Қан кету түрлері
Қан кетуде 3 түсінік бар:
Қан кетудің жіктелуі
Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.
Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.
Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.
Ерте екіншілік қан кетудің екі негізгі себебі бар:
Барлық қан кетулер ағымына байланысты
Қан кетудің ауырлық дәрежесіне байланысты түрлері.
Дегенмен, қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөлген ыңғайлы: жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).
Жедел қан жоғалту кезіндегі организмде болатын өзгерістер:
Қан кетудің классикалық симптомдары:
Қан кетуді уақытша тоқтату
Артерияны саусақпен басу.
3.30M
Category: medicinemedicine

Қан кету түрлері

1. Қан кету түрлері

Орындаған : Курманбекова З.
П-17/1
Тексерген: Қыстаубаева З.Т.

2.

Қан кету (лат. Наemorrhagia compensatio-қан кету) деп
қаннын тканьдеpде жиналyын айтады.
Ерте дүниеден бастап-ақ адамдар қан кетумен ұшырасқан
және оны тоқтату керек екенін түсінген. Сондықтан қан кетумен
күрес бастауын ертеден алады. Сол кездің өзінде қан кетуді тоқтату
үшін тұтқыш заттарды, салқынды, күлді, қыздырылған металды,
ыстық майларды пайдаланған, қысатын таңғыштар салған. Ежелгі
дүние ғалымдары қан тоқтату жолдарын эмпириялық жолмен
іздеді, себебі олар қан айналысының мәнін түсінген жоқ.

3. Қан кетуде 3 түсінік бар:

Қан кету деп қанның тамырдан
сыртқы ортаға, қуысты ағзаға,
организм қуыстарына қарқынды
ағуын айтады.
Қан тамыр ішінен шығып қоршаған
тіндерге сіңсе, оны қан құйылу деп
атайды. Әдетте, қан көлемі азғантай,
қанның шығу жылдамдығы тез азаяды,
қанның тамырдан сыртқа ағуы өздігінен
тоқтайды.
Сыртқа шыққан қан тіндерді ажыратып,
ағзаларды ығыстырған кезде ол жерде
жасанды қуыс пайда болады және ол
гематома деп аталады.

4. Қан кетудің жіктелуі

Қанның сыртқа шығуының себептеріне, механизміне байланысты
қан кетуді 3 топқа бөледі:
• қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан
болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі.
• қан тамыры қабырғасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік,
ферменттередің әсері) кезіндегі аррозиясы (жаралану, желіну,
өліеттену) салдарынан қан кету.
• қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялық деңгейде
бұзылған кезде қан кету (авитаминоз, Шенлейн-Генох ауруы, уремия,
сепсис, скарлатина және т.б.). Қанның үю жүйесінің де қан кетуде
өзіндік ролі бар.

5. Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.

6.

Артериялық қан кету - өзінің молдығымен
және қарқындылығымен сипатталады. Қан
тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі
алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан
кету өздігінен тоқтамайды.

7. Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.

8.

Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес
орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу
байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы
төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан
кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде
ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету. Аралас
сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен
көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері
мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу
немесе тығындау арқылы тоқтатылады.

9. Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.

10.

Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты
паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан
кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар
желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды)
болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар
зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған
жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы
мүмкін.

11.

Қан кетудің басталу мерзіміне байланысты біріншілік
және екіншілік қан кетулер болады.
Жүректің, қан тамырының, паренхиматозды ағзаның
жарақатынан кейін бірден болатын қан кетуді біріншілік қан кету
деп атайды.
Егер қан кету өздігінен тоқтап, белгілі бір уақыт өткен соң
сол жерден қайталанатын болса ол екіншілік қан кету деп аталады.
Оның қайталану мерзіміне байланысты екіншілік қан кетуді ерте
және кеш екіншілік қан кету деп екіге бөледі. Ерте екіншілік қан
кету деп тоқтағаннан кейін бірнеше сағаттан 4-5 тәулікке дейінгі
аралықтағы қан кетудің қайталануын, кеш екіншілік қан кету деп
4-ғ тәуліктен кейінгі қан кетуді айтады.

12.

Егер паренхима мен оның қабығы бір мезетте
зақымданып қан қуысқа бірден құйылатын болса мұндай
қан кетуді бір мезеттік қан кету деп атайды. Егер
паренхима зақымданып, қан қабық астына жиналып,
қабық кейін жыртылған кездегі қан кету екі мезеттік
қан кету деп аталады.

13. Ерте екіншілік қан кетудің екі негізгі себебі бар:

Алғашқы операция кезінде тамырға салынған байлаудың босап
кетуі.
Жүйелік қан қысымы көтеріліп, қан айналысы жылдамдаған
кезде, қан тамырының спастикалық жиырылуы (жедел қан
кетудегі) бәсеңдейді де қан тромбты жуып жібереді.

14. Барлық қан кетулер ағымына байланысты

Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа
уақыт аралығында байқалады да клиникалық
белгілері тез дамиды. Клиникалық
белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан
аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді.
Жоғалған қанның көлемі адамның
салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі
адам өмірі үшін аса қауіпті саналады.
Созылмалы қан кетудің клиникалық
көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне
көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі
қайталанатын және қаназдылыққа әкеп
соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады.

15. Қан кетудің ауырлық дәрежесіне байланысты түрлері.

Қан кетудің науқастың өміріне қауіптілігі мен организмдегі қан
айналысының бұзылу сипаты қан кетудің ауырлық дәрежесімен
анықталатын болғандықтан, қан кетудің ауырлық дәрежесін
анықтаудың маңызы аса зор.
Қан кетудің ақыры үшін 2 фактордың шешуші маңызы бар:
жоғалтқан
қанның көлемі
қан кетудің
жылдамдығы

16. Дегенмен, қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөлген ыңғайлы: жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).

• жеңіл дәрежесі – айналыстағы қан көлемінің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
• орташа дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400
мл)
• ауыр дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 20-30% жоғалтқан (1500 2000мл)
• массивті дәрежесі - айналыстағы қан көлемінің 30%-дан астамын жоғалтқан
(2000мл астам)

17. Жедел қан жоғалту кезіндегі организмде болатын өзгерістер:

Қанның тамыр өзегінен ағып кетуі салдарынан организмде
айналыстағы қан көлемі азайып - гиповолемия дамиды. Бұл құбылысқа
жауап ретінде науқас организмінде бірсыпыра өтемдік - бейімделу
механизмдері іске қосылады:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Көктамыр жиырылуы (спазмы)
Тіндік сұйықтардың қан тамырына құйылуы
Тахикардия
Несеп түзілісінің азаюы (олигурия)
Гипервентиляция
Шеткі (перифериялық) артериолоспазм

18. Қан кетудің классикалық симптомдары:

Шағымдары:
• әлсіздік;
• бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде;
• көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;
• ауа жетіспеушілік сезімі;
• мазасыздану;
• жүрек айну;

19.

Объективті белгілері:
• тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі
аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
• науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
• жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс;
• артериялық қан қысымының төмендеуі;
• ентігу;
• несеп түзілуінің азаюы;

20.

Әртүрлі дәрежедегі қан жоғалтудың клиникалық
белгілері:
1. Қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде клиникалық белгілер
болмайды.
2. Орташа қан жоғалту дәрежесінде тамыр соғуы минутына 100
ретке жиілейді, қан қысымы төмендейді, шеткі вазоконстрикция
белгілері пайда болады.
3. Ауыр дәрежеде тамыр соғуы минутына 120 ретке жиілейді, қан
қысымы 100 мм. сын. бағ. төмен, салқын тер басады, ентігу
пайда болады, шеткі ағзалар көгіс тартады, несеп түзілуі
азаяды.
4. Массивті қан жоғалтқанда тамыр соғуы минутына 120 реттен
астам, қан қысымы 60 мм. сын. бағ., тері күрт қуқылданады,
несеп бөлінбейді, ступор пайда болады.

21. Қан кетуді уақытша тоқтату

Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу,
аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды
жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау.
Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.
Көрсеткіштері:
аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;
аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.

22.


Қыл бұрау салудың ережелері:
Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.
Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге
салу керек.
Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.
Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау
керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.
Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу
керек.
Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және
оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.
Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату
керек.

23.

Қыл бұраудың дұрыс салынғандығының белгілері.
• Қан кетудің тоқтауы;
• Шеткі пульсацияның жойылуы;
• Аяқ-қолдың бозарып мұздауы.
Қыл бұрауды аяқта 2 сағаттан артық, ал қолда 1,5 сағаттан
артық ұстауға болмайды. Булай болмаған жағдайда аяқ-қолда
ишемия салдарынан өлі еттену процестері дамуы мүмкін. Жаралы
адамды ұзақ уақыт тасымалдау қажет болғанда қыл бұрауды әр
сағат сайын 10-15 минутқа босатып отыру қажет. Қыл бұрауды
босатқанда қан тоқтатудың басқа уақытша әдісін қолдану керек
(саусақпен басу).

24. Артерияны саусақпен басу.

• Артерияны саусақпен басу.
Мейлінше қарапайым және қосымша құралсайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің
артықшылығы - тез арада қолдануға
болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут
ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға
болатындығы. Артерияны саусақпен басуға (қысуға)
негізгі көрсеткіш сол тиісті артерия бассейнінен
массивті артериялық қан кету. Саусақпен артерияны
басу шұғыл жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне
дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл бұрау
салуға дайындық кезінде таптырмайтын әдіс.

25.

• Аяқ-қолды мейлінше бүгу.
Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл
әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан
жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Мысалы, ұршық буынын
сан артериясынан қан кеткенде, тізе буынын аяқ басы мен
балтырдан, иық буынын - қол басы мен білектен қан кеткенде
мейлінше бүгу керек.
Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан
қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.

26.

• Жараны тығындау (тампонада).
Қуысты жараның ұсақ тамырларынан,
капиллярлардан, көктамырдан қан кеткенде, әсіресе
операция кезінде жиі қолданылатын шара.
• Қанап тұрған тамырға қысқыш салу.
Негізінен операция кезінде қолданылатын әдіс. Бұл
әдіс сенімді, қарапайым, нәтижелі, сондықтан кең
таралған. Бірақ қысқышты ұқыпты және көзбен
бақылап отырып салу керек. Өйткені, қысқыш
езулерінің арасына магистралды қан тамыры немесе
нерв түсіп кетуі мүмкін.

27.

• Қысып таңу.
Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат
салынған таңғышты (асептикалық) немесе
бірнеше қабат оралған бинтпен байлау
қажет.
Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына
тағы да бірнеше қабат таңғыш салып,
алақанмен басу қажет.

28.

Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның
(зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салу
керек. Жгут салып болған соң оны созу керек.
Бірінші орауды байлаудың алдында, қан
тамырларының соғуын, қанның тоқтағанынтоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің
ағарғанын көру керек.
Ш
и
р
а
т
п
а
Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек,
орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп,
алдыңғы орамды басып орау керек.
Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен
күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты
таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге
«жгут» (маркет) көрсетіп қою керек.

29.

Назарларыңызға рахмет!
Ауырмаңыздар!
Сақтанып жүріңіздер!
English     Русский Rules