Ионосфера - газ молекулаларының ионизациясы жоғары болатын, 80км-ден 800-1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты.
Ионосфера –Жер атмосферасының жоғарғы қабаты.Ол мезосфера,мезопауза,термосфера қабаттарынан тұрады.Күннен келетін ғарыш
Ионосфера «D», «E», «F» қабаттарынан тұрады
Жазғы маусымда күндіз кейде F қабаты екіге бөлінеді:F1 және F2. F1 қабаты 200-250км биіктікте,ал F2 қабаты 300-400 км биіктікте
676.46K
Categories: physicsphysics geographygeography

Ионосфера - газ молекулаларының ионизациясы жоғары

1.

2.

3. Ионосфера - газ молекулаларының ионизациясы жоғары болатын, 80км-ден 800-1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты.

Бұл қабатта
газдар ішінара ионданған күйде болады. Қысқа толқынды радиобайланыс үшін
маңызы бар. Өйткені олардың Жерге таралуына әсер етеді.
Ионосферада поляр шұғыласы мен ионосфералық магниттік дауыл болып
тұрады. Ионосферадағы иондалу Күннен келетін ультракүлгін радияция әсерінен
жүреді. Ионосферада ғарыштық бөлшектердің ауа бөлшектеріне соқтығысуынан
айрықша жарқырау пайда болады. Жоғарғы ендіктерде байқалатын бұл
құбылыстар полярлық шұғыла деп аталады.

4. Ионосфера –Жер атмосферасының жоғарғы қабаты.Ол мезосфера,мезопауза,термосфера қабаттарынан тұрады.Күннен келетін ғарыш

сәулелерінің әсерінен ионизация процесі жүреді. Ионосфера –нейтрал
атомдардан,молекулалардан(оның ішінде N2 және О2 ) және квазибейтарап
плазмадан құралады. 60 километрден жоғары биіктікте ионизация көрсеткіші
пайда болады.

5. Ионосфера «D», «E», «F» қабаттарынан тұрады

6.

«D» қабаты: ұзын толқындарды шағылыстыратын күндізгі қабат. (6080 км) зарядталған бөлшектердің концентрациясы Nатм=102-103 cм-3.
Бұл аумақ әлсіз иондалған. Иондалуға негізгі орынды Күннің
рентген сәулелендіруі алады. Иондалудың қосымша көздері: 60-100
км биіктікте жанатын метеориттер, ғарыштық сәулелер,
магнитосфераның энергетикалық бөлшектері.
«E» қабаты: ұзын толқындарды шағылыстыратын тәуліктік қабат. (180220 км) плазма тығыздығы Nmax~105 см-3. Бұл аумақта күндізгі
уақытта электрондардың концентрациясы өседі, себебі иондалудың
негізгі көзі Күннің қысқа толқынды сәулелендіруі, иондардың
рекомбинациясы тез жүреді және түнде иондар тығыздығы 103 см-3
дейін түседі. Бұл процеске жоғарыда орналасқан F аумақтағы
зарядтардың диффузиясы қарсы тұрады, мұнда иондардың
концентрациясы салыстырмалы түрде көбірек, түнгі иондалу
көздері (күннің геотәждік сәулелендіруі, метеорлар, ғарыштық
сәулелер және т.б.).

7.

180-220 км биіктікте Еs (спорадический слой)қабаты туады, өте
жұқа (0,5-1 км), бірақ тығыз қабат. Бұл аумақта электрондардың
концентрациясы (ne~105 см3) үлкен болады,және олар осы
ионосфера аумағында шағылысатын орта және қысқа
радиотолқындардың таралуына әсер етеді.
Е-қабатын Кеннелли-Хэвисайд қабаты деп те атайды.
«F» қабатында: 220-500 км-ден биік ионосфера F қабаты деп
аталады. 220-500 км биіктікте иондалудың максимум мәніне
жетеді. Диффузия және плазмада құралған иондардың
салыстырмалы өмір сүру ұзындығына байланысты максимум
аумағында жоғары және төмен өзгереді. 250-400 км биіктігіндегі
F аумағында электрондар мен иондардың концентрациясы
максимал мәнде болады.

8. Жазғы маусымда күндіз кейде F қабаты екіге бөлінеді:F1 және F2. F1 қабаты 200-250км биіктікте,ал F2 қабаты 300-400 км биіктікте

болады.F2
қабаты F1 қабатына қарағанда көбірек иондалған. Түнде F1 қабаты жойылып
кетеді,ал F2 қабаты 60 пайызға дейін өзінің ионизациясын жоғалта отырып өмір
сүруін жалғастыра береді.
F1 -қысқа толқындарды шағылыстыратын тәулікті қабат.
F2- түнде F1 қабатымен жалғасып кететін, қысқа толқындарды шағылыстыратын
күндізгі қабат .
English     Русский Rules