Similar presentations:
Жүрек- қан тамыр жүйесі аурулары кезіндегі емдік тамақтану
1.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрікуниверситеті Шымкент медицина институты
Тақырыбы:Жүрек- қан тамыр жүйесі аурулары кезіндегі
емдік тамақтану
Дайындаған: Маханова А.А.
ЖМҚ-503
Қабылдаған: Бозжигитова Г.С.
2.
Жоспар:I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
Атеросклероз кезінде емдік тамақтану
Гипертониялық ауру кезінде емдік тамақтану
Миокард инфаркті кезіндегі емдік тамақтану
Қан айналым жетіспеушілігі кезінде емдік
тамақтану
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Дұрыс тамақтанбау аурудың туындау себебінің бірі екендігібелгілі, тиімді тамақтану сау және ауру адамдардың
денсаулығын сақтауға, емдік алдын алуға негізделген.
Тамақтану арқылы ағзаны әртүрлі зиянды факторлардан қорғау
мүмкіндігіне ең жиі кездесетін ауруларды емдегенде беруге
болатын және болмайтын тағамдарға аса көңіл бөлінетіні
белгілі. Соңғы жылдары елдердің өмір сүруі өзгергендіктен
инфекциялық емес алиментарлы тәуелді аурулармен қан- тамыр
жүйесі ауруларымен ауыратын адамдар саны көбейді. АҚШ-та
тамақтануды өзгертудің арқасында жүрек- қан тамыр жүйесі
ауруларымен ауыратын адамдар денгейі 2/3 ке төмендеді.
Дұрыс тамақтану көп аурулардың алдын- алу және өмірдің
ұзаруын қамтамасыз етеді.
4. Атеросклероз кезінде тамақтану
Атеросклероз – май, холестерин, ақуыз алмасуының бұзылуымен байланысты созылмалы ауру. Атеросклероз кезінде артерия
қабырғасының жағдайы өзгеріп, оларға холестерин шөгіп, оның
айналасында дәнекер ұлпасы пайда болып склерозға әкеледі.
Артерия қабырғасы қатайып, қуысы тарылады. Мүшелер мен
ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады.
Атеросклерозда бас ми тамырла-рының, жүректің норонарлық
артерияларының, преифериялық тамырлардың зақымдалуы
болады. Жүрек артериясы атеросклерозбен зақымденғанда
миокард лимфарнтімен асқынатын жүректің тшемиялық ауруы
пайда болады. Атеросклероз дамуының себептері мен
механизмдері әр түрлі.
5.
Зат алмасу эндокринді және жүйкелік реттеудің бұзылуы осыаурудың пайда болу себептерінің алдыңғы қатарына кіреді.
Рециональді тамақтанбау атеросклероздың өршуіне бейімдейді.
Атеросклероздың алиментарлы факторларына жатады:
1. Тамақтанудың артық энергетикалық құндылығы, әсіресе аз
қимыл жасағанда; семірген кезде атеросклероздың жиілігі мен
ауырлығы жоғарылайды;
2. Қанықпаған май қ/на бай майларды шамадан тыс қолдану;
3. Қант және қанты бар азық түліктер есебінен жеңіл сіңірілетін
көмірсуларды шамадан тыс қолдану.
4. Жануар тектес ақуызды шамадан тыс қолдану.
5. Холестеринді шамадан тыс қолдану, әсіресе жоғарыда аталған
факторлармен бірге және тамақтанғанда май мен холестерин
алмасуын реттейтін тағамдық заттардың жетіспеушілігі болғанда.
6.
Бірақ атеросклероз дамуында холестериннің ролі күрделі жәнебірыңғай емес.
6. Тамақтану тәртібінің бұзылуы – сирек және көп тағам жеу;
7. Холестериннің еритін түріне ауысуын және тамырда
шөгуінің төмендеуіне әсер ететін алмастырылмайтын май
қышқылдарының тамақтануда жеткіліксіздігі.
8. Тағамдық талшықтарда, сонымен қатар өсімдік майының
ситостеринін жеткіліксіз қолдану. Бұл заттар холестериннің
ішекте сіңуін төмендетеді.
9. Тағамның липотрапты факторларының жеткіліксіздігі
(метнохин, холин, лецитин). Оның ішінде лецитин қанда
холестериннің тамыр қабырғасына сіңуін төмендетеді;
7.
10. С, Р, В6, В2, РР, А, Е, фолацин дәрумендерінің жеткіліксіздігі. Бұлдәрумендер май алмасудың әр түрлі жақтарына қолайлы әсер етеді.
Дәрумен С және Р тамыр қабырғасын қатайтады.
11. Д және А дәрумендерінің көп болуы холестерин алмасуын
нашарлатады.
12. Липаза ферменттерінің май алмасуында активтілігінің
төмендеуіне әкелетін NaCl-ін көп қолдану.
13. Тамақтануда Ng, K, J, Zn және кейбір минерал заттар дефициті.
Оның ішінде, йод-холестерин ыдырауын активтендіретін қалқанша
безі гормондарының түзілуін күшейтеді. Магний организмде
холестерин ыдырауын тездетіп, өт қышқылымен бөлінуін қамтамасыз
етеді.
14. Алкоголь, және холестерин, май азық-түліктерді көп қолдану.
8.
Атеросклерозбен ауыратын науқастарда, оның ішінде ЖИА болса,энергетикалық құндылығы шектелген, жеңілсіңірілетін көмірсу (қант
және қанты бар азық-түліктер) және жануар майы азайтылған N10 с
емдәм тағайындалады. Ақуыз-физиологиялық нормада (80-100 г),
оның ішінде 50-55% - жануар тектес (майсыз сүт тағамдары, балық,
теңіз азық-түліктері, орташа мөлшерде –ет және ет тағамдары,
шектеледі- ет қышқылдары). Майлардың жалпы мөлшері –80-85 г (1/3
-өсімдік тектес), көмірсу 350-400 г (15% қант). Емдәмде жүйке
жүйесін қыздыратын азық-түліктер шектеледі (ер пен балықтың
шырсөлді заттары, қою шай, кофе); Атеросклероз кезінде алмасу
бұзылыстарының әр түрі табылғанда түрлі химиялық құрамы бар
атеросклерозға қарсы емдәмде құрастырылған: 1. Егер қанда
холестерин мөлшері жоғарыласа, емдәмде майды жануар тектес май
есебінен 65-70 г-ға шектеу қажет, және рационда холестерин
мөлшерін күніне 200-250 г-ға дейін төмендетеді;
9.
Қанда үш глицеридтер мөлшері көп болса, жеңілсіңірілетін көмірсу 250-300 г-ға дейін азайтылады;
майдың жалпы мөлшері физиологиялық нормада,
холестеринді шектеудің ешқандай нәтижесі жоқ;
Қанда холестерин мен үшглицеридтер көбейгенде
(аралас тип) рецион N10 С диетасына сәйкес
келеді.
Көрсетілген варианттарда өсімдік майы жалпы
май мөлшерінің 1/3- ін құрайды.
10. Гипертониялық ауру кезінде тамақтану
Гипертониялық ауру кезінде емдік тамақтанудың негізгіережелері:
Ағзаның энергияға қажеттілігі мен тағамның энергетикалық
құндылығы қатаң түрде сәйкес болуы қажет, ал семіру кезінде –
дене салмағын төмендету үшін энергетикалық құндылығы
азайтылады;
Тамақтанудың атеросклерозға қарсы бағыты;
NaCl-ін шектеу, ауру асқынғанда берілмейді;
ОНЖ және жүрек - ҚТЖ-ін қоздыратын азық-түліктер (қою ет,
балық, саңырауқұлақ сорпалары, қою шай, кофе) берілмейді;
Тағамға К, Мg, дәрумен С, Р, В тобының дәрумендерін қосу;
11.
Ішек үрілуін және газ түзілуді күшейтетін азық-түліктеріншектейді (бұршақ тұқымдастары, газдалған сусындар және
т.б.).
Шырсөлді заттарды шектеу арқылы бүйректі аялайды (ет,
балық, саңырауқұлақ, эфир майлары, щавель қышқылы,
татымдықтар);
Бос сұйықтықты орташа дәрежеде шектеу.
4-5 рет тамақтану режимін бұзбай, көп тамақтанбау.
І-ІІ А дәрежесіндегі гипертониялық ауру өршігенде
(аурудың бастапқы периоды) гипонатрилік N15 емдәм беріледі.
Тамақты N15 емдәмге сәйкес, бірақ тамақты дайындағанда тұз
қоспайды. Тамақ ішкенде науқас өзі тұз қосады (күніне 5-6 г
қайнатылған тұз).
12.
ІІ Б – ІІІ А дәрежесіндегі гипертония ауруы өршігенде тағамдытұзсыз дайындап, жеген кезде де тұз қоспайды (4-6 апта). Емдәм
химиялық құрамы мен тағамның аспаздық өңделуі жағынан N10
емдәмге сәйкес келеді, бірақ тұзсыз.
Гипертония ауруы атероклерозбен бірге болғанда N10 с емдәмі
беріледі; тұз мөлшері гипертония ауруының дәрежесіне байланысты.
Қосымша бүйрек жетіспеушілігі болса ақуыз шектеледі, ал семіруде
ұн, жарма, макарон өнімдері және қант есебінен көмірсу 200-250 г-ға
дейін азайтылады, майлар 70-80 г. Гипертония ауруы кезінде , әсіресе
семірумен бірге болғанда аптасына 1-2 рет, ал гипертониялық кризде
2 күн қатарынан жеңілдетілген күндер қолданылады: кепкен
жемістерден күрішті компоттар және алма компоты, сонымен қатар
көкөністік, сүттік, сүзбелік.
13.
Жеміс-жидекті диетаны ұсынуға болады. Біріншіазаңғы ас: 200 г ыстық итмұрын қайнатпасы; капуста
салаты, алма және сәбіз салатына 10 г өсімдік майын
қосады; 2-ші азаңғы ас: көкөністік езбе, 100 г жеміс
сусыны; түскі ас: 250 г вегетериандық сорпа, 10 г
қаймақ немесе өсімдік майы қосылған көкөніс
салаты, 100 г жаңғақ; Сәскелік ас: үгітілген сәбіз
немесе қызылша. Итмұрын қайнатпасы; Кешкі ас: 10
г өсімдік майы қосылған винегрет, 200 г сусын немесе
кепкен жемістерден компот.
14.
Тұзсыз ірі еленген ұннан нан, күніне 30 г қант немесе ксилит.Гипертония ауруы тұрақты өршігенде N10 емдәм беріледі, ол
бидай кебегі, қарақұмық, арпа және тары, сәбіз, кепкен
жемістер есебінен магний тұздарына бай. Бидай кебегінен
тұзсыз нан пісіреді. (Күніне 150-200 г). 50 г кебекті пиязбен
қуырып ботқаларға қосады, 100 г кебектен кілегейлі қайнатпа
мен бірге борщ дайындайды. Натрий хлоридін алып тастайды,
сұйықтық 0,7-0,8 л-ге дейін шектеледі. Магний емдәмінің
арнайы кезекті 3 рационын қолдануға болады. Қан айналым
жетіспеушілігі дамығанда, зәр айдайтын препараттар
қолданғанда калий азық-түліктеріне бай және NaCl-і алынып
тасталған N10 с емдәм беріледі. Қан айналым жетіспеушілігі
айқын болғанда және төсек режимі болғанда N10 а емдәм
беріледі.
15. Миокард инфаркті кезіндегі тамақтану
Жүректің коронарлы артериясы ұзақ уақыт тарылып тұрғанданемесе тромбпен жабылғанда, оң жиі тамыр етеросклерозында
дамиды. Қан айналым жүрек бұлшық етінің бір бөлігінде
бұзылып – ол жер өледі, одан кейін тыртықтанады. Аурудың
жедел сатысында 1-1,5 апта қатаң төсек режимі.
Емдік тамақтану мақсаты ; жүрек бұлшық етінде қалпына
келу үрдістеріне жағдай жасау, қан айналым мен зат алмасуды
жақсарту, ОНЖ мен жүрек -ҚТЖ-не күш түсірмеу, асқорыту
мүшелерін аялау және ішектің қимыл функциясын қалпына
келтіру. Емдік тамақтану ауру сатыларына сәйкес болуы қажет
(жедел, жеделасты, тыртықтану) және науқастың қозғалу
активтілігін, қосымша ауруларын, асқынуын, дәрілік терапияны
ескеру қажет.
16.
Миокард Инфаркті кезіндегі емдік тамақтану ережелері;Төсек режимінде науқастардың энергетикалық жұмсауы
төмендегендіктен рационның энергетикалық құндылығын
төмендету.
Жануар майы мен холестеринді шектеу, әсіресе қосымша
атеросклероз, бауыр және өт жолдары аурулары болса; емдәмге
өсімдік майларын қосу.
Қант пен қанты бар азық-түліктерді азайту. Қантты кислитке және
балға ауыстыру (күніне 15-20 г.).
Ішекте ашу, шіру процестерін күшейтетін, және үрілуін тудыртып
азық-түліктер берілмейді (қара бидай және барлық жаңа піскен
нандар, табиғи сүт, аққауданды капуста, қияр, бұршақ тұқымдас,
тары, жүзім сусыны, газдалған сулар және т.б.).
17.
Ішектің қозғалу функциясын жәй күшейтетін және босататын(кепкен жемістерден компот, тұндырма, қайнатпалар; қызылша,
сәбіз, өрік сусыны және езбесі, кефир және т.б.).
Ауру периодында, артериялық қысымға, қанайналым
жағдайына байланысты тұз бен бос сұйықтықты шектеу.
Тұзды бірден шектеуге болмайды, өйткені тәбеттің төмендеуі,
әлсіздік және т.б. жағымсыз әсерлер болуы мүмкін;
Жедел кезеңнің алғашқы күндері 7-8 рет тамақтану, одан кейін
5-6 рет. Жеңіл сіңірілетін тағамдарды аз порциямен береді;
Салқын және өте ыстық тағамдарды бермеу; дәмін жақсарту
үшін лимон қышқылы, асханалық сірке су, лимон және томат
сусыны, ванилин және т.б. қосылады.
18.
Ауыр миокард инфаркті кезінде алғашқы2 тәулікте 7-8 рет 50-75 г қою емес
жартылау тәтті шайға лимон қосып береді,
жылы және сұйтылған жеміс-жидек
сусындары, итмұрын қайнатпасы, сұйық
кисель, газсыз сілтілі ми. Су. Жазылу
кезінде, қосымша семіру болса
жеңілдетілген күндер тағайындалады.
19. Қан айналым жетіспеушілігі кезіндегі тамақтану
Қан айналым жетіспеушілігі жүрек-қан тамыржүйесінің ауруларында дамиды (жүрек қақпалары
ақауы, кардиосклероз, гипертониялық ауру және т.б.).
Емдік тамақтану жүрек қызметінің жақсаруына ,
жеңілдеуіне, ісінумен күреске, зат алмасу үрдістерін
қалпына келтіру және соңғы өнімдерді шығаруға
бағытталған.
Емдәм жүрек-тамыр жүйесі және асқазан-ішек жолы,
бүйректі аялауды қамтамасыз етеді. N10 а және N10
емдәм беріледі. N10 емдәм құнарлығы төмен
болғандықтан оны төсек режимінде береді.
20.
2 емдәмде да тұз мөлшері шектелген: тағамды тұзсыз дайындайды,ал N10а-да – тұзсыз нан беріледі. N10а емдәмінде 4-6 г тұзды қолға
береді. Жүрек ҚТЖ және ОНЖ-ін қоздыратын тағамдар шектеледі:
ет, балық, саңырауқұлақ экстрактивті заттары, көкөністердің эфир
майлары, қуырылған тағамдар, қою шай, кофе. Тағам қабылдау: N10 а
емдәмде күніне 6 рет, N10-да – 5 рет.
Көп тамақтану диафрагманың жоғарылауына әкеліп, жүрек қызметін
бұзады. Бос сұйықтық мөлшері 0,6-0,8 л (N10 а) және 1,2 л (N10).
Міндетті түрде дәрумендер, К, Мg, липотропты заттарға бай азықтүліктер қосылуы қажет. Рационда метаболикалық ацидозды
азайтатын сілтілі азық-түліктер (сүтті, көкөністі, жемісті) болуы
қажет. Қан айналым жетіспеушілігінде N10 а және N10 емдәмнен
басқа жеңілдетілген күн және арнайы емдәмдер – Карель және
калийлік емдәмдер қолданылады.
21.
І-ІІ А дәрежелі қан айналым жетіспеушілігі кезіндеN10 емдәм, жеңілдетілген режим ретінде 7-10 күн сайын
N10а, ал дене салмағы ауыр болғанда – сүзбелік, сүттік,
алмалық, картоптық және т.б. жеңілдетілген емдәм
тағайындалады.
ІІ Б дәрежелі қан айналым жетіспеушілігі кезінде төсек
режимі жағдайында N10 а емдәм, жеңілдетілген
күндерімен бірге қолданылады: күріш компотты кепкен
жеміс және алмалық. Карель және калийлік емдәмді
қолдануға болады.
Жағдайы жақсарғанда - N10 емдәмге өтеді.
22.
ІІІ дәрежелі қан айналым жетіспеушілігінде емдәмдіжеңілдетілген рационнан бастайды (карель емдәмі
рационы, калийлік емдәм, жеңілдетілген күндерді 7-10
тәулікке бір рет сақтайды). Егер N10 а және N10 емдәмі
жеңілдетілген күндерімен бірге әсері аз болса , науқасты
Карель емдәміне ауыстырады (АМн ССР тамақтану
институты ұсынған). Диетаны осыдан бастап, одан кейін
N10 және N10 -ға өтуге болады.
23. ЖҮРЕК ҚАН-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
ЖҮРЕК ҚАН-ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Денені шынықтыру жүрек-тамыр ауруларының алдын алуда
және оларды емдеуде маңызды орын алады. ЕДТ-н міндеттері:
1. Гиподинамиямен күрес. ЕДТ көмегімен миокард қызметіне
және қан айналысын реттеуге қатысатын кинестетикалық
рецепция қалпына келеді.
2. Қимылдың әсерінен ми қыртысының шартты-рефлекторлы
қызметі күшейеді, ми қыртысындағы болатын нерв
процестерінің динамикасы қалпына келеді, ауру нәтижесінде,
қалыптасқан патологиялық ми қыртысы - ішкі органдар - ми
қыртысы рефлекстері мен шартты - рефлекторлы байланыстар
бұзылады, ескі байланыстар қалпына келеді, организмнің
түскен күшке бейімділігін арттыратын жаңа ми қыртысы - ішкі
органдар байланысы қалыптасады.
24.
3. Экстракардиальдық факторларды іске қосу аяқта болатын қаніркілу белгілерін жоюға және қанның тиімді бөлінуіне мүмкіндік
береді. Тыныс бұлшық еттері жиырылғанда және тынысты ішке алу
кезінде диафрагма төмен түскенде (жаттығулар кезінде терең дем алу)
кеуде қуысындағы теріс мәнді қысым көбейеді. Бұл жүректің
диастола кезінде қанмен толуын жаксартады, оның нәтижесінде вена
қан айналысы жақсарады. Диастола көлемінің көбеюі жүрек
миофибриллдерінің анағұрлым ұзарғанын тудырады, оның
нәтижесінде диастоладан кейін болатын систола тиімдірек болады.
Диафрагманың қозғалысы іш қуысындағы органдарға массаж сияқты
әсер етеді, қақпа венасының жүйесінде қан айналысын жақсартады.
Қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы мен буындардың қимылы сорғыш
сияқты әсер етіп, шеткі (перифериялық) қан айналысын жақсартады
25.
4. Дене жаттығулары коронарлық қан айналысын жақсартады.Бұлшық ет қызметі кезіндегі зат алмасу деңгейінің
көтерілуі миокардтың қанмен қамтамасыз болуында оң мәнді
роль атқарады. Жұмыс жасап тұрған бұлшық еттен келетін
нейрогуморальдық әсер жүректің тәж артерияларының
сиымдылығын арттырады. Осыған байланысты қарқынды
бұлшық ет қызметі кезінде қанның систолалық көлемінің үштен
бірі тәж артерияларына келіп кұ-йылуы мүмкін. Сөйтіп,
миокардте болатын репаративтік және қалпына келу
процестеріне жақсы жағдай туады. Дене шынықтыру жүрек
миофибриллдерінің негізі электрофизиологиялық қасиеттерін
(митохондрий саны, көлемі, тотығу энзимдерінің,
протеиндердің, фосфолипидтердің, гликоген мен
триглицеридтер синтезінің көбеюі) жақсартады.
26.
5. ЕДШ құралдары тамыр тонусын қалыпты күйге келтіреді,артериялық қан қысымы мен жүрек жұмысына әсер етеді.
Жаттығуларға байланысты қанның периферияда бөлінуі
реттеледі, жұмыс жасайтын және жасамайтьн бұлшық еттердің
перифериялық (шеткі) кедергісі өзгереді. Бұл әсер нервтірефлекторлы (эндокриндік реттеу арқылы) және физикалықхимиялық өзгерістер арқылы іске асады. Бұлшық еттің жұмысы
көп энергияны талап етеді, сондықтан да энергиямен
қамтамасыз етуге тиіс ішкі органдар қызметін арттырады, олар
арқылы реттеуші жүйелердің қызметін күшейтеді.
Жүрек-тамыр ауруларымен ауыратын адамдарда дене
жаттығуларын дұрыс тандау керек. Дәрігерлік бақылау болуы
керек.
27.
Бұлшық ет қызметінің режиміне қарай динамикалық және статикалықжұмысты ажыратады. Жүрек-тамыр жүйесі ауруларында
динамикалық жұмысқа көп көніл бөлінеді, себебі бұлшық еттің
изометриялық жиырылуы негізінен талапты жұмыс жасап тұрған
бұлшық етке кояды, оттегін тасымалдау жүйесін онша күшейтпейді.
Статикалық жұмыстың вегетативтік қамтамасыздығынын сипатына
вегетативтік өзгерістердің дамуының кешігуі жатады. Лингардтың
бұл феномені тек қана изометриялық режимде орындалған қарқынды
және ұзақ бұлшық ет қызметінде байкалады, барлық адамда кездесе
бермейді, жаттығу кезінде ол біртіндеп сөнеді. Бірақ бұлшық ет
жұмысының динамикалық режимі жиірек қолданылады, себебі бұл
жағдайда қан айналысының экстракардиальдык факторларының
активтілігі толығырақ іске асады. Оттегін ең көп пайдалану
деңгейінең жоғарғы анаэробты жаттығулардан организм тез
болдыратындықтан, әдетте жаттығу тәжірибесінде қолданылмайды.
28.
ЕДШ-да біз тек қана аэробты күш түсумен кездесеміз.Түскен күш ең жоғары аэробтық қабілеттіліктің 60-75%
(субмаксимальды күш) тең болуы керек. Аэробтық
қабілеттілікті жаттықтыру жаттығуға үлкен бұлшық ет
топтарынын қатысуын талап етеді, жаттығу 3-5 минутке
созылып, сонша уакытқа созылатын жеңіл жаттығулармен
кезектесіп отыруы керек. Жұмыс үзілісті болып келуі
керек. Көптеген физиологиялық тексерулердің нәтижесі
жүрек-тамыр ауруларында қолданылатын жаттығулардың
динамикалық, аэробты, үзілісті, субмаксимальды болу
керек екеңін көрсетті.
29.
30.
Миокард инфарктісімен ауырған адамдардың денсаулығынқалпына келтіру
Миокард инфарктісімен ауырған адамдарды қалпына келтіруде
маңызды орынды оның денсаулығын қалпына келтіру алады.
Комплексті ем үйлесімді болу үшін ауру адамды стационарда,
санаторийде және диспансер-поликлиникада емдеудің
бағдарламалары құрылған. Бағдарлама құрғанда миокард
инфарктісімен ауырғандардың ауырлылық класын, олардын
активтілік сатыларын, тұрмыста түсетін күштің түрі мен
көлемін, ЕДШ кұралдарының мөлшерін керсетеді.
Бағдарламаны жасаған МҒА Бүкілодақтық кардиолоғиялық
ғылыми орталығы А.Л.Мясников атындағы кардиология
институты.
31.
Миокард инфарктісімен ауырғандарды қалпына келтірудінгоспитальдық (ауруханалық) сатысында қолданылатын емдік
дене шынықтыру
Аурудың госпитальдық сатысында жүрек-тамыр жүйесі мен
организмнің басқа органдарының қызметінде тұрақсыздық байқалады,
аурудың даму барысында өзгермелілік (динамизм), асқынулар
дамуының мүмкіншілігі болады. Сондықтан да денсаулықты қалпына
келтіру бағдарламасын жасарда оралымдылық болуы керек.
Бағдарламаның айырыкша ерекшеліктерін ауруды ерте қимылдату
және оның жеке ерекшеліктерін ескеру. Алдымен миокард
инфарктісінің ауданы мен тереңдігіне, аскьнулардың бар-жоғына, бар
болса, олардың түріне, коронарлық жетіспеушіліктің дәрежесіне
сүйене отырып ауырлылықтың функциональдық класын анықтайды.
32.
33.
Реабилитацияның стационарлық этапында ауру адамактивтілігінің төрт сатысын ажыратады:
I саты. Бір бүйіріне аударылып жату (1 күн), отыру күйіне көшу. (I
және II ФК-та 2-ші күн; III және IV ФК-та 3-ші күн). I сатыдағы
активтік стенокардия ұстамасын және аурудың ауыр асқынуларын
(кардиогеңдік шок, өкпе шемені, тромбоэмболиялар, клиникалық
өлім, ауыр аритмиялар) токтатқаннан кейін рұксат етіледі.
II саты. Тамақты отырып ішу (I ФК-та 3-ші күн, II ФК -5-ші күн, III
ФК - 6-шы күн, IV ФК – 7-ші күн), палата ішінде жүру (I ФК - 5-ші
күн, II ФК - 7-ші күн, III ФК-8-ші күн, IV ФК - 9-шы күн).
Активтіліктің II сатысы I саты режиміне қанағаттанардық реакция
болғанда, жаңа асқынулар болмаса, қан қысымы тұрақты күйге көшсе,
стенокардияның кайталама ауыр ұстамалары болмаса рұқсат етіледі.
34.
III саты. Коридорға шығу (I ФК -7-ші күн, II ФК-8-ші күн, IIIФК - 9-шы кун), баспалдақпен көтерілу (I, II, III ФК-ка сәйкес
11-ші, 14-ші, І6-шы күндер). IV ФК багдарлама жеке
белгіленеді; Ш-саты шегіндегі активтілік II саты режиміне
адекватты реакция болғанда, жана асқынулар болмаса, 5Т
сегментінің изосызыққа жақындағанында және коронарлық Т
тісшесі қалыптасқанда, күш түсу стенокардиясының жиі
ұстамасы (тәулігіне 5 реттен көп), теріс мәнді ортостатикалық
реакция болмаса, қан айналысы жетіспеушілігінің II А не одан
жоғарғы дәрежесі жоқ болса, ұстамалы аритмияның жиі түрі
болмаса (2 күнде I рет және одан көп), көзге түсерлік
гемодинамикалық өзгерістер бар өткізгіштік функциясының
бұзылуы болмаса рұксат етіледі.
35.
IV саты. Өлшемді қыдыру, жылдамдығы минутіне 70-100қадам, алыстығы 500-3000 м IV саты көлеміндегі
активтілік III саты режиміне қанағаттанарлық реакция
болғанда, жада аскынулар болмаса, күш түсу
стенокардиясының жиі ұстамасы (тәулігіне 5 реттен көп),
тыныш күй стенокардиясының жиі ұстамасы (тәулігіне 1
реттен көп), қан айналысы жетіспеушілігінің П А және
одан да жоғары дәрежесі, ұстамалы аритмияның жиі түрі
(2 күнде 1 рет), көзге түсерлік өзгерістер бар блокада
болмаса және ЭКГ-да миокард инфарктісінің тыртықтану
сатысының белгілері пайда болғанда рұксат етіледі.
36.
Емдік гимнастика комплекстеріне әдістемелік нұсқаулар№ 1 комплекс. Әр ауру медбикенің қатысуымен және көмегімен жеке
орындайды. Комплекс негізінен аяқ-қолдың шет жағына (дистальді)
арналған 6-8 жаттығудан тұрады, бір қалыпты, күш түсірмей, баяу
орындалады, жеңілдетілген дене қалпы қолданылады. Комплекске
динамикалық және статикалық жаттығулар еңгізіледі. Жаттығудың
ұзактығы 10-12 мин. ЖСЖ минутіне 15-20 жиырылуға артса, демалыс
үзілісін береді.
№ 2 комплекс. Комплекстің негізгі міндеті - гиподинамияны
болдырмау, жүрек-тамыр және тыныс жүйесін сақтыққпен
шынықтыру, ауруды коридорға шығуға және баспамен жоғары
көтерілуге әзірлеу. Жаттығуды орындау жылдамдығын инструктор
реттеп отырады, әсіресе алғашқы 2-3 жаттығу кезінде. Комллекс
жатқан-отырған-жатқан күйде орындалады.
37.
Аяқ-қолдың шет бөліктерінің жаттығулары олардың жоғарыжақтарының жаттығуларымен ауыстырылады, бұл жаттығулар
ірі бұлшық, ет топтарының қатысуын тудырады. Дененің қалпы
өзгерген сайын аздап демалыс беріледі. Жаттығудың ұзақтығы
10-15 минут. № 3 комплекс. Міндеті - ауруды қыдыруға әзірлеу
өлшемді жүріске әзірлеу, өзіне-өзі қызмет етуге әзірлеу.
Жаттығуды шағын топтармен өткізеді. Жаттығудың
жылдамдығы - біртіндеп үдейтін баяу. Жаттығу уақыты - 20
мин. № 4 комплекс. Мақсаты - ауруды жергілікті санаторийге
аударуға әзірлеу (онда реабилитаиияның екінші этапын өтеді не
болмаса бөлім терапевінің бақылауында үйге шығуға әзірлеу.
38.
III - IV-ші ФК ауруларына қол мен иық бойы жаттығуларын алғашқыкүндері аз кайталауы керек (2-4 рет). I - ІІ-ші ФК ауруларына
жүктемені күшейтуге тырысу керек, ол үшін жаттығуды кайталау
саны мен жаттығудьң жылдамдығын көбейтіп қана қоймай, кейбір
арнайы жаттығулар енгізіп, олардың күрделілігін арттырады. Бұл
кезде ЖСЖ минутіне 120-130 жетуі мүмкін. Емдік дене
шынықтырудың реабилитацияның стационарлық сатысындағы
міндеттеріне жүктеменің күші мен ұзақтығы біртіндеп ұзарту, ЕДШ
қауіпсіздігін және онын бұлшықеттер, жүрек-тамыр және тыныс-алу
жүйелеріне көрсететін шынықтыру; әсерін қамтамасыз ету жатады.
Егер реабилитацияның қай сатысы болмасын режимді кеңейткеңде
кауіпті аскыну пайда болып, аурудың күйі нашарласа, мезгілше
жүктеме көлемін азайту керек, бірақ денсаулықты қалпына келтіру
шараларын толық тоқгатуға болмайды.