Similar presentations:
Мақалалары
1.
2. Мақалалары
3.
1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған"Абайдан соңғы ақындар"
1925 жылы жазылған "Сұңқар жыры",
"Аударма туралы" атты мақалалары арқылы ол
әдебиет сыншысы ретінде танылды.
1923 жылы жазған "Мағжанның ақындығы
туралы“атты мақалалары "Абай" журналында жарық
көрді.
4.
Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі1910ж. басталады. Оның алғашқы
өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары
«Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде,
«Абай» журналында жарияланып
тұрады.
5.
Жүсіпбек— өз дәуірінің күрделі мәселелерінкөтерген көптеген мәнді мақалалардың
авторы. Кезінде "Абай" журналында,
басқа да басылымдарда жарияланған
мақалаларында ол аласапыран өзгерістер
заманының шындығын насихаттауға
ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет
мәселелері төңірегіндегі мәселелерді
қозғап, бірқатар әдеби мақалалар жазды.
6. Аудармашы
7.
8.
Н.В. Гогольдің “Бақылаушы” (“Ревизор”)А.С. Пушкиннің “Тас мейман”,
“Сараң сері”
А. Дюманың “Дәмелі”
(“Тамилла”)
Дж. Лондонның
“Телегей теңіз”
К. Берковичтің
“өрбике”
С.Чуйковтың
“Тау еліндегі
оқиға”
9. Ертегілер
10.
Көк өгізЖаман
тымақ
Шал мен
кемпір
Үш қыз
11.
12. Әңгімелер
13.
1918 жылы жазалған "Бетім-ау,құдағи ғой" атты әңгімесінен
бастап
"Елес" (1924)
"Әнші" (1925)
"Боранды болжағыш
әулие" (1926)
1927 жылы жазылған
"Ханалар тарихына"
14.
15. Соқыр мен көзді кісі
Бір соқыр көзді адамнан:- Сүттің түсі қандай? - деп сұраған. Көзді адам:
- Сүттің түсі - аппақ, ақ қағаздай, - деген,
- Қолда қағаздай сыбдырлап тұра ма?
- Жоқ, аппақ ұндай,
- Ұндай сусымалы, майда екен ғой?
- Жоқ, кәдіміл ақ қоян бар ғой, тап сондай.
- Қояндай жұмсақ, мамық болды ғой?
- Жоқ, дәл қар сияқты аппақ.
- Олай болса, қар сияқты суық екен ғой?
- Сөйтіп көзді адам сүттің түсін неге салыстырса да,
соқыр бір түсіне алмай қойған.
16. Бірін-бірі жем қылу
Қалың шөптің арасында жантайып жатыр едім, білегімнің астындажыбырлаған ақ құртқа көзім түсті. Сілкіп жерге түсірдім. Жерге
түсігі әлгі құрт бүрісіп біраз жатты да, жыбырлап басын көтерді.
Керіліп бойын жазды, құйрығын жиып, жиырылып кеудесін ілгері
итерді. Жатық жерде жорғалап, шөп-шаламға өрмелеп, азаптанып
бара жатты. Жыбырлаған байғұстың сорына кезеген құмырсқа кез
болар ма? Ортан белден бір тістеп, құйрық басын қайқайтып алып
кетті.
Сол жағыма қарасам, екі талдың түбінде торын құрып, түкпірінде
шыбын аңдып өрмекші отыр. Қайтер екен деп мен де қарап отырдым.
Өрмекші де тырп етпестен көп күтті. Екпіндеп ұшқан кей шыбын
құрулы торды байқамай, қанатының қырымен сүйкеп өтіп жүр,
кейбірі қона түсіп, торды сезіп, шошып кетіп жүр. Торға шыбын
таянған сайын, өрмекші ұшатын құстай қомданып, оңтайланып
қояды. Бір шыбын бой жасаған немеше ызылдап ұшты. Олай-былай
шарқ ұрып торға келіп сарт етті. Талпынды, бұлқынды, бұлқынған
сайын шырматылды. Жаушы-жалам өрмекші де ұмтылды, қона
түсті, салды тұмсықты.
17. Жәндіктер қысқа қалай қамданады
Қыр хайуандары қыс таянғанын сезеді де, ерте бастан қам қылады. Кірпімен тышқан інге кіріп, қыс қатып жатады. Кірпі жапырақ жинап
соған оранады. Тышқан қу шөпке оранып, құнысады.
Тиын ағаштың қуысына тығылады. Ол күздің қара басынан ағаштың
бүршігін, жаңғағын, саңырауқұлақты жинап алады. Қыстың қүні
соларын жейді де, ұйқтайды. Жарқанат баспаналы жерге кіріп,
тырнағымен бірдеңеге жабысып, басын салбыратып жаз шыққанша
ұйқымен болады.
Жылан, шаян, кесіртке, бақалар тас астына, ағаш түбіне, жылы жерге
кіріп жазға дейін қатады. Қоңыз, құрт, сүліктер де сондай бірдеңе,
қылады.
Балықтар ғана тереңде, су түбінде қыстайды.
Қайта қоян бәлекет қыстай ақ қарға алас ұрып, жүгіріп тамақ іздеп
жүргені. Шөп аршып жей ме? Ағаштың қабығын кеміре ме,
қырманның тұқымын тере ме, әйтеуір, дамылы жоқ. Адам қамын
жемесе, үй хайуанаттарына да қыс бапты тимейді. Жыл шыққан
малдың түрі қандай? Байғұстарға жылы қора, ен тамақ болар ма
еді!
18. Шұбар тайым табылды
Көкем алып келген қамыс құлақ шұбар тайым болатын. Шаң тиместің тұқымы. Өзіқойдай жуас. Күнде үсті-басын сипап, кешке өзім суарып тұрамын.
Асқар байдың ауылында «бәдік» бар екен, біздің ауылдың бозбалаларын шақырған.
Тайымды суарып мен де бәдікке бармақпын.
Қап-қараңғы. Көзге түртсе, білмейсің. Тек аспанда жұлдыздар моншақтай
жылтырайды, тым-тырыс. Құздың етегінде бұлақ сылдырайды. Бұлаққа қиялап
түсетін тар соқпақпен келе жатырмын. Екі жағым құз. Үстіме төніп тұр. Бұ бір қорқынышты жер еді. Қорыққаннан денем түршігіп кетті. Төменде судың
толқыны тасқа соғылып, шулап жатыр.
Бір уақта астымдағы шұбар тай едірейіп, пысқырып, кейін шегінді. Көзім шарасынан
шықты. Басым ду етті. Жүрегім балғамен ұрғандай тез соқты. Екі көзім алда. Не
де болса тез болса екен деп еліп барамын. Бір нәрсе қорс етті. Тайым мөңкіп қалды.
Топ еттім. Басым шың ете түсті: жер қатты еді. Жамбасым ауырып қапты.
Мешел адамдай орнымнан зорға кетеріліп, кейін жүрдім. Әрі тайымнан айрылып,
әрі бәдіктен қалғаныма ыза болып, жасымды тыя алмай үйге бардым, көргенбілгенімді айттым.
Ертеңіне тайыма ішім қазандай қайнады. Тайымды іздеп өлейін деп, ай далаға қаңғып
кеттім. Күні бойы іздедім, табылмады. Кеш болды. Қорықтым. Жаспын ғой. Бар
бітіргенім - жылау. Қас қарая үйге қайттым.
Келсем, тайым қазықта байлаулы тұр. Жүрегім аспанга көтерілді. Қуанышым
қойныма сыймай кетті. Сұрастырсам, тайым өзі келіпті, неткен ақылды! Сонан
былай тайымды бұрынғыдан да жақсы көретін болдым.
19. Ұмытшақ Ұлбосын
Ұлбосын жеңгейдің Күмісжаны оқығалы үш жыл болып қалған. Күмісжан мектептен келген соң,естіген-білгенін апасына айтып отыратын.
Аяқ-табақты таза ұстау жайынан Күмісжан апасына «Әйел теңдігі» деген журналдан бір әңгіме
оқып бергеніне екі-ақ күн болып еді.
Күмісжан сабағынан келсе, үйлерінде бір-екі қонақ отыр екен. Апасы шай жасап жатыр екен.
Күмісжан қонақтарға қарай сала тыржиып, теріс айналып кетті. Төрдегі мосқалдау қара кісінің
мұрны саңырайып тұрғанын көріп еді. Апасы шайға шақырса да, Күмісжан отырмады, жиренгені
ғой. Әйнек алдында қағаздарын шұқылай берді.
Бір мезгілде Күмісжан артына қараса, әлгі саңырық кісінің ішкен шыны аяғын апасы тілімен жалап
сүрткелі жатыр. Күмісжан:
- Ойбай, апа! - деп шыр ете түскенде, апасы селк етіп, қолындағы шыны аяқты түсіріп алды. Бірінің
үстіне бірі түскен соң екі бірдей шыны аяқ қирап қалды.
- Немене, сайтан? Бірдеңе болып қалды ма? - деп, апасы ұрса бастады.
- Кеше ғана оқығаным қайда деп? - Күмісжан да шытынып ашуланды.
Апасы көпке дейін түсінбей ұрса берді. Түсін ашып айтайын десе, Күмісжан қонақтардан ұялып
барады. Айтпауға апасы түсінбей, тілі өтіп барады. Күмісжан шыдай алмай, Қып-қызыл боп көзін
баса үйден шыға жөнелді. Қонақтар кеткенше үйге кірмеймін деп, Күмісжан қораның бұрышында
жылап тұр еді, малдан келген көкесі:
- Қарағым, кім тиді? Жүр үйге, тоңып қаласың, - деп, ертіп үйге әкелді.
Кісілер кеткенсін, Күмісжан әйнек алдында тұрып бір табақ қағазға мына сөзді жазды:
«Апа, ыдыс-аяқты өмірі тіліңмен жалап сүртпе, біреудің ауруы жұғады. Өз ауруың болса, басқаларға
жұқтырасың.
Ыдысты тамақтың алды-артынан ыстық сумен жуып сүрт, суық суға тазармайды, майы кетпейді.
Ыдыс-аяқтың бетін жауып жүр. Шаң-тозаң болмасын».
20. ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ
КЕЗЕҢДЕРІ
21.
Жүсіпбек Аймауытов 1889-ж. Семей губерниясының Павлодар уезіндеҚызылту болысының бірінші ауылында туған. 15 жасқа дейін ауыл
молдасынан сауат ашады.
1907-ж. Баянауылғабарып, орысмектебінетүседі.
1911-ж. Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасады.
Əуелі солмектепте, кейінинтернаттабілімалады.
1914-ж. Семейдегі мұғалімдерсеминариясына түседі.
1919-ж. Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіреді. Семейде ол
“Абай” журналын шығарысады. Осы жылы Алашордадан бөлініп, Кеңес
өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына өтеді.
Семейде, Павлодардапартия, кеңесжұмыстарынатқарады.
1920-ж. Қазақстан Кеңестерінің съезіне делегат болып қатысады. Содан
кейін Қазақ АССР Халық ағарту комиссиариатында басшылық қызметте
(комиссардың орынбасарыболып) қалады.
1921-ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, кейін “Қазақ
тілі” газетініңредакторы болыпістейді.
1922–1924жж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады.
1924–1926жж. Ташкентте шығатын “Ақ жол” газетінің редакциясында
қызметатқарады.
1929-ж. “Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар” деген
сылтаументұтқынғаалынып, репрессия құрбаныболды.
1931-ж. Кеңестік қуғын-сүргінкезіндеатылды.
1988-ж. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қаулысы бойынша толық
ақталды.