Балалардағы ЖРВИ және жіті бронхит
Классификациясы
Қауіп-қатерлі факторлар:
Диагностикасы:
Диф. диагностика
Госпитализациялауға көрсетімдер:
Балалар ларинготрахеиті
Жіктемесі (Учайкин В.Ф., 1998)
Қауіп-қатерлі факторлар:
Диагностика критерилері
Диф. диагностика
Балалардағы пневмония
Классификациясы:
Қауіп-қатер факторлары:
Диагностика критерилері
Емдеу тактикасы
Дəрі-дəрмектік ем
Ем тиімділігінің индикаторлары:
Госпитализациялауға көрсеткіштер:
254.83K
Category: medicinemedicine

Балалардағы ЖРВИ және жіті бронхит

1.

2. Балалардағы ЖРВИ және жіті бронхит

Шырышты қабықтың қабынуымен
сипатталатын, қабынудың альвеоладан басқа
мұрын қуысынан бастап, тыныс алу жүйесінің
төменгі бөлімдеріне дейін тарала алатын тыныс
алудың жоғарғы жолдарының жұқпалық ауруы.
Тұмау – жалпы уыттану, жоғарғы тыныс алу
жолдарының талаураған қабынуы
және трахеяның басым бөлігінің зақымдалуымен
бірге респираторлық синдромдарымен
өтетін жоғары контагиозды жіті вирустық
жұқпа.

3. Классификациясы

• ЖРВИ: ауырлығы бойынша – жеңіл,
орташа, ауыр, гипертоксикалық.
• Жіті бронхит: обструктивті,
обструктивсіз.

4. Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Шала туылу.
2. Тамақтанудың айқын бұзылыстары.
3. Демікпе.
4. Иммунды тапшылықты жағдайлар.
5. Созылмалы аурулар.
6. Пассивті түрде шылым тарту.

5. Диагностикасы:

Шағымдар мен анамнез:
1. Дене қызуының жоғарылауы.
2. Талаурау (мұрынның бітелуі, түшкіру).
3. Қан кернеуі және мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі.
4. Жөтел.
Физикалық тексеру:
1. Мұрын жұтқыншақ сілемейінің гиперемиясы және ісінуі.
2. Бронхит кезінде аускультативтік көрсеткіштер: ыдыраған сырылдардың
болуы, бронхиалды (ысқырық) дем.
3. Уыттану белгілері.
Инструменталдық зерттеулер: қажеттілік жоқ.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- оториноларинголог (асқынулар дамуына күдік болса, мысалы жіті ортаңғы отит);
- пульмонолог, созылмалы ағымда және демікпелік тыныстың болуында.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы зәр анализі.
2. Жалпы қан анализі.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: Оториноларинголог консультациясы.

6. Диф. диагностика

Жіті бронхит-:
Тыныс алу жиіленуінсіз жөтел;
- Мұрын бітелу;
- Температураның жоғарылауы, қызба;
Пневмония:
- Жөтел және жиілеген тыныс:
жасы < 2 ай > 60/мин,
жасы 2 – 11 ай > 50/мин,
жас 1 – 5 жас > 40/мин.
- Көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы;
- Қызба;
- Аускультациялық белгілер – әлсіздеген тыныс, ылғалды сырылдар;
- Мұрын қанатының кебуі;
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нәрестелерде).

7.

Стеноздаушы ларинготрахеит (жалған бітелу)
- Үрмелі жөтел;
- Тыныс жеткіліксіздігі;
- Бәсеңсіген дауыс;
- Егер қызылша салдарынан болса – қызылша белгілері.
Көкжөтел:
- Дірілді өзіне тән ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианоз немесе апноэмен қатар жүретін
пароксизмальді жөтел;
- Жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі жақсы сезіну;
- Қызбаның болмауы;
- Анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы.
Обструктивті бронхит
- Анамнезде демікпелік тынысе салқындаумен байланысты;
- Нәрестеде және жанұя мүшелерінде демікпенің / экземаның / поллиноздың болмауы;
- Ұзарған тыныс шығару;
- Аускультативті – құрғақ сырылдар, әлсіздеген тыныс (егер анық болса – тыныс жолдарының
түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция;
- Демікпе кезіндегіден көріністер аз екені айқын.

8.

Ем мақсаты:
1. Ауыру клиникасын жою және асқынуды
алдын алу.
2. Уыттану, бас ауру белгілерін жою, жалпы
жағдайды жақсарту, тәбетті және
дене температурасын қалпына келтіру.
3. Асқынулардың болмауы.
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Мол жылы сұйықтық ішу.
2. Сәйкес бөлмелік жылуды сақтау.
3. Дене қызуының көтерілу кезеңіне – төсек
режимі.

9.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Құрғақ жөтелді жұмсартуға – қақырық түсіретін
дәрі-дәрмектерді тағайындайды (амброксол**).
38,5 градустан жоғары темперетурада бір мәрте –
парацетамол* * 10-15 мг/кг.
2. ЖРВИ және жіті бронхиті бар балаларға
антибиотиктерді тағайындамау керек,
ол бактериалды жұқпаны емдеуге нәтиже береді.
Жөтел - антибиотикпен негізсіз емдеуде
жиі тағайындалатындардың бірі. Жөтелді басатын
дәрі-дәрмекті тағайындамау керек.
3. Құрамында атропин, кодеин және оның туындылары
немесе спирт бар дәрі-дәрмекті тағайындамау керек
(баланың денсаулығына қауіпті болуы керек).
4. Мұрынға медициналық тамшыларды қолданбау керек.
5. Құрамында аспирин бар дәрі-дәрмекті қолданбау керек.

10.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- дене температурасының тұрақтануы;
- уыттанудың жоғалуы (тәбеттің қалпына
келуі, өзін-өзі жақсы сезіну);
- жөтелдің жоғалуы.

11. Госпитализациялауға көрсетімдер:

Кеуде клеткасының төменгі бөлігімен дем
тартуда тыныс алу жеткіліксіздігі және
тыныс алудың жиілеуі, тырыспалар,
айқын токсикоз ( тамақтан, су ішуден,
емшек емуден бас тарту, сананың
бұзылуы) тарылатын ларингиттің (II-IV
дәрежедегі тарылу) түрінде асқынудың
пайда болуы.

12.

Профилактикалық шаралар
· Науқастармен және вирус тасымалдағыштармен қатынасты
шектеу;
· Бетперде кию және ЖРВИ мен жанұя мүшелерінің қол жууы;
· Бөлмеде оптималды ауа режимін сақтау;
· шынығу шараларын жүргізу;
· қауіп тобындағы балаларға тұмауға қарсы вакцинация.
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Егер жөтел 1 айдан астам уақытта немесе қызба 7 күн бойы
және одан да көп уақытта болса, басқа мүмкін болатын
себепетрді анықтау үшін қосымша зерттеулер
жүргізіңіз (туберкулез, демікпе, көкжөтел, бөгде дене, АИВ,
бронхоэктаз, өкпе абсцесі, менингит, құлақтың немесе несеп
шығару жолдарының инфекциясы және т.б.).

13. Балалар ларинготрахеиті

• Көмейдің жіті тарылуы - тез пайда
болатын (бірнеше секунд, миунт, сағат
немесе күн) саңылауының тарылуымен
байланысты, көмей арқылы тыныс алудың
қиындауы.

14. Жіктемесі (Учайкин В.Ф., 1998)

Жіктемесі (Учайкин В.Ф., 1998)
Атопияның өсу дəрежесі бойынша:
1. Біріншілік.
2. Қайталанбалы ( 3-ке дейін).
3. Оңалатын (3 реттен артық).
Көмейдің тарылуы дəрежесі бойынша:
1 - дәрежесі (компенсация).
2 - дәрежесі (субкомпенсации).
3 - дәрежесі (декомпенсации).
4 - дәрежесі (тұншығу).

15. Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Вирустар ларингиттерді туғызады.
Parainfluenza вирусы 70% жағдайда
ларингитті туғызады.
2. Ауырлаған аллергиялық анамнез.
3. Ластанған атмосфера.
4. Құрғақ климат.

16. Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:
- құрғақ, дөрекі «үрмелі» жөтел;
- дауытың қырылдауы, әлсіреуі;
- стридор – тыныс алу кезінде дөрекі дыбыс;
- ауыр ауруларда тыныштық кезінде дене температурасы көтеріледі.
Анамнезден. Біртіндеп дамитын ларинготрахеит, негізінен кенеттен
туыдаумен салыстырғанда баяу және ауыр өтеді. Рецидив беретін ларингитпен
науқастарда алдыңғы эпизодтар осы ауру ауырлығымен қосарланады.
Физикалық тексеру:
- қарлықпа жөтел;
- инспираторлы ентігу;
- қырылдау;
- стридор (ысқырықты дем).
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жалпы қан анализі.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: кеуде клеткасының рентгенографиясы.

17. Диф. диагностика

Жалған вирусный круп:
- үрмелі жөтел;
- бәсеңдеген дауыс;
- тыныс жеткіліксіздігі;
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы кезінде дамиды.
Жұтқыншақартқы абсцесс:
- жұмсақ тіндер ісінуі;
- жұтынудың қиындауы;
- қызба;
- бірнеше күннің ішінде біртіндеп жағдай нашарлайды.
Дифтерия (шынайы круп):
- мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ісінуі салдарынан бұқа мойын симптомы;
- аңқа гиперемиясы;
- жұтқыншақтың сілемейіндегі сұр жабындылар (пленкалар);
- мұрыннан қан аралас шығындылар;
- АКДС вакцинациясы жүргізілмеген.
Бөгде дене аспирациясы:
- тыныс жолдарының механикалық обструкциясы кенеттен дамиды (баланың «шашалуы»),
стридор және ауыр тыныс жеткіліксіздігі дамиды;
- тыныс жеткіліксіздігі;
- жайылған әлсіздеген тыныс және ысқырмалы сырылдар.
Туабіткен аномалия:
- стридор туылғаннан бастап болады.

18.

Ем мақсаты:
1. Тыныс алу жеткіліксіздігін (қыспақ (круп) синдромы) және
бронхиалды обструкцияны тоқтату.
2. Демігу, жөтел, тарылған сипаттағы тыныс алудың жоғалуы,
қалыпты дауыстың қалпына келуі.
3. Токсикозды тоқтату: дене қызуын қалыпқа келтіру, жағдайының
жақсаруы, тәбеттің пайда болуы.
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Салқын, дымқыл ауа қолайлы болады: мұндай ауа-райында баланы
далаға алып шығару керек.
2. Симпоматикалық дәстүрлі ем дәрігер кабинетінде немесе жедел ем
бөлімінде булы ингалятор көмегімен ингаляциялық емнен тұрады.
Үйде булы ингаляцияларды жуыну бөлмесінде өткізу керек, бұлауды
жылы сумен сулап, ылғалды бумен толтырады. Ата-ана баламен
бірге 15 мин. жуық қасында болуы тиіс.
Бумен емдеу тәсілі бұрыннан келе жатқан ем болып табылса да, оның
диспноэға оң әсер етуінің дәлелі жоқ. Сондықтан, берілген емшара
бала қорықпаса ғана қолдану керек, әрі баланы зорлаудың қажеті
жоқ.

19.

Дəрі-дəрмектік ем:
Дексаметазон* спастикалық қыспақ кезінде нәтижелі
(тарылатын ларингит) 0.6 мг/кг дозасында per os немесе
бұлшықетке (ең жоғары дәреежсі 10 мг). Доза кейінірек 1-2
рет қайталана алады. Нәтижесі баяу көріне бастайды.
Ингаляциялық кортикостероид – беклометазон дипропионат
50-100 мкг тәулігіне 2-4 рет.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Тыныс жеткіліксіздігін басу (көкірек клеткасының төменгі
бөлімінің тартылуын және жиілеген тынысты).
2. Жөтелдің, стридордың жоғалуы, дауыстың қалыпқа келуі.
3. Дене температурасының қалыпқа келуі, өзін өзі жақсы сезіну
және тәбеттің ашылуы.

20.

Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромының
дамуы.
2. II-III дәрежедегі тарылу белгілерінің
болуы.

21. Балалардағы пневмония

Пневмония – айқындылығы әртүрлі
сатыдағы тыныс алудың клиникалық
тұрғыдан қызба, уыттану тән физикалды
өзгерістер мен өкпеде «жаңадан пайда
болған» ошақтық - инфильтративтік
рентгенологиялық дәлелдемелермен
көренетін өкпе паренхимасының жіті
жұқпалы - қабынулық ауруы.

22. Классификациясы:

1. Пайда болуы бойынша:
- ауруханадан тыс;
- аурухана ішінде;
- құрсақішілік, иммундық тапшылығы бар балаларда;
- энцефалопатиясы бар балаларда аспирациялық.
2. Түрі бойынша:
- ошақты;
- ошақты-жиналатын;
- сегменттік;
- қадақ (крупозды);
- интерстициалды.
3. Ағымы бойынша:
- жіті;
- ұзақ мерзімді.
4. Ауырлығы бойынша:
- ауыр емес;
- ауыр;
- өте ауыр.
5. Асқынулар:
- I-III сатыдағы тыныс алу жеткіліксіздігі;
- өкпелік (плеврит, абсцесс, буллалар, пневмоторакс, пиопневмоторакс);
- өкпеден тыс (токсикоз, нейротоксикоз, ОССН, ДВС, ОПН).

23. Қауіп-қатер факторлары:

1. Едәуір жиі кездесетін қоздырғыш Streptococcus pneumoniae.
2. Шала туылу.
3. Тамақтанудың айқын бұзылысы.
4. Иммундық тапшылықты жағдайлар.
5. Дамудың туа біткен ауытқулары.
6. Жоғарғы тыныс алу жолдарының жуық арадағы
инфекциясы.
7. Муковисцидоз.
8. Бөгде дене.
9. Төмен әлеуметтік-экономикалық статус.
10. Шылым түтіні.
11. Жасөспірімдікке дейінгі жас.

24. Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: жөтел.
Физикалық тексеру
1. Жиілеген немесе қиындағын тыныс:
- 2 айға дейін > минутына 60;
- 2 айдан -12 айға дейін > минутына 50;
- 12 айдан 5 жылға дейін > минутына 40;
- 5 жастан жоғары минутына 28-ден жоғары.
2. Кеуде клеткасы төменгі бөлігімен дем тарту.
3. Қызба.
4. Ыңқылдап дем алу (нәрестелерде).
5. Аускультативтік белгілер (әлсізденген немесе бронхиалды тыныс алу, майда
көпіршікті сырылдар, плевра үйкелісі шуылы).
6. Қызба.
7. Уыттану белгілері.

25.

Инструменталдық зерттеулер: рентгенологиялық
көрсеткіштер (өкпедегі «жаңа пайда болған» ошақтыинфильтративті өзгерістер).
Мамандар консультациясы үшін
көрсетімдер: пульмонолог – созылмалы ағымда және
демікпелік тыныс болған кезде.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (лейкоцитоз нейтрофильдің солға
ығысумен, лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).
2. Жалпы зәр анализі.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
кеуде клеткасын рентгенологиялық зерттеу.

26.

27. Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Өкпедегі қабыну процесін тоқтату.
2. ТЖ (тыныс алу жеткіліксіздігі), жалпы уыттану белгілерін жою.
3. Өкпе экскурсиясын қалпына келтіру.
4. Жөтелдің, жиі тыныс алу, пневмонияның аускультативтік көрсеткіштерінің
жоғалуы.
5. Хәлі мен тәбетінің жақсаруы.
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Температура көтерілген кезеңде – төсек режимі.
2. Адекватты гидратация (жылы көп мөлшерде сұйықтық).
3. Барынша емшекпен тамақтандыру және жасына сай барабар тамақтану.

28. Дəрі-дəрмектік ем

1. Жалпы шаралар:
- Сәйкес гидратация (сұйықтықты мол ішу) және тамақтану;
- Қызбаны тоқтату (> 38,5) - парацетамол 10-15 мг/кг күніне 4 ретке
дейін;
Жөтелге қарсы дәрі-дәрмекті қолдануға болмайды.
Демікпелік тыныс алуда- бронхолитикалық ем (мысалы, сальбутамол
жас бойынша дозамен күніне 3-4 рет, 5 күн бойы). Ингаляциялық
түрлер таңдалады

29.

2. Антибактериалды ем:
- Антибиотиктер эмпириялық пероралды түрде қабылданады.
Антибактериалды дәрі-дәрмек in vitro флорасының сезімталдығы бойынша
эмпириялық тәсілдің нәтижелігінде жүргізіледі. Таңдалатын дәрі-дәрмектер
жартылай синтетикалық пенициллиндер, макролидтер, альтернативтілер ІІ-ІІІ буында цефалоспориндер болып табылады;
- Амоксициллин күніне 15 мг/кг х 3 рет 5 күн бойы, немесе қорғалған
пенициллиндер (амоксициллин + клавулан қышқылы 20-40 мг/кг күніне 3 рет);
- Азитромицин 10 мг/кг 1 күн, күніне 5 мг/кг келесі 4 күн пероралды, немесе
кларитромицин – 15 мг кг-ға бөлшектік түрде10-14 күн пероралды, немесе
эритромицин – 40 мг кг-ға бөлшектік түрде 10-14 күн пероралды
тағайындалады. Амброксол сироп 1мг/5 мл; 30 мг/ 5 мл; 7,5 мг/мл ерітінді;
- Цефуроксим тәулігіне 40 мг/кг, бөлшектеп 2 рет қабылдау, 10-14 күн бойы
пероралды қабыладанады;
- Цефуроксимнің ең жоғары дозасы балаларда 1,5 г;
- Ұзақ мерзімді, көп мөлшерде антибиотиктік емдеу кезінде микоздың емдеу
және алдын алу үшін итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 5 мг\кг\күн
есебінен, 5 жастан жоғары балаларға тағайындалады.

30. Ем тиімділігінің индикаторлары:

1. Тыныс жиілігінің қалпына келуі.
2. Қызбаның жоғалуы.
3. Оң перкуторлық және аускультациялық
динамикасы.
4. Уыттанудың жоғалуы.

31. Госпитализациялауға көрсеткіштер:

1. Кеуде клеткасының төменгі бөлігімен дем
тартуда ТЖ және тыныс алудың жиілеуі.
2. Орталық көгеру (цианоз).
3. Тырыспалар.
4. Айқындалған токсикоз (тамақтанудан,
ішуден, емшек емуден бас тарту,
сананың бұзылуы).
5. Амбулаторлық емнің нәтижесіздігі.

32.

Профилактикалық шаралар:
1. Науқастар және вирус тасымалдаушылармен қатынасты
шектеу, әсіресе жоғары респираторлық аурушаңдық
мезгілінде.
2. Бетперде кию және ЖРВИ ауруларымен отбасы мүшелерінің
қол жууы.
3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстап тұру.
4. Шынығулық шараларды жүргізу.
Әрі қарай жүргізу:
1. Егер нәресте нашарласа, іше алмаса немесе емшек сора алмаса,
қызба пайда болса, тыныс жиілесе немесе қиындаса (анасына
қандай жағдайда жедел арада дәрігерге келуін түсіндіру)
учаскелік дәрігердің 2 күн немесе одан бұрын қайта қарауы.
2. Пневмониямен ауырған балалар диспансерлік бақылауда 1 жыл
бойы тұрады (тексеруді 1, 3, 6 және 12 айдан соң жүргізеді).
English     Русский Rules