Жастардың рухани-адамгершілік мәдениетін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы қалыптастыру жолдары
153.41K
Categories: informaticsinformatics sociologysociology

Жастардың рухани-адамгершілік мәдениетін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы қалыптастыру жолдары

1. Жастардың рухани-адамгершілік мәдениетін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы қалыптастыру жолдары

2.

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі
Қазақстан қоғамында болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан
интеграциялық үрдістер, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жоғары оқу орнын бітіретін мамандарға қойылатын
талаптарды күшейтуде. Сондықтан да жоғары оқу орындарында уақыт талабына сай білім мен ғылымды игерген, сауатты да
салауатты, шығармашыл, кәсіби құзыретті, ақпараттық мәдениеті қалыптасқан мамандар дайындаудың қажеттілігі артуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа
машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық
мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек»,- деп білім саласынның алдына зор міндет
жүктелген [1].Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасында экономиканың тұрақты дамуы үшін білімнің сапасын арттыру арқылы адами капиталды дамыту алға
қойылып отыр [2]. Бұл аса жауапты міндеттер.
Қойылған міндеттерді шешудің құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы [3], Мемлекеттік «Білім»
бағдарламасы [4], Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы [5], Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасы [6],
Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім тұжырымдамасы[7], Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн
ақпараттандыру тұжырымдамасы [8] және басқа мемлекеттік нормативтік құжаттар мен Елбасының жыл сайын Қазақстан
халқына Жолдау ретінде ұсынатын стратегиялық бағдарламалары құрайды.
Бұл құжаттарда қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі
мақсаты - жоғары, шығармашылық мүмкіншілігі бар, оларды пайдалана алудың тетіктерін меңгерген болашақ маман
тұлғасын қалыптастыру екендігі нақты көрсетіледі. Жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында болашақ маманда өзін-өзі
дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса, ол еңбек етуде алдына қойылған міндеттерді шығармашылықпен іске асыратындығы
күмән келтірмейді.
Философия, психология және педагогика ғылымдарында адам тұлғасының қалыптасу мәселесі бойынша мол білім қоры
жинақталған. Адамның жетілуінің мәні мен маңызы, шығармашылық бастаулардың көзін ашу сияқты көпқырлы, күрделі
мәселе өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Зерттеу барысында антикалық дәуір философтары (Гераклит
[9], Сократ [10]), жаңару кезеңiнiң ойшылдарының (Ж.Ж.Руссо [11], К.Гельвеций [12], Д.Дидро [13], т.б.), субъективтi
идеализм теориясы өкiлдерi (И.Кант [14], Л.Фейербах [15], И.Фихте [16], т.б), шығыстың көрнекті ойшылдары (Жүсіп
Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби [17], Ш.Уәлиханов [18]), ақындар (А.Құнанбаев [19], Ш.Құдайбердиев [20], С.Торайғыров
[21]), ағартушылар (Ы.Алтынсарин [22], М.Жұмабаев [23], т.б.) еңбектерiнде адамның жеке басын, оның ішкі мәнді
күштерін дамытуға ерекше мән берілген.

3.

Зерттеудің мақсаты: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде студенттің өзін - өзі
шығармашылықпен дамыту мәселесін теориялық - әдіснамалық тұрғыда негіздеу, практикалық жолдарын айқындау
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орынындағы оқу- тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы студенттің өзін - өзі шығармашылықпен
дамытуы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егержоғары оқу орынындағы оқу үрдісіндегі дамытушылық ақпараттық ортада тұлғаның
дамуы мен өзін - өзі шығармашылықпен дамытуы жайлы теориялық білімдер беріліп, практикалық әрекеттер арқылы
тетіктері меңгертілсе, онда олардың кешенді сапасы болып табылатын өзін - өзі шығармашылықпен дамытуының тиімділігі
артады, бұл жағдайда болашақ маманның адам, тұлға, маман ретінде өзін-өзі дамытудың субъектісі болуы жүзеге асады.
Зерттеудің міндеттері
Тұлғаның өзін - өзі шығармашылықпен дамыту мәселесінің теориялық - әдіснамалық тұғырларын айқындау.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың студенттердің өзін - өзі шығармашылықпен дамытудағы әлеуетін сипаттау.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуының құрылымдықмазмұндық моделін жасау.
«Өзін-өзі дамыту негізі» атты арнайы курс бағдарламасын дайындап, тәжірибеден өткізу.
Зерттеу жұмысының жетекші идеясы – білімнің дамуының қазіргі кезеңінде студенттерге оқыту бағдарламасы бойынша
белгілі бір білімді меңгертіп қана қоймай, білімдік үрдісте шығармашылықпен өзін - өзі дамытуына негіз болатын ақпараттық
технологияларды тиімді пайдалану, олардың болашақта педагогикалық мәселелерді тиімді шеше білуге қабілетті, жаңашыл,
кәсіби құзыретті ұстаз болуына ықпал етеді.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздерін: шығармашылықтың мәні, педагогикалық шығармашылық жайлы
философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер,диалектикалық таным теориясы, жеке тұлғаның дамуы мен әрекет
теориясы, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы, үздіксіз білім және кәсіби педагогикалық білім теориялары, тұлғаның
шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы және білімді ақпараттандыру тұжырымдамалары, дамыта оқыту, тұлғалық-бағдарлы
оқыту жүйелері жайлы зерттеулер құрайды.
Зерттеу көздері: ақпараттық және қатынастық технологияларды енгізу үдерісіне қатысты ғылыми еңбектер; білім және
ғылым министрлігінің жоғары білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен ЖОО оқу-әдістемелік кешендері
(стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); білім беру саласын ақпараттандыру
тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері.

4.

Зерттеу кезеңдері
Зерттеу жұмысы 3 кезеңге сәйкес жүргізілді
1 кезең (2009-2010жж.) – зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып, зерттеу проблемасына байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, ғылыми-техникалық еңбектерге теориялық тұрғыдан талдау жасалды. Зерттеудің ғылыми
аппараты белгіленді. Зерттеу мәселесіне байланысты эксперименттік материалдар дайындалды.
2 кезең (2011-2012 жж.) – теориялық мәселелерді зерделеу мақсатында студенттердің ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың қолдану негізінде өзін – өзі шығармашылықпен дамытуының құрылымдық мазмұндық моделі жасалды.
Арнайы курс бағдарламасы әзірленіп, эксперимент жұмыстары жүргізілді.
3 кезең (2013 ж.) – тәжірибелік эксперимент барысында алынған қорытынды нәтижелер
ге талдау және өңдеу жасалып, диссертациялық зерттеу жұмысы рәсімделді.
Зерттеу әдістері
теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық-әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық
талдау жасау; зерттеудің ғылыми болжамын нобайлау);
эмпирикалық (студенттердің орындаған шығармашылық жұмыстарын саралап талдау; сауалнамалар, әңгімелесу, оқу
құжаттарына талдау жасау; ақпараттық технологияларды қолдану барысында студенттердің шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыру тәжірибелерін бақылау, талдау және тұжырымдау);
зерттеу барысында алынған нәтижелерді математикалық және статистикалық өңдеу.
Зерттеудің базасы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Педагогикалық эксперимент жұмысына
қатысқан студенттердің жалпы саны – 280.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуы
мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды.
2.Жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде студенттердің өзін-өзі
шығармашылықпен дамытуын нәтижелі ететін теориялық тұғырлары, мазмұны мен әдістері белгіленген, соңғы нәтиже
жоғары деңгейде өзін өзі дамытушы тұлғаны қамтамасыз ететін құрылымдық, мазмұндық моделі жасалды, көрсеткіштері
мен белгілері айқындалды.
3. Cтуденттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуына негіз болатын «Өзін - өзі дамыту негізі» атты арнайы курс
бағдарламасы дайындалып, университет сайтына енгізілген электрондық оқулық әзірленді.
4. Жоғары оқу орындарының оқыту үрдісінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамыту үшін ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық эксперимент жасалып, нәтижелері
қорытындыланды. Соның негізінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді.

5.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу барысына дейін арнайы курс бағдарламасы, университет сайтына тіркелген
электронды оқулық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен
дамытуы үшін дайындалған нақты әзірлемелер сияқты нәтижелерді жоғары оқу орындары, педагогикалық колледждерде және
педагогикалық мамандардың біліктіліктерін арттыру институттары тәжірибелерінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар
1. Өзін-өзі дамыту адамның ішкі дүниесінің түрленуінің аса күрделі түрі болып табылады. Бұл адамның өмір сүруі барысында өзінөзі танып, өз болмысының мәнін түсіну, өзінің тұлғалық қасиеттерін айқындау, оларды жетілдіру жолында әрекеттену нәтижесінде
жүзеге асады. Өзін-өзі дамыту арқасында индивид кәсіби маман, шығармашыл тұлға ретінде өзі өмір сүретін қоғамның дамуына
ықпал етіп, оның мәдени-тарихи дамуына үлесін қосады.
2. Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі шығармашылықпен дамытудың
құрылымдық- мазмұндық моделі - субъектілік, даму, вариативтілік, үздіксіздік ұстанымдарына, ізгіліктілік, кіріктірушілік,
жүйелілік, тұлғалық – бағдарлы, синергетикалық, акмеологиялық амалдарға негізделген; теориялық, технологиялық, нәтижелік
компоненттерден түзілген; оқыту мазмұны мен әдістері, білім алуды ұйымдастыру формалары нақтыланған, студенттердің өзіндік
дамуының: ішкі әлемнің жаңашылдыққа бейімділігі, өзіндік бағалау, ерік- жігерді өзіндік реттеу, таңдап алған мамандыққа деген
қарым- қатынас сияқты көрсеткіштері мен белгілері айқындалған, соңғы нәтижені қамтамасыз ететін құрылым.
3. Cтуденттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуына негіз болатын «Өзін-өзі дамыту негізі» атты арнайы курс болашақ
мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, педагогикалық әрекетті тұлғаға бағыттау арқылы болашақ кәсіби қызметінің
тиімділігін арттыруға ықпал етіп, олардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін –өзі
шығармашылық тұрғыда жетілдірудің тетіктерін меңгеруіне жағдай жасайды.
4. Жоғары оқу орындарының оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің өзінөзі шығармашылықпен дамыту мәселесіне арналған педагогикалық эксперимент қорытындылары зерттеу жұмысының ғылыми
болжамының дұрыстығын дәлелдейді.
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі – зерттеу мақсатына сәйкес кешенді әдіс-тәсілдердің
қолданылуымен, оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетінің қалыптасуына арналған философиялық, психологиялық, педагогикалық
еңбектердегі қағидаларды басшылыққа алуымен; тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижелерін өңдеумен және алынған
деректерді талдау қорытындысымен қамтамасыз етілді.
Диссертацияның құрылымы – диссертациялық зерттеу кіріспе бөлімінен, үш тараудан, зерттеудің негізгі тұжырымдарында
келтірілген қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

6.

1 СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ
ӨЗІН-ӨЗІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ДАМЫТУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өзін-өзі дамыту мәселесінің ғылыми-теориялық әдебиеттерде талдануы
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені
жасайтын адамның дамуы басты мәселе ретінде қарастырылады. Адам даму индексі (АДИ) олардың өмірінің ұзақтығы,
білім алу, денсаулық сақтауға арналған мүмкіншіліктері, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке
алу арқылы мемлекеттерді салыстыратын көрсеткіш. Олар негізінде халықаралық салыстырулар жасалып, мемлекеттердің
бұл саладағы жетістіктері айқындадалы.
Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуында, оның дамуға деген табиғи қабілеті мен өзіндік белсенділігінің алар
орыны ерекше аса маңызды. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік
дайындаудың «өзіндік философияға» негізделген жаңа парадигмасының өзектілігінің артуы заңды құбылыс.
Болашақ маманның өзін-өзі шығармашылықпен дамыту мәселесін философиялық, психологиялық, педагогикалық
тұрғыдан қарастыра отырып, олардағы келтірілетін ой-қорытындылар мен тұжырымдар біздің зерттеуімізде әдіснамалық
қызмет атқарады. Философиялық зерттеулерде өзін-өзі дамыту адамды жетілдіру тұрғысынан қарастырылса,
психологиялық зерттеулерде тұлғаның белсенділігі, әрекет теориясы тұрғысынан зерттелінеді, ал педагогикалық
талдаулар болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан талқыланады. Енді сол зерделенген еңбектерді талдауларға
тоқталамыз.
Адам мәселесі, оның өмірінің мазмұны және өмірдегі ұстанған бағыт-бағдары ерте заманнан көптеген ойшылдарын
толғандырған. Адам туралы айтылған ойлар бастауында Сократ тұрған және ойшылды толық жетілу жолына түскен адам
толғандырған. Ондай адамның маңызды белгілері ретінде бойындағы қалыптасқан құндылықтар, мінез-құлық нормалары
алынған. Сократ адам, оның жаны, санасы, өмірлік жолын зерттеумен айналыса келе, «Өзіңді өзің таны» деп аталатын
тезис қалдырған.
Адамды тануға қатысты ойында Пифагор оның дүниедегі барлық зат, болмыстың өлшемі екендігін айтып кеткен [70].
Платонның анықтамасы бойынша: «адам – қауырсыны жоқ екі аяқты жануар» деп аталынады. Платонның шәкірті
Аристотель болса, тек адам ғана жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік сияқты өзге де ұғымдарды түсіне
алатындығына назар аударылған [71].
Тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі И. Кант, Н.Бердяевтың өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру турасындағы
философиялық идеялары мен Л.Гумилевтың «пассионар тұлға» қалыптастыру жөніндегі тұжырымдарын тірек етеді [72].
Адам, оның өмірінің мәні, әрекеті көптеген ойшылдардың еңбектерінің түйінді мәселесі болған. Олардың ішінде атап
өткіміз келіп отырғаны В.Франклдің «Человек в поисках смысла» атты еңбегінде келтіргендей адамға өзінің өмірінің
мәнін іздеу туа берілетін мотивтердің бірі, оның дамуының қозғаушы күші деген тұжырымы [73].

7.

Келесі ретте өзін-өзі танудың құрамындағы өзін-өзі түсінуді талдай отырып, оның тұлғаның өзінің не істеп, не қойғанын түсінуге,
саналы түрде өндірістік міндеттерді алға қойып, оларды шешуге, өз іс-әрекеттерін жоспарлап, міндеттемелерді орындауға, өз
сәтсіздіктерінің себептерін саралауға, өз іс-әрекеттеріне түзетулер енгізуге қабілетті.
Өзін-өзі түсіну – тұлғаның өзін-өзі билеп, өз тағдырын өзі шешудің белгілі деңгейі. Сондықтан да болашақ маманның өз өмір сүріп
отырған ортада өз жүрер жолын анықтауы, өзінің өмірлік мақсаттарын, өз әлеуетін толық пайдаланумен байланысты жоспарларын,
өз қалаулары мен өзінің тұлғалық және физикалық қасиеттерін, өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, таланттарын, сондай-ақ, өзі
таңдаған осы оқу орнының ортасында өзінің білім игеруіндегі шама- шарқын ұғынатын тұлғаны қалыптастыру жоғары оқу
орындарының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Өзін-өзі дамыту жүйесінде өзін-өзі ретке келтіріп отыруының маңызы зор. Тұлғаның өзін-өзі реттеуі (латын тілінен аударғанда
белгілі бір ережеге бағыну) өзінің физикалық, психикалық жай-күйін және істерін басқара білуі болып табылады. Бұл –
шаршағыштықты, абыржуды, күйзелісті азайту құралы, солқылдақтықты және қорқынышты жеңу, әрекеттің мотивтерін өзгерту,
көңіл-күйдегі толқыныстарды қалпына келтіру тәсілі. Өзін-өзі реттеу арқылы адам өзін лайықты күйге келтіруіне болады, өзінің
өзіне беретін ақыл кеңесін орындауға үйренеді. Өзін-өзі реттеу – жеке әрекеттің, ойлардың, себептердің, сезімдердің, көңілкүйлердің жігерлі түрде өзгеруі. Оған өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау мен бағалау, өзін-өзі детерминалдандыру арқылы толығымен
үйренуге болады. Бұл ретте И.И.Чеснокова: «мінез- құлықты ретке келтіруде өзін-өзі реттеу үрдісі барлық кезеңінің өзегі болып
табылады», – деген пікірімен қосыламыз [104].
Өзін-өзі ретке келтіру үрдісінде әлеуметтік өзара әрекеттестіктің әр түрлері жағдайларында өзін-өзі бағалау үздіксіз дамиды,
түзетіледі, тереңдейді, сарапталады. Өзін - өзі бағалау адамның өзіндік көңіл-күйінің байқалуымен, жұмыстағы күмәнданғыштық
және шексіз берілуге тікелей байланысты. Өзін - өзі бағалау адамның психофизологиялық және психологиялық уайымдары,
өмірлік тәжірибесі, туған кездегі болған қарым-қатынастар жүйесімен детерминалданады. М.М. Сеченев өзін - өзі бағалау мен
көңіл-күй арасындағы байланыс жайында өз кезінде: балалық шақтағы көңіл күйден адамға өз сана актілеріне сыни көзқараста
қарауға мүмкіндік беретін ересек жастағы өзіндік сана қалыптасатындығы туралы пікір білдірген [105].
Өзін-өзі бағалау мазмұны, тұлғаның күрделілігі мен көпқырлылығы сияқты. Ол оның моральдық, адамгершілік, құндылықтары,
қарым-қатынас мүмкіндіктері әлемін қамтиды. Тұлғаның тұтас өзін-өзі бағалауы оның психикалық әлемінің әртүрлі қырларынан
құралады. Шынайы, нақты өзін-өзі бағалау иллюзиялардан, орындалмаған армандардан құтқарып, олардан бас тарттырып, қолдан
келетін мәселелермен кәсәби тұрғыда айналысуға ұмтылдырады. Өзін - өзі бағалаудың болмауы тұлғаның өзін-өзі жоғалтуына
әкеледі, ал өзін-өзі бағалауды сақтау ол өзіндік «менді», өзінің мәнін сақтау болып табылады. Адамның құндылықтары мен
жауапкершілік, тәртіптілік сияқты сапалары оның басқаларды бағалауына негіз болады. Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына тұлғаға
басқалардың беретін бағасы қатты әсер етеді.Өзін - өзі бағалау өте динамикалық, қозғалмалы қатынас болып табылып, жағдайға
қарай өзгеріп тұрады. Кәсіби өзін - өзі бағалау тұлғаның өзіндік бағасымен байланысты. Өзін - өзі бағалаудың өсуі тұлғаның
сенімділігін арттырады.

8.

1.2 Тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесінің шығармашылық педагогикасы тұрғысынан талдануы
Тұлға дамуын жетілдіру қай заманның болмасын өзекті мәселесі болғаны анық. Әсіресе, қоғам дамуын тұлға дамуымен барынша
тығыз байланыстырып отырған қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында бұл аса өткір мәселелердің біріне айналып отыр.
Білім беру жүйесі білімді тереңдетуге бағытталған ұмтылысын сақтай отырып, өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның ішкі
мүмкіндіктерін өзінің жетілдіруі, тұлғалық қасиеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасауды жоғары орынға қоюда. Өйткені
осындай сапаға ие адам ғана қай салада болмасын табысты болып, бәсекеге төтеп бере алады.
Тарауда қарастырылатын мәселені талдауды ең алдымен «тұлға» ұғымының мәнін ашудан бастағанды жөн көрдік. Тұлға –
қоғамда өз орны мен рөлін жеткілікті мойындайтын саналы әрекетпен айналысатын даралық қасиеттерге ие жеке адам.
Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм және кәсіпкерлік рухтың қалыптасқан болуы тұлғаның басты
көрсеткіштері. Тарихшылар «индивидуалдық» сөзінің өзі «тұлға» ұғымы ретінде бұдан 200-300 жыл бұрын, яғни ағартушылық
дәуірінде пайда болғандығын жазады.
С.И. Ожегов сөздігінде: «тұлға – адам қандай да бір қасиет, қабілет тасушы» ретінде қарастырылады да, бұл атаудың төмендегі
екі негізгі бағытта қолданылатындығы келтіріледі:
- кез келген саналы адам;
- өзінің психикалық даму үрдісін және мінез-құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетіне сай деңгейдегі психикасы бар адам
[106].
Психологиялық сөздікте тұлғаға – дербес әрекет ететін субъект ретінде нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі,
адамның қоғамдық өмірінің дара нысанасы. Тұлға әлеуметтік, тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі
ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады деген сипаттама беріледі.
Б.Г.Ананьев адамның тұлғалық қасиеттерін былайша суреттейді: «Тұлғаның құрылымдық-динамикалық қасиеттерінің бастапқы
сәті – осы тұлғаның тұрақтанған және қалыптасқан қоғамдағы мәртебесі.
Психологиялық сөздікте тұлға – бұл пәндік іс-әрекетте және қарым-қатынаста индивидтің меңгеретін жүйелі (әлеуметтік) қасиеті
ретінде көрсетіліп, индивидтің бойында қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасу деңгейін көрсететіндігі келтіріледі.
Сонымен қатар, психолог-педагогтердің көрсетуінше, «тұлға» адамның қарым-қатынасы мен әрекеті негізінде қалыптасады,
дамиды. Ол білім берудің тек өнімдік нәтижесі емес, «тұлға» қоғамдық қатынастар мен әрекеттер субъектісі болып табылады.
Тұлғаның өз қажеттіліктерін өзіндік таным үрдісінде анықтай білуі оның өзіндік дамуына жол ашады. Тұлға – қоғамдық- тарихи
жағдайлар барысында қарым-қатынас пен танымның, еңбектің субъектісі, қоғам дамуының индивиді. Адам тұлға болып тумайды,
тұлға болып жетіледі және оның тұлғалық жетілуі әлеуметтік мәселе болып табылады. Тұлға – қоғамдық қатынастың өнімі ғана
емес, субъектісі, ол қоғамдық ықпалдарды қабылдай отырып, қоршаған ортаға да ықпал етеді. Енді бір ғалымдар тұлға туралы
түсінік субъектілік тұтастықты білдіреді, тұлға бөліктерден құрастырылмай, ерекше тұтастықта болатындығын тұжырымдайды.
Тұлғаның дамуының мәнін аша отырып, ғалымдар оны: психиканың дамуымен ықпалдастықта жүретін және оған әсер ететін
организмнің өсу мен жетілу үрдісі; қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғары қарай, бастапқы сапалық жағдайдан жаңа
жағдайға қарай қозғалатын күрделі үрдіс; жаңаның пайда болуы; тұлғаның барлық аймақтарындағы, әрекетіндегі, айналаға
қатысындағы, танымдық үрдісіндегі рухани өзгерістер деп санайды.
Тұлғаның дамуы – ол өзі жобалаған болашаққа қол жеткізу мен оны үнемі өзгертіп отыру нәтижесі. Бұл жағдайда оның
субъектілігі қалыптасатындығы жайлы пікірлер білдіреді.

9.

Педагогикада креативтілік проблемасындағы күрт өзгеріс 60-70 жылдары басталды.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-жаңашылдар пайда болды. Олардың білім берудегі
инновациялық жүйесі басылып, радио және теледидар бойынша жаңа әдістері насихаттала бастады.
Жаңашылдық нәтижелері тек педагогтарды ғана емес, білім мен тәрбиедегі шығармашылықтың
психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық психологиядағы шығармашылық әрекет тетіктерін
оқып-үйрене бастаған психологтарды да қызықтыра бастады (В.В. Давыдов [119], И.А. Зимняя [120],
Н.В. Кузьмина [121], Я.А. Пономарев [122], А.М. Матюшкин [123], В.В. Рубцов [124], Д.И.
Фельдштейн [125] және басқалар).
Қ.М. Нағымжанова креативтілік адамның рухани және тұлғаның шығармашылық өзіндік даму
шартының ажырамас бөлігі болатын бағалы тұлғалық саналы категориясы ретінде санайды. Ол оның
өзіндік көкейтестілігінің айтарлықтай резерві болып табылады. Креативтілік тұлғаның білімнің жанжақтылығымен емес, қабылдау, мәселелерге сезімталдығы, жаңа идеяларды қабылдауға икемділігі
мен жаңаны құру мақсатында тұрақтап қалған стереотиптерді өзгертіп, өмірлік түйткілді
мәселелердің күтпеген және кездейсоқ шешімін табумен айқындалатындығына тоқталады [126].
Біз жұмысымызда креативтілікті шығармашылыққа, жаңаны ашуға, қалыптан тыс ойлауға, тапқыр
шешімдерді туғызуға қабілеттілігін анықтайтын, тұлғаның тұрақты кіріктірілген сапасы тұрғысынан
қарастыра отырып, оның тұлғадағы басқа адамдарда жоқ немесе өте аз мөлшердегі даралықтарды
дамытатындығына назар аударамыз.
Біздің зерттеу мәселемізге қатысты шығармашыл тұлға ұғымымен шығармашылық әрекет ұғымының
байланысын анықтау қажеттігі туындайды. Өзі-өзі шығармашылықпен дамыту бұл тұлғаның өзіндік
қасиетін тереңірек, жаңа қырынан көрсете білуді талап етеді. Шығармашылықтың әлеуметтік жағын
қарастыра отырып, сонымен бірге, жеке бастың қасиеттері мен дарындылығын, руханипсихологиялық ахуалын, оның біліктілігін ескерген жөн. Өйткені олар шығармашылық үдерістің ішкі
тетіктерін тереңірек меңгеруге, адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге септігін
тигізеді.
Өзін-өзі шығармашылықпен дамытудың негізгі белгілері адамның жемісті тіршілігін қамтамасыз ете
отырып, оның қабілеттіліктеріне негізделеді. Тұлғаның белгілі бір әрекетке қабілеттілігі қаншалықты
жоғары болса, оның бойында сол іс-әрекетке қызығушылығы соншалықты артады.
Өркениеттің қарқынды дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Төмендегі
суретте шығармашыл тұлғаны сипаттайтын қасиет - сапаларды графикалық бейнелеуге тырыстық.

10.

Шығармашыл тұлға бейнесі
Белсенді
Ізденімпаз
Құзіретті
Шығармашыл тұлғаның
бейнесі
Талапты
Ойшыл
Жігерлі
Іскерлік қабілеті жоғары
Танымдық қызығушылығы мол

11.

2 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН–ӨЗІ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ДАМЫТУДАҒЫ ӘЛЕУЕТІ
2.1 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңызы мен мәні
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап , өмірдің мәнін жаңаша
түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Осыған орай қоғамның барлық салаларындағы
датыиушылық үрдістер жарқын болашақтың әрі қарай нұрлануына бағытталуда. Қоғамның қарқынды дамуы,
көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру,
қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Ақпараттық қоғам – бұл саяси, әлеуметтік-экономикалық, қоғамның әрбір мүшесінің кез келген ақпарат
көзіне еркін ену қабілетін қамтамасыз ететін ғылыми факторлардың өзара байланысқан жиынтығы.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасында» ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы және бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана
емес, адамдардың өмір сүру салтына да әсер етіп, қоғамды жаңғыртудың маңызды факторы болатыны
белгіленген [127]. Бұл жағдай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың қазіргі
Қазақстанның экономикасы және азаматтарының өмірі үшін маңыздылығын көрсетеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып
табылады. Ақпарат дәуірінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық инфрақұрылым
жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен өнертабыстарды дайындауға ықпал
жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра мемлекеттің дамуын қайта құрудың
ғылыми-технологиялық кілті болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен
қолдану, ең алдымен, жыл санап артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың
өсіңкіліктрендімен байланысты. Бүгінде Интернет, бұлыңғыр есептеулер, мобильді және мультимедиалық
технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар
елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар секторы – ұлттық-экономиканың барынша серпінді
дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға, сонымен қатар,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи қоғамға әсер етуі экономикалық шеңберде ғана
емес, көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам
институттарының жұмысын ғана емес, әлеуметтік саладағы ғылым мен білім беруде, мәдениетте және
адамдардың өмір салтындағы қатынастарды өзгертетін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
дамытуды және таратуды өзімен ілестіретін зор артықшылықтарды толық көлемде ұғынды. Бұл мағынада,
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар еліміздің дағдарыстан кейінгі әлемдегі тұрақты бәсекеге
қабілеттілігін құру құралдарының бірінің қызметін атқарады.

12.

Ақпараттық технологияларды қолдану кезінде:
- оқу түрткісінің кемшіліктері себеп болған пәндік қиыншылықтар ығыса түседі;
- студенттер компьютер қатысқан сабақтарға көбірек қызығып, олармен жұмыс істегенде өздерін ыңғайлы сезінеді;
- студенттер арасындағы, студенттер мен компьютер арасындағы қатынастың сипаты өзгереді;
- топтың ауызбірлігі артып, өзін-өзі және басқаларды сыйлаумен қатар, сыншыл көзқарас, өзінің және басқалардың мүмкіндіктерін,
сондай-ақ компьютердің де мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алу қабілеті артады;
- компьютерлік желіде (мысалы, Ғаламторда) жұмыс істегенде, аса маңызды әлеуметтік дағдылар қалыптасады: әдептілік,
жауапкершілік, басқа адамдардың ұстанымын ескере отырып, өз мінез-құлқына ие болу – қарым-қатынастың гуманистік түрткілері.
Оқу-танымдық және іздестіру-нәтижелі іс-әрекеттің табысты болуы елгезек және ықылас танытатын, бойында жеке тұлғалық
құндылық пен адамгершілігі бар, өзін-өзі бақылау, саналы түрде өзін-өзі реттеу қабілеті бар белсенді студенттің жеке тұлғасының
өсуінің басты ықпалы болып табылады. Бұған қоса, өзін-өзі өзгерту сияқты жаңа қажеттілік пайда болады. Оқытушы пен студент
арасындағы ескіден қалған қарым-қатынас түрі жойылады: ол «бәрін білетін сәуегей» дәрежесінен бірлескен іс-әрекеттің жетекшісі,
кеңесшісі дәрежесіне көшсе, студент жасы үлкеннің қолдауы мен сенім артуы арқасында өзара әрекеттестікте шын қызығушылық
танытып, ықылас білдіреді.
Оқытушы қайткенде де студенттің өзіне деген сенімін жоғалтып алмау керек: тез арада өзін-өзі көрсете алу, өз ойын білдіре алу
үшін жағдай жасап, өзін-өзі таныстыру үшін қолдау көрсету керек, ұстаздың, жұмыс жетекшісінің, басты мақсаты – оқытушы мен
студенттің өзара әрекеттестігі «субъект-субъектілік» қатынас жағдайында орын алатын ынтымақтастық құру. Сонда ғана студентте
өзін-өзі бағалау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі тану қажеттілігі қайта-қайта пайда болып, солардың негізінде ол өзіне және серіктестеріне
қатысты өзін-өзі өзгертуді қабылдайды немесе бас тартады.
Осылайша, мультимедиа технологияларының сан алуан түрлерін кешенді түрде қолдану, жетекші-педагогтан бастап қарапайым
студентке дейін, барлық қолданушылардың өзара қарым-қатынасының дамуына ықпал етеді, ол студентке өзін-өзі таныстыруға бар
күш-жігерін салып, өз қабілетін жандандыруға мүмкіндік береді, ол оқытушының қолдау көрсетуі арқылы өз мүмкіндіктерін, өз
адамгершілігі мен құндылығын танып, өзін-өзі өзгертеді.
Компьютерді пайдаланатын оқыту технологиясын компьютерлік технология деп атаған үйлесімді. компьютерлік (жаңа ақпараттық)
оқыту технологиялары дегеніміз компьютер арқылы ақпаратты дайындап, дәріс алушыға жеткізу үрдісі. АБТ-ға компьютерлер,
бағдарламалық жасақтама мен электрондық байланыс құралдары жатады. Көбінесе АБТ-ға, сондай-ақ, іскерлік және әкімшілік
үрдістерді басқарушылық кеңес беру мен жобалау технологияларын да жатқызады, өйткені жобалау нәтижелері, әдетте,
компьютерлер мен электрондық байланысты қолдану дегенді білдіреді.

13.

2.2 Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың студенттерді шығармашылықпен дамытудағы әлеуеті
ХХI ғасырдағы бiлiм беру жүйесіне жаңаша ақпараттық технологияларды ендірудегі басты ұстаным – сапалы түрде iске кiрiсiп,
тиiмдi әрекеттену, құндылықтарды тұтынып, нәтижелi табысқа жету. Бұл қағиданы ұстанып, оң әрекетке бағытталған тұлға сөзсiз
табысқа жетедi, көздеген мақсаты орындалады. Дәлiрек айтқанда, бұл – нәтижеге ие болудың кiлтi. Ал бiлiмдендiрудiң арнасын
кеңейткен интернетке қосылу, педагогтердің кәсiби мамандығын жетiлдiру, ақпараттық тасқын, дамудағы жылдамдығына көз
iлеспейтiн бүгiнгi шапшаңдық, бiлiм жүйесiндегi жаңалықтар мен өзгерiстердi игеру осыған дейiнгi қолданылып келген әдiс-тәсiл,
амалдарға бой бермей отыр. Олай болса, оқу-тәрбие үдерісінде болашақ мамандарды даярлауда ақпараттық технологиялар жүйесін
пайдалану кәсіби міндеттердің біріне жатады.
Қазіргі білім беру саласында көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңалықтар ашылып жатыр десек, қателеспес едік. Әсіресе, жаңа
инновациялық технологиялар көптеп енгізілуде. Солардың бірі – АКТ – ақпараттық- коммуникациялық технологиялар.
Технологияның мақсаты – мұғалімдердің білімін компьютерлік интеграциялау, қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету болып
табылады. Технология ЮНЕСКО көлемінде таңдап алынған мына мемлекеттерде жүзеге асырылуда: Қытай, Фиджи, Үндістан,
Индонезия, Қазақстан, Малайзия, Монғолия, Филиппин, Таиланд және Вьетнам.
Қазіргі орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық
пошта, теле-конференция, бейне-конференция, телеқатынастық жүйелер арқылы іске асырылуда. Заман ағымына қарай күнделікті
сабаққа бейне, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта
электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай
айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оның компьютерлік желілер арқылы
таратылуы болып табылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері әлі
қалыптасу үстінде.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды дамыту Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту қарқыны үлкен
серпін алуда.
Біз тәуелсіз, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби
дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды терең
меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Ақпараттық- коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін
әлемдік-білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Осыған сәйкес, жоғары білім беру саласындағы бүгінгі күнгі алға қойылған мақсаттардың бірі– жаңа ақпараттық технологияны
білім беру жүйесіне пайдалана алатын, ақпараттық мәдениеті жоғары, білімді тұлғаны қалыптастыру. Білім беруді ақпараттандыру
нәтижесінде әрбір студент ақпаратты еркін пайдалануға, оны қажетіне қарай талдай білу мүмкіндігіне ие болуы қажет. Өйткені бұл
білім беру үдерісіне қатысушылардың интеллектуалдық белсенділігінің артуына, сол арқылы білім беру жүйесінің дамуын
жетілдіруге негіз болады.
Білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу және ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуді жақсарту, студенттің
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру міндеттері бір-бірімен өзара тығыз байланысты, яғни оқу үдерісін қазіргі заманғы
технологиялар мен оқытудың техникалық құралдарын енгізуді талап етеді. Мұндай талаптарды қанағаттандыру – білім беру
жүйелеріне жоғары білікті мамандарды дайындау мәселелерін ғылыми негізде шешу қажеттілігімен тікелей байланысты.

14.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу барысында студент
материалды толық меңгереді, теориялық және эмпирикалық ойлауы біркелкі дамиды,
білім- білік дағдысы, қызығушылығы, танымдық белсенділігі артады, ал оқытушы
студенттердің зейінін өзіне тарту жетістігіне ие болады. Оларды ойландыра, толғандыра
отырып, зейінін оқу үрдісіне тарту әрекеттері оқытушының тиімді құралы болып
табылады.
Білімді игеру дегеніміз – оны ұғу, есте сақтау, қолдана білу. Білімді игеру – алғашқы
оқу материалын меңгеретін, білімді бекітетін, бақылау және оқу жұмыстарының
нәтижесін бағалайтын, сондай- ақ, дидактикалық міндеттерді шешетін күрделі жүйе.
Жүйелей келе, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, біріншіден, білім
сапасының артуына, екіншіден, оқытушы мен студенттің үздіксіз ізденіс арқылы
дамуына ықпалы зор екендігімен түйіндеймін.
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың
оқушыға берер мынандай тиімділіктері аңғарылды:
- түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты
жетілдіреді, дамытады ;
- өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
- тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға
мүмкіндік беріледі;
- пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
- ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды;
- өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізеді;
- түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
- түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап, өзінің алған білімін тексереді;

15.

2.3 Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі
шығармашылықпен дамытуының әдіснамалық негіздері мен құрылымдық мазмұндық моделі
Философиялық энциклопедиялық сөздікте: «Әдіснама (грек сөзінен methodos – зерттеу жолы, таным,ілім,
білім; logos – сөз, түсінік) қағидалар жүйесі және тәжірибелік, теориялық іс-әрекетті ұйымдастыру және құру
тәсілдері, ғылыми таным әдістері туралы оқу; қандай да бір ғылымда қолданатын әдістердің жиынтығы
дегенді білдіреді», – делінген.
Әдіснамалық білімдер тобы үш деңгейлі болып келеді: жалпы ғылымдық, нақты ғылымдық жəне
технологиялық. Жалпы ғылымның әдіснамасы кең мағынада қолданылады және ол ғылымдардың
баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Қоғам және ойлау
табиғаттың даму заңдылықтарын оқытатын диалектикалық, материалистік философия жан-жақты ғылыми
әдіснама болып табылады. Оның ерекшелігі танымның ғана емес, дүниені қайта құрудың да қаруы болып
табылатындығында. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Екіншінақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен
ұстанымдарының жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән
болған түйткілдерді, сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын
мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелеу мен жобалау, нобайлау мәселелері.
Үшінші деңгей – технологиялық әдіснама –зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық
материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу
қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты нұсқаулық сипатқа ие. Әдіснаманың
барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал, әрқандай
әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным
үрдісі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен
айқындалады.
Ғылыми әдіснама әдіснамалық ұстанымдар мен амалдар арқылы жүзеге асады. Ұстаным (принцип – латын
сөзі) – басшылыққа алынатын идея, негізгі талап, қағида дегенді береді. Педагогикалық зерттеудің
ұстанымдары зерттеу үрдісінің мақсаты мен заңдылықтарына сәйкес білім берудің мазмұнын,
ұйымдастырылу формаларын және әдістерін анықтайтын негізгі қағидалар [177]. Олар тарихи нақтылыққа ие
және қоғам қажеттіліктерін бейнелейді. Әлеуметтік даму және ғылыми жетістіктерге жетудің әсерінен олар
әрдайым өзгеріп, жетілдіріліп отырады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен
дамыту мәселесін зерттеу жалпы дидактикалық ұстанымдар негізінде іске асады. Сонымен қатар арнайы
мына төмендегі ұстанымдарды басшылыққа алуды талап етті. Енді жұмысымыздың әдіснамалық негізі болып
табылатын ұстанымдар мен амалдарды сипаттауға көшеміз.

16.

Айқындалған әдіснамалық тұғырлар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде
студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасаудың мүмкіндігін
туғызды. Жасалған модельді ұсынбас бұрын педагогика ғылымындағы нобайлауға қатысты кейбір ұғым
түсініктерге тоқталып өтуді жөн көрдік.
«Модель» термині (modulus– үлгі, өлшем) «үлгі» мағынасын береді. Бұл – нысан және оған қатынастық мәндерді
көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема т.б.).
Жалпы түрінде модель – зерттеу пәнінің белгілі бір жақтарын, байланыстарын, қызметін көрсететін элементтер
жүйесі.
Ос жерде айта кететін бір мәселе бұл түсінік қазақ тіліндегі жұмыстарда «нобай» деп те алынып жүр.
Дегенмен біз жалпы қабылданған терминді қолдануды жөн көрдік.
Модельдеу педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі ретінде – жаңаны жасау, соның
негізінде жаңа білімдер, зерттеу нысаны жайында біртұтас ақпарат жинақтауға мүмкіндік береді.
Модельдің мәнді белгілері: көрнекілік, абстракциялау, ғылыми қиялдау элементтері, аналаогияларды пайдалану,
болжамдық элементтер жатады. Басқаша айтсақ, нобай – ғылыми болжамның көрнекі түрі болып табылады.
Педагогикалық модельдеу дегеніміз педагогикалық жүйелерді, үрдістерді немесе жағдайларды, оларға қол
жеткізудің негізгі жолдарын өңдеу мен жасау әдісі, мұнда таным нысанының өзі емес, оның үлгісі зерттеліп,
зерттеу нәтижесі үлгіден нысанға көшіріледі.
Үлгілер болжамды, теориялық, математикалық, жобалық болуы мүмкін.
Педагогикалық үрдісті модельдеу өте күрделі жұмыс болғандықтан, ол бірнеше кезең арқылы жасалады.
Алғашқы кезеңде – болашақ модель негізі болатын зерттеушіні қызықтыратын нысан жайындағы тәжірибені
зерделеу, терең талдау, болжам құру.
Екінші - зерттеу бағдарламасын құрып, соның негізінде практикалық жұмыстар жасау, модельге, болжамға
өзгерістер енгізу кезеңі. Үшінші кезеңде - модельдің соңғы үлгісі жасалып, жүзеге асырылады.
Педагогикалық зерттеулерде модельдеу дидактикалық мәселелерді шешуде табысты қолданылады.
Мысалы: зерттеуші оқу үрдісін жаңғырту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық
белсенділігін арттыру мәселелерінің нобайын жасап, тәжірибеде тиімділігін дәлелдейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде тұлғаның өзін-өзі шығармашылықпен
дамытудың құрылымдық, мазмұндықмоделін даярлауда И.С. Якиманскаяның еңбегі талданды.
Ол білім берудің үш түрлі моделін белгілейді: әлеуметтік-педагогикалық; пәндік-дидактикалық; психологиялық.
Осы айтылғандар төмендегі кестете графикалық түрде бейнеленген.

17.

Білім беру модельдерінің сипаттамалары
(И.С.Якиманская бойынша)
Мақсаты
Әлеуметтік –
педагогикалық
Тұлғаны алдын-ала
белгіленген үлгіге сәйкес
тәрбиелеу
Құралы
Ұжым,
талап
қою,
жазалау және мадақтау,
оқытудың репродуктивті
әдістері (үлгі бойынша
жай
қайталау),
қарапайым
оқу
дағдыларын меңгертудегі
басымдылық.
Бағалау критерийлері
Үлгіге
сәйкессіздігі
Пәндік – дидактикалық
Психологиялық
Білім, білік және дағдылар
жиынтығын меңгеру,
фактология
Тұлғаны, жеке танымдық
қабілеттерді, когнитивті стильді
дамыту
Білімнің мазмұнын саралау
(физико – математикалық
мектептер
және
арнайы
мектептер), оқушыларды білім,
білік, дағдыны меңгеруіне
қарай
саралау,
оқытудың
теориялық жағына көбірек
көңіл бөлу, дамыта оқытудың
тұжырымдамасын жасаудағы
талпыныстар.
Элективті
саралау,
таным
стратегияларын анықтау, оқушының
когнитивті аймағын зерттеу және
дамыту, мұғалімнің қызметі мен
рөлін өзгерту, «оқуға үйрету»,
технологияларын жасау, оқушылар
арасында стратегиялармен алмасу.
сәйкестігі, Бағалаудың балдық жүйесі, Сапалық.
Жеке
аттестаттың орташа балы
бойынша өсу.
траектория

18.

3 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢАРҚЫЛЫ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ДАМЫТУТӘЖІРИБЕСІ
3.1Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың негізінде өзін-өзі
шығармашылықпен дамыту мәселесі бойынша жүргізілген айқындаушы эксперимент қорытындылары
Эксперимент жүргізудің мақсаты: Жоғары оқу орны студенттерінің білім алу үрдісіндегі ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану арқылыстуденттердің танымының деңгейін және өзін-өзі жан-жақты
дамыту жолдарын қалыптастыруын анықтау болып табылады.
Тәжірибелі эксперимент Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология»
және «Физика-математика» факультеттерінде білім алып жатқан студенттердің қатысуымен жүргізілді. Жүргізілген
тәжірибелік жұмыстарға аталған факультеттер бойынша 280 студент қатысты.
Тәжірибелік жұмыстар төмендегі сызбаға сәйкес жүзеге асырылды:
Тәжірибелік жұмыстардың мақсаты
Тәжірибелік жұмыстардыңміндеттері
Тәжірибелік
жұмыстардың жүргізілу
сызбасы
Эмпирикалықболжамдар
Диагностикалық әдістемелер
Статистикалық талдауәдістері
Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері

19.

3.2 Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген қалыптастырушы эксперимент және оның нәтижелері
Қалыптастырушы эксперимент алдына төмендегідей міндеттер қойылды:
студенттерінің өзін –өзі дамыту шығармашылықпен дамытуға қажетті теориялық таным – түсініктерін толықтыру;
жоғары оқу орынындағы білімдік үрдісте ақпараттық –коммуникациялық технологияның әдістерінің барлық мүмкіндіктерін толық
пайдалану;
қалыптастырушы эксперимент нәтижелерін шығарып, практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу жұмысының қалыптастырушы эксперименті барысында «Өзін өзі дамыту негізі» тақырыбындағы арнайы курс
бағдарламасы жасалып, тәжірибеден өтті. Курстыңмақсаты: Студенттерге ақпараттық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі
шығармашылықпен дамытудың тетіктерін меңгеруге жағдай жасау.
«Өзін-өзі дамыту негізі» атты курстың мазмұны төмендегідей теориялық және қолданбалы бөліктерден түзілген:
Теориялық мазмұны:
Тұлға және шығармашылық теориялары;
Тұлға қалыптастырудың өзектілігі мен мәні;
Өзін өзі дамыту мен оның ішкі құрамаларының мәні
бiлiм беруде АКТ-ны қолдану.
Курстың қолданбалы бөлiгi:
- ақпараттық технологиялар, стандартты программалық құралдар, арнайы программалық құралдар, мамандық деңгейлерiнiң
мiндеттерiн шешуде программалық құралдардың мүмкiндiктерiн пайдалануды көрнекi түрде көрсету (демонстрация жасау);
электрондық пошта, электрондық портфолио;
бiлiм беру сапасын арттыруда АКТ мүмкiндiктерiн негiздеу (электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен студенттердің
өзiндiк жұмысы).
Дайындалған «Өзін-өзі дамыту негіздері» курсын оқыту нәтижесінде:
ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде студенттер «тұлға және оның өзін өзі дамытуы», «өзін өзі дамыту жүйесінің ішкі
құрамалары», «ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың білім жүйесіндегі орны мен студенттердің өзін өзі дамытудағы
әлеуеті» мәселелері бойынша теориялық түсініктері;
компьютердің негізгі құрылғыларының атаулары мен маңызы, олардың функциялары және өзара байланысы туралы дағдылары;
компьютерлiк орта көмегiмен көрнекi материалдарды (графиктiк бейнелер, көрнекi слайдтар, бейнеүзiндiлер, анимациялық
сюжеттер, интерактивтiк тапсырмалар) даярлау және оны қолдану машықтары;
интернет желісін пайдалану,электрондық пошта көмегiмен iскерлiк байланыстар ұйымдастыру құзырлылықтары;
оқу мәліметтерін сақтау үшін кең таралған ақпарат тасымалдаушыларды; мультимедиялық оқу материалдарын пайдаланудағдылары
қалыптасатын болады.

20.

Бұл әдіс студенттердің интербелсенділікті, хат алмасу арқылы коммуникативтік қабілеттерін, (диалог) сауаттылығын дамыту, ақпаратпен алмасу,
бірлескен жобалар жасау негізінде шығармашылықты қалыптастыруларын дамытады.
Бағдарламаның он екінші «Студенттің өзін-өзі дамытуын компьютерлік диагностикалау» тақырыбы бойынша чат,web сайттар жасап, пайдалану
әдісі қолданылды.
Чат-Интернеттің тағы да бір қосымшасы – желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі
клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен
әңгімелесулеріне болады.
Ал, Web-сайт бұл – дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайтты бір адам – Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды
бірнеше адам жасайды.
Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
Web-технологиялар;
Сайт жасау экономикасы;
Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
Адам ресурстары және т.б.
Web-сайт жасақтау жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады:
Жоспарлау;
Элементтерді жасақтау;
Бағдарламау;
Тестілеу;
Жариялау;
Жарнамалау;
Бақылау.
Чат,web сайттар жасау арқылы студенттердің дербестік, ойды, пікірді білдіру, зерттеушілік мәдениетті дамыту, жаңашылдықты ендіру
қабілеттерін дамытуға қосар үлесі мол.
Оның жүргізілуінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық мүмкіндіктері толық пайдаланылды. Атап айтсақ, электрондық
оқулықтарға негізделген дәрістер, мультимедиялық презентациялар пайдаланылған дәрістер мен семинар сабақтар.
Дəріс– бұл оқытушының жүйелі түрде ауызша оқу курсының бөлімін баяндауынан тұратын оқытудың ұйымдастырушылық түрі. Ол негізінен
дәстүрлі оқытуда жиі қолданылады. Жоғары оқу орнындағы дәстүрлі дәрістің қарсыластары бұл оқыту әдісінің осал жерлерін көрсетеді.
Негізінен дәріс өзге адамның ойын жай қабылдауға бейімдейді, ол оқушылардың жеке жұмыс жасауына кері әсерін тигізеді, лектордың баяндап
жатқан материалын оқушылардың барлығы бірдей қабылдамайды. Қазіргі таңда бұл – белгілі көзқарастардың бірі.
Біз тәжірибелік жұмысымызда дәрістік ақпараттық түрін пайдаландық. Ол үшін барлық тақырыптар қамтылған электрондық оқулық
пайдаланылды.
Г.С. Георгиева монографиясында келтірілгендей, американың жоғары мектептерінде аудиториялық сабақтарға бөлінген, студенттердің уақыт
бюджетінен дәрістердің уақытын қысқарту қарастырылған.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, дәрістен бас тарту болашақ мамандарды дайындаудың ғылыми деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Дегенмен, дәріс
осы күнге дейін қолданыста және қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында оқу үдерісін ұйымдастыру түрі болып табылады, Сондықтан дәрісті
ақпараттандырудың жолын іздеу – жоғары оқу орнындағы өзекті міндеттердің бірі.

21.

Сонымен қатар, факультет студенттерінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға туралы танымы», « Өзін-өзі дамытуға
қажеттіліктерді жүзеге асыру диагностикасы», «Өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін бағалау, атты әдістемелерге қатыстырылу нәтижесі
де артты.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижесін зерттеудің мақсатымен салыстыру қорғауға ұсынылған қағидалар мен
болжамның дұрыстығын дәлелдеді. Осыған сәйкес мынадай қорытындылар шығарылды:
- ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде өзін-өзі шығармашалықпен дамытқан студент:
- ең алдымен өзін- өзі дамытудың теориялық негіздерін: тұлға теориялары мен шығармашылық әрекеттің теориясы, адам
дамуындағы олардың алатын орны, шығармашылықтың адамда болатын бастаулары мен оларды әрі қарай жетілдірудің жолдары
мен тетіктері жайлы, «өзін-өзі дамыту» түсінігінің мәні мен оның құрамалары жайлы білімдерді меңгерген;
-ақпараттық үдерістердің заңдылықтарын түсіну; белгілі бір мәселенің -шешіміне қажетті ақпаратты іздеу және таңдай білуді
ұйымдастыру; ақпараттың толықтығын, жеткіліктігін, бағалау, әртүрлі түрде ұсына білу, өңдеу және т.с.с. дағдылары болуы;
компьютерлік сауаттылықтың негізі туралы білімі; адам өміріндегі өзекті мәселелердің шешімін табуда компьютерді, ақпараттық
технологияларды, сол мәселені шешу құралдарының жиынтығы екенін түсіну және оның мүмкіндіктері мен кемшіліктерін анықтай
білу; алынған ақпаратты іс-тәжірибесінде, кәсіби қызметінде, қандай да бір мәселелерді шешуде қолдана білу, т.с.с. іскерліктер мен
біліктіліктерге ие болады;
жоғары оқу орындарында студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің өзін-өзі
шығармашылықпен дамыту мәселесіне арналған тәжірибелік эксперименттік жұмыс бағдарламасы зерттеу алдына қойып отырған
міндеттерді шешуге әлеуетті екендігін көрсетті;
- арнайы курс барысындағы қолданылған электрондық оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, мультимедиа, Интернет –
технологиялардың диссертацияда келтірілген түрлерінің кеңінен қолданылуы студенттердің басқарушылық қабілеттерін, эмоцияны
дамыту, сөйлеу мәдениетін, түйін жасауды, логикалық ойлау, мақсаткерлік, міндет қойып, оны орындау, субъектілікті, ғылыми
көзқарастарды қалыптастыру, қарым- қатынасты қалыптастыру, халықаралық мәдениетпен алмасу, шығармашылық ойлауды,
қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру арқылы өз бетінше білім алу, танымдық белсенділікті арттыру, білім сапасын арттыру,
функционалдық сауаттылықты дамыту,сыни ойлауды қалыптастыру, шығармашылық әрекеттің тәсілдерін меңгеру, өз бетінше
іздену, дарындылықты, талантты ұштау, эстетикалық талғамды қалыптастыру, рефлексиялау сияқты сапаларды арттырып, тұлғаның
өзін-өзі шығармашылықпен дамытуына игі әсерін тигізді;
арнайы курс мазмұнының болашақ мамандардың кәсіби қажеттілігін қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылуы нәтижесінде
студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген қатысы өзгертіп, сүйіспеншілігін арттырды.
Бұл айтылғандардың барлығы – өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытушы тұлғаға тән сапалар. Демек, зерттеу жұмысының
алдына қойған мақсаттарының орындалғандығы деуге болады.

22.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының жоғары және орта білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңі оқу мазмұны, әдістемесі,
түрлері мен құралдарының және ұйымдастырушылық-педагогикалық қызметінің кең ауқымды реформалануымен
сипатталады. Білім саласын реформалауға Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі және республика
экономикасының нарық жолына көшуі себеп болды. Кейбір дәстүрлі пәндердің тереңдетіліп оқытылуы, барлық
пәндер бойынша қазақстандық оқулықтар мен оқу құралдарының жасалуы, жаңа мемлекеттік емес және
мемлекеттік орта кәсіптік оқу орындарының ашылуы, байырғы орта кәсіптік оқу орындарының бағдарын өзгертуі
және кеңейтілуі осы реформалаудың әлі де көзге көрінер белгілерінің толық тізімі емес.
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған «Білім туралы Заңы» орта кәсіптік білім беру жүйесінде
жүргізіліп жатқан реформалаудың көпшілігін мемлекеттік деңгейде бекітіп, негізгі басымдылықтарды белгілеп
берді. Олардың ішінде әлемдік және республикалық ақпарат ресурстарын үнемі кеңейту және тиімді пайдалану,
болашақ мамандарды кәсіби міндеттерді шешу барысында ақпаратты іздеу мен дұрыс өңдеу дағдыларын
қалыптастыру, қазіргі орта кәсіптік оқу орындары қызметінің барлық саласына жаңа ақпараттық
технологияларды енгізу де қамтылған.
Студенттердің өзін-өзі дамыту мәселесінің теориясы мен практикасы Қазақстан Республикасындағы қазіргі
білімнің дамуының мақсат-міндеттері мен талаптарына сәйкес, еліміздің бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық
жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағытынан туындап отыр.
Дәстүрлі оқытудың теориясы мен қазіргі тәжірибесі еліміздің өркениетке ұмтылған талабына сәйкес келмей,
білім алушының өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзіндік рефлексия жасау, кәсіби карьерасын жоспарлау
сияқты қажеттіліктерімен қарама-қайшылыққа келді. Зерттеу барысында көтеріліп отырған мәселенің арнайы
зерттелмегендігі, ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың көтерiлiп отырған мәселенi шешудегi iшкi
мүмкiндiктерi қарастырылмағандығы айқындалды.
Диссертациялық зерттеу авторы философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып,
ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайында студенттердің өзін-өзі
шығармашылықпен дамытуын нәтижелi ететiн құрылымдық - мазмұндық модель жасап, тәжiрибеде сынақтан
өткiздi.

23.

Автор жүргізген ақпараттық - коммуникациялық технологиялар негізінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытуына
арналған зерттеу жұмысы теориялық, әдiснамалық, технологиялық деңгейлерде жүрдi:
- әдiснамалық деңгейде – студенттердің өзін-өзі дамытуының әдіснамалық ұстанымдары мен амалдары айқындалып, «өзін-өзі
дамыту» «шығармашылық» «ақпараттық - коммуникациялық технология» ұғымдарының мәнi нақтыланып, өзін-өзі дамытудығ
шығармашылық әрекет ретiндегi мәні ашылды.
- өзін-өзі дамытудың ішкі құрылымдық компоненттері айқындалып, олардың тұлғаның өзін-өзі дамытудағы әлеуеті сипатталды.
- теориялық деңгей – ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану негізінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен
дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, белгілері мен көрсеткіштері айқындалып, тәжiрибеде сынақтан өткiзілдi.
Технологиялық деңгейде – ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану негізінде студенттердің өзін-өзі
шығармашылықпен дамытуды нәтижелі ететін арнайы курс мазмұны әзірленіп, тәжірибеден өтті.
Алынған нәтижелер ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану негізінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен
дамытуын ынталандыратын диссертант жасаған үлгілердің дұрыстығын дәлелдедi. Сонымен, жүргізілген теориялық-әдіснамалық
және тәжірибелік зерттеу жұмысының нәтижелері төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1. Диссертацияда еліміздің бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру
мекемелерінің жаңа мақсат-міндеттерін айқындап, мамандардан шығармашылықпен еңбек етуді талап етіп отырғандығына
байланысты болашақ мұғалімдердің өзін-өзі дамыту мәселесінің өзектілігі айқындалды.
2.Студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен
дамыту мәселесінің әдіснамалық негіздерін құрайтын философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектердегі теориялық
тұғырлары анықталды
3. Зерттеу студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамыту мәселесінің теориялық және практикалық жолдарын іздеуде
әдіснаманың субъектілік, әрекеттік, кешенділік, үздіксіздік ұстанымдарын; ізгіліктілік, жүйелілік, тұлғалық бағдарлық,
акмеологиялық, синергетикалық амалдарын басшылыққа алды.
4. Зерттеудің негізгі тұжырымдамалық ережелерін басшылыққа ала отырып жасалған студенттердің өзін -өзі дамытудың
құрылымдық-мазмұндық моделінде әзірленіп отырған сапаның критерий және көрсеткіштері айқындалып сипатталды. Олар өз
кезегінде зерттеу алдына қойған міндеттерді шешудің тиімділігін арттырды.
5. Зерттеу барысында жасалған арнайы курс мазмұнын жүзеге асыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
нәтижесі студенттердің өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететінін көрсетті. Білімгерлердің тәжірибелік эксперименттік жұмыс барысында өзін-өзі шығармашылықпен дамытуының көрсеткіштерінің артуы зерттеу мақсаттары мен
ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеді.

24.

Зерттеу қорытындылары бойынша мынандай ұсыныстар әзірленді:
1. Білім беру саласының барлық деңгейлерінде білім алушылардың
өзін- өзі
шығармашылықпен дамытуына өзекті мәселе ретінде көңіл бөлініп, сол
мақсатта арнайы дайындықтар жүргізу.
2. Жоғары оқу орындарының оқу үрдісіне «Тұлғаның өзін-өзі дамытуының
теориясы мен технологиясы» тақырыбындағы арнайы курстар енгізу.
3. Кәсіби басылымдарда өзін- өзі дамыту мәселесіне байланысты айдар
ашылып, осы мәселенің әртүрлі астарлары бойынша ғалымдардың,
психологтар мен ұстаздардың ізденістері мен жаңашылдық тәжірибелерін
тұрақты жариялап отыру.
Студенттердің ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзін - өзі
шығармашылықпен дамытуы – күрделі және көп қырлы мәселе. Сондықтан
зерттеу барысында алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы деп
есептеп, бұл бағыттағы ізденістер болашақта жас мұғалімдерде, мектеп
басшыларында, әдістемелік мекемелер қызметкерлерінде, жоғары оқу
орындары мамандарында осы сапаны дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз
ету, өзін - өзі шығармашылықпен дамытуды диагностикалау құралдары мен
көрсеткіштерін жасау тұрғысында өзінің жалғасын табуы тиіс деп есептейміз.

25.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жыл 27 шілде № 319-III.
Қазақстан Республикасының «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. – 2000, қыркүйек – 30. - № 448.
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Қазақстан
жоғары мектебі. - 2004. - № 1. - Б. 9.
Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім тұжырымдамасы // Егеменді Қазақстан. -1999, тамыз - 18.
–Б.3.
Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы
туралы тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. – 2001, тамыз – 6. - №1037.
Эфесский Г. Всё наследие на языках оригинала и в русском переводе. - М.: AdMarginem, 2012. - C.416.
Сократ // Новая философская энциклопедия / предс. научно-ред. совета В.С. Стёпин. - 2-е изд., испр. и
допол. Ин-т философии РАН. Нац. обществ.-науч. Фонд. - М.: Мысль, 2010. – С. 2816.
Занин С. В. Общественный идеал Жан-Жака Руссо и французское Просвещение XVIII века. - СПб.: Мiръ, 2007. С.535.
Гельвеция.Об уме. - М.: Мир книги; Литература, 2007. – С.34.
Жизнь замечательных людей. XVII — XVIII века. - М., 2001. – С. 316.
Иммануил Кант. Критика чистого разума. Гиганты мысли / пер. с нем.;предисл. И. Евлампиева. - М.: Эксмо;
СПб.:Мидгард, 2007. - С. 1120.
Антропов В. В. Этика и религия в философии Людвига Фейербаха // Вестник Московского
университета. Философия. - 2004. - Серия 7, № 1. -С. 98-117.
Кембаев Ж.М. Политические и правовые воззрения Иоганна Готлиба Фихте относительно объединения
государств Европы и мира // История государства и права. - 2011. - № 16. - С. 44-48.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруна Ltd ЖШС, 2010. – 318 б.
Сүлейменов Р.Б., Моисеев В.А. Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы. – Алматы: Ғылым баспасы, 1985. – 112 б.
Құнанбаев А. Книга слов (Қара сөз) / пер. с каз. Р. Сейсенбаева. - Семипалатинск, 2001. – 98 с.
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2010. – 212б.

26.

Торайгыров С. Стихи и поэмы / пер. с казах. - Алма-Ата: Жазушы, 1989. - С. 253.
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған /
құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2009. –375 б.
Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б.
Сембаев А.И.История развития советской школы в Казахстане. - Казахское гос. учебно-педогог. изд-во, 1962. –
С.365.
Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. - Алматы: Кайнар,
2008.-С.168.
Құнантаева К.К.,Халитова И. Қазақ жеріндегі ХІХ ғ.соңы ХХғ. бас кезіндегі педагогикалық ойлар. - Алматы:
ҚазМемҚызПи, 2006. - 61 б.
Құдайқұлов М.Ә. Нарықтық оқытудың жүйесі мен технологиясы.- Алматы: ҚазҰПУ, 2010.- 152 б.
Омаргазина Б.Т. Казак дидактикасынын негiзiн салушы Сабыров Талгат Сабыржанулына-80жас // Вестник АПН
Казахстана. - 2009. - №1. - С. 81-82.
Жұматаева Е.Ө., Мұхамедиярова С.М., Беисова А.Е. Ғылым, білім іздесең – болдың дана. − Павлодар: Кереку,
2008. –Б. 200 - 204.
Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс.- Алматы: Ғылым, 2002. - 172 б.
Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. - Алматы: Ғылым, 1998. - С. 225.
Нұрғалиева Г.Қ., Құсайынов А.Қ., Мусин Қ. Салыстырмалы педагогика: оқулық. - Алматы: Рауан, 1999. - 173 б.
Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: оқулық. - 6-бас. өнд., толық. - Алматы: Эверо, 2005. - 464 б.
Ұзақбаева С.А. В образовании мы следуем общемировым тенденциям // Central Asia Monitor. - 2007, июнь - 22. –
С. 1-3.
Кожахметова К.Ж. Диалоговый подход к пониманию сущности поликультурного образования // Этнопедагогика.
- 2009. - №4 . - С. 47-51.
Табылды Ә. Ұлттық мінез және тәрбие // Ақиқат.- 2012, қаңтар. -№1.- Б.77-82.
Тәжібаев Т.Т. Қазақстанда халыққа білім берудің және педагогикалық ойлардың тарихы: научное издание. Алматы: Қазақ ун-ті, 2002. – 377 б.
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. –Алматы, 2000. -247 б.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология: оқулық. - 5-шi басылуы,өңделiп. - Алматы: Эверо, 2004. - 415 б.
Намазбаева, Ж. Ы. Жалпы психология: оқулық: ҚР Білім және ғылым министрлігі. - Алматы: Абай атындағы Қаз
ҰПУ Психология институты, 2006. - 296 б.

27.

Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері. - Алматы: Алла прима, 2012. - 202 б.
ШерьяздановаХ.Т. Технология внедрения инновационного курса "Самопознание" в практику высшей школы //
Учен. зап. СПб. гос. ин-та психологии и социал. работы. - 2011. -№1. - С. 92-96.
Ерментаева А. Педагогикалық инновациялық технологиялық тұлғалық көрсеткiштерiне психологиялық
сипаттама // Ұлт тағылымы.- 2004.- №2.- С. 122- 126.
Ананьев Б.Г. Структура личности. - 2010
//http://bookap.info/genpsy/kulikov_psihologiya_lichnosti_v_trudah_otechestvennyh_psihologov/gl16.shtm - 2010.
Асмолов А.Г. Психология личности: культурно-историческое понимание развития человека. - М.: Смысл, 2007. С.528.
Майданский А. Д. Выготский - Спиноза: диалог сквозь столетия // Вопросы философии. - 2008. - № 10. –С.116127.
Газман О.С. Педагогика свободы: путь в гуманистическую цивилизацию ХХI века // Новые ценности
образования. -М., 1996. - Вып. 6. - С.10-37.
Лобастов Г.В. Философия Э. В. Ильенкова // Вопросы философии. - 2000. - № 2. -С.169-175.
Леонтьев А.Н. Педагогика и психология // «Школа 2100». Пути модернизации начального и среднего образования
/ под ред. А.А.Леонтьева. - М.: Баласс, 2002. - Вып. 6. – С.258-265.
Мясищев В.Н. Психотерапевтическая энциклопедия / под. ред. Б. Д. Карвасарского. Изд. 2-е, доп. и перераб. СПб.: Питер, 2000. - С.394-195.
Рубинштейн С.А. О мышлении и путях его исследования. – М.: Изд-во АН ССР, 1958. – С.125.
Слободчиков В.И. Этнопедагогика и теория педагогики // Мир образования. – 2006. - №1. – С. 108.
Белл Д., Иноземцев В. Эпоха разобщенности. - М.: Центр исследований постиндустриального общества, 2007. –
С.304.
Тоффлер Э., Тоффлер Х. Революционное богатство. - М.: АСТ, 2007. - С. 576.
Masuda Y. The Information Society as Postindustrial Society. - Wash.: World Future Soc., 1999. - Р. 29.
Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Методика преподавания информатикиАкадемия. - 2009. - С.294.
Ракитов А.И. Центр информатизации, социально-технологических исследований и науковедческого анализа.- М.,
2006. - С.332.
Нургалиева Г.К. Педагогические технологии информатизации образования. – Алматы: Алем, 2002. – С.269.
КунанбаеваС.С. Создание информационно- обучающей среды в системе университетского образования. Алматы: РЦИО, 2006. - С. 119.
Баймұханов Б.Б., Есенғабылов І.Ж. Использование информационно-коммуникационных технологий в
образовании // «Ұлт тағлымы» Білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы. - 2012.- №1. –Б. 226-229.
English     Русский Rules