Similar presentations:
Қантамырлардың жүйкелік реттелуінің бұзылысы
1.
Орындаған: Деменова Гаухар, Мырзакулов Берік,Тексерген: Аукенова М.Қ.
Семей, 2016жыл
2.
3.
4.
Қантамырлардың жүйкелік реттелуінің бұзылысы:вазовагалды, ортостатикалық, синокаротидті, рефлекторлы,
Ситуациялық, гипервентиляциялық синдром кезінде.
Кардиогенді синкопэ:
Брадиаритмияларда (атриовентрикулярлы блокада ІІ-ІІІ,
Морганьи-Эдамс-Стокс ұстамаларымен, синусты түйін
әлсіздігі синдромы
Тахиаритмияларда (пароксизмалды тахикардия, ұзарған QT
Интервалы, жыпылық аритмия)
Жүрек және ірі тамырлар деңгейінде қан ағысына
механикалық кедергі болуы (аорта стенозы, гипертрофиялық
субаорталық стеноз, аорта қақпақшаларының жетіспеушілігі)
Гипогликемиялық синкопэ
Цереброваскулярлы және т.б.
5.
Естен тануалды. Науқас әлсіреп, көзі қарауытып, кұлағы шуылдап, басыайналып, жүрегі айнып, тершеңдік басады, терісінің бозаруы бірнеше
секундтан бір минутқа дейін созылады. Естен тану. Науқас есінен танады,
бұлшықеттерінің тонусы төмендеп, терісі бозарады, тынысы беткейлі
болады. Есін бірнеше секундтан бір минутқа дейін жоғалтады. Кейде
ми қанайналымының тоқтауына байланысты тоникоклоникалық тырысулар болып, еріксіз зәр шығаруы мүмкін. Көз
қарашықтары тарылады (кейде кеңейеді). Жарыққа реакциясы
болмайды, рефлекстері де жоғалады. Науқастың пулсі әлсіз, АҚҚ
қалыпты немесе төмендейді. Жүрек тондары тұйықталған.
Тынысы беткейлі, сирек. Кейде есі 10-20 минутқа дейін жоғалады.
Естеп танудан кейінгі жағдай. Науқас есіне келген соң, оның тері қабаттары
өз калпына келеді, пульстің толымы жақсарады, АҚҚ қалпына келеді. Ол
кейде өзінің есінен танып қалғанын білмейді, жан-жағындағылардан не
болғанын сұрастырады. Кейбіреулер әлсіздікке, бастарының ауырып
тұрғанына шағымданады.
6.
7.
Естен тану кезіндегі шұғыл көмек:1)нашатыр спиртін иіскету керек
Осы жағдайдан шықса,ыстық тәтті шәй беру керек.
2)Ұзаққа созылған естен тану кезінде:
Кофеин-бензоат натрий 0,1 мл(1 өмір жылына) 10%
ерітіндісін немесе 0,1 мл кордиамин ерітіндісін т/а енгізу.
3.Айқын АГ кезінде 1% мезатон ерітіндісін 0,1 мл(өмір
жылына) в/і енгізу.
4.Гипогликимиялық жағдайда 20-40% глюкоза ерітіндісін
2мл/кг в/і енгізу.
5.Айқын брадикардияда және Морганьи-Эдамс-Стокс
приступы кезінде тура емес жүрек массажын жасау,0,1%
атропин ерітіндісін 0,01 мл/кг тамшылатып в/і енгізу.
Ауруханаға мына естен танулар жатқызылады: толық
АВ блокадасы (Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасы);
қояншық, бассүйек-ми жарақаттанулары.
8.
Коллапс - медицинада — артерия және вена қан тамырларында қанқысымының күрт төмендеуінен болатын тамыр ауруы. Коллапс мида
орналасқан қан тамырларының қызметін бақылап, реттейтін орталық
жүйке жүйесі жұмысының әлсіреуінен пайда болады. Соның нәтижесінде
адам организміндегі көптеген қан тамырларындағы қан көлемінің
тұрақтылығы бұзылады, яғни адамның ішкі құрылысында орналасқан қан
тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайса, керісінше, ми, бұлшық ет, тері
қан тамырларындағы қан мөлшері кенет төмендеп кетеді. Коллапс қан
тамырларынан көп мөлшерде қан кеткенде
(қансырау), микроб токсиндерінің және әр түрлі улы заттардың қан
тамырлары қызметін реттейтін орталыққа теріс әсерінің нәтижесінде, көп
жағдайда әр түрлі жұқпалы ауруларда, сондай-ақ, адам организмі уланған
жағдайларда байқалады. Коллапстың клиникалық белгілері ауру
адамның тері қабатының бозаруымен, көгеруімен, тамыр соғуының
(пульс) әлсіреуімен, қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Сондайақ, бұл кезде науқас адамның басы айналады, естен танып, денесін суық
тер басады, бет пішіні өзгеріп, қол-аяғы мұздайды. Коллапстың ең ауыр
түрі – артериялық қан қысымының күрт төмен түсіп кетуі.
9.
10.
11.
12.
13.
КАРДИОГЕНДІ СІЛЕЙМЕНІҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ:1. Сепсис кезіндегі миокард жеткіліксіздігі;
2. Эндокардит кезінде жиырылған хордалар мен қақпақшалардың
айырылуы;
3. Жедел миокардит;
4. Қақпақшалар протезының тромбозы;
5. Айқын білінетін, жедел қолқалық және митральді жеткіліксіздік
6. Қарыншалық немесе суправентрикулярлы аритмия;
КАРДИОГЕНДІ СІЛЕЙМЕНІҢ НЕГІЗІНДЕ БОЛАТЫНДАРЫ
Вазоконстрикция;
Қан секвестрі;
Гиповолемия;
Қан ағуының баяулауы;
Ұлпалық ацидоз;
Ұлпалық гипоксия
14.
ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫКардиогенді сілейме созылмалы миокард инфарктімен түскен
аурулардың 10-15 % кездеседі.Белгілі бір пайызда ол асқынған
«механикалық» инфарктың салдарынан болады. Кардиогенді сілейменің
басқа да ерекше себептері оң жақ қарыншаның инфаркты,миокардит
және кардиомиопатиясын тудырады.Кардиогенді шок көпшілік
жағдайларда миокард некрозының салдарынан туындайды.
Кардиогенді сілейме жүректің систолалық функциясының бұзылуынан
,яғни сол жақ қарыншаның 40% зақымдалуынан туындайды.Сонымен
қатар митральды және аортальды жетіспеушіліктен қанның үлкен
қанайналым шеңберіне түспеу нәтижесінен де туындайды.
Қарыншалардың диастолалық толуынан,яғни жүректің тығындалысы
(тампонада) нәтижесінен де туындайды.
Коронарлы қанайналым жетіспеушілігінен миокард инфаркты аймағында
акинезия және периинфаркты аймақта гипокинезия
туындайды.Нәтижесінде сол жақ қарыншаның көлемі ұлғайып,көмір
қышқыл газын тұтыну көрсеткіші жоғарылайды
15.
Шағымдары: айқын сезілетін жалпы əлсіздік, бас айналу, “көз алдындағы тұман”,жүрек қағуы, төссүйек артындағы ауыру сезімі, тұншығу.
1. Шеткі қанайналым бұзылу симптомдары:
- сұр цианоз немесе бозғылт цианозды, “мəрмəр түсті”, ылғалды тері;
- акроцианоз;
- венаның жабылуы;
- суық алақан мен табан;
- шеткі қанайналымы жылдамдығының азаюы.
2. Естің бұзылуы: тежелу, қозу.
3. Олигурия (диурездің 20 мм/ сағ-тан төмендеуі, ауыр ағымда-анурия).
4. Систолалық АҚ-ның 90 – 80 мм с.б.-нан төмендеуі.
5. Пульстік АҚ-ның 20 мм с.б.- нан төмен түсуі.
Кардиогендік шоктың ауыр ағымы жүрек демікпесі мен өкпе ісінуінің
дамуымен сипатталады. Тұншығу пайда болады, көбік қақырықты жөтел. Өкпе
перкуссиясында төменгі бөліктерде перкуторлық дыбыс тұйықталған. Осы жерде
крепитация жəне ұсақ көпіршікті сырылдар. Альвеолалық ісіну дамығанда
сырылдар өкпенің 50%-тен жоғары бетінде естіледі.Диагноз систолалық АҚ-ның 90
мм Hg төмен түсуіне, гипоперфузия жəне өкпелік жеткіліксіздігінің клиникалық
белгілеріне негізделген.
16.
Кардиогендік шоктың 3 ауырлық дəрежесін бөледі:1. Бірінші дəрежесі:
- ұзақтығы 3-5 сағаттан артық емес;
- АҚ систолалық 90 -81 мм Hg;
- пульстік АҚ 30 - 25 мм Hg;
- шок симптомдары əлсіз;
- жүректік жеткіліксіздік жоқ немесе əлсіз;
- емдік шараларға тез тұрақты прессорлық реакция береді.
2. Екінші дəрежесі:
- ұзақтығы 5 – 10 сағ.;
- АҚ систолалық 80 – 61 мм Hg;
- пульстік АҚ 20 – 15 мм Hg;
- шок симптомдары айқын;
- айқын солқарыншалық жіті жеткіліксіздік симптомдары;
- емдік шараларға прессорлық реакциясы баяу, тұрақсыз.
3. Үшінші дəрежесі:
- 10 сағаттан ұзақ;
- систолалық АҚ 60 мм Hg төмен, 0-ге дейін түсуі мумкін;
- пульстік АҚ 15 мм Hg төмен;
- шоктың ағымы ауыр;
- жүректік жеткіліксіздігінің ағымы ауыр, өкпе ісінуі қарқынды;
- емдік шараға прессорлық реакция жоқ, ареактивті жағдай дамиды.
17.
Шок кезіндегі шұғыл көмек:1)Тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету керек. Ауыз
қуысы ревизиясын жүргізу,қысып тұрған киімін шешу керек.
2)100% оттегімен сұйықталған оксигенотерапия
3)Аздаған өкпе тоқырауы кезінде,АҚ жоғары немесе қалыпты болуы
кезінде
-нитроглицерин 1/2-1 таб.тіл астына
-1% лазикс ерітіндісі 0,1-0,2мл/кг б/е немесе в/і тамшылатып енгізу.
4)АД төмендеген кезде 3% преднизолон ерітіндісін 2-3 мг/кг енгізу.
5)АД жоғарласа және гиперкинетикалық вариантында
миокардиальды жетіспеушілігі кезінде.
-нитроглицерин 0,1-0,7 мкг/кг/мин в/і титрлеп енгізу
-0,25% дроперидол ерітіндісін 0,1мл/кг в/і
6.Айқын жағдайының ауыр болған кезінде,жүрегі және тынысы
тоқтау қауіпі болса трахея интубациясы және ИВЛ-ға ауыстыру
керек.Интенсивті терапияға госпитализация немесе
реанимацияға.Транспортировкасы жартылай отырған күйінде
оксигенотерапия фонында жасалынады
18.
1. Петрушина А.Д. «Неотложные состояния у детей», Москва, 2010г.2. Г.И.Постернак, М.Ю,Ткачева “Неотложная медицинскаяпомощь детям на
догоспитальном этапе”,Львов, 2004г.
3. А.Л. Верткин «Скорая медицинская помощь» Руководство для врачей. 3 издание – М.;
ГЭОТАР-Медиа,2006.
4. В.А. Михайлович, А.Г. Мирошниченко Руководство для врачей скорой медицинской
помощи, 3 издание, 2001 год.
5. Рекомендации по оказанию скорой медицинской помощи в РФ / 2-е издание, под
редакцией проф. А.Г. Мирошниченко, проф. В.В. Руксина. 2006 г.
6. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств
и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические
рекомендации. Алматы, 2006.