233.25K
Category: ecologyecology

Зерттеу мониторингісі

1.

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГЕОИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Зерттеу мониторингісі
Орындаған: Тасболат Р.
Тексерген: Мадимарова Г.
Алматы, 2018

2.

Жоспар:
Кіріспe___________________________________________________________________________________________________
2
Негізгі бөлім
1.1. Мониторинг __________________________________________________________3
1.2. Базалық Мониторинг ________________________________________________________________4
1.3. Қоршаған ортаның Мониторингі __________________________________________________________________________5
1.4. Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар _____________________________________6
Қорытынды_____________________________________________________________________________________________9
Қолданылған әдебиеттер тізімі

3.

• Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту,
сақтандыру)[1] – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың
әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі.
Мониторинг
термині
БҰҰ-ның
қоршаған
орта
жөніндегі Стокгольмдегі конференциясыныңалдында (1972) “бақылау” ұғымына
толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты
Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан
артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық
заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім
және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық,
аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар.

4.

• Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу.
Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағыжалпы әлемдік
процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы
экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг –
экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы
бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен
бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға;
экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға;
техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.

5.

Қоршаған ортаның Мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау
арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін
қажет. Сондай-ақ, Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі.
Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған
ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.[2][3] Мониторинг үш деңгейге
ажыратылады:
1. Санитарлық-токсикологиялық мониторинг -қоршаған ортаның күйін, табиғат
нысандарының зиянды заттармен ластану деңгейін, осы
ластаушылардың адамға, жануарлар мен өсімдіктерге әсерін зерттейді.
2. Экологиялық мониторинг -экожүйелердегі, табиғи кешендердегі өзгерістерді,
олардың өнімділігін бақылау.
3.Биосфералық бақылау -табиғаттағы ғаламдықфондық өзгерістерді: радиация деңгейін, атмосферадағы зиянды заттар, шаңның
мөлшерін, жылудың тасымалдануын, планетадағы ауа райы мен климаттың т.б.
өзгерістерді бақылау.

6.

Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық
мониторинг
биологиялық
орталардағы
(организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді
бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай
мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық
байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг - жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана
емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи
құбылыстарды бақылау.
Биосфералық
мониторинг
биосферадағы
өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік
мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі
және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Биоэкологиялық мониторинг - табиғи ортаның жағдайын оның адам
денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін
көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы
және т.б. қолданылады.

7.

Геоэкологиялық мониторинг - табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық
стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық
өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы
көрсеткіштері қолданылады.
Дистанционды мониторинг - бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы.
Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын,
адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру
әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.
Теңіздердің ластануы мониторингі - теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу
мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау
жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау
шараларын жүргізуге қажет.

8.

Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі - су ресурстарын үнемді
пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу
үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында
болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай
өнімдері,
фенолдар,
пестицидтер
және
ең
бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат
иондары жатады.
Ластаушы көздер мониторингі - ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне,
атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану
деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг - антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп
орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы
туралы
ақпарат
алу
үшін
бақылау.

9.

1.
2.
3.
4.
5.
Қолданылған әдебиеттер тізімі :
Книжников Ю.Ф. Основы аэрокосмических методов географических
исследований. М. МГУ. 1980.
Кравцова В.И. Космические методы картографирования. М.МГУ. 1995.
Аковецкий В.И. Дешифрирование снимков. М.Недра. 1983.
Виноградов Б.В. Космические методы изучения природной среды. М.Мысль.
1986.
Аэрокосмические исследования Земли. Отв.ред. С.В.Зонн. М., Наука. 1979.
English     Русский Rules