С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Жоспар
Кіріспе
Токсоплазмоз анықтамасы
Этиологиясы мен эпидемиологиясы
Туа пайда болған токсоплазмоздың клиникалық белгілері
Токсоплазмоздың диагностикасы
Токсоплазмоздың емі
Қолданылған әдебиеттер
670.99K
Category: medicinemedicine

Токсоплазмоз

1. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра:
Тақырып: Токсоплазмоз.
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2013жыл

2. Жоспар

Кіріспе:
Құрсақішілік инфекция дегеніміз не?
1.Негізгі бөлім
а) Токсоплазмоз анықтамасы
б) Этиологиясы мен эпидемиологиясы
в) Клиникалық белгілері
г) Диагностикасы
д) Емі
2.Қорытынды
3.Қолданылған әдебиеттер

3. Кіріспе

Қоздырғыштар тудыратын инфекциялық аурулар және процестер ұрыққа
инфекциясы бар анасынан босануға дейін немесе ұрықтың босану жолынан
өту кезінде енген түсінікті құрсақішілік инфекциялар деп атаймыз. Пайда
болу уақытына байланысты ҚІИ анте- немесе интранатальды болуы
мүмкін. Қандай инфекциялық ауру болса да, оның шешуші факторы ұрыққа
қай кезеңде жұққанына байланысты. Егер ол жүктіліктің екінші аптасында
жұққан болса,( яғни бластопатия )онда жүктілік жедел абортпен
аяқталады. Ал эмбриопатия кезенде, яғни жүктіліктің 3-10 апталығында
болса, ол ұрықтың өлімімен немесе туа пайда болған ақауларға алып келеді.
Фетопатия жүктіліктің 11 аптасынан босанғанға дейін дамиды. Егер
инфекция ерте фетальды кезеңде 28 аптаға дейін жұққан болса онда
құрсақішілік дамудың кідіруі болады, яғни нәресте аз салмақпен туылады.
Егер кеш кезеңде жұққан болса онда генерализденген инфекциялық процесс
дамиды, ол сепсис түрінде және ауыр ағымды түрде өтеді. Ол миды,
бауырды, миокард, өкпені зақымдап, энцефалит, гепатит, миокардит,
құрсақішілік пневмония тудырады. Сонымен вирустар көбінесе гематогенді
жолмен, ал бактериялар босану кезінде босану жолымен енеді. Құрсақішілік
инфекцияның диагностикасы оның спецификалық клиникалық көріністерінің
жоқтығына байланысты қиындық тудыруда.

4. Токсоплазмоз анықтамасы

Токсоплазмоз – созылыңқы немесе кейде созылмалы түрде өтетін,
жиі орталық нерв жүйесінің, көздің, бауырмен көкбауырдың сонымен
қоса және көптеген органдар мен жүйелердің зақымдалуымен
сипатталатын туа пайда болған не жүре пайда болған паразитарлы ауру.
Токсоплазмоз – біркелкі оқылған жоқ, соңғы кезде осы аурудың
ассоциантты ретінде ЖПИЖ к синдромының өсуіне байланысты
токсоплазмоз ауруын зерттеп оқуға үлкен көңіл бөліне бастады. Бұл
аурудың актуалдығы – қоздырғыштардың қоршаған ортада көп
таралуына, токсоплазмамен инфицирленудің жоғарлағанына, әртүрлі
органдар мен тіндерде ұзақ уақыт қоздырғыштардың кездесуіне де
байланысты.
Көбіне токсоплазмоз іштен туа пайда болған жұқпалы аурулардың
этиологиясы болып саналады. Туа пайда болған токсоплазмоз жиілігі
тірі туған нәрестелерде 1:1000 құрайды.

5.

6. Этиологиясы мен эпидемиологиясы

Toxoplasma gondii – клеткаішілік паразит, қарапайымдыларға жатады
және даму циклы бар. Токсоплазмоздың соңғы иесі – үй мысығы болып
саналады.
Микроорганизмнің 3 түрі болады: ооцист, трофозоит ( эндозоит)
және тіндік циста. Мысықтың нәжісімен ооцист бөлінеді, сосын ол
адам немесе үй жануарларының асқазан ішек жолдарына түседі.
Нәрестелерге транспланцентарлы және трансплантационды жұғу
жолдары да кездеседі.
Трансплацентарлы жұғу жолында, ауру көзі болып шешесі саналады,
бірақ балаға ауру жұғу үшін жүкті әйелде ауру біріншілік кезеңінде
болуы керек, себебі созылмалы инфекцияда балаға жұғу дәлелденбеген.
Шешесінің пайда болған иммунитеті баланы қорғайды деп санайды.
Балаға аурудың жұғуы 100% емес, және жүктіліктің мерзіміне
байланысты, жүкті әйел жүктіліктің соңғы айларында ауырып қалса,
онда аурудың балаға жұғуы әбден мүмкін, себебі:1триместрде – 14% ,
11–29%, 111–59% . Ал жүктіліктің ерте айларында ауырса онда ауыр
асқынуына әкеледі (түсік тастау, өлі туылу, ауыр аурулар). Жиі ауру туу
кезінде инфицирленген плацента арқылы жұғуы мүмкін.

7.

8.

9.

10. Туа пайда болған токсоплазмоздың клиникалық белгілері

Жаңа туған балаларда және алғашқы айларда 30% – клиникалық белгілері
көрінеді
2. Кейінірек болатын өзгерістер анықталады, немесе
3. Қайталамалы формасы, немесе
4. Клиникалық белгілерсіз, бірақ кейінірек ауырып кеткен инфекцияның
қалдықтары кездеседі( олар көздің зақымдалуы, есінің қалыптасуының
артта қалуы және кереңдік сияқты өзгерістер).
Жаңа туған нәрестелерде аурудың белгілері: хориоретенит, ликвордағы
өзгерістер, (ксантохромия, мононуклеарлар, плеоцитоз және белоктың
деңгейінің жоғарлауы), анемия, тырысулар, бас ішілік кальцификаттар,
тікелей гипербилирубинемия, қызба, катаракта, эозинофилия, диарея,
геморрагиялық диатез, глаукома, көру нервінің атрофиясы, микрофтальмия,
бөрітпе, өкпенің қабынуы.
Субклиникалық немесе клиникалық белгілерсіз өтетін түрлерінде тек
ликворда аздап өзгерістерсіз, интелекттің төмендеуі дамиды. Егер де балаға
жүктіліктің алғашқы айларында жұққан болса, онда бала созылмалы ауру
түрімен туылуы мүмкін, себебі токсоплазмоздың 2 алғашқы кезеңдері –
генерализациясы, менингоэнцефалит кезеңі құрсақ ішінде өтеді. Осы
кезеңдерде ОНЖ мен көз тіндерінде өте күрделі өзгерістер.
1.

11.

12. Токсоплазмоздың диагностикасы

Анамнез мәліметтеріне, клиникалық белгілеріне және
лабораториялық мәліметтерге сүйене қойылады.
Лабораториялық зерттеу өзгерістерінің ішінде ең тиімділігі
серологиялық өзгерістер – РИФ және ИФА. Серологиялық
реакциялар спецефикалық деп саналады және ауру жұққаннан
кейін 1-2 аптадан соң оң нәтиже береді. Ауру дамыған сайын
титр деңгейі өседі, сосын сол деңгейде бірнеше жыл сақталады.
Зерттеу барысында міндетті түрде бірнеше рет тексеру керек. Ig
M классының антиденелері жедел инфекция бар екендігін
көрсетеді.

13.

14. Токсоплазмоздың емі

Емі комплексті, спецификалық(этиотропты),
симптоматикалық, жалпы организмнің иммунитетін
жоғарлататын ем қолданылады.
Аурудың жедел түрінде этиотропты ем зақымдалған органдар
мен тіндердегі эндозоидтарды жоюға бағытталған. Осы емнің
тиімділігі жалпы улану белгілерімен басқа да қабыну
белгілерінің азаюымен білінеді.
Созылмалы түрінде этиотропты препараттар тиімсіз,
иммунокорректорлар тағайындалады, спецефикалық және
спецефикалық емес. Иммунотерапия ретінде вакцина
қолданылады токсоплазмин, сонымен бірге десенсиберлеуші,
седативті, өт айдағыш, және т.б. препараттар қолданылады.

15. Қолданылған әдебиеттер

1. Балалардың жұқпалы аурулары Ғ. Ғ. Құттықожанова
2. Детские болезни Л.А.Исаева
3. Неонатология Н.П.Шабалов
4. J.A.Pinard, N.S.Leslei, P.J.Irvine, Maternal Serologic
Screening for Toxoplasmosis., J Midwifery Womens Health
2003; 48:308-16,
http://web.yaroslavl.ru/obstandgyn/metod5.shtml?e
5. Connelly K.P. Pets and pests: Misconceptions about
Zoonotic infections. Infect Med 2004; 21(11): 557-65,
http://www.antibiotic.ru/index.php?article=1107
English     Русский Rules