Similar presentations:
Жүрек мұңы
1.
2.
Амангелді АружанПердебек Рамазан
Жүрек мұңы...
Қызылорда 2015 жыл
3.
МазмұныАлғы сөз.............................................................3
Күтемін...............................................................4
Ғашығыма..........................................................5
Мың бір сұрақ....................................................6
Разы болам қалсам да жалғызсырап.............7-8
Пәк жүрегім...................................................... 8
Тағдырдың қалауы сол......................................9
Сағынды қайран жүрегім.................................10
Бәрі жалған.......................................................11
Кетсем де өліп……………………………………………12-13
Жалғыздық.......................................................13
Сезбейсің!.........................................................14
Ұнатамын..........................................................15
Қорытынды......................................................16
4.
Алғы сөзӨмірде әркімнің де өз орны бар,
Әркімнің де жүретін өз жолы бар.
Өмірден орнын адам тапқан кезде,
Сонда ғана бақытқа шын малынар.
Қорытынды
Бұл өмірде бар емес пе, түрлі адам,
Және де көп бұл өмірде түрлі маман.
Бірі адамды емдесе жан тәнімен,
Бірі сөзбен емдейтін, ісі харам.
Туылғаннан ақын болып тумадым,
Өсе келе өнерімді шыңдадым.
Шабытпенен шыққан әрбір өлеңді,
Оқырмандар, мен сіздерге сыйладым.
Амангелді Аружан
3
16
5.
ҰнатамынМен сені ұнатамын, біраз болды,
Келбетің мен ісіңе көңілім толды.
Сол бір жаздың кешінде жүздесіп ек,
Мінекей, сол күнге үш ай болды.
Күлгенің, қарағаның әлі есімде,
Айтшы оны, жасырайын мен несіне?!
Колледждің аумағынан көріп қалсам,
Қарайлап отырамын тым тесіле.
Жасырмаймын, мен үшін орның дара,
Саған тек айта алмаймын мен ашыла.
Айта алмаймын, жо-жоқ мен ұяламын,
Досың болып жүрейін мен одан да.
Күтемін
Күтемін, күтудемін келе алмадын,
Саған деген сезіміме сене алмадың.
Сүйемін деп мені алдап келіпсің сен,
Жаралап жүрегімді кете бардың.
Амалым не?
Тағдырдың сынағы шығар,
Мендік күйді “жаралы жүрек” ұғар.
Ғашық болдым артынан опық жедім,
Осындайда жүрегім әбден жылар.
Өзге жанды мүлдем қаламаймын,
Басқаларды мен соқыр көре алмаймын.
Саған деген ыстық сезім шынайы ғой,
Сен тұрғанда басқаны сүйе алмаймын.
Амангелді Аружан
Пердебек Рамазан
15
4
6.
Ғашығыма...Түңілмеймін, мен-дағы түңілмеймін,
Жүрегім жыласа да, күлімдеймін.
Аспандағы жарқыраған ай болсам мен,
Ғашығымды сәуле шашқан күнім деймін.
Сезбейсің!
Сезбейсің! Сезбейсің-ау, сезбейсің!
Жанарымнан ыстық сезім көрмейсің.
Өлердей ғашықпын ғой бір өзіңе,
Сен сол пәк сезімімді білмейсің.
Берілмеймін, мен-дағы берілмеймін,
Өмір атты керуеннен жеңілмеймін.
Егерде мен махаббат көлі болсам,
Ғашығымды көлімдегі аққу деймін.
Күнде көрем батылым менің жетпейді,
Зулап өтер, уақыт мені күтпейді.
Асылдардың асылысың ғашығым,
Сұлулардың сұлуы да жетпейді.
Пердебек Рамазан
Сезбейсің! Сезбейсің-ау, сезбейсің!
Жүрегіңнен маған орын бермейсің.
Қанша жанға жолықсам да жалғанда
Күнім-ау сен ешбіріне тең келмейсің.
Пердебек Рамазан
5
14
7.
Кетсем де өліп, тілеуіңді тілеймін,Уәде беремән сенен басқаны сүймеймін.
Кетсем де өліп, өмірге артар өкпем жоқ,
Кетсем де өліп, жүрегім менің өлмейді.
Пердебек Рамазан
Жалғыздық
Қиналдым,
Жабықтым,
Жалғызсырап,
Өткенім мен тым бұлыңғырақ.
Сол үшін ашылып айта алмаймын,
Сенде мені қинама қойып сұрақ.
Балалық кезеңнен ерте кеттім,
Тым онша көп емес еркелеппін,
Тағдыр ғой, бәлкім, осының арқасында,
Өзімді қорғайтын халге жеттім.
Амангелді Аружан
“Мың бір сұрақ”
Мұңаяады, жүрегім, неге бірақ,
Жүрегімде сайрайды сансыз сұрақ,
Жауаптарын табатын күн бар м(а)екен?
Таба алам ба, таппаймын ба бұл да сұрақ.
Ғашықпын ба, біреуге шыныменен?
Әлде маған ғашық па, бір пенделер?
Сағынам ба, сағынбайм(ын) ба біреулерді?
Сағынатын адамым бар ма менде?
Сағынса да қайтейін мына мені?
Қалдырды ғой бәрі де көңілімді.
Қолымды бір сілтедім ашуланып,
Бұл өмірге болғасын қатты өкпелі.
Өкпеледім,жүрегім, ауырды шын,
Бұл өмірде сүйгенім болмағасын,
Мен сүйсем де бір жанды жүрегіммен,
Ол да мен дәл солай сүймегесін.
Бұлардың барлығы да бір-бір сұрақ,
Бұл сұраққа бар ма екен менде жауап?
Жауаптарын тапсам да қуанбаспын,
Себебі, әлі менде мың бір сұрақ!!!
Амангелді Аружан
13
6
8.
Разы болам, қалсам дажалғызсырап...
Өзегімді өртейді сан мың сұрақ,
Шатасамын кей түрлі ойлар құрап.
Кей сәттерде қаламын бір мұңайып,
Сезімімнің болғаны ма бір тиын-ақ?!
Кетсем де өліп, өзіңе жаным жете алмай.
Сарғайар күзді үш ай бойы күте алмай,
Кетсем де өліп, осы бір жаздың кешінде
Кетемін сені бір сәтке бақытты ете алмай.
Тағдырымнан тағы бір қатал сынақ,
Шаршап кеттім расында әбден жылап.
Бақытсыз болсамдағы маған мейлі,
Разы болам, қалсам да жалғызсырап!
Кетсем де өліп, жүрегім сүйе береді,
Пәк сезімім соңыңнан үнемі қалмай ереді.
Кетсем де өліп, сезімді сезіне алмассың,
Кетсем де өліп, жүрегімжылай береді.
Жаратқаннан бір сұрап едім,
Бір сүрініп, қаншама рет құлап едім.
Жүрегім жараланып қала берді,
Көз ілмей күні-түні жылап едім.
Кетсем де өліп, қара жерді жамылып,
Күндерім өтер бір өзіңді сағынып.
Кетсем де өліп, сезімім менің өзгермес,
Кетсем де өліп, әруағым жүрер ән қылып.
Бақытыма жолықтырар, Жаратқаным,
Бірақ мен махаббаттан жырақтадым.
Өкпе артам кей сәттерде Тағдырыма,
Қу махаббат, соңында жылап қалдым.
Кетсем де өліп, сезімім менің сөнбейді,
Қос жанарым сенен басқаны көрмейді.
Кетсем де өліп, сүйіп қаламын мәңгіге,
Себебі: сендей жалғанда екі келмейді.
7
Кетсем де өліп…
12
9.
Бәрі жалған...Бәрі жалған достар да, сүйген жан да,
Бәрі жалған екен ғой бұл жалғанда.
Мендегі тек кеудемде шырылдайды
Жұдырықтай жүрегім, ауырғанда.
Қалсамда жалғызсырап арманым жоқ,
Алға қойған мақсат пен ойларым көп.
Махаббатқа бас қатырып қайтесіңдер?!!
Оқудың махаббаттан пайдасы көп!
Амангелді Аружан
Мен аңсаймын пәк махаббат адал достық,
Бірақ енді шаршамаймын гүлдей солып.
Сағынғанда жүрегім сол бір жанды,
Қозғала алмай қаламын өлгендей боп.
Пәк жүрегім
Пәк жүрегім тек бір жанды сүйіп еді,
Қызғаныштың отына күйіп еді.
Екі арнаға бұралды екі ағыс,
Пәк жүрегім тоқтаусыз жылай берді.
Өкінішпен қараймын шартарапқа,
Жылаймын, жылағаннан пайда бар ма?
Ех, адамдар сендер мені түсінерсіңдер,
Сүйгеніңнен тым ерте айрылғанда.
Пәк жүрегім осылай жараланды,
Жараланды , бақыт үшін жаралмады.
О, баста сүйген едім беріліп мен,
Пәк жүрегім лас сезімді қаламады.
Амангелді Аружан
11
Енді мен күресемін өмір үшін,
Сезімімді ендігі түсіндім шын.
Ғашық болу ғажап емес азап екен,
Айтпа енді, махаббатты, әрмен құрсын!
Пердебек Рамазан
8
10.
Тағдырдың қалауы сол...Тағдыр қосса бізді, тағдыр міне айырды,
Ескексіз қалды жаным, махаббаттың қайығы.
Мұнша тас жүрек болар ма едің, қарағым?!!
Сені сүйген жүректің бар ма айыбы?
Сағынды қайран жүрегім...
Сағынды сені, шынында қайран жүрегім,
Әрбір күні Алладан тілеуіңді тіледім.
Қазір жоқсың жанымда, өкінішті,
Бұрындары басыма қонған бағым едің.
Қуанып едім өзіңмен, қайғы болды басым,
Мүмкін емес өзіңді сағынбасым.
Қатал тағдыр сынағына төзіп келем,
Жыр арнадым өзіңді сағынғасын.
Айналып кеттің, аз уақытта сағымға,
Амандығыңды тілеймін Алладан күнде жалына.
Қайран жүрегім аңсап қалды өткен шақты,
Тағы бір ән арнадым, өзіңді жаным сағына.
Қалауы осы болды сұм жалғанның,
Жалғыз өзім “арман шыңға” барармын.
Бағалай алмадың сен мендегі сезімді,
Көрерсің сен...
Әлі- ақ бақытты болармын!!!
Өткен күннің келмейтінін мен білемін,
Неге жиі сұм өмірден түңілемін?
Сағынышы сарғайар жүрегімнің,
Тағдыр солай...
Бәріне көндігемін!
Пердебек Рамазан
9
Пердебек Рамазан
10