3.62M
Category: geographygeography

Кипр Республикасы

1.

Кипр Республикасы
Кипр Республикасы (гр. Κυπριακή Δημοκρατία, түр. Kіbrіs Cumhurіetі) — Батыс
Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет.
1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген. Жалпы жер көлемі – 9251 км². Халқы – 754
мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында
тұрады.

2.

Халқы
Оңтүстікте грек-киприоттылықтар басым болып келсе, түрік-киприоттар солтүстікте қарай көбееді. Жалпы
халқы шамамен 800 мың адамды құрайды, олардың 300 мыңы түріктер. Сонымен қатар Кипрде 17 мың
ағылшын, кемінде 40 мың орыс (Ресей Федерациясының елшісі), 4 мың армян бар. 1974 жылғы соғыстан
кейін 180 мыңға жуық кипрлік басқа елдерге қашып кетті немесе оңтүстіктен күштеп қоныс аударылды.
Шамамен 42 мыңға жуық Кипр түрік халқы солтүстікке қарай бет алды. Тек қана Ларнака ауданындағы Пила
қаласында, БҰҰ-мен тағайындалған әкімшілікпен, екі халық бірге тұрады. Кипр Республикасы бақылауындағы
халық, 2011 жылдың соңына қарай, 838,897 адамға жетті, олардың көпшілігі (21,4%) шетелдік азаматтар. 2014
жылдан бастап үкіметтің заңнамалық түзетулер енгізуіне және арнайы мемлекеттік бағдарламаны құруға
байланысты шетелдік инвесторларға Кипр азаматтығын алу құқығы берілді.

3.

Атақты адамдары:
Рауфа Рэйфа Дэнкташа
Мехмеда Кямила Паши Оттомана
Макариоса III

4.

Мемлекеттік туы

5.

Мемлекеттік тілі. Діні
Кипр халқының басым бөлігі - этникалық гректер - православиелік христиан дінін, этникалық түріктер
– ислам дінін уағыздайды. Кипр православиелік шіркеуі квазимемлекеттік мекеме мәртебесіне ие және
елдің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды рөл атқарады; Кипр шіркеуінің басшысы - Жаңа Джастиньяна
архиепископы. Әрбір ауылда кездесетін храмдардан (500-ден астам) басқа, Кипрде 9 монастырь бар,
олар жасанды суару жүйесі бар және аралдың басқа да маңызды және құнарлы жерлеріне ие. Кипрдің
негізгі тілдері - грек және түрік тілдері.Кипр тілі гректерге түсініксіз. Ол дәстүрлі грек тілінен диалогия
жағдайымен ерекшеленеді. Бұл екі полюстің аралық формалары бар. Халықтың 6-7% -ы орыс тілінде
еркін сөйлейді, бұл үлкен қалаларда орыс диаспорасының көп болуымен байланысты.

6.

Тарихы
Кипр аралы ұзақ уақыт бойы Рим, Византия империяларына, Венецияға бағынды. 400 жылдай Осман сұлтандығының
құрамында болды. 1878 жылдан Ұлыбританияның отарына айналып, 1959 жылғы Цюрих және Лондон келісімдеріне
сәйкес, тәуелсіздікке ие болды (1960). Оның территориялық тұтастығына Ұлыбритания, Түркия, Грекия үкіметтері
кепілдік берді. Түркия мен Грекия аралда өздерінің шектеулі Қарулы Күштерін ұстауға құқылы болды, әрі Ұлыбритания
үкіметі аралдан 99 миль жерді өзіне сақтап қалып, онда 2 ірі әскери база (Данелия және Акротири) ұстады. Арал
тұрғындары тәуелсіздік алғанымен, екі ірі этникалық топ – гректер мен түріктердің арасында үнемі әскери
қақтығыстар болып тұрды. 1974 ж. шілде айында аралдағы грек әскерлері Грекия үкіметінің қолдауына сүйене
отырып, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып, Кипрді Грекияға қосуға әрекет жасады. Бұған жауап ретінде Түркия
үкіметі жергілікті түріктердің сұрауы бойынша, аралға әскер кіргізіп, ел аумағының 37%-ын басып алды. Нәтижесінде
гректер мен түріктер бір-бірінен түпкілікті бөлініп, 1974 – 75 ж. аралдың грек тұрғындары елдің оңтүстігіне, ал түріктер
солтүстігіне жиналды. Этникалық қақтығыстарды болдырмау және екі жақты татуластыру мақсатында 1964 жылдан
бері аралда БҰҰ-ның арнайы әскерлері тұрады, әрі мұнда БҰҰ Бас хатшысының Кипр мәселесі бойынша төтенше
өкілдігі орналасқан. . Ел президенті болып Р.Денкташ сайланған (1995 ж. қайта сайланды). Қазіргі күні Солтүстік Кипр
түрік республикасы әскери-қаржылық жағынан Түркия үкіметіне сүйеніп отыр. 1983 жылдан елде түрік ақшасы (лира)
жүреді. 1983 ж. Түркия мен Солтүстік Кипр түрік республикасы арасында экономикалық келісім жасалып, 1990 ж.
құжаттық бақылау алынып тасталды. 1997 ж. 20 маусымда осы екі ел басшылары экономикалық, қаржылық және
ішінара қауіпсіздік, қорғаныс, сыртқы саясат салалары бойынша интеграциялану жөнінде бірлескен декларация
қабылдады.

7.

Никосия қаласы
Аматус қаласы
Пафос қаласы
Тродос таулы үстірті

8.

Осы мемлектке баруға 2 ай қалғанда мен оның тарихымен тереңірек танысып, көргім
келетін тарихи және мәдени жерлердің тізімін жасап алатын едім.
Өзіммен бірге фотоаппарат, ноутбук және сөздік алатын едім.
Осы мемлекеттен дәстүрлі халлуми ірімшігін алып келер едім.

9.

Тайм-менеджмент: осы профайлингті жасауға 2.5 сағат уақытым кетті.
Интенсификация: қазақ тілінде ақпарат өте аз болды.
Ұқсастық аргументі: ислам дінің ұстанатын халықтар тұрады, ауыл
шаруашылығында.
Айырмашылық аргументі: тілі түрік және грек, климаты әр түрлі, мұхитқа
шыға алады.
English     Русский Rules