Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
Жоспар
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
«Шипагерлік баяны» жазуының себебі 
"Шипагерлік баян"
Қорытынды
Марапаттар
Пайдаланған әдебиеттер
470.96K
Category: historyhistory

Өтейбойдақ тілеуқабылұлы

1. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Орындаған: Қалдыбай Д.Н
Факультет/Топ:ҚДС-13-001-01
Қабылдаған: Абиырова Н.Б

2. Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
**Өмірбаяны
***«Шипагерлік баян»
Марапаттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

3. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған, өлген жылдары негізінен
"Шипагерлік баян" кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор
"Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша
70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған
1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған.
Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де
дерек бар. Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1388 жылы дүниеге келіп,
Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлы
Дүниеге 1388 жылы
келгені: Жетісу
Қайтыс 1478 жылы
болғаны: Жетісу
Мансабы: емші
1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады. Өтейбойдақ "Шипагерлік баян" кітабында өзі туралы былай
дейді: "Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім — Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім —
Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жөнібек ханның
қарашасымын. Жылым — иіртек, сексен беске келдім

4. «Шипагерлік баяны» жазуының себебі 

«Шипагерлік баяны»
жазуының себебі
Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз
жаңа ғұлама ғалымдар қатарына ХV ғасырдың қараүзген
шипагер-ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (13881485) есімі де енді. Оның «Шипагерлік баянында» шипагерлік
дәстүр мен үрдісі тарихының жаңа белесіне жол ашылды.
Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны»
кітабын жазуына біріншіден, сол заманның ханының оң қол
уәзірі Жиренше шешенмен таныстығы; екіншіден, хан әз
Жәнібектің оның сауатты жауабына риза
болуынан; үшіншіден, сегіз жасынан бастап әкесі Тілеуқабыл
емшіден білгені мен халқынан естігені, көргені, жазып
алғаны; төртіншіден, өз іс-тәжірибесінің нәтижелері
көрсеткіші;бесіншіден, Шығыс пен Орта Азия ғұламаларының
еңбектерінің ықпалы; алтыншыдан, өзінің халқы мен отанына
және ғылымға деген адалдығынан болды деп қараған жөн.

5.

Шипагер еңбегінің ең құнылығының бір жағы адам баласын имандылыққа,
адамгершілікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, отан сүйгіштікке жету
жолдарына дұрыс бағыт беруі мен он сегіз мың әлемді жаратушы құдіретті
Алланы тану мен оның елшісі Мұхаммед пайғамбарға /с.ғ.с./ және ислам діні
қағидаларын сақтауда адал болуға дұрыс сауатты нақты нұсқау беруі дей аламыз.
Мәселен, халал мен харамды ажыратуда 91-ді жеуден тиым, 85-ті ішуден тиым
сақтандыруымен, 7-ге тиіспеуге, 41-ге жұғыспауды және 12-ден айырылмау
сияқты бұлжытпай орындауы тиісті міндеттің орындалатын шартты – заңын
ұсынады.

6. "Шипагерлік баян"

"Шипагерлік баян"
"Шипагерлік баян" бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайынұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі
зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір
бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі
Қытайдағы атышулы "мәдени төңкеріс" кезінде "хуңуейбиндер" тарапынан өртелген. Өтейбойдақтың
"Шипагерлік баян" кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық
тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл
ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру
арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын
(рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғүлама ғалым
болғанын пайымдатады.

7. Қорытынды

«Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені
әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным»
артымда қалмақ»
Ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

8. Марапаттар

Қытай үкіметі «Шипагерлік баянның» құндылығын
бағалап «Мемлекеттік бірінші кітап» деген
сыйлықпен марапаттады (1997').
Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2
мемлкеттік медицина орталығын құрылған

9. Пайдаланған әдебиеттер

1. «Шипагерлік баян» 01,12,1994 ШҰАР,ҚХР
Ғылым-теника баспасы
2.
«Қазақ тілі түсіндірме сөздігі» 2000 Алматы ҚР
3. Қазақ ғұламалары ҚХР
4.
«Іле айдыны» жұрнал 2002 ҚХР
5.
«МҰРА» жұрнал 2002 ҚХР
6. «Жұлдыз» жұрнал 2002 Алматы,ҚР
7. «Internet» желілері

10.

English     Русский Rules