193.46K
Category: medicinemedicine

“Эпидемилогиялық диагноз”түсінігінің методологиялық негізі

1.

“Эпидемилогиялық
диагноз”түсінігінің
методологиялық негізі

2.

“Эпидемиологиялық диагноз”терминінің және түсінігінің пайда
болғаныны көп уақыт болған жоқ.Арнаулы эпидемиологиялық
еңбектерде осы түсінікті пайдаланғандардың ішінде
А.А.Сумароков,В.Д.Беляков,Е.П.Ковалева және т.б.
В.Л.Черкасский сияқты белгілі эпидемиолог ғалымдар
болды.Бірақ соңғы жылдарға дейін осы түсініктің ғылыми
дәлелденген методологиялық негізі,тәжирибеде
пайдаланылуы,әдістемелік жақтары толық зерттелмеді.Осы
кемшіліктерді ескере отырып және эпидемиялық процесті
әлеуметтік экологиялық концепция ретінде
зерттеп,Б.Л.Черасский”Эпидемиологиялық диагноз”түсінігіне
жан-жақты талдау жасау арқылы оның методологиялық негізін
жасады.

3.

Методологиялық жағынан қарағанда эпидемиологиялық
диагноз мәселесі эпидемиология ғылымының ерекше бір
бөлігі болып саналады,өйткені ол осы ғылымның барлық
теориялық-практикалық тәжирибесін жинақтайды және
оның сапалық,өзіндік ерекшелігін
көрсетеді.Эпидемиологиялық жағдайды анықтау(диагноз
қою)арқылы жұқпалы аурулардың әр қырлы көрінісін
қадағалауға мүмкіншілік туады және соларға қарсы
күресу,алдын алу шаралары белгілінеді.Эпидемиялық
диагноздың клиникалық диагноздан айырмашылығы
бар.Бұл айырмашылықты үш тұрғыдан қарап түсіндіруге
болады.

4.

1. Біріншіден клиникалық зерттеу объектісі болып
жеке ауырған адам саналса,эпидемиологиядаэпидемиологиялық прцесс өтіп жатқан халық
есептелінеді.
2. Екіншіден клиникалық диагноз жеке адам
науқасының мәні туралы жасалған дәрігерлік
тұжырым болса
3. Үшіншіден жүйелік тәсіл тұрғысынан
қарағанда”клиникалық диагноз”ұғымының
организмдік деңгейге қатысы
болса,”эпидемиологиялық диагнозэпидемиялық
процестің”әлеуметтік экожүйе деңгейін
анықтайды.

5.

Эпидемиологиялық диагноз дегенімізэпидемиологиялық жағдайды
бағалайтын қисынды формула және
оның нақты бір аумақта,белгі бір
халықтар арасында,зерттелген уақыт
мөлшеріндегі себептерін анықтау
арқылы аурудың алдын алу мен індетке
қарсы шаралардың нәтижелігін арттыру
және эпидемиологиялық болжам жасау.

6.

Эпидемиологиялық диагноз аумақтық жағынан
қарағанда жергілікті(эпидемиялық
ошақ),аймақтық(бір мемлекттің ішіндегі
аумақтардағы халақтар) және әлемдікжер
жүзіндегі халықтар)болып
бөлінеді.Эпидемиологиялық диагноздың осы
түрлеріне қарай эпидемиолог-маманның
міндетіде әр түрлі болады.

7.

Жергілікті эпидемиологиялық диагноздың мақсаты:
Эпидемиялық ошақтың пайда болу себебі мен
жағдайы туралы қорытынды жасау;
Осы ошақтағы эпидемиялық процестің түрі мен
қарқынын анықтау арқылы оны құрту немесе
шекарасын белгілеу және белсенділігін шектеу
үшін тиімді құжаттармен әдістерді анықтау;
Осы құжаттар мен әдістердің сапасы мен
тиімділігін бағалау және ошақтағы
эпидемиологиялывқжағдайды болжайтын
жұмыстарды атқару.

8.

Эпидемиологиялық ошақтың диагнозын қоюдағы эпидемиологтардың
міндеттері:
•Эпидемиологиялық ошақтың жергілікті екенін,немесе сырттан
келетінін анықтау;
•Осы ошақтағы сырқаттанудың және тасымалдаушының пайда
болғанын,оларды бірен- саран немесе көп екенін,аурудың бір
уақытта немесе бір кезде пайда болғанын анықтау;
•Сырқаттанудың жалпы инфекция көзімен немесе
қоздырғыштың жалпы фактормен және берілу жолымен
байланысты екенін немесе байланысы жоқтығын анықтау;
•Ошақтың шекарасын,яғни қоздырғышпен залалданған сыртқы
орта объектілерін және осы ошақта қоздырғышты жұқтыру
қауіпінде болған адамдардың мөлшерін анықтау;
•Қоздырғыштың пайда болуына себепкер болатын табиғи және
әлеуметтік жағдайларды немесе берілу жолы мен факторлардың
белсенділіктерін анықтау.

9.

Аймақтық эпидемиологиялық диагноздың мақсаты:
Зерттеу кезінде осы инфекцияның эпидемиялық
процесінің ерекшеліктері туралы қорытынды
жасау;
Осы ерекшеліктердің болуына әсер ететін
факторларды анықтау;
Қарсы атқарылатын шаралардың сапасы мен
тиімділігі туралы қорытынды жасау.

10.

Эпидемиологиялық ошақтағы эпидемиологиялық диагноз
арқашанда жедел түрде жүргізіледі,ал аймақтық және
әлемдік диагноз қою жедел және өткенді
шолу(ретроспективті)түрлерімен жүргізіледі.Жедел
диагноз қоюға аз уақыт кетсе(күн,тәулік),ретроспективті
диагноз қоюға көп уақыт
кетеді(айлар,жылдар).Біріншісінде дәл қазіргі
эпидемиологиялық жағдай анықталса,екіншісінде өткенді
шолу арқылы болжам жасалады.Сонымен,қауырт
эпидемиологиялық диагноз қою(күнделікті,қолма-қол)
дегеніміз белгілі бір ошақтағы белгілі бір уақыт
кезеңінде болып жатқан эпидемиологиялық жағдайға
тез және дер кезінде баға беру.

11.

Ретроспективті диагноз(өткенді шолу)
дегеніміз-эпидемиологиялық жағдайдың
бұрын болып өткен көріністерін,ұзақ
уақыт мерзімін қамту арқылы бағалау
және болашақта болатын эпидемиялық
процестің даму механизмдерін болжау
болып саналады.
English     Русский Rules