Similar presentations:
Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары
1. Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІС.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ
НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕРІ МЕН
ҰҒЫМДАРЫ
Орындаған: Бейсеханқызы А.
Факультет:ҚДС
Курс:5
Топ:12-001-02
2.
Жоспар1. Ғылыми терминология туралы түсінік
2. Ғылыми терминология фактілер мен қағидалары
(постулаттары,аксиомалары).
3. Ғылым терминологиядағы ғылыми заңдар (тұжырымдама,
парадигма,теория).
4. Ғылыми-зерттеу пәні және объектісі.
5. Ғылыми мансап және ғылыми дәреже .
6. Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары
(Ғылым туралы заң).
7. Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары
(Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі).
3.
Ғылыми терминология туралы түсінікТерминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен
жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада
қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады.
Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды.
Терминология - өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің әр
саласына тән терминдердің жиынтығы.
Ғылыми терминологияның дамуына тікелей әсер ететін сыртқы
факторлардың қатарына ғылым мен техниканың даму деңгейін, ұлт тілінің
қоғамдағы алатын орны мен елдің тіл саясатын жатқызуға негіз бар.
4.
Ғылыми терминология фактілер мен қағидалары(постулаттары,аксиомалары)
Постулат (лат. postulatum -
талап ) –
пікірлер мен қорытындылар
жасау үшін негіз болатын принцип,
ереже. Постулатты аксиомамен жиі
теңестіреді, бірақ бұл дұрыс емес
постулат қорытындылар жасауда
кем қаталдық және бір сызықты
болуына, логикалық дедукцияның
ережелерін сақтауда қатаң
қажеттіліктің керек еместігіне жол
береді.
Аксиома (көне грекше:
ἀξίωμα — лайықты қабылданған
қағида) — нанымдылығы ақиқат
(шындық)
болғандықтан логикалық
дәлелдеусіз алынатын қағида;
теорияның ақиқат (шындық) ең
бастапқы қағидасы
5.
Ғылым терминологиядағы ғылыми заңдарТұжырымдама (көзқарастар жүйесі) - белгілі бір тәсілді түсіну, қандай да
бір құбылыстардың түсіндірілуі, негізгі көзқарас, әлемде, табиғатта,
қоғамдағы бір-бірімен өзара байланысын анықтайды.
Парадигма (гр. үлгі деген сөз)
зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория;
теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік
қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі;
ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен
қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным
процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде
пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
6.
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бірқұбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен
байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат
беретін тұжырым.
Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі
бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын
және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді
ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді
талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген
тұжырымдама, жорамал.
7.
Ғылыми-зерттеу пәні және объектісіОбъектісі — өзіндік қасиеттері бар, белгілі
бір ғылым саласы зерттейтін объективті
және субъективті шындықтың бөлігі.
Пәні — бұл шекаралар аясында орналасқан
объект.
8.
Ғылыми мансап - бұл тәсіллайықты ықыласқа бөлену
және өз ғылыми
жетістіктертеріне адекватты
баға алу.
Ғылыми дәреже - ғылыми
қайраткерлердің жекелеген
кезеңдерінде академиялық
мансап атағын алуға мүмкіндік
беретін біліктілік сатысы.
9.
Медициналық ғылымның негізгі терминдерімен ұғымдары
Ғылым туралы заң
(Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы
N 407-IV Заңы)
10.
Ғылым - функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдаланужәне қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам
және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті
білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу
болып табылатын адам қызметінің саласы;
Ғылыми қызмет - зерделенетін объектілерге,
құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді,
ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында
қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімді
практикада пайдалануға бағытталған қызмет;
Ғылыми қызметкер - ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында
немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін,
жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылымитехникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске
асыратын жеке адам;
11.
• Ғылыми зерттеудің мақсаты – объектіні не құбылыстыжан-жақты нақты зерттеу; олардың құрылысын және
байланысы мен қатынасын, ғылымдағы принциптері және
таным тәсілдері негізінде зерттеу, сонымен қатар
өндіріске адамға пайдалы нәтижелерді алу және енгізу
болып табылады.
• Ғылыми-зерттеу жұмысы - бар білімді кеңейту және
жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат
пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды
ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми
ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен
байланысты жұмыс;
• Ғылыми зерттеулер - ғылыми және (немесе) ғылымитехникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және
технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және ғылымитехникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және
құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық
ғылыми зерттеулер;
12.
Денсаулық сақтау саласындағы ғылымиқызметтің субъектілері – ғылыми және
ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын
заңды тұлға және жоғары медициналық және
фармацевтикалық ұйымдар
Стандарттар мен клиникалық зерттеулер
жүргізу-фармакологиялық және дәрілік заттарды,
сондай-ақ медициналық технологияларға
клиникалық зерттеулерді жүзеге асырады.
Ғылыми-медициналық сараптама - денсаулық
сақтаудағы қызметтiң әртүрлi салалары жайкүйiнiң деңгейiн, сапасын және дәрежесiн
анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық,
талдау және практикалық iс-шаралардың
жиынтығы;
13.
Клиникаға дейінгі зерттеу- зерттелетін құралдың адам денсаулығына айрықшаәсер етуін және (немесе) қауіпсіздігін зерделеу мақсатында биологиялық,
токсикологиялық, химиялық, дене бітімдік, микробиологиялық, фармакологиялық
және клиникалық практикаға енгізудің алдында жүргізілетін басқа да ғылыми
эксперименттік зерттеулер кешені;
Клиникалық зерттеу-сыналатын әдістердің, құралдардың қауіпсіздігі мен
аурулардың профилактикасы, емдеу және диагностикалау әдістері мен
технологиялық тиімділігін анықтау немесе растау үшін жүргізілетін
субьект ретінде адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеу;
Клиникалық зерттеу материалдарының этикалық бағалануы клиникалық зерттеуді жүргізу мүмкіндігі мен одан бас тарту туралы
ұсыныстарды шығару мақсатында этика, этикалық және адамгершілікқұқықтық мәселелер жөніндегі комиссияның клиникалық зерттеу
материалдарын қарауы.
14.
Қолданбалы ғылымизерттеулер практикалық
мақсаттарға қол жеткiзу
және нақты мiндеттердi
шешу үшiн жаңа бiлiм
алуға және оны
қолдануға бағытталған
қызмет;
Іргелі зерттеу - табиғат,
қоғам, адам дамуының
негізгі заңдылықтары
мен олардың өзара
байланысы туралы жаңа
ғылыми білім алуға
бағытталған теориялық
және эксперименттік
зерттеу.
15.
Этика мәселелері жөніндегі комиссиялар- денсаулықсақтау ұйымдарының базасында жүргізілетін
зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін осы ұйымдарынан
құрылады, құрамына денсаулық сақтау, ғылым, құқық
саласындағы мамандар, діни конфессиялар мен
қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіре алады.
16.
Патенттік зерттеулер -техника нысаны дамуының
техникалық деңгейі мен
бағыт-бағдарын,
оның патенттік қабілеті
мен патенттік тазалығын
патенттік және басқа
ғылыми-техникалық
ақпараттың негізінде
зерттеу.
Патенттік-ақпараттық
зерттеулер – (патенттік іздеу)
жүргізу ғылыми зерттеу немесе
тәжірибелік-конструторлық
жұмыстар не дипломдық жоба
тақырыбы бойынша патенттікақпараттық зерттеулер
жүргізугетапсырмалар құрастыру.
17.
Медициналық ғылымның негізгі терминдерімен ұғымдары
Халық денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесі
(Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18
қыркүйектегі N 193-IV Кодексі)
18.
Медицина ғылымының негізгі терминдеріМедицина ғылымының сөздік қорының негізгі бөлігі грек,
латын тіліндегі лексикадан тұрады. Дүниежүзілік тілдік
айналымда жүрген бірнеше жүз мыңдаған медицинаға
қатысты терминдер бар. Соңғы ғылыми жаңалықтармен
байланысты
терминдер
жыл
сайын
медициналық
лексикамызға қосылып отырады.
19.
Медицина ғылымының негізгі терминдері1.Медицина (лат. medicina:
medicus — дәрігерлік, емдік)
— адамдардың денсаулығын
сақтау мен нығайту,
сырқаттарды емдеу мен
аурудың алдын алу,
денсаулық және жұмысқа
қабілеттілік жағдайында,
адамзат қоғамында ұзақ өмір
сүруге жетуді көздейтін
тәжірибелік іс-әрекеттің
және ғылыми білімдердің
жүйесі.
2.Медициналық
генетика — тұқым
қуалайтын аурулар, олардан
сақтану, оларды анықтау
және емдеу туралы ғылым.
3.Халықтық медицина
(емшiлiк) - халық жинақтаған
емшiлiк құралдар туралы
тәжiрибелiк мәлiметтердiң,
сондай-ақ емшiлiк және
гигиеналық тәсiлдер мен
дағдылардың жиынтығы және
оларды денсаулық сақтау,
аурулардың алдын алу мен емдеу
үшiн iс жүзiнде қолдану;
20.
Медицина ғылымының негізгі терминдері4. Медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік
медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды
тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған
кәсіптік қызметі
5. Медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар
және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар.
6. Пациент - көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң
тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке адам;
7. Емдеу - ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе)
барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға
бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
21.
Медицина ғылымының негізгі терминдері8. Денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана
емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік
саламаттылық жағдайы;
9. Денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды
емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір
адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның
ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан
айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға
бағытталған саяси медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;
10. Диагностика - аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге
бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
11. Дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;
22.
Медицина ғылымының негізгі терминдері12. Эвтаназия - аурудың бетi берi қарамайтын жағдайда,
науқастың қандай да бiр iс-әрекетпен немесе құралдармен, соның
iшiнде дәрiлiк немесе өзге де заттарды енгiзу арқылы, сондай-ақ
өмiрiне дем берiп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы өз
өлiмiн жеделдету туралы өтiнiшiн қанағаттандыру.
13. Профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте
сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды,
ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған
медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
14. Эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін
науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай
таралуы;
23.
Пайдаланылған әдебиеттерhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000225
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K090000193_