Техникалық және арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастырудың арнайы формалары
Дәріс жоспары
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
Сабақтың құрылымдық элементтері
Сабақтың негізгі құрылымдық элементтері:
Оқушыларды ұйымдастыру. Сабақтың сапасы көбінесе оның қалай ұйымдастырылғанына бай ланысты. Бірінші сәттен-ақ оқушы өзінің
Жаңа материалды баяндау. Бұл элемент теориялық оқыту сабақтарында және өндірістік оқытудың кейбір сабақтарында орын алады,
Сабақтың түрлері (типтері)
Білікті және дағдыны қалыптастыру сабағы. Өтіліп жатқан материалдың екінші ретті еске тусірілуі және оны практикада пайдалану.
Білімді практикада қолдану сабағы. Бұл сабақта оқытушыны оқушылар білімдерін қаншалықты білікті және өз беттерінше сол немесе
Білімді, білікті және дағдыны тексеру сабағы. Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың үлгерімін негіздеу үшін мәліметтер алу, білімнің
Аралас сабақ
Білім беру мақсаты Білім беру міндетінің формулировкасы
Тәрбие беру мақсаты Тәрбие беру міндетінің формулировкасы
Дамытушылық мақсат Дамытушылық міндеттің формулировкасы
764.50K
Category: musicmusic

Техникалық және арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастырудың арнайы формалары

1. Техникалық және арнайы пәндерді оқытуды ұйымдастырудың арнайы формалары

2. Дәріс жоспары

1 Теориялық оқытуды ұйымдастырудың негізгі
формалары
2 Сабақ
3 Сабақтың негізгі құрылымдық элементтері
4 Сабақтың типтері
5 Сабақ мақсаты және оған жету

3.

1 Оқуға байланысты форма екі
мағынада қолданылады:
1) оқу формасы;
2) оқу-ұйымдастыру формасы.

4.

Ұйымдастырудың оқу формасы – бұл оқу
процесінің жекеленген бөлігінің
құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі
(сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат,
факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне
т.б.).

5.

Оқудың ұйымдастырылу
формалары əрқилы
негіздемелерге байланысты
қарастырылуы мүмкін:

6.

Оқу процесінде басым болған
мақсатқа орай – кіріспе сабақ;
білімді тереңдете оқыту дəрісі;
практикалық сабақ; білімді жүйелеу
жəне қорытындылау сабағы; білім,
ептілік жəне дағдыларды бақылау,
тексеру сабағы; аралас сабақ
формалары;

7.

Дидактикалық мақсаттарға орай –
теориялық, практикалық, еңбектік,
аралас сабақтар формалары.

8.

Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері:
репетиторлық, тьюторлық,
менторлық, отбасылық оқу, өзіндік
оқу және т.б.

9.

Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз
ішіне дəрісбаян, семинар,
конференция, олимпиада, оқу
саяхаттары жəне іскерлік ойындарды
қамтиды.

10.

2 Сабақ – оқу процесін
ұйымдастырудың ең тиімді формасы
және оқу - тәрбие барысының нақты
түрі.

11.

• Сабақ беру - білім беру және
тәрбиелеу мақсаттарына
бағытталған мұғалім
ұйымдастыратын оқушылар іс әрекетінің күйі.

12.

Оқу - оқушылардың нақты білім
алып, біліктер мен дағдыларды
меңгеріп қамтамасыз ететін,
тұрақты бағдарлама мен жоспар
арқылы жүзеге асырылатын
мақсатқа бағытталған барыс.

13.

Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті
жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс
бірліктерінің байланыс тұтастығы.
Құрылым əрқашан дидактикалық
мақсатқа, оқу материалының мазмұнына,
оқушылардың жас ерекшеліктері мен
ұжым сипатындағы сынып
ерекшеліктеріне тəуелді.

14. Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:

дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ
типтері;
оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ
типтері;
дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған
арнайы сабақ типтері.

15. Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:

жаңа білім материалын хабарлау;
білімді бекіту;
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру,
бекіту;
қорытындылау;
білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау)
сабағы.

16. Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:

оқу саяхаттары;
кино-теле-сабақтар;
өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.

17. Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:

басымдылығын негізге алған
арнайы сабақ типтері:
жаңа материалды игеру;
бекіту;
қайталау;
білімді бақылау, тексеру.

18.

Дəрісбаян – оқу процесінің өзіндік анайы
құрылымымен танылған тəлім-тəрбие
формасы. Дəрістің басынан ақырына
дейін оқытушы жаңа оқу материалын
баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол
материалды белсенділікпен қабылдайды.

19.

Мақсат – оқушылар ынтасына дем
беріп, ұсынылып жатқан материалға
бақылау қоюға жəне көзделген
олқылықтарды байқауға үйрету.

20.

Дəрісбаян –конференция – ғылыми-
практикалық сабақ түрінде алдын-ала
белгіленген, оқу бағдарламасына сəйкес
проблемалар төңірегінде баяндамалар
тыңдау жолымен өткізіледі. Сабақ
аяғында оқытушы қорытынды жасайды,
ақпаратты толықтырады əрі
нақтылайды, негізгі тұжырымдар
жасайды;

21.

Кеңес дəрісбаяндар «сұрақ-жауап» не
«сұрақ-жауап-сөз-жарыс» күйінде
материалды оқушыға жеткізу формасы;
Екеуі жүргізетін дəрісбаян (лекции
вдвоем)

22.

Бір пəн не тақырып бойынша екі
маман бір уақытта дəріс жүргізеді.
Оқушылар қатысуына орай
оқытушы рейтингі анықталады.

23.

Семинар - меңгеріліп жатқан мəселелер,
баяндамалар мен рефераттарды
ұжымдық талқылау формасында өтетін
оқу дəрісі. Семинарлардың басқа
сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың
оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне
олардың өзіндік жұмыстары негізінде
ұйымдастырылады.

24.

Оқу конференциясы – білім арттыру,
бекіту жəне жетілдіруге бағытталған
оқуды ұйымдастыру формасы.

25.

Факультатив сабақтар - оқу
пəндерін оқушылардың өз таңдауы
жəне қызығуларына орай тереңдете
оқуына арналып, шəкірттердің
ғылыми-теориялық білімдері мен
практикалық ептіліктерін дамытуды
көздейді.

26.

Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив
түрлері келесідей:
негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел
тілдері жəне т.б.) меңгеру;
мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама
түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту.

27.

Курстық (жоба) жұмыс –оқу
ұйымдастыру формасы ретінде
жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін
игерудің қорытынды кезеңінде
пайдаланылады.

28.

Дипломдық жоба - білім беру
мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің
аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу
ұйымдастыру формасы.

29.

Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін
ұйымдастырудың көп формаларының бірі.
Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары –
кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен
бірге шынайы болмыста қолдану арқылы игерілген
білімдерді кеңіту, бекіту, қорытындылау жəне жүйелеу.

30. Сабақтың құрылымдық элементтері

ұйымдастыру бөлімі;
жаңа материалды мазмұндау;
бекіту, нұсқаулық, оқушылардың өзіндік жұмысы;
үй тапсырмасын тексеру және түсіндіру;
меңгерілген оқу материалын тексеру және
бақылау;
оқу орнын жинау.

31. Сабақтың негізгі құрылымдық элементтері:

ұйымдастыру бөлімі, жаңа материалды
мазмұндау, бекіту, нұсқаулық, оқушылардың
өзіндік жұмысы, үй тапсырмасын тексеру және
түсіндіру, меңгерілген оқу материалын тексеру
және бақылау, оқу орнын жинау.

32.

Оқытушының және оқушының
оқу-тәрбие іс-әрекетінің
элементтерінің қатынасы,
олардың қатаң тізбектілігі және
өзара байланысын сабақтың
құрылымы деп атайды.

33. Оқушыларды ұйымдастыру. Сабақтың сапасы көбінесе оның қалай ұйымдастырылғанына бай ланысты. Бірінші сәттен-ақ оқушы өзінің

қажеттілігін, өздерін бір ұжымның
мүшесі ретінде сезінбесе, онда ол сабақтағы тәртіптің
бұзылуына, оқушылардың төменгі белсенділіктерінің
төмендеуіне әкеледі. Өндірістік оқыту сабақтарында
оқушыларға кәсіптік оқыту педагогынсыз , шеберханада
өз беттерінше қалуға рұқсат беру өндірістік оқыту
инженеріне (шебеберіне) берілмейді.Сабақтың басында
оқушылардың жұмыс киімі тексеріледі, содан соң
саймандарды және дайындамаларды тарату жүзеге
асырылады.

34. Жаңа материалды баяндау. Бұл элемент теориялық оқыту сабақтарында және өндірістік оқытудың кейбір сабақтарында орын алады,

мұнда оқушыларға осы сабақта (оның
нұсқаулықтан айырмашылығы) практикалық ісәрекет процесінде пайдаланылмайтындығы
айтылады. Жаңа материалды баяндау басында
оқытушы оқушыларға сабақтың тақырыбын және
мақсатын айтады, содан соң жаңа материал
беріледі.

35.

Кіріспе нұсқаулық. Нұсқаулық ұзақтылығы оқушылардың
жасын ескеруі тиіс. Нұсқаулық жүргізу үшін оқытушы
өзіне келесідей сұрақтар қояды:
не істейді? – оқушыларға тапсырманы түсіндіру;
қалай істейді? – орындалу реті;
неге қалай істейді? – тапсырманы орындау құралдарын
көрсету, жұмыс позасын және т.б. қысқаша ғылыми
негіздеме.
не, қашан және қалай бақылау қажет? - өзін-өзі бақылау
әдістемесі;
оқушылар арасында тапсырмаларды бөлу.

36.

Оқушылардың өз бетінше жұмысы
(ӨБЖ) сабақтың негізгі кезеңдерінің
бірі болып табылады. Оқушылардың
ӨБЖ тиімділігін олар
тапсырмаларды қалай орындап
жатқанынан, өз білімдерін
практикада қалай
пайдаланатынынан білуге болады.

37.

Қорытынды нұсқау – өндірістік
оқыту сабақтарының нәтижесін
қорытындылау, оқушылардың
білімін және біліктілігін бағалау,
жақсы бұйымдарды көрсету,
жіберілген қателердің себебін
талдауды жүргізу.

38.

Кез-келген сабақ жұмыс орнын
жинастырумен аяқталады.
Оқушылар сабақ аяқталғаннан
кейін, өз жұмыс орындарын және
жалпы бөлмені реттеулері тиіс. Бұл
кезеңде еңбек мәдениеті
тәрбиеленеді.

39. Сабақтың түрлері (типтері)

жаңа білімді меңгеру сабағы;
білікті және дағдыны қалыптастыру сабағы;
білімді практикада қолдану сабағы;
жүйелеу және саралау сабағы;
білімді, білікті және дағдыны тексеру сабағы;
аралас сабақ.

40.

Жаңа білімді меңгеру сабағы бұрын бейтаныс
ақпаратты сипаттағы жаңа материалды өту
кезінде қолданылады, меңгеруге оңай кең
көлемді сұрақтар енеді. Бірақ оған қарамастан,
оқушылардың өзіндік жұмыстарына орын
қалдыру керек, мысалы: оқулық бойынша
өзіндік жұмыс, өтіп жатқан процестерді
суреттеу, байқау.

41. Білікті және дағдыны қалыптастыру сабағы. Өтіліп жатқан материалдың екінші ретті еске тусірілуі және оны практикада пайдалану.

Бірақ, бастапқы
білікті және дағдыны қалыптастыруға
арналған сабақтар мен оларды бекіту
сабақтарымен шарастырмау керек.

42. Білімді практикада қолдану сабағы. Бұл сабақта оқытушыны оқушылар білімдерін қаншалықты білікті және өз беттерінше сол немесе

басқа жұмысты
орындай алатындығы қызықтыруы тиіс.

43.

Жүйелеу және саралау сабағы. Бұл сабақ білімді
жүйелеу үшін пайдаланылады. Оқушылардың
жаңа сабақты меңгергендігін және бекіту
дайындығын тексеру үшін қайталау және
саралау қолданылады, ол барлық сабақ
түрлерінде пайдаланылады, бірақ бұл жағдайда
ол сабақ негізі, яғни орталықта болады.

44. Білімді, білікті және дағдыны тексеру сабағы. Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың үлгерімін негіздеу үшін мәліметтер алу, білімнің

саналылық
және тереңдік, алынған біліктің және
дағдының сапасының дәрежесін анықтау
үшін жүргізіледі.

45. Аралас сабақ

Бұл сабақтың дәстүрлі схемасы –
жаңа материалды сұрау, суреттеу,
бекіту, өз бетінше жұмыс, үйге
тапсырма, жұмыс орнын жинастыру,
яғни мұнда барлық құрылымдық
элементтер бар.

46.

Оқу процесіндегі мақсат
дегеніміз оқушылармен бірлесе
шешімді талап ететін нақты оқутәрбие міндеті.

47. Білім беру мақсаты Білім беру міндетінің формулировкасы

… туралы бастапқы түсінік беру;
… меңгеруді қамтамсыз ету;
… қалыптастыру (қалыптастыруды жалғастыру);
… бекіту;
… ғылыми білімдерді, өндірістік ұғымдарды саралау
(немесе жүйелеу);
… арнайы өндірістік ұсыныстарды кеңейту;
… және т.б. жалпыеңбектік білімді тереңдету (бекіту).
o

48. Тәрбие беру мақсаты Тәрбие беру міндетінің формулировкасы

Баулу: толық құқылы және
жауапкершіліктік сезім; бар
технологияларға критикалық қарымқатынас, процесті рационализациялау
және т.б.
Еңбектік іс-әрекеттегі инициатива және
өзбеттілікті тәрбиелеу.

49. Дамытушылық мақсат Дамытушылық міндеттің формулировкасы

саралау, қорытындалар жасау;
сұрақтар қою;
міндеттерді формулировкалау;
жауаптарды формулировкалау;
өз бетінше шешім қабылдау;
өз әрекеттерін бақылау;
проблемалық жағдайларды, міндеттерді шешу;

50.

Дамытушылық міндеттің формулировкасы
• алынған білімді практикада пайдалану және т.б.;
• оқушылардың бойында кәсіби қызығушылықты
дамыту;
• арнайы қабілеттердің дамуына әсер ету;
• оқушыларды саналы түрде мамандықты таңдауға
дайындау;
• қажетті жеке даралық қасиеттердің дамуына әсер
ету (ерік, мақсатты түрде бағытталу, биязылық,
жауапкершілік, жинақылық және т.б.).

51.

Егерде мақсат — білім берушілік
болса, ол өндірістік процестер
туралы ойлауды, бүгінгі күнгі
заманауи технологияларды
кеңейтеді.

52.

Егерде мақсат — тәрбие берушілік болса, ол
оқушының көзқарасына әсер етеді, мақсатты
түрде экологиялық, экономикалық және т.б.
қоғамның болашақ мүшесінің ойын
қалыптастырады.

53.

• Егерде мақсат — дамытушылық болса, ол еңбек
дайындығының практикалық бағыттылығына
бағытталады, ол оның педагогикалық құндылығын
анықтайды.

54.

Зер қойып тыңдағандарыңызға
көп рахмет!!!
English     Русский Rules