Similar presentations:
Құқықтық жүйе,құқық жүйесі және заңнама жүйесі. Қазіргі замандағы құқықтық жүйелер
1.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ,ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ЗАҢНАМА ЖҮЙЕСІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
ТЕКСЕРГЕН:БАЙТЕРЕКОВА К.Б
ОРЫНДАҒАН:ҚАРТБАЕВА Ж.Қ
301-18ТОП
2. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықты актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік,
теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізіболып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы
қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың
көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті
нормалардың жиынтығы.
3. Құқық жүйесі - құқықтық сана сезімнен, құқықтық қатынастар және заң нормаларынан құралатын күрделі заң ұғымы. Ол ішкі бірлік
және тұтастықпенсипатталады,қоғамда жеке адамның
еркіндігін және өркениетті тұрмысты
қамтамасыз ету үшін қажет.
4.
5.
6.
7.
8.
Әрбірмемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық
нормалар мен құқықтық нормативтік актілер
болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін
оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру
қажет. Мұндай қызметті "заңдарды
жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді
нақты іс-тәжірибелерде пайдалану мақсатында
оларды "тәртіпке салу" деген ұғымын білдіреді.
Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі
түрі бар: инкорпорация және кодификация.
9.
Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тәртіппен бірыңғай жинақтарғажиынтықтау және біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер әдетте әліпбилік
тәртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады.
Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал әртүрлі жинақтарға толық
немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған
актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен,
кейде олардың мәнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады.
Инкорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері
сырттай болады: актінің бастапқы мәтініне ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі,
өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ
ашық түрде қайшылықтары барлары және тағы соған ұқсастары алынып тасталынады.
Инкорпорациялық өңдеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған
мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инкорпорация официоздық
(жартылай ресми) инкорпорация және ресми емес инкорпорация деп жіктелінеді.
10.
Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдаратқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау және
қайтадан баспа арқылы шығарудың тәсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі,
қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық және пәндік түрінде болады.
Хронологиялық ресми инкорпорация - нормативтік актілердің белгілі бір тәртібіне келтірілуін олардың
ресми жариялануы барысында жасауды көздейді.
Пәндік ресми инкорпорация - жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұның нәтижесінде мемлекеттік билікті
басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік актілерінің томдары, жинақтары
жасалынады.
Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пәндік қағидат бойынша, қатаң түрде
тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы: мемлекеттік құрылысты реттейтін,
әкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік
актілерді біріктіру.
Ресми емес инкорпорация - мұнда жүйелерді арнайы тапсырма алмай-ақ жекелеген ведомство, ғылыми
және оқу орындары, жеке тұлғалар жасай береді. Сондықтан да ресми емес инкорпорациялық жинақтарды
заңдар негіздері (қайнар көздері) ретінде бағалауға болмайды. Құқық шығармашылығы істерінде, құқық
қолдануларда бұларды нормативтік актілер жариялаудың нысаны ретінде қарастырып сілтемелер жасауға
болмайды.
11.
Кодификация - жүйелеудің ең күрделі және жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдардытүбегейлі түрде ішкі-сыртқы мән-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған
кодификациялық акті даярлау және қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып
табылады.
Осындай кодификациялаудың нәтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген
тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады.
Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар,
қағидалар және т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт.
Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді
жүргізу, азаматтық істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші
бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде
қолданыстағы "Жол жүру ережелері", "Темір жол жарғысы" және т.б. жатады.
Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы әртекті қоғамдық
қатынастарды тәртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып
келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы және орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы
барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай
бағдарландырылған, әрі қатарластыра бағындырылған.
12.
Кодификацияныңайырмашылықтарын көрсететін
ерекшеліктері:
1. Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік
органдар ғана жүзеге асырады және ол ресми
сипатта болады.
2. Кодификациялаудың нәтижесінде бірнеше
актілер әр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп
түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт
жасалады. Оның мәтіні түп нұсқадағыдай ресми.
Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы
тиіс.