1.18M
Category: medicinemedicine

Гинекологияғы жедел жағдайлар

1.

•Гинекологияғы
жедел
жағдайлар
Орындаған:Қойбағар Аида

2.

3.

Жатырдан тыс жүктілік — ұрықтың Жатырдан тыс
дамуы. Ұрықтанған аналық жұмыртқа әр түрлі
аурудың (қабыну, соз, т.б.)
салдарынан, аборт жасатудан, жыныс мүшелерінің
жетілмеуінен, т.б. себептерден Жатыр түтігінен
Жатырға өте алмай қалады. Жатырдан тыс жүктілік:
түтіктегі, аналық бездегі және
құрсақтағы жүктілік деп бөлінеді. Бұлардың ішінде
өте жиі кездесетіні Жатыр түтігіндегі жүктілік.
Ұрықтанған жұмыртқа Жатыр түтігінің ішкі қабатына
жабысып өседі. Ұрық 6 — 8 аптадай дамып, түтікті
керіп, жарып жібереді. Жатырдан тыс жүктілік
кезінде кіндіктің төменгі жағы қатты ауырады,
ішке қан құйылып, әйел әлсіреп, есінен танып қалуы
мүмкін. Жатыр түтігіндегі жүктілік мезгілмезгіл толғақ сияқты ауыртады. Бірнеше сағаттан
соң жазылып кеткендей болады. Жатырдан тыс
жүктіліктің қандай түрі де әйел өміріне өте қауіпті.
Жатырдан тыс жүктілікті тек хирургиялық
операция жасап емдейді. Операциядан кейін әйел
бір жыл бойына гинеколог-дәрігердің бақылауында
болады.

4.

5.

6.

7.

8.

Түтіктік аборт
Түтіктік аборттың клиникасы жалпы жүктіліктің субъективті және объективті
белгілерімен қосарлана жүреді.Етеккірдің аз кешігуінен кейін іштің төменгі
жағының толғақ тәрізді,қайталамалы, ұстамалы ауырсынулар, жиірек бір жақты,
белгілі уақыт аралығында жыныс мүшелерінен қою қанды бөліністер болады.Од
децидуалды қабаттың ажырауынан болады.Түтіктік аборттың кеш клиникалық
көрінісі іш қуысына екіншілік қан кетумен,жатыр-тік ішек қуысына гематома
түзілумен,анемия жіне іш астардың тітіркенуімен сипатталады.
Емі:Оперативті ем жүргізіледі.Жатыр түтігіне пластикалық операция жасайды.

9.

Аналық без апоплексиясы- бұл аналық безге кенеттен фолликул тамырларының ,
фолликулярлы киста, аналық без стромасының , сары дененің жарылуынан қан
құйылу.
Апоплексия өз кезегінде аналық без тінінің бұзылуымен , құрсақ қуысына қан
құйылумен жүреді.
Апоплексия 90-94 % жағдайда овуляторлы ауырсыну немесе менструальді
циклдың 2 фазасында пайда болады. Бұл осы кезде қантамырлардың
өткізгіштігінің жоғарылауымен және овуляция кезінде қанға толуының күшеюімен
байланысты.
Оң жақ аналық безі апоплексиясы сол жаққа қарағанда 2-4 есе жиі кездеседі.
Себебі оң жақ аналық безіне қан көп мөлшерде аортаның өзінен , ал сол жаққа
бүйрек артериясынан келуімен байланысты.
Кіші жамбас астауындағы ағзалар қабыну аурулары аналық без тінінде
склеротикалық өзгерістерге, овариальді веналардың варикозды кеңеюіне алып
келеді.
Гормаональді статустың өзгеруі де аналық без апоплексиясына себеп болады.
Гипофиздің гонадотропты гормондары арақатынасының өзгеруі, пролактин
деңгейінің өзгеруі де аналық безінде ретениондық кисталар түзілуіне және
овариальді тін гиперемиясына әкеледі.
Аналық без апоплексиясының дамуына алып келетін қауіп –қатер факторлары :
1. Жарақат
2. Ауыр физикалық жұмыс
3. Дөрекі жыныстық қатынас

10.

11.

12.

13.

Емі: консервативті және хирургиялық .
Аналық бездің жеңіл түрінде және қан мөлшері 150 мл аз болса, консервативті ем
жүргізуге болады. Науқасқа толық тыныштык керек, спазмолитиктер, қан тоқтатушы
дәрілер, витамин береміз.
Лапароскопияға көрсеткіш:
Құрсақ қуысына 150 мл көп қан кету.
Консервативті ем нәтижесіз болып , көп мөлшерде қан кету.

14.

Аналық бездің аяқшасының оралуы
Аналық без ісігі аяқшасының түсінігіне аналық безге
жататын:аналық без шажырқайы,аналық бездің өзіндік
байламы,аналық без ілініп түратын байламдарының
анатомиялық түзілімі кіреді.Мұның барлығы аналық без
ісігінің аяқшаларын құрайды.Аналық без ісігінің
аяқшаларынан қан тамырлары,лимфа және нерв
тамырлары өтеді.Оратылудан түзілетін хирургиялық
аяқша,ол өзіне басқа да мүшелерді қосуы
мүмкін.Керілген жатыр түтігі,май шарбасыіішек
ілмектері,көбінесе аналық без аяқшаларына жатыр түтігі
оралып қалады.
Емі
Оперативті ем жүргізіледі.Ішті ашқан соң оратылған
аяқшаларды айландырмай тұрып,эмболия болдырмау
үшін қысқыштар қойылады.
English     Русский Rules