Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім а)  Жергілікті жансыздандырудан кейінгі жалпы асқынулар. Этиологиясы. б)  Асқынудың  даму
Емі.
Клиникалық көрінісі
Қолданылған әдебиеттер:
838.20K
Category: medicinemedicine

Балалардағы жергілікті жансыздандырудан кейінгі жалпы асқынулар

1.

Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті
Балалар жасындағы стоматология кафедрасы
Тақырыбы : Балалардағы
жергілікті жансыздандырудан
кейінгі жалпы асқынулар.
Қабылдаған:
Орындаған: Оспанова Д.
Тобы: Стом-4002

2. Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім а)  Жергілікті жансыздандырудан кейінгі жалпы асқынулар. Этиологиясы. б)  Асқынудың  даму

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Жергілікті жансыздандырудан кейінгі
жалпы асқынулар. Этиологиясы.
б) Асқынудың даму барысы.
г) Диагностикасы . Емі. Профилактика
шаралары.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

3.

Жансыздандыру кезінде және кейін пайда
болатын жалпы аскынуларға жатады:
Коллапс.
Анафилактик
алық шок
жансыздандырат
ын дәріден улану
Естен тану.
аллергиялық
реакциялар,

4.

Талу
Талу - мидың қан айналысының бұзылуынан (анемиядан) аяқ астынан
болатын жағдай. Оның себептері науқастың хирургия аспаптарын, қанды,
мамаңдардың қимылын көргеннен, алдағы болатын іс-шараларды ойлап қатты
қорқуы. Бейбімдейтін жайлар: қалжырап шаршау, ұйқының қанбауы, жүйкенің
жұқаруы, аштық, улану т.б.
Клиникалық көрінісі. Бет куқыл тартып көз қарауытады, әлсіреп басы
айналып, лоқсып, құлағы шулайды, қол-аяғы мұздап, салқын тер шығады.
Көзі аларып, қарашықтары улғайып науқас естен танып, қолдары еріксіз
салбырап, орындықтан сырғып немесе құлап түсуі мүмкін. Тамырдың соғуы
жиілеп, білінер-білінбес болады. Бұл көрініс бірнеше минутқа созылады,сосын
барып науқас есін жияды. 20-40 мин уақыт бойы ол әлсіреп, басы ауырады.

5.

6. Емі.

Отаны шұғыл тоқтатып,
басты төмендету,
орындықтың арқасын түсіру
немесе науқасты төсекке
(тіпті еденге) жатқызу.
Терезені ашып, тыныс алуға
кедергі жасайтын, белдік,
іш-киім ілгектерін босату.
Мүсәтір спиртін иіскету.
Егер бұл шаралар нәтиже
бермесе, жүрек пен тыныс
қызметін жақсартатын
дәрілер егу керек (10%
кофеин, 10-20% камфора
майы, 1% лобелин, цититон
ерітінділері).
Алдын алу. Бейімдейтін
жайларды болдырмау, ал
олар белгілі болса, кіші
транквилизаторларды
алдын ала егу-медикация
жасау керек.

7.

Коллапс — организм қызметінің
күрт
бұзылып
нашарлауы.
Талудан күрделірек асқыну.
Бейімдейтіи жайлар. Ол көп
қан жоғалтқан, жарақат алған
жүйкенің қалжыраған, уланған,
жұқпалы
аурумен
ауырған
кездерінде болуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Күтпеген
жерден науқастың өңі бозарып,
құрғайды
(кейде
қызарып,
терлейді-вазомотор). Ақыл-есі
қалпында, көруі нашарлайды.
Жүрек қызметі бұзылады (жүрек
соғуы
нашарлайды,
тамыр
соғуы әзер білінеді, аритмия,
қан қысымы 60/30 мм с.б.аздап
қолаяқ тырысуы сезіледі).

8.

Емі. Науқасты көлденең жатқызып, жайғастырып, аяқ-қолды көтеріңкі
етіп ұстаған жөн. Қымтап жылытып, ыстық шай немесе кофе ішкізеді.
Содан соң тамыр тарылтқыш (адреналин, мезатон), глюкокортикоид
(преднизолон, гидрокортизон), жүрек (0,5-1,0 мл 0,5% строфантинді 1020 мл 40% глюкоза немесе физиологиялық ерітіндіге араластырып
егеді) дәрілерін егеді. Коллапс кезінде науқасқа керекті әрекеттер
жасалынып, тез жәрдем көрсетілмесе өлім қаупы төнеді.

9.

Кейбір заттарға ағзаның ерекше сезімталдығы (аллергиясы) бар
науқастарға қолданылатын алдын алу шаралары:
Алдын алу шарасының негізі - емханада мұқият жиналған сырқат
жайындағы мәліметпен танысу (анамнез) және оны талдаудан
басталады.
А.С. Лопатиннің (1983) пікірінше барлық науқастарды екі топқа
бөлуге болады.
1). Кейбір заттарға ағзаның ерекше сезімталдығы жеңіл түрдегі
жиналған сырқат жайындағы мәліметпен танысу-аллергиялық
анамнезді.
2). Кейбір заттарға ағзаның ерекше сезімталдығы ауыр түрдегі
жиналған сырқат жайындағы мәліметпен танысу-аллергиялық
анамнезді.
Екінші топ тәуекел тобы болып есептеледі. Бұлар 3 дәрежеге
бөлінеді, оларды емдеу күрделірек.
І дәрежелі тәуекел - жиналған сырқат жайындағы мәліметанамнезінде дәріден ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергия
болмаған,
бірақ түрлі жұқпалы аурулармен (экзема, ревматизм, тыныс
демікпесі, коллагеноз, поллиноздар) ауырғандар.
Анафилактикалық шоктың алдын алу үшін бұларға
скарификация, содан соң теріаралық нақтамалыдиагностикалық сынақ жасалады. Нәтиже теріс болса
жансыздандыратын

10.

ІІ
дәрежелі тәуекел — жиналған сырқат жайындағы
мәлімет- анамнезінде тамақ пен химиялық
заттардың, дәрілердің кейбіріне ағзаның ерекше
сезімталдығы-аллергиялық реакциясы бар
адамдар.Оларға нақтамалы-диагностикалық
сынақтың тамшы, скарификация, теріаралық
түрлерін бір-бірлеп қолданып көреді. Нәтиже теріс
болса жансыздандыратын дәрі-анестетиктің
терапевтикалық мөлшерін қолдана беруге
болады.

11.

ІІІ дәрежелі тәуекел — көптеген дәрілерді көтере алмай
ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергиялық реакциясы
ауыр түрде болған адамдар. Оларды тексеруді
иммунологиялық лабораториядан бастау керек.
Нақтамалы-диагностикалық сынақтар стоматология
емханасына немесе стационарда өткізіледі. Ол үшін
анафилактикалық шоққа қарсы шаралар жүргізуге
сақадай сай тұру керек. Жиналған сырқат жайындағы
мәлімет-анамнезінде жергілікті жансыздандыратын дәрігеанестетикке ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергиясы
бар науқастың аллерголог-дәрігерге көрінуі шарт.
Аллергологиялық анамнезі ауыр науқасқа эфир тобындағы
(новокаин) жергілікті анестетиктерді қолданбау керек.
Аллергиялық реакция беретін жансыздандыратын дәрініанестетикті қолданудан 2-3 күн бұрын гистаминге қарсы,
стероид дәрілерімен алдын алу емі жүргізіледі (кетотифен,
циметидин, фенкарол). Эпсилон аминокапрон
қышқылының 0,1 г/кг мөлшері ағзаның ерекше
сезімталдығы-аллергияға қарсы жақсы нәтиже береді. Бір
тәулікте оның 15-16 г емдеу курсына 45-80 Б. жұмсап, үнемі
каогулограмманы қадағалап отыру шарт.

12.

Кейбір
заттарға
ағзаның
ерекше
сезімталдығы
серпілісі-аллергиялық
реакциялар:
Есекжем. Жүйке жүйесінің қызметініңфункциясы бұзылған кезде пайда болады.
Жансыздандыратын дәрі-анестетик енгізген
соң аяқ астынан терінің әр жері күлдіреп,
қатты қышып, ашып мазалайды. Кейде
күлдіреген жерде торсылдақ пайда болады.
Жұтқыншақ пен көмейдің кілегей қабығының
күлдіреуі салдарынан жөтел мен тұншығу
мазалайды. Ауру жедел ағымды, көп күндер
ішінде күлдіреу бір жерде жоғалса басқа
жерде пайда болып жалғасып отырады.
Есекжемнің созылмалы қайталанатын түрі
де бар (35-сурет).

13.

14.

Емі.
Димедрол, бром
ішу күн сайын 0,1 % 1
мл-ден тері астына
адреналин егу. Жағдай
ауырласа суда ерігіш
гормондар
(преднизолон,
гидрокортизон)
қолданылады.

15.

Шок – барлық маңызды ағзалар қызметінің күрт төмендеуі
X.П.Шустердің (1989) қорытындылауы бойынша: а) науқас
жағдайының қиындағаны туралы хабар; б) шығу себебі мен
бейімдейтін жағдайларға қарамастан, организмнің өте қиын
халде болуы; в) жарақат ауруының басталуы; г) организмнің
жарақатқа жауап әрекеті. Даму себептеріне байланысты
шок: геморрагиялық, анафилактикалық жарақаттық,
кардиогендік, психогендік т.б. болып жіктеледі. Іс жүзінде
стоматологияда анафилактикалық шок жиі кездеседі.
Новокаиннің анафилактикалық шок тударатын дәрілердің
ішінде 4-ші орында екендігін есте ұстаған абзал. Бұл асқыну
өзінің ағзаның ерекше сезімталдығы-аллергиялық ауруы бар
немесе жақын туыстарының бірінің жиналған сырқат
жайындағы мәлімет- аллергиялық анамнезі ауыр болған
науқастарда жиі кездеседі. Анафилактикалық шоктың белгілі
кардиальды, астмоидты, церебральды, абдоминальды
түрлері бар. Ол жай түскендей, ауыр, орташа, жеңіл болып
бөлінеді.

16. Клиникалық көрінісі

Белгілі түрінде — кейбір адамдар дәріні енгізген соң
біраздан кейін мазасызданып, қорқып беті мен қолаяғы қышып, жыбырлап құлағы шулап басы ауырады,
терлейді. Беті бозарып тамырлары тартылып, естен
тануы мүмкін. Көз қарашығы ұлғайып, жарыққа қимыл
әсері сақталады. Төс тұсы ауырып, ол жүрекке қарай
жылжиды. Тамыр соғуы жиілеп, қан
қысымы төмендейді. Эпигастрия аймағындағы
сезілген ыңғайсыз жағдай іштің шаншуына ұласып,
лоқсу күшейіп науқас құса бастайды. Кейбіреулердің
іші кеуіп, еріксіз зәрі мен нәжісі шығып кетеді. Кейде
тыныс тарылса, кейде тыныс алуы-асфиксия болады.
Шоктың басқа түрлерінде бір ағзаның жаралануы
айқын білінеді. Шок жай түскендей немесе ауыр
жүрген жағдайда науқасты тез арада жоғалтып алу
қаупі төнеді. Ал шоктық орташа, жеңіл өткен
түрлерінде жаңағы аталған белгілер білінеді.

17.

Емі. Жағдайға байланысты түрліше әрекеттер жасалады.
Науқастың басын бүйіріне қарай бұрып, тілін шығарып, аузын
құсықтан тазалап, төменгі жақты алға қарай жылжытып, жоғарғы
тыныс жолдарын ашып күштеп (жасанды) тыныс алдыру керек.
Антигеннің қанға тарап кетуін әрі қарай тежеу үшін ине
шаншылған жерді айналдыра 0,1% 0,5 мл адреналинді 5-10 млдей натрий хлорлы изотоник ерітіндісіне араластырып егеді.
Бұлай ету мүмкін болмаса 1 мл-дей адреналинді
жансыздандыратын дәрі-анестетик жіберген жерге енгізеді.
Гистаминге карсы дәрілер (1% 2-4 мл димедрол, 2,5% 2-3 мл
супрастин, 2,5% 2 мл пипольфен, 3% 3-5 мл преднизолон, 0,1%
0,5 мл гидрохлорид адреналин венаға, бұлшықетке) қолданады.
5% 100-120мл эпсилон-аминокапрон қышқылын қолдану жақсы
нәтиже береді.

18.

Бронхоспазм күшейе бастаса 2,4% 10 мл
эуфиллин немесе 0,5% 2 мл изадрин
жібереді. Жүрек қызметін қалыптастыру
үшін диуретиктер, жүрек глюкозидтерін 2-4
мл лазикс, 0,06% 0,5-1,0 мл коргликон егеді.
Дәрілер көк тамырға-венаға жіберіледі.
Бұлшықетке егілген дәрілер жақсы әсер
бермейді. Сонымен қатар оттекті ішке жұтуингаляциясы жасалады.
Жағдай жөнделмесе дәрілерді қайтадан
қолданамыз. Қажет болған кезде жүрек-өкпе
жүйесі реанимацияланады.
Анафилактикалық шокты бастан кешкен
науқастар жүрек, бүйрек, асқазан-ішек
жолдарынан болатын асқынулардың алдын
алу үшін арнайы бөлімдерде жатады.
Мұқият зерттеп талданған жиналған сырқат
жайындағы мәлімет- аллергологиялық
анамнез

19.

Алдын алу. Науқасқа бір
кездерде жағымсыз әсер еткен
дәрілерді сынап көру. Бірнеше
рет жансыздандыратын дәріанестетик
қолданылатын
науқастарға алдын ала (3 күн
бұрын)
гистаминге
қарсы
дәрілермен
(пипольфен,
димедрол,
супрастин)алдын
ала
егу-премедикация
жасалады.

20. Қолданылған әдебиеттер:


www.stomatologia.ru
http://medi.ru/doc/144307.htm;
Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология:
учебник. – М., 2008. – 768 с.
Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии
детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.615 с.
Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. М.: Медицина, 2006. – 640 с.
Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая
ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. –
254 с.

21.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules