Similar presentations:
Жансыздандыру кезіндегі жергілікті асқынулар
1. Қарағанды Мемлекеттік Медицина университеті Балалар жасындағы стоматология кафедрасы
2. Жоспары
КіріспеИненің сынуы.
Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы.
Бет терісінің ишемиясы
Нервтің жаралануы
Ауа эмболиясы
Инфекция ендіру.
Бұлшықет жарақаттары (жақтың қарысуы)
Таңдайдың кілегей қабығының некрозы.
Жұмсақ таңдай парезі.
Диплопия.
Көз алмасының жаралануы
Пайдаланылған әдебиеттер
3.
Иненің сынуы. Үстіңгі жақ пен төменгі жақанестетиясының кез келген түрінде ине сынуы
мүмкін. Ине көбіне канюляның түбінен сынады. Ол
коррозияға ұшыраған, тозған инені қолданғанда
немесе анестезияны инені күштеп жылжытып
жасағанда сынады.
Алдын алу. Иненің бүтін жаңа екендігін тексеріп
отыру, нысанаға жеткенде сыртта 1 см-дей
қалатындай ұзынынрақ инені қолдану, анестезия
техникасын дәл орындау.
Емі. Иненің орналасқан жерін дәл анықтау үшін
бірнеше проекцияда рентген суреттері түсіріледі. Ине
ешқайда жылжымай бір орында қалып, тұрған жері
ауырмаса аса қауіп тудырмайды уақыт өте келе
капсулаланып қалып қояды. Олай болмаса, оны
стационарда хирург операция кезінде алып тастайды.
4.
Қан тамырлары мен оның тармақтарыныңжаралануы. Өтпес, ұшы майысқан инелерді қолданғанда,
анестезия техникасын дәл ұстамағанда болуы мүмкін.
Туберал анестезиясы кезінде қанат тәрізді вена өрімдері
жараланып, тез арада гематома пайда болады, ұрттың
жұмсақ тіндері ісіп шыға келедк. Гематома өздігігнен
ыдырап тарайды немесе іріңдейді.
Алдын алу. Жақсы инелерді пайдалану, инені
жылжытқанда сүйекті жағалап ине алдына анестетик
жіберіп отыру. Бұл асқыну туберал анестезияда жиі
кездесетіндігін ескеріп, оны толық қажеттілік туғанда ғана
жасау.
Емі. Гематома пайда бола бастаған сәтте, ол жерді басып
тұрып, қысып таңу, бір тәулік бойы мұздатып ұстаған жөн.
Іріңдеп кетпеуі үшін алғаш қабынуға қарсы дәрілер,
кейінірек оны ыдырату үшін УЖЖ, құрғақ ыстық
қолданылады. Іріңдеген гематоманы тіліп, қабынуға
қарсы, денсибилизация дәрілерін тағайындайды.
5.
6.
Бет терісінің ишемиясы. Осы жерді қамтамасыз ететін қан тамырыныңтарылуынан болады, сондықтан бет терісі тез ағарып кетеді. Бірақ бұл
көрініс көп ұзамайды. Емнің қажеті жоқ. Инфраорбитал, ментал
анестезияларда жиі кездеседі.
Нервтің жаралануы. Анестезия техникасын бұзған кезде нысанадағы
нерв пен бірге оның маңындағы нервтер жаралануы мүмкін. Эндоневрал
анестезиясы кезінде ине нерв талшықтарын үзіп, жыртып кетуі белгілі
симптомдар (парестезия, ауыру, температура тактилді сезімдердің
төмендеуі) арқылы білінеді. Кейде көп мөлшердегі анестетикті жылдам
енгізгенде де нерв талшықтары жарақаттанады. Мандибуляр анестезия
кезінде инені шектен тыс терең бойлатып жіберсе бет нервтері
анестезиясында ымдау етінің парезі пайда болады. Осы сияқты
инфраорбитал анестезиясы кезінде бет нервінің ұрт пен бет тармақтары
жансызданады. Үшкіл нервтің жарақаты күннен айларға созылатын
парестезия мен невралгия түрінді болып, оның тармақтарының тітіркенуі
бет нерві мен симпатикалық нервтерге тарауы мүмкін.
Алдын алу. Үшкіл нерв пен оның маңындағы нервтердің жақ пен бет
топографииясын жете білу, жақсы инелерді қолданып, анестезия
техникасын мүлтіксіз орындау.
Эндоневральды жарақаттарда невритке қолданылатын ем
(физиотерапия – УЖЖ, соллюкс, аналгетиктер, витаминдер) жасалады.
Дәрінің әсерінен болған парез өзінен өзі кетеді, оған ем қажет емес.
7.
8.
Ауа эмболиясы. Шприцте ауа қалып, оның анестетикпен біргеқантамырға түсуі. Бұл асқыну дәрігердің олақтығының салдары
болып табылады.
Жаңылысып басқа дәрілерді (спирт, сілті, сутегінің қосотығы
т.б.) қолдану. Ауыр асқынулар қатарына жатады. Бұл
дәріханадан жаңылысып басқа дәрі беру немесе емханада
анестетиктерді басқа дәрілермен аралас сақтау, дәрілердің
ұқыпсыздығының салдары. Бұл қателіктің алғашқы белгісі –
дәріні ендіре бастағанда-ақ қатты ауыру.
Алдын алу. Анестетикті басқа дәрілерден бөтен сақтап,
қолданар алдында этикеткасына назар аударып, органолептиктік
тексеру (дәмі, иісі, түсі), новокаинге Лукомский сынағын жасау.
Емі. Жаңылыс жіберілген дәрінің концентрациясын төмендету
үшін жедел түрде сол аймаққа 0,25% новокаин, физиологиялық
ерітіндімен (80-120-150 мл) блокада жасалады. Содан соң барып
тілу керек. Іріңдеп некроз болмауы үшін антибиотиктер
қолданып, жараны гипертоник ерітіндісімен жуып, қадағалап
тұрады.
9.
Инфекцияендіру. Асептика ережелері
бұзылғанда (анестетик, ине, шприц
стерилді болмаса) абсцесс, флегмона, қан
тамыры нерв жараланғанда қабыну
процессі басталады.
Алдын алу. Асептика шарттарын қатаң
түрде сақтау (ерітінді,инструменттер,
дәрігердің қолы, операция аймағы стерилді
болуы керек). Ине шаншудан бұрын
ауызды әлсіз антисептик ерітіндісімен
шайып, ине шаншитын жерді йод
ерітіндісімен залалсыздандырады.
Емі. Қабыну процесстерінің жалпы емі
жүргізіледі.
10.
Бұлшықет жарақаттары (жақтың қарысуы)мандибуляр, торусал анестезияларында кездеседі.
Асқыну қант тәрізді етті өтпес немесе ұшы майысқан
инемен жаралау, бұлшықетке шектен тыс көп анестетик
енгізуден болады.
Клиникасы. Ауырсынып, ауыз жақсы ашылмайды.
Емі. Ауызды сода ерітіндісімен шаю, жақ астына жылу
қою, контрактураны тарататын терапия, механикалық
ем.
Таңдайдың кілегей қабығының некрозы.
Жаңылысып басқа ерітінділер енгізумен бірге,
анестетикті көп мөлшерде (1,0 мл-ден артық) жіберсе
де (кілегей қабық сүйек қабығымен бірге сүйектен
ажырап кетуі мүмкін) болады. Сүйек қабығының
ажырауы тіндердің қоректенуін бұзып жұмсақ
таңдаймен сүйектің некрозына соқтыруы мүмкін.
Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу,
ине ұшы кілегей қабық астында болуы керек.
11.
Жұмсақ таңдай парезі. Палатинал анестезиякезінде дәріні таңдайдың үлкен тесігінен
артқа енгізгенде шектен тыс көп анестетик
жібергенде пайда болады. Науқас лоқсып,
құсып, жөтеліп, таңдайда бөгде зат бар
сияқты сезінеді.
Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик
жібермеу, анестезия техникасын бұзбау.
Емі. Жұмсақ таңдай тілшесін, тілдің түбіне
тимейтіндей етіп ауызды кере ашып, терең
тыныс алу, операцияны тез аяқтау.
12.
Мұрын түбінің кілегей қабығыныңжаралануы. Күрек тістер анестезиясында инені
0,3-0,5 мм-ден терең енгізгенде болады. Қан ағуы
мүмкін.
Диплопия. Қосарланып көріну инфраорбиталды
анестезия кезінде инені тереңдетіп сұғудан, көп
мөлшерде анестетик жіберуден келіп шығады.
Алдын алу. Инені өзек ішінде 7-10 мм-ден артық
сұғуға, 0,5-0,75 мм-ден артық анестетик жіберуге
болмайды.
Емі. Асептика бұзылмаса ешқандай емнің қажеті
жоқ.
Көз алмасының жаралануы. Инфраорбитал
анестезиясы кезінде ине өзекке тым терең
бойлата сұққанда немесе инені өзекке емес, көз
шарасының төменгі қырынан жоғары сұққанда
болады.
13.
14.
Инъекциядан кейінгі ісік пен аурулар. Дәрінің дұрысдаярланбауынан (ерітіндіні изотоник емес жай суда
даярланғанда), анестетикті сүйек қабығының астына
жібергенде, ұзақ уақыт тұрып қалған анестетиктерді
қолданудан келіп шығады.
Алдын алу. Анестетиктер жааңадан даярланған болуы,
анестезия кезінде сүйек қабығын жараламау, иненің
сүйекке жанай қозғалуы қажет.
Анестетиктердің жергілікті зиянды әсері (ісік,
дерматит) жиі және ұзақ уақыт теріге анестетиктердің
әсерінен туады (медицина мамандарында кездеседі).
Кейбір тым сезімтал науқастарда новокаин жіберген
жерде дерматит байқалуы мүмкін егер анамнезде
анестетиктерді көтере алмайтыны белгілі болса, онда
алдын ала организмнің анестетикке сезімталдығын
анықтап алған жөн. Содан кейін қажет болса басқа
анестетик қолданылады.
15. Пайдаланылған әдебиеттер
Оразалин Ж.Б. Төлеуов Қ.Т.www.google.ru
WWW.WEBMEDINOFAR.RU