Similar presentations:
Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
1. Кафедра: Эпидемиология Тақырыбы: Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІМИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Кафедра: Эпидемиология
Тақырыбы: Тұмау және құс тұмауы кезіндегі
жүргізілетін шаралардың стандарттары мен
алгоритмдері
Қабылдаған:Максутова Г.С.
Орындаған:Диханбаев Арнат
тобы:1-001-01
факультет:ҚДС
2. Жоспар
Кіріспе бөлім1.
Тұмау этиологиясы
2.
Тұмау патогенезі
3.
Тұмау эпидемиясының пайда болу алғышарттары
4.
Тұмауды стандартты анықтау
5.
Тұмау эпидемиясына қарсы шаралар алгоритмі
6.
Тұиау эпидемисяын қадағалау алгоритмі
7.
Тұмауды емдеу қағидалары
8.
Құс тұмауы этиологиясы, сипаттамасы
9.
Құс тұмауы эпидемисяның пайда болу алғышарттары, она
зерттеудің эпизоото-эпидемиологиялық зерттеу алгоритмі
10. Құс тұмауы эпидемиясына қарсы шаралар алгоритмі
11. Құс тұмауын емдеу қағидалары
Қолданылған әдебиет
3.
Тұмау – антропонозды, жедел респираторлы вирустыинфекция, қоздырғышы- Orthomixoviridae
тұқымдастығы, Influensavirus туыстастығына
жататын РНҚ-лы вирус.Ауруды б. э.д. Гиппократ
сипаттаған.1933 ж У.Смит , Н.Эндрюс және
Н.Лейдлоу тұмаумен ауырған науқастан вирусты
бөліп алды,кейін ол А тобына жатқызылды.1940 ж В
және 1947 ж С типі ашылды.
Патогенезі, клиникалық көрінісі:Тұмау вирусы
жоғарғы тыНыс алу жолдарының шырышты
қабатының эпителиалды жасушаларыеа еніп дамиды,
одан қанға еніп ағзаға тарайды.Зақымданған
жасушалардың ыдырау өнімдері және кейбір
вирустық ақуыздар әртүрлі ағза мен жүйелерге
токсикалық әсер етеді.
4.
Тұмау вирусының 3 серотипі бар: А,В,С.Олардың ішінде әлдеқайда өзгермелі қабілетке
А серотипі ие. Өзгеру 2 жолмен жүреді:
Шифт- гемаглютинин не нейраминидазаның
жаңа түрге ауысуы,дрейф- вирус геномының
мутацияға ұшыруы.А және В серотиптері
өзгергіштігі эпидемиялық таралуына ықпал
етеді, ал С серотипі әлсіз өзгереді.
5. Тұмау пайда болуының эпидемиологиялық алғышарттары
Инфекцияқоздырғышының
көзі:
А(Н1N1);
A(H3N2);
В серотипімен
ауырғандар
Инфекцияның
берілу
жолы:
ауа- тамшылы
(жөтелу, түшкіру,
сөйлеу)
Инфекция
қоздырғышының
Берілу факторы:
Инфицирленген
ауа
Қауіпті топтар:
1.Медицина
қызметкерлері
2.Ұйымдасқан коллектив
3. Қарттар үйі
4.Тыныс алу жүйесінің
созылмалы ауруы
бар адамдар
Клиникалық көрінісі:
Инфицирлену
инкубациялық кезең(1-2 күн)
Жалпы симптомдар: қызба
Тұмауға тән сипаттамалар:
бас, бұлшық ет ауыруы
Синусит, бронхит, фарингит, ларингит.
Асқынуы: бактериялық пневмония, менингоэнцефалит,
полиневрит
6. Құс тұмауы
(лат. Grippus avium),құстардың классикалық обасы- ас
қорыту, тыныс алу мүшелерін жоғары
летальды зақымдалуымен сипатталатын
құстардың жұқпалы вирустық ауруы.
Құс тұмауы вирусының антигенді
вариабильдігі және вирулентті
штамдардың болуы оны жоғары
экономикалық шығынға ұшырататын аса
қауіпті ауруларға жатқызуға мүмкіндік
береді. Құс тұмауының түрлі штамдары
ауруға ұшырағандар арасында 10- нан
100% -ға дейінгі өлімге алып келуі
мүмкін.Вирустың табиғи резервуары
қоныс аударушы құстар болып табылады,
жиі кездесетіні жабайы үйректерде.
7. Тарихы
Ең алғаш құс тұмауы италяндық мал дәрігері Эдуардо Перрончитомен1878 жылы құс тифі деген атпен жазылған. Перрончито Турина
(Италия) аймағындағы фермалардағы құстар зақымдалған жоғары
қатынасты аурудың таралғаны туралы хабарлады.
Біршама уақыт құс тұмауын Ньюкасла аурумен шатастырды, бірақ
этиология орнатқаннан кейін соңғысын құстардың азиаттық обасы,
ал құс тұмауын-құстардың европалық (классикалық) обасы деп атай
бастады.
Құстардың европалық обасының таралуы XXғ басында Европа,
Африка және Азия елдерінде жиі орын алды.1925 жылы ауру Солтүстік
Америкаға тарады. XX ғ екінші жартысында шет елде 18 ірі
эпизоотийлер тіркелген.
1901 жылы қоздырғыштың вирусты табиғаты анықталды, бірақ тек
1955 жылы «Құс обасын» тудыратын вирус, тұмау вирусы екені
дәлелденді.
Құс тұмау деген жаңаша атауды бұл ауру тек 1971 жылы алды.
8. Этиология
Құс тұмауының қоздырғышы-құрамында РНКвирусы бар Influenza virus А, Orthomyxoviridae
тобына жататын антигенді байланыстыратын
комплимент, адам мен жануарлардың А тұмау
вирусына туыстас.Вирион үшін полиморфтық
тән, сфера тәрізді формалы, өлшемі 60-180 нм.
Вирионның радиалды орналасқан
липопротеидті қабықшасы бар, ол оралған
сақина РНП болып табылады. Вирион геномы 6
немесе оданда көп РНК типтерінен тұрады.
Вирус жұқпалы гемоглютениндік және
нейроминидазалық активтілікке ие құстардың
жетіліп келе жатқан 10-11 тәуліктік
эмбриондарында жақсы көбейеді. Вирус ед
натр мен фенолдың 3%-тік ерітіндісінің,
формальдегидтің 0,1%-тік ертіндісінің
әсерінен тез инактивирленеді төмен
температура мен кебу кезінде ұзақ сақталады.
9. Құстар үшін тұмау вирусының 15 штаммы патогенді
Егер вирус адам тұмауының вирусымен гендердің рекомбинациясынаұшыраса, H5N1 құс тұмауы бүкіләлемдік пандемияға ұласуы мүмкін
дейді ВОВ, яғни жаңа қасиеттерге ие болады (адамнан адамға берілу
мүмкіндігіне және т.б ).
Құс тұмауының вирусы үй құстарының барлық түрлерінен
анықталған. Инфекцияның қоздырғыш көзі- ауру және ауруға
ұшыраған құстар, олардың экскреттері мен секреттерінен көп
мөлшерде активті вирус бөлінеді. Жұғу жолы-ауа-тамшылы.Вирустың
берілу факторы-инкубациялық кезеңде немесе ауру құстан алынған
инфицирленген тағымдар, тағамдық өнімдері.
Аурудың таралуына елеулі үлес қосатын жабайы құстар (кептерлер,
торғайлар, қарғалар) сондай-ақ кемірушілер мен мысықтар. Құс
тұмауы энзоотий және эпизотий түрінде болады.
10. Адамдарға жұғуы
Адамды зақымдау ең алғаш рет 1997 жылы Гонконгта үй құсыныңтаралуы кезінде тіркелген.18 адам ауырған,6 адам өлген.
Вирустың штамы H5N1 анықталды,вирус құстан адамға жұққаны
анықталған.2005жылдың тамызына қарай
Вьетнамда,Тайландта,Камбоджада,Индонезияда адамның құс
тұмауымен ауырған жағдайы тіркелген,олардың 64 өлімге
әкелген,вирустың адамнан адамға берілгені
анықталмаған.Вирустың таралуын тоқтату үшін миллиондаған үй
құстарын жойған және вакцинирлеген.
1918-1919 ж тұмау пандемиясы («испанка», H1N1 штаммы). 40-50 млн
адамның өмірін қиды. «испанка» вирусы құстар мен адамдардың
тұмау вирусы гендерінің рекомбинациясы нәтижесінде пайда
болған деген тұжырым бар. 1957-1958 ж.ж «азиаттык тұмау»
пандемиясы H2N2 штаммымен п.б .1968-1969 ж.ж «ганконгтык
тұмау» пандемиясы (H3N2).
11. Жұғу жолдары
Адамдар ауру құстармен қатынаскезінде, яғни, оларды күту, қораны
жинау, ауа тамшы арқылы, көздің
шырышты қабығына, тыныс алу
жолдарына шаң-тозаңның түсуі, құс
етін бөлшектеу, мамығы мен жүнін
түту, етін өңдеу кезінде жұғуы мүмкін.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау
ұйымының деректері бойынша 2003
жыл акпанынан 2008 жылдын
ақпанына дейінгі адамдардың құс
тұмауын жұқтырылғаны анықталған
361-нің 227-сі өлген.
12. Құс тұмауының белгілері
Құс тұмауының құстар мен адамдар арасындағы белгілері.Үй құстарындағы құс тұмауының белгілері: Құстар тәбеті жоғалып,
жемнен бас тартады, бұлшық еттерінің жансыздануына (параличке
ұшырауына) байланысты, қанаттары салбырап, жүргенде шатқаяқтап,
сүріне береді. Мойыны салбырап, бастары 180 градусқа бұрылып кетуі
де мүмкін, тамағы мен айдары ісініп, мұрындарынан су ағып, түшкіре
береді.
Адамдардағы белгілері: Кәдімгі маусымдық тұмауға ұқсас болып
келеді, бірақ әлдеқайда ауыр түрде өтеді. Дене қызуы 39-40 градусқа
дейін көтеріліп, жөтел пайда болып, тамағы ауырады, бұлшық еттері
қақсайды, көздерінен, мұрыннан су ағып, тыныс алу қиындайды.
Адам өміріне қауіпті асқынуларға мыналар жатады: жүрек, бүйрек,
өкпенің қабынуы, өкпеге су толып, адамның өлімге ұшырауы.
13.
14. Жеке қорғаныс шаралары
Балаларға жабайы құстармен немесе үй құстарымен ойнауға рұқсатетпеңіздер.
Өлген құсты қолмен ұстамаңыздар және тамаққа пайдаланбаңыздар.
Өлген құсты тапқан кезде оған басқа адамның кіруіне шек қою керек,
мұрын мен ауызды маскамен, ал қолдарды қолғаппен қорғау керек.
Жұмысты бітірген соң қолдарыңыз бен беттеріңізді мұхият жуыңыз
және киміңізді ауыстырыңыз.
Шикі және нашар дайындалған етті немесе құстардың
жұмыртқаларын қолдануға болмайды.
Құстың етімен жұмыртқасын тоңазытқышта басқа тамақ өнімдерден
бөлек сақтау керек.
Ауру құсты анықтаған кезде жылдам аймақтық мал дәрігеріне
хабарлау керек
Егер құспен қарым қатынасқа түскеннен кейін сізде қандайда бір
қатаң респираторлық ауру туса, жылдам дәрігерге қаралу керек.
15.
16. Қазіргі уақытта
Үй құстарын вакцинациялаушараларын қолға алу мен көптеген
елдер басшылықтары ондаған
миллион құстардың көзін
жойғанымен, вирус жаңа
географиялық аймақтарға таралуын
жалғастыруда. H5N1 барлық
оңтүстік шығыс Азия, Қытайға кең
етегін жайды. Индонезияға, ал қазір
батыс Европа мен Ресейге таралды.
Қазіргі уақытта инфекцияның басты
таратушысы деп суда жүзетін құстар
есептеледі. Аса қауіптілік олардың
мыңдаған шақырымға ұшуы және
олардың қатарында H5N1 вирусын
тасымалдаушылармен онымен
ауырмағандар.
17. Перспектива
Пандемиялық вирусқа қарсы жаңа вакцинаны зерттеуменжетілдіру Рсейде, АҚШ, Қытай және т.б елдерде жалғасуда.
Сондай-ақ құс тұмауы вирусын емдеумен алдын алу
мақсатында, қарапайым маусымдық тұмауда қолданылатын
дәрі-дәрмекті қолдану мүмкіндігі зерттелуде.
Ресейде құс тұмауына қатысты вирусқа қарсы активтілікті
зерттеуде Гриппферон препараты өтті. Препарат H5N1
вирусының репликациясын жасушалар құрылымында
қалыпты түрде жоятыны және вирустық таралу
жұқпалылығын азайтатыны анықталды. Бірақ пандемияның
катастрофалық нәтижесін азайту үшін, антивирустық
медикаменттер мен вакцинацияларды жинаудан басқа
қосымша шараларды қолға алу керек. Пандемияның зиянын
азайту үшін аурудың шығуы туралы денсаулық сақтау
ақпаратын тез және тиімді айырбастау халықаралық
күшейту координациясына қол жеткізу керек. Тұмаумен
күресудің мүмкіндігінің бірі қазіргі замандық вирусқа қарсы
құралдарды қолдану болып табылады.
18. Емі
Қазіргі заманда тұмауды емдеудетөрт тиімді препарат бар:
Ремантадин,
Амантадин, Занамивир және
Оселтамивир.Соңғы екі препарат
Голландияда құс тұмауы шыққан
уақытында тиімділік көрсетті.
Бүкіләлемдік маштабатарда
Оселтамивир мен Занамивирді
қолдану тек бұл препараттардың
қымбат тұрумен шектеледі.
19. Пайдаланылған әдебиеттер
Интернет.Google.kz.Птичий гриппwww. vikidia.ru Нозоареал птичьего
Гриппа
E.gov
www.yandex.ru птичий грипп