Доғаны импульсті қоздырғыштар доғаны тұтандырып жандыруды жеңілдету үшін және оның орнықты жануы үшін, легірленген болаттар мен
164.29K
Category: industryindustry

Нәрлендіру көздерінің көмекші құрылғылары

1.

Нәрлендіру көздерінің көмекші құрылғылары
Доғалы пісіру кезінде қолданылатын көмекші құрылғыларға
осциллятор, доғаны импульсті қоздырғыш, тұрақтандырғыш және
балласты реостат жатады.
Осциллятор өндірістік жиіліктегі ток пен төмен кернеуді жоғары
жиілікті токқа (100 – 300 кГц) және жоғары керенуге (2000 – 6000 В)
түрлендіретін құрылғы болып табылады.
Осцилляторды доға желісіне параллельді және тізбектей қосу
сұлбалары қолданылады. бұл әсіресе оқшаулаушы газ ортасында
балқымайтын вольфрам электродымен пісіру кезінде маңызды.

2.

МЗ осцилляторын пісіру желісіне параллель қосу сұлбасы:
1 — пісіру жандырғысы; 2 — дайындама; Т1 — пісіру
трансформаторы; Т2 — повышающий осциллятордың көбейтуші
трансформаторы; LL — дроссель; F— разрядтағыш; С1 и С2 —
контур конденсаторы мен қорғаныстық конденсатор; L1 және L2 —
өздігінен индукцияланатын және байланыс катушкалары

3. Доғаны импульсті қоздырғыштар доғаны тұтандырып жандыруды жеңілдету үшін және оның орнықты жануы үшін, легірленген болаттар мен

түсті металды оқшаулаушы газ
ортасында балқымалы электродпен пісіру кезінде балқыған
электрод металының пісіру ваннасына тамшыланып қосылу
процесін жақсарт үшін қолданылады.
Импульс бергіші генераторды пісіру тізбегіне қосудың электрлік сұлбасы:
1— импульс бергіш генератор; 2 — дайындама; 3 — пісіру жандырғысы; Т1 —
жоғарылатқыш трансформатор; Т2 — пісіру трансформаторы; VD — диод;
СУ— синхрондаушы құрылғы; SА – сөндіргіш; R – резистор; С – конденсатор

4.

Тұрақтандырғыштар балқымалы электродты қолданып айнымалы
токпен пісіру кезінде пісіру доғасының тұрақты жалындауын қамтамасыз
етеді.
СД-2 тұрақтандырғышын пісіру тізбегіне қосу сұлбасы

5.

Балласты реостаттар көп орынды нәрлендіру көздерін
пайдаланғанда пісіру постының әрқайсысындағы пісіру тогын реттеуге
және құламалы сипаттама қалыптастыру үшін қолданылады
РБ типті балласты реостаттың электрлі сұлбасы:
1 – 22 – резисторлар; І – V - ажыратқыштар
English     Русский Rules