1.Сұраныс заңы . Сұраныс .
2. Ұсыныс заңы . Ұсыныс .
3. Нарық тепе-теңдігі
4.Икемділік ұғымы
5.Тұтынушылық мінез-құлқы
256.21K
Category: economicseconomics

Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

1.

Сұраныс пен ұсыныс
теориясының негіздері

2.

1.
Сұраныс заңы.Сұраныс .
2. Ұсыныс заңы.Ұсыныс .
3. Нарық тепе-теңдігі.
4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті.
5. Тұтынушылық мінез-құлқы.

3. 1.Сұраныс заңы . Сұраныс .

Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің
тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс
табады.
Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері
мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады.
Сұраныс– төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар
айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс
заңы.
Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер
ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі
сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін
арттырады

4. 2. Ұсыныс заңы . Ұсыныс .

Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.
Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы
арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа
факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның
төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.
Бағадан тыс факторлар :
1. ресурстарға бағалардың өзгеруі.
2. Технологиялардың өзгеруі.
3. Субсидия және салықтардың өзгеруі.
4. басқа тауарларға бағалардың өзгеруі.
5. Ауа райы жағдайлары.
6. Өндірушілер санының өзгеруі.

5. 3. Нарық тепе-теңдігі

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке
негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепетең бағаның құрылуына әкеліп соғады (А – нүктесі). Егер нарықтық
баға тепе-теңдік бағадан артық болса. Артық сұраныс (артылып қалу)
пайда болады, немесе, ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді.
Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса,
қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда
сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады.

6. 4.Икемділік ұғымы

Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та,
жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің
теңесуі нәтижесінде қалыптасады.
Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен
теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады
Икемділік дегеніміз – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты
екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының
дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің
коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бір
айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының
соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық
көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.
Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді.

7. 5.Тұтынушылық мінез-құлқы

Игілік пайдалылығы – бұл экономикалық игіліктің
бір немесе бірнеше адам қажеттіліктерінің
қанағаттандыру қабілеті.Зерттеу нәтижесінде 19
ғасырда мынадай заңдылық анықталады : біртіндеп
тұтынатын қандай да бір игіліктің бөлігі тұтынушы
үшін азаюшы пайдалылыққа ие болады .
English     Русский Rules