Similar presentations:
Б.Қаратаев - Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері
1. Студенттің өзіндік жұмысы
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина УниверситетіМамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Қазіргі Қазақстан тарихы және
қоғамдық пәндер
Курс: І
Тақырып №2: Б.Қаратаев – Қазақстанның көрнекті
қоғам қайраткері
Құрастырған: Каспи А.
Тексерген: аға оқытушы,
магистр Калманова Г.Т.
Ақтөбе – 2017 ж.
2. Жоспар:
І КіріспеІІ Негізгі бөлім
А) Бақытжан Қаратаев – алғашқы заңгер, депутат және
комиссар
Б) Ағартушылық жолындағы қызметі
В) Еңбек жолы
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
3. Бақытжан Қаратаев
ҚаратаевБақытжан
Бейсәліұлы
1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе
ауданындағы Ақбақай ауылында дүниеге
келген,
қоғам
қайраткері,
заңгер,
ағартушы-демократ.
Ол
Орынбор
гимназиясын бітіргеннен кейін СанктПетербург
университетінің
заң
факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны
ІІ дәрежелі алтын медальмен үздік
бітіреді. Алған мамандығы бойынша
Петербургте, Кутаисиде және Орынборда
бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897
жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда,
Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды.
1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Орал
облысынан депутат болып қатысып, жерсу мәселесі бойынша қазақ халқының
мүддесін қорғап сөз сөйлеген жалғыз
заңгер.
(1860-1934)
4. Хан ұрпағы
Бақытжан Қаратаевтың тұп атасы – Кіші жүздің ханы Әбілхайыр.Әбілхайыр ханның бірінші әйелінен Нұралы, Ералы, Қожахмет,
Айшуақ, Әділ, Зылиха атты ұл-қыздары болған.
Башқұрт елімен қазақ елінің арасында достық қарым-қатынас
орнату нәтижесінде Бақытжанның атасы Қаратай Нұралыұлы дүниеге
келген. Нұралы ханның баласы Қаратай хан да қалмақ қызына
үйленіп, одан Бисәлі дүниеге келген. Ал Бисәлінің баласы
Даулетжаннан Бақытжан, Мағзұм, Батыр атты үш ұл тарайды.
Әбілқайыр
Нұралы
Қаратай
Бейсәлі
Даулетжан
Бақытжан
5. Білім жолында
БақытжанҚаратаев
қазақтар
арасында
заңгер
мамандығы
бойынша жоғары білім алған ең
алғашқы интеллигенция өкілдерінің
қатарына жатады.
Ол текті әулеттің шаңырағында
тәрбиеленгендіктен, өмірдің қыры
мен сырын жас кезінен көріп-біліп
өсті. Ол Орынбор гимназиясын
бітіргеннен
кейін
Ресей
империясының астанасы
СанктПетербургтегі
императорлық
университетіттің заң факультетіне
түсіп, 1890 жылы ІІ дәрижелі алтын
медальмен
бітіреді.
Алған
мамандығы бойынша Петербургте,
Кутаисиде және Орынборда бірнеше
жыл тергеуші болып істейді.
6. Еңбек жолының басталуы
БақытжанҚаратаев
императорлық
университетті алтын медальмен бітірген
санаулы студенттердің бірі болатын.
Сондықтан болашағынан үлкен үміт
күттіретін жас маман, ИСПУ түлегі
астанада қалдырылды. Бұл туралы 1891
жылы «Дала уәлаяты» газетінің №10
санында:
«Петербург
қаласындағы
унисерситет курсын екінші дәрежелі
дипломмен үздік аяқтаған Торғай
облысы, Іле оязы, Бөрте елінің сұлтаны
Бақытжан
Қаратайұлы
юстиция
министрлігінің
қарауына
кіргізіліп,
департаменттің басқару сенатындағы
екінші
мекемесіне
қызметке
қалдырылды». Петербургта, Кутаисида,
Орынборда тергеуші болып істейді. 1897
жылдан
Оралда,
Қаратөбеде,
Жымпитыда адвокат болды.
7.
1905 жылдың жазындаТорғай мен Орал
облыстары қазақтарының
органдарынаң орталық
билік органдары жолдаған
петицияны құрастыруға
қатысқан
1907 жылдың қаңтарақпан айларында ІІ
Мемлекеттік Думаға
Орал облысынан
депутат болып
сайланды
Б.Қаратаевтың
қазақ саясатында
алатын орны
Б.Қаратаев
Думаның
аграрлық заң
жобасын жасауға
араласады
Б.Қаратаев
облыстық атқару
комитетінің
мүшелігіне өтті
және оған юстиция
комиссары міндеті
тапсырылды
8. Бақытжан Қаратаев – дума депутаты
9. БАҚЫТЖАН ҚАРАТАЕВТЫҢ 1907 ЖЫЛЫ ІІ ДУМАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Депутат мырзалар! Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеденешкім сөйлеген жоқ: соған қарамастан, мемлекетіміздегі шиеленісіп
отырған аграрлық мәселені шаруаларды, Далалық облыстар
территориясына, Семей және Жетісу облыстарының территориясына
қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар. Әсіресе оң жақ қатарда
отырған ағайындарымыз аграрлық дағдарысты шаруаларды Орта
Азияға көшірту жолымен жоюға құштар.
Жергілікті халықтың мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру
қалай дегенмен де әділетсіздік болып табылуға тиіс. Ол қашанда
күштінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни
қырғыз-қайсақ деп аталатындар – әлі дамудың төменгі сатысында
тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға
болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ. Біз,
қырғыз-қайсақтар, Ресейде қатты ушығып отырған аграрлық мәселе
шұғыл шешім қабылдауды талап етенінін терең түсінеміз. Біздің шаруа
бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық
жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге
әзірміз.
10. Ағартушылық жұмыстары
Б. Қаратаев – болашақ ұрпақ үшін туған халқының басынан өткерген тарихын жазып,артына мол мұра қалдырды. 1931 жылы 16 тамызда Б. Қаратаев Орталық архив
басқармасының ғылыми қызметкері болып тағайындалады. Басқарма Б.Қаратаевты, арнайы
бағдарламасы бойынша, Қазақстанның 1916-1919 жылдар аралығындағы тарихын зерттеу
мақсатында, Ақтөбе, Орал, Саратов, Орынбор қалаларына іс сапарға жібереді. Ол іс сапарда
жүріп мұрағат, кітапхана қорларымен жұмыс жасап, халқымыздың тарихына қатысты құнды
деректер жинайды. Б.Қаратаев ғылыми жұмыспен өмірінің соңында, яғни 70 жастан асқан
шағында айналысты. Денесін ауру меңзеп, төсек тартып жатса да, «біздің ұзақ өмірден
көргеніміз, естігеніміз, тарихи әдебиеттерден кейбір білгеніміз қағазға түсе берсе игі еді
деген мақсат» санаған Б. Қаратаев өз естеліктерін, көзқарастарын парақтарға жазып
қалдырған.
Б.Қаратаевтың жан-жақты зерттеліп жазылған құнды еңбегі: «Обзор материалов из
истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в
1869 году и в начале 1870-х годов». Батыс Алаш зиялылары мен Алашорда үкіметін сыңға
ала жазған «Из истории Алаш-Орды» еңбегінен, кеңестік тұрғыда жазылса да, алаш
қайраткерлерінің сол кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметтері, іс-әрекеттері туралы танысуға
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Б.Қаратаевтың артында қалған шығармашылық мұрасының біразын өзі
көріп куә болған және өзі қатынасқан революциялық-саяси оқиғалар, яғни «К истории
революционного движения в Уральской губернии», 1905-1907 жылғы бірінші орыс
революциясы тұсындағы Орал қаласындағы астыртын ұйымдардың қызметін баяндайтын
бұл еңбекті зерттеуші М.Ысмағұлов Б.Қаратаевтың жазғандығын айтады, 1919 жылы
Торғайдағы Ә.Жангельдиннің екінші жорығын бейнелейтін «Первый полководец казахских
частей - А.Джангельдин», Орал қаласын орыс-казактардан азат етілуі туралы «Взятие города
Уральска», «Гибель Чапаева» және т.б жөніндегі естелік жазбалар құрайды.
11. Қорытынды «Б.Қаратаев ел есінде»
Бұдан тура 157 жыл бұрын Батыс Қазақстанда дүниеге келгенБ.Қаратаев
сегіз-тоғыз
жасында-ақ
Ресейдің
1867-1868
жылдардағы
реформаларына қарсылық танытқан өзінің
жерлестерінің ашу-ызасын сезінді. Ол елі үшін, халқы үшін бар
өмірін сарп етті. Халық жағдайын ойлап жоғарыда отырғандарға
да қарсы шыққан кездері де болды. Қай кезеңде де өз халқының
қамы үшін маңдай терін төккен, ешкімнен қамықпай, шындықты
өмірлік ұстанымы етіп өткен қайраткер.
Дегенмен Кеңес үкіметі органдары тарапынан Б.Қаратаевтың
саяси қызметіне бақылау орнатылғаны және қызметінен
шеттетілгені де - тарихи шындық. Бірегей тұлғаның ұлт-азаттық
көтерілістер және Қазақстандағы азамат соғысы тарихы туралы
еңбектері әлі құндылығын жойған жоқ. Оның тұңғыш қазақ
заңгері
екендігін
ескере
отырып,
республиканың
ірі
қалаларындағы заң саласы бойынша білім беретін оқу
орындарына немесе колледж, мектептерге есімін берсе нұр үстіне
нұр болар еді.
12. Пайдаланылған әдебиеттер
1) Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 5 том.http://www.inform.kz/kz/karataev-bakytzhan- beysaliuly_a2254564
2) http://www.alashainasy.kz/tul/28069/
3) ҚР ОММ 1227-қор, 1-тізім, 1-іс.
4) Ысмағұлов М. Революция сарбазы // Жалын, №1,1989.
5) Қаратаев Б.Б Обзор материалов по истории колонизации
казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского
края в 1869 году и в начале 1870-х годов.
6) Қойшыбаев Б. Бақытжан Қаратаев.-Алматы: Ана тілі,1993-184бет.
13. Бағалау критериі
№Орындау критериі
1
Презентацияны рәсімдеу
2
Презентацияның 4 компоненті
3
СӨЖ тақырыбына мақсаттың
адекваттылығы
4
Мазмұны
5
Қорытынды/ұсыныстар
6
Әдебиеттер
7
Материалды игеруі және
регламентті сақтауы
8
СӨЖ кестесіне сай тапсырылуы
дер кезінде орындалуы
ҚОРЫТЫНДЫ
0-0,1 критерий орындалмаған
0,2-0,3 критерий ескертулермен орындалған
0,4-0,5 критерий орындалған
0-0,1
0,2-0,3 0,4-0,5