Тақырыбы Беткей және орта тісжегінің клиникасы, диагностикасы,патоморфологиясы
Беткей тісжегі немесе кіреуке тісжегісі.
Беткей тісжегі
Орта тісжегі
Орта тісжегі
Тісжегінің патологиялық анатомиясы
1.92M
Category: medicinemedicine
Similar presentations:

Беткей және орта тісжегінің клиникасы, диагностикасы,патоморфологиясы

1. Тақырыбы Беткей және орта тісжегінің клиникасы, диагностикасы,патоморфологиясы

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Тақырыбы Беткей және
орта тісжегінің клиникасы,
диагностикасы,патоморфолог
иясы
Орындаған: Жанат Б.А.
Факультет: Стоматология
Курс: III
Группа: 004-01
Тексерген:

2. Беткей тісжегі немесе кіреуке тісжегісі.

Беткей тісжегі ақ немесе пигменттелген дақтар аймағында кіреукедегі
құрылымдық өзгерістер нәтижесінде дамиды және кіреукенің бүтіндігі
бұзылып, патологиялық үрдіс кіреуке-дентин шекарасына жетеді. Бұл
кезде бұзылған тісте механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден
ауыру сезімі пайда болып, ықпал етуші әсер тоқтағаннан кейін тез басыла
қояды. Ауыру сезімінің пайда болуын кіреуке-дентин шекарасындағы
нерв ұштарының тітіркенуімен түсіндіріледі (бірақта соңғы уақытқа дейін
кіреуке дентин шекарасында нервтік элементтер әлі анықталған жоқ).Тіс
қатарын қарап тексергенде көбінесе азу тістердің шайнау бетерінде таяз
тісжегі қуысы анықталады, көбінесе ас қалдықтарымен жабылған (2сурет). Сүңгілеп байқағанда қуыс табанында ауыру сезімі тіс
мойындарында орналасқан тісжегі қуыстарында күштірек сезіледі. Тіс
ұлпасының электрқозғыштығы 2-6 мкА тең.

3.

1-сурет. Беткей тісжегі.

4. Беткей тісжегі

5.

• Беткей тісжегіні сына тәрізді ақаудан, тістер
гипоплазиясының нүктелі, шәшкеге ұқсас
түрлерінен, флюороздың эрозиялы
түрлерінен ажырата білу керек.
Флюороз
Гипоплазия

6. Орта тісжегі

• Тісжегінің бұл түрінде кіреуке-дентин
шекарасының бүтіндігі бұзылып, патологиялық
үрдіс жабынды дентин қабатында дамиды.
Орта тісжегі кезінде науқас ешқандай шағым
айтпауы мүмкін. Себебі біртіндеп пайда
болған жылтыр дентин және үшіншілік дентин
қабаттары ұлпаның әртүрлі тітіркендіргіштерге
жауабын төмендетеді. Ал қарқынды дамыған
түрінде ауыру сезімі көбінесе
механикалық,температуралық
тітіркендіргіштерден тез пайда болып, тез
басылады.

7. Орта тісжегі

8.

• Тіс қатарын тексеріп қарағанда бұзылған тісте орта тереңдіктегі
тісжегі қуысы анықталады. Тісжегі қарқынды дамыған кезде
қуыстың кірер ауызы тар (көбінесе І – кластық тісжегі қуыстары
кезінде), іші ақ түсті ыдыраған дентинге және ас қалдықтарына
толған, қабырғасында ақшыл-сұр түсті оңай аршылатын
жұмсарған дентин қабаты бар. Сүңгілеп тексергенде кіреукедентин шекарасында ауыру сезімі бар. Тісжегі баяу дамыған
кезде қуыстың аузы үлкендеу болады, ішінде ыдыраған дентин
аз мөлшерде кездеседі, көбіне қабырғаларында сары, сарықоңыр түсті жұмсарған дентиннің қалың қабаты анықталады
және оңайлықпен аршыла қоймайды (3-cурет). Сүңгілеп
байқағанда кіреуке-дентин шекарасында, табанында ауыру
сезімі болмайды. Ауыру сезімі кіреуке-дентин шекарасында
қуысты егеп-тазалап жатқанда немесе тазалағаннан кейін
сүңгілеп тексергенде байқалуы мүмкін. Тазаланған қуыстың
табаны пигменттелген, өте қатты және жылтыр.

9.

2-сурет. Орта тісжегі.

10.

• Ас қалдықтарынан, ыдыраған және жұмсарған дентиннен
тазаланбаған қуыстың тереңдігін көрер көзбен немесе сүңгілеп
анықтау қиын. Кейде жұмсарған дентиннің қалыңдығы
соншалық, орта тісжегіге санап тұрған қуыс тазалағаннан кейін
терең тісжегі қуысына айналады және жұмсарған қалың детин
қабаты да тітіркендіргіштер әсерін ұлпаға өткізбейді.
• Тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде де ауыру сезімі көп
болмайды, сирек жағдайда қабырғаларында кіреуке-дентин
шекарасына жақын аймақта ауыру сезімі пайда болуы мүмкін.
Тістің электр қозғыштығы 2-6 мкА тең.
• Орта тісжегіні сынаға ұқсас ақаудан, кіреуке эрозиясынан, терең
тісжегіден және периодонттың созылмалы қабынуынан
ажыратады (сауыт қуысы ашыылмаған жағдайда). Сынаға ұқсас
ақау мен кіреуке эрозиясы кезінде жарақат ошақтары олардың
тек өздеріне тән аймақтарында дамиды және қабырғалары
қатты, тісжегімен асқынбаса жұмсарған дентин болмайды.

11.

Кіреуке эрозиясы
Терең тісжегі

12.

• Терең тісжегіден науқастың шағымы және
объективтік белгілері бойынша ажыратады.
• Орта тісжегінің периодонттың созылмалы
қабынуымен ұқсастығы – тісжегі қуыстары бола
тұрса да ауыру сезімінің болмауы. Периодонттың
созылмалы қабынуы кезінде сауыт қуысы кейде
жабық болғанымен, егеп-тазалаған кезде оңай
ашылады және тазалау кезінде, сауыт қуысы
ашылған кезде де ауыру сезімі болмайды.
Перидонттың қабынуы кезінде ешқандай
тітіркендіргіштер ауыру сезімін туындатпайды және
тіс ұлпасының электрқозғыштығы 100 мка жоғары.

13. Тісжегінің патологиялық анатомиясы

• Беткей тісжегі (поверхностный кариес) кезінде
кіреуке бұзылысқа ұшыраған,
микроорганизмдер шоғырланған ошақ
анықталады, бірақ кіреуке-дентин
шекарасының бүтіндігі сақталған.
• Беткей тісжегі дер кезінде анықталмаса,
минералсыздану үрдісі тереңдеп, кіреукедентин шекарасы мен жабынды дентин
бұзыла бастайды және орта тісжегі қуысы
қалыптасады.

14.

15.

16.

• Орта тісжегіні сәулелік микроскоппен тексергенде тіс тіндерінде
үш белдеу анықталады (3-сурет): 1) ыдыраған және жұмсарған
дентин белдеуі; 2) мөлдір және қалыпты дентин белдеуі; 3)
орынбасушы дентин және ұлпадағы өзгерістер белдеуі.
• Егер аталған белдеулерге толық сипаттама берілетін болса, ол
төмендегідей: бірінші белдеудің жоғарғы қабатында белгілі
құрылымсыз қатты бұзылған біртекті заттар мен
микроорганизмдер анықталады (ыдыраған дентин қабаты).
Жұмсарған дентин қабатында құрылымдық өзгерістер
байқалады: дентин түтікшелері кеңейген, кейбір жерлерде
қабырғаларының бұзылуы нәтижесінде олар бір-бірімен
қосылып микробтарға толы ұсақ қуыстар (микрополостикаверны) құрайды. Тереңдеген сайын микроорганизмдер саны
азая береді. Дентин түтікшелеріндегі одонтобласттар өсінділері
майлы дистрофиялануға ұшыраған. Көңіл аударатын жәйт басқа
аймақтарға қарағанда дентиннің жұмсарып ыдырауы кіреукедентин шекарасы бойында қарқындырақ жүреді, сондықтан
тісжегі қуысының ауызы әлі бұзыла қоймаған жабынды
дентинмен қоршалғандықтан тар болады.

17.

3-сурет. Орта тісжегінің патологиялық анатомиясы.

18.

Шлиф эмали зуба при кариесе эмали в стадии белого
кариозного пятна: 1 — тело поражения; 2 — прозрачная зона;
3 — тёмная зона. Поляризационная микроскопия; × 45.

19.

Шлиф зуба при кариесе эмали в стадии
пигментированного пятна:
деминерализация подповерхностного слоя;
наружный слой (I) эмали сохранен;
подповерхностный слой (2)
деминерализован. Микрорентгенограмма;
× 45.

20.

Электронограмма эмали зуба при кариесе в стадии пятна:
видны расширения межпризменных пространств (указано
стрелками); × 38 400.

21.

• Дентинде минералсыздану үрдісі үдеген сайын
түтікшелердегі одонтобласттар өсінділері (Томес
талшықтары) бұзылысқа ұшырайды және олардың
орнына микроорганизмдер жиналады.
Микроорганизмдерден бөлінген ферменттер жұмсарған
дентиннің органикалық затын бұзады. Тісжегі қуысының
ұлпаға қараған шет аймақтарында дентин түтікшелері
кеңейіп, деформациялануға ұшырайды. Келесі белдеу
екі қабаттан тұрады: 1) тығыздалған мөлдір дентин
қабаты (шамадан тыс минералданған қабат), мұнда
дентин түтікшелері апатит кристаллдарының шөгу
әсерінен тарылып, кейбір жерлерінде толығымен
бітеліп қалған; 2) қалыпты дентин (интактный дентин)
қабаты ұлпа үстінде орналасқан.

22.

Гистологический препарат зуба при
кариозном поражении дентина: выражено
расширение дентинных канальцев (1) по
периферии кариозной полости, их
чёткообразное вздутие (2); окраска
гематоксилин-эозином; × 200.

23.

• Ұлпадағы өзгерістерге тоқталатын болсақ, тісжегінің
қуысты кезеңінде (дақты тісжегі сатысынан басқа)
әртүрлі ауытқулар байқалады. Жоғары және орта
тісжегі кезінде де орынбасушы дентиннің
құрылғаны, жарақат ошағына жақын аймақта
одонтобласстар санының азайғаны байқалады.
Нерв талшықтары мен қан тамырларында да
морфологиялық бұзылыстар орын алады. Терең
тісжегі кезінде қан тамырларында ұлпаның жедел
қабынуына ұқсас өзгерістер табылған. Нерв
талшықтарында дегенеративтік үрдістер қуыс
тереңдеген сайын күрделеніп, олардың осьтік
цилиндірлерінің ыдырауын туындатқан.

24.

Шлиф коронки зуба при фиссурном кариесе: видна кариозная
полость (1) с нависающим краем эмали, со стороны полости
зуба — образование слоя заместительного дентина (2).
English     Русский Rules