Similar presentations:
Экологиялық қауіпсіздік,оның негізгі факторлары
1. Экологиялық қауіпсіздік,оның негізгі факторлары
Орындаған:Әділбек Г.Қабылдаған:Сейтазиева Қ.
2.
ЖОСПАРКіріспе
1.Экологиялық қауіпсіздікке жалпы сипаттама
1.1Экологиялық қауіпсіздік негізінде құрылған
даму»бағдарламасы
1.2 Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы
Қорытынды
«Жасыл
3.
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі — бүгінгі таңдағыадамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының
бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының
басты алғышарты — қоршаған ортаға адамзат перзентінің
антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ
жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым
жасауымызға болады.
4.
1.Экологиялық қауіпсіздікке жалпы сипаттамаЭкологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың
мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен
қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды
ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен
қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің
келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы
Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны
қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде
тоқтала
келіп:
«2006
жылы
біздің
экологиялық
заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге,
жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін
жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.
Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының
негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» — деген
болтын. Осыдан келіп арада бір жыл уақыт өткеннен соң ҚР
Экологиялық кодексі қабылданды.
5.
Экологиялық қауіпсіздік – ұлттыққауіпсіздіктің құрамдас бөлігі
ретінде мемлекеттің тұрақты
дамудың міндетті шарттарының
бірі болып табылады. Қазақстан
Республикасы өз тәуелсіздігін
алған күнінен бастап экологиялық
мәселелерге маңызды көңіл бөліп
келеді. Ел Президентінің басшылығымен дүние жүзіне танымал
әлемдегі ірі ядролық полигонды өз
еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау
және Каспийді қорғау
бағдарламаларын халықаралық
деңгейде ынталандыруы, сондай-ақ
Қазақстанның басқа да
халықаралық деңгейде орын алатын қоршаған ортаны залалды
әсерлерден қорғауға арналған
тәжірибелі еңбектері соның бірденбір айғақтары болып табылады.
6. 1.1 Экологиялық қауіпсіздік негізінде құрылған «Жасыл даму»бағдарламасы
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл өсу» жоспарларымен бағдарламаларын іске асыруда Азия және Тынық мұхит, Еуропа елдеріне
серіктестік жәрдемдесу жолындағы «Жасыл көпір» атты Астана бастамасы
жүзеге асырылуда. Бастама сектораралық, ішкі аймақтық және аймақаралық
бекініске бағытталған. Қазіргі заманғы құралдар байланысымен
сараптамалық және ақпараттандыруды қамтамасыз ететін «Жасыл өсу»
кеңсесі құрылды. «Жасыл өсу» кеңсесі Қазақстан және Орталық Азия,
Еуропа аймағында қызмет бағыттары тәжірибелері жөнінде толық ақпарат
таратуға мүмкіндік береді. Қазақстанның энергиялық тиімді және төмен
эмиссиялық технологияларды қолдану арқылы «Жасыл даму» жолын
таңдауы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады, сондай-ақ еліміздің
әлеуметтік және экономикалық дамуының жаңа сапалық деңгейіне шығуға өз
септігін тигізеді деп айтуға болады.
7. 1.2 Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы
1996 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік КеңесіҚазақстан
Республикасының
тұңғыш
Экологиялық
қауіпсіздігі
тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжат Қазақстан Президентінің
№
2967
өкімімен мақұлданған болатын. Экологиялық қауіпсіздік
тұжырымдамасы мемлекет таныған принциптер мен басымдықтарының
жүйесі болып табылды, олардың негізінде сыртқы және ішкі экологиялық
саясат, құқықтық және экономикалық тетіктер, сондай-ақ қолайлы қоршаған
орта мен тұрақты және адам дамуын қамтамасыз ету мен сақтау үшін,
табиғи зілзалалар мен өнеркәсіптік апаттардың алдын алудың қажетті қызмет
бағыттары қалыптастырылды. Сонымен бір мезгілде, экологиялық
қауіпсіздік
тұжырымдамасында
Қазақстанның
ұлттық
қауіпсіздігі
бағыттарының бірі, құрамдас бөлігі, стратегиялық іргелі компонент ретінде
анықталады. Заңнамалық тұрғыдан бұл «Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігі туралы» заңмен (1998 ж.) дәлелденген, онда «Экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету» деген 21-бап бар.
8.
Меншік нысанына қарамастан, тиісіншемемлекеттік
органдардың,
ұйымдардың,
лауазымды адамдар мен азаматтардың міндеті
мыналар болып табылады:
-қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын
ұтымды пайдалану және қорғау;
-Қазақстанға экологиялық жағынан қауіпті және
жетілмеген
технологияларды,
заттар
мен
материалдарды бақылаусыз әкелуге жол бермеу;
-Ел аумағының радиоактивтік, химиялық ластануына,
бактериологиялық зақымдануына жол бермеу;
-Экологиялық жағынан қауіпті және жетілмеген
технологияларды қолдану көлемін қысқарту;
-Шаруашылық және өзге де қызметтің келеңсіз
экологиялық салдарларын жою .
9.
ҚорытындыТабиғатты қорғау – табиғаттың өзіндік
болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру
арқылы
табиғи
ресурстарды
ысырапсыз
пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі
қоғамдық шара. Ол әр түрлі тәсілдермен жүзеге
асырылады. Соның бірі – айналадағы табиғи
ортаны құқықтық қорғау Қоршаған табиғи ортаны
қорғау – мемлекеттің экологиялық қызметінің бір
түрі
және
ол
бірнеше
жаратылыстану,
экономикалық, санитарлық-гигениялық, ұйымдық
басқару, мәдени тәрбиелеу әдістері арқылы жүзеге
асырылады деп көрсетеді .