597.00K
Category: biologybiology
Similar presentations:

Асқабақ шаруашалығы

1.

2.

Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық
шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка.
Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың
20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро),
мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен
«Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10», «Қашғарлық-1644» сорттары
өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ
сабағының ұзындығы 2 – 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі.
Жапырағы – ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты,
ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге
оралады. Жемісі – жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр
түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 –
50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ
заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин,
рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар. Асқабақтың
асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады.
Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.

3.

Асқабақтың шипалық қасиеттеріне
тоқталсақ
, жүрек әлсіздігінен
жүдегендерге ем ретінде қолданылатын
асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни
«етін» дәрігерлер отқа немесе суға күйген
науқастарға жарасын таңуға кеңес береді.
Асқабақ
көру қабілеті нашарлағандарға
,
қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере
алады. Құрамындағы жасанды талшықтың,
судың және жасұнықтың көп мөлшерінің
арқасында
артық салмақтан арылғысы
келетіндер үшін
де таптырмайтын ем.

4.

Асқабақ халық емінде
Австрия патшасы (1773 жылы) асқабақтың шипалық қасиетіне әбден
тәнті болғандықтан, мынандай жарлық шығарған: «Асқабақ
денсаулыққа таңғажайып әсер етеді, өте пайдалы болғандықтан,
тағам ретінде пайдалануға тым бағалы, сондықтан тек дәрі күйінде
ғана пайдаланылсын». Асқабақтың емдік қасиеттері Авиценаның
жазбаларында да, Мухаммед Хусейн Шеразидің еңбектерінде де
кездеседі. Бұл жазбаларда тіпті, асқабақ дәнінің майы құлақ пен
тамақ ауруына ем ретінде пайдаланылатыны, ыстығы жоғары
адамдарға асқабақ шәрбатының (сиропының) шипалы әсер
ететіндігі
айтылады. Сол ерте заманнан жеткен тағы бір деректер: көру
қабілеті нашарлағанда да, қаназдықтан жапа шеккенде де, артық
салмақтан арылғысы келгенде де адамдар асқабақтың еміне
жүгінген. Және де асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды
тұрақтандыруда да өте шипалы.

5.

Асқабақтың пайдасы;
Асқабақ шырыны балмен жатар алдында ішсе, жүйке жүйесін
тыныштандырып, ұйқы дәрісі секілді әсер етіп, тыныш ұйықтайсыз.
Жүкті әйелдердің жүрегінің айнығанын асқабақ шырыны басады.
Ағза жүдегенде, әлсіздік кезде асқабақты сүтпен дайындап, қаймақ,
май, жаңғақ, бадаммен қосып жейді.
Асқазан ішек жолдары, асқазанның шырышты қабатында дерт болса,
асқабақтан езбе дайындап, ішіңіз.
Бүйрек ауырғанда тәулігіне жарты стақан шырыны немесе
қайнатылғанын жейді
Терідегі қышыма, есекжем шыққанда, не болмаса күйік шалғанда
үккіштен өткен мәйегінен компресс жасайды.
Сары ауру дертінде 4 ай қатарынан үзбей мәйегін жеу керек.
Бауырға өте жақсы, әрі қызметі жақсарады, әрі пайдалы.
Ішектегі құрт дертінде асқабақты алып, дәні мен мәйегін ойып алып,
жылы су құяды. Жарт сағат беті жабық ыдыстың ішінде болуы керек.
Дайын кезде тұнбадан күніне 4 рет астан 20 минут бұрын жарты
стақан ішеді. 20 күн. Бір айдан кейін қайтадан жалғасы.
Ішектеі паразиттен ең тиімді тәсілі қабығы аршылған дәнін
ашқарынға жейдің. 7 шақты дәнді езіп, сүтпен ішеді.
Простатит кезінде, 0,5кг тазаланған асқабақ дәнін, шикісін,
еттартқыштан өткізіп, 1 стақан балмен араластырып жеу керек. Он
шақтысын банкаға салып, қалғанын тоңазытқышқа сақтайды. Күніне 1
рет ашқарынға 30 минут бұрын жейді. Емді жылына 1 рет ғана
жасайды. Көп жеу жүректі нашарлатып жібереді.
Ұйқысыздық болғанда қайнатылған, буға піскен асқабақ мәйегінен
ботқа дайындап күніне 2 рет 50гр ішеді. Жатар алдында
қайнатпасына бал қосып, 3 стақаннан кәдеге жаратады. Екінші
жағдайда; 20 бадам жаңғағына 1 шәй қасық асқабақ дәнегін қосып,
үстіне қайнаған су құйып, 8 сағат тұндырады. Кешке таман ішу керек.

6.

7.

Асқабақ құймағы
Асқабақтық қабығын аршып, дәнін алып тастайды. Үккішпен үгіп, оған сүт құяды да, 15—20
минут бұқтырады. Содан соң суытыл, ұн немесе кепкен аяның ұнтағын, жұмыртқаның
құмшекер қосып езілген сары уызын қосады, аздап тұз салады. Сосын жақсылап араластырып,
көпіршітілген белок қосады. Ұн орнына стакан толар-толмас ұнтақ жарма қосса да жетіп жатыр.
Құймақты жақсылап қыздырылған майға қуырады. Дастарқанға дайын құймақпен бірге қаймақ
және қүмшекер қоса беріледі. 1.5 кг асқабаққа: 1 стакан сүт, 1 стакан бидай ұны немесе кепкен
нан ұнтағы, 1 ас қасық құмшекер, 2 жұмыртқа, 1 ас қасық сары май керек. Тұз татымына қарай
салынады.
Қуырған асқабақ
Асқабақтың қабығын аршып, дәнін алады. Турап тұздайды (қажетіне қарай бұрышталады). Ұнға
аунатылып, сары майға қабығы қызарып қабыршақтанғанша қуырады. Оны қаймақ қосып жеген
жақсы.
Алма қосып піcірген асқабақ
Асқабақ пен алманы ұсақтап турайды да, араластырып, шала піскенше (10—15 минут)
бұқтырады. Оттан алып, аздап суытады да, жұмыртқаның қант қосып үгілген сары уызын, содан
соң көпіршітілген белок қосады. Сосын мұқият араластырылып сары май жарылып, кепкен нан
ұнтағы себілген формалы ыдысқа салып пісіріледі. 500 г асқабаққа: 500 г алма, 2 жұмыртқа
керек. Құмшекер татымына қарай салынады. Асқабақ дәмін тағам үшін шикілей де, қуырыл та
пайдалануға болады. Асқабақ өсіру жөнінде Бақша мақаласынан қараңыз.
English     Русский Rules