатар қан ұю жүйесінің IX және X
факторларының түзілуін стимуляциялайды. Организмде К витамині жеткіліксіз
болса, геморрагиялық көріністер дамиды.
Викасолды ішкен кезде әсері 12-24 сағаттан соң дамиды
Фитоменадион – синтетикалық препарат, биологиялық белсенділігі бойынша
табиғи К витаминінің қасиеттері сақталған. Тез сіңіріледі және ең жоғары
мөлшерін сегіз сағатқа дейін сақтайды.
К витаминінің препараттарын қолдануға арналған көрсетімдер:
бауыр қызметінің төмендеуі (гепатиттер, бауыр циррозы) салдарынан
дамитын геморрагиялық синдром,
кең спектрлі әсер ететін антибиотиктерді жоғары мөлшерде ұзақ уақыт
қолданған кезде К витаминінің жеткіліксіздігінде;
ауыр операция алдында қанағыштықты азайту үшін қолданады.
жанама әсерлері: гиперкоагуляция; венаға енгізгенде -эритроциттердің
гемолизі.
К витаминінің антагонистері: аспирин, СЕҚҚЗ, ПАСҚ, жанама
антикоагулянттар, неодикумарин тобы.
6. Фибринолиз тежеуіштері
• Аминокапрон қышқылы (АКҚ)• Әсер ету механизмі: профибринолизиннің
фибринолизинге айналуын тежейді, сол арқылы
фибринді тромбтың сақталуына жағдай жасайды.
• Қолдану көрсетімдері: жедел көмек көрстеу
клиникасында, тіндердің және қанның
фибринолиздік белсенділігінің жоғарылауымен
сипатталатын әртүрлі патологиялық жағдайларда
: операция жасағанда және операциядан кейін;,
өлген ұрықтың жатырда ұзақ уақыт сақталуында;
гепатит, бауыр циррозы, ойықжарадан, мұрыннан
және өкпеден қан кеткенде. Жанама әсерлері:
миоглобинурия, бүйрек функциясының жіті
жеткіліксіздігі, лоқсу, іш өту, құрысу, гипотония,
бас ауыруы, бас айналуы, құлақтың шулауы
7. Тромбоциттер агрегациясын стимуляциялаушы
• Кальций хлориді, кальций глюконаты.• Әсер ету механизмі: Кальций қан ұю жүйесінің бір факторы
ретінде тромбоцитердің агрегациясы мен адгезиясына тікелей
қатысады, сонымен қатар тромбин мен фибриннің түзілуіне
жағдай жасайды.
• Қолдануға арналған көрсетімдер: геморрагиялық васкулит;
өкпеден, асқазаннан, жатырдан қан кеткенде, операция
алдында қан тоқтататын зат ретінде;
• Кальций хлоридінің жанама әсерлері: көктамырға енгізген
кезде қызу сезімі ("ыстық укол") байқалады; тез енгізген кезде
жүрек қызметінің тоқтауы мүмкін, АҚ төмендеуі байқалады;
кальций хлоридін тері астына енгізген кезде – тіндердің
некрозы дамиды.
8. Тамырлардың өткізгіштігін төмендететін заттар
Аскорбин қышқылы – С витаминнің препараты маңызды физиологиялық қызметтерінің бірі коллаген
және проколлаген түзілуіне және тамырлардың өткізгіштігінің қалыпына келуіне қатысуы.
Қолдануға арналған көрсетімдер: анемия салдарынан дамитын ауыз қуысының өзгерістерінің алдын
алу және емдеу үшін; геморрагиялық диатезде, интоксикацияларда; С витаминінің авитаминозы кезінде
(цинга немесе скорбут); инфекциялық және вирустық ауруларда: пародонт ауруы; ауыз қуысының
сілемей қабатының созылмалы және нашар жазылатын эрозияларымен ойықжараларында қолданады.
Галаскорбин – аскорбин және галды қышқылдың натрий тұздарының кешенді қосылысы. Әсері
бойынша аскорбин қышқылына ұқсас; галды қышқылдың әсері Р витаминінің қасиетіне ұқсас болады.
Қолдануға арналған көрсетімдер: гингивит, парадонтит, сәулелі стоматит кезінде ауыз қуысын шаю үшін
және аппликация үшін қолданады; ішке тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуымен жүретін ауруларда
(геморрагиялық диатездер, сәулелі ауру, капилляротоксикоздар) қолданады.
Қолдануға қарсы көрсетімдер: гипертиреоз, қанның ұюының жоғарылауы, гиперацидті гастрит,
созылмалы іш қатулар.
Рутин, кверцетин – Р витаминінің препараттары тамырлардың сынғыштығын және өткізгіштігін
төмендете алатын қабілеті бар (әсіресе аскорбин қышқылымен біріктіріп қолданған кезде).
Кальций добезилаты – қантамыры іргесінде жоғары молекулалық салмағы бар мукополиқанттардың
синтезін стимуляциялайды да кантамырларының жоғарылап тұрған өткізгіштігін және сынғыштығын
төмендетеді.
Қолдануға арналған көрсетімдер: бет пен жақ аумағына операция жасалғанда пайда болатын
қансырауды алдын алу үшін.
Жанама әсерлері: теріде аллергиялық бөртпе, асқорыту бұзылыстары пайда болуы мүмкін.