13.46M
Category: pedagogypedagogy

Мен қамқор баламын

1.

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан.
М. Пришвин

2.

Жақсы сөздер айтамыз
Шаршамаймыз қайта біз
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы Күн – Анамыз,
Біз қамқоршы баламыз!

3.

Әңгімелесу:
-Балалар әкесімен баласы не істеп жатыр?
- Қалай ойлайсындар,құсқа ұяны не үшін жасап жатыр?
Балалар,біз бүгін «өзін-өзі тану әлемінің»
«Мен қамқор баламын» аялдамасына тоқталамыз.

4.

-Балалар, бір-біріне жақсылық жасап адамдарға ,жануарға,
құстарға көмектесетін адамдарды қамқоршы дейміз.
Қамқор адамды сөйлеген сөзінен емес жасаған қайырымды
ісінен танимыз. Бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелесеміз.

5.

Жай ғана әже
В. Осеева
Санжар мен Алия келе жатты. Олардың алдында келе жатқан бір әжей тасқа
шалынып құлап түсті.
Менің сөмкемді ұстай тұршы! –деп Санжар, қасындағы
Алияға сөмкесін берді де, өзі көмектесуге ұмтылды . Санжар қайтып келгенде Алия
одан сұрады :
-Ол сенің әжең бе?
- жоқ , деп жауап берді Санжар.
-Анаң ба? – деп таңғалды Алия .
-Жоқ!
-Тәтең бе ? Әлде танысың ба?
-Олай да емес !-деп жауап қайтарды Санжар.
- Ол жай ғана әжей ғой! Үлкен кісілерге көмек беріп , сый-құрмет көрсеткен жөн
емес пе!?
Сұрақтар
• Әңгімедегі Санжар туралы не айта алар едіңдер?
• Санжар баланы әдепті , тәрбиелі деп айта аламыз ба?
• Осындай жағдайда өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

6.

Ғажайып сәт
ЖҰМБАҚ:
Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай ақ

7.

8.

9.

«Құстар досымыз»
Біз қамқоршы баламыз,
Құстарға ұя саламыз.
Жем – су беріп жаз бойы,
Балапанын бағамыз.
Күзде салқын даламыз,
Қыста құссыз қаламыз.
Көктем келсе оларды
Қайта қарсы аламыз.

10.

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

11.

12.

Тыныс алу және саусақ жаттығу
«Мысық пен тышқан»
Тышқан қашты мысықтан
Қатты –қатты жүгірді.
Орын тапты қуыстан,
Зәресін мысық ұшырды.
Үстелде саусақтармен қашады.
Жылдам жүгіреді
Екі қолының саусақтарын айқастыра
жұдырықтайды
Қарады мысық тесіктен,
Тышқанға бері шық,-деді.
Еденді ұрды «Тук-тук» деп,
Тырналады, кетпеді.
Көздерімен жан-жаққа қарайды
Қабағын түйеді
Айқасқан жұдырығымен үстеді ұрады
Үстелді тырналайды
Былай-былай тартады.
Бұза алмады қамалды.
Амалы құрып мысықтың,
Үйіне қарай қайтады.
Қуанып тышқан есікті,
Жәй ғана кеп үрледі.
«Алақай, есік ашылды»,-деп,
Ініне қашып үлгерді.
Айқасқан жұдырығын екі жаққа
Айқасқан жұдырығына қарап
үрлейді
Қолдарын айқара ашады
Үстелде қайта жүреді
тартады.

13.

14.

Тапсырма № 2
Орман жануарларының қай жерде мекен
ететінін табады.
Сөздік жұмыс:
Қоян - заяц- a rabbit
Аю – медведь- a bear
Түлкі – лиса – a fox
Қасқыр- волк- a wolf

15.

-Балалар бүгінгі өтілген «қамқорлық» әлемінің
ережелерін еске түсіреміз.
Саусақты бүгу арқылы санап айтамыз
1. Ағаштарды сындырмаймыз
Ағаштарды суарып баптаймыз
2. Құстарды таспен ұрмаймыз
Құстарға ұя жасап береміз
3. Табиғатты ластамаймыз
Қоқыс жатса көтеріп жәшікке салмаыз
4. Достарымызға көмектесеміз
5. Қамқор бала боламыз

16.

«Жүректен-жүрекке»
Балалар қолдарыңызды жүрек тұсына бір сәт
қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші.
Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға,
махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам
бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен
шығады. Қамқор жүректерің мейірімге толы
болып өсетіндеріңе мен сенімдімін.

17.

18.

Мақсаты: Білімділік: Үштілдік білімдерін жетілдіре
отырып,қоршаған ортаға деген қамқорлық сөзінің мәнін
түсінуге үйрету.Әрбір баланың жеке тұлға екенін түсіндіру.
Түзету - дамытушылық: «Қамқорлық» ұғымының
адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін аша отырып сана
сезімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Өзін – өзі тануға деген құштарлықтарын арттырып,
өзара жағымды қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.

19.

Міндеттері:
- Қамқорлық ұғымы туралы түсінік беру;
- Қамқорлық жасау дағдылырын дамыту;
- Қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;

20.

Назарларыңызға
РАХМЕТ!
English     Русский Rules