Similar presentations:
Микроорганизмдер және биоремедиация
1. Микроорганизмдер және Биоремедиация
CӘТПАЕВ УНИВЕРСИТЕТІМикроорганизмдер және
Биоремедиация
Орындаған: Нысанбай М.
Тексерген: Жолдыбаева С.
2. Кіріспе
Қазіргі таңда мұнай және мұнай өнімдерін кең көлемдеөндіру, тасымалдау, өңдеу барысы қоршаған ортаның
ластануына әкеліп соғуда. Топырақтың беткі қабатының
адсорбциялық қасиетінің жоғарылауына байланысты ластану
өте тез жүреді. Қоршаған ортаға түскен мұнай көмірсутектері
сол экожүйелердің (су, топырақ) биологиялық тепе-теңдігін:
микрорельефін, гидрологиялық режимін, тығыздылығының
бұзылуына ықпал етеді, сонымен қатар, биоценозындағы
азотфиксация,
нитрификация,
тыныс
алу
секілді
процесстерді тежейді, нәтижесінде, табиғи ландшафтардың
биологиялық түрлілігін өзгертеді. Мұнай және мұнай
өнімдерімен ластану флора мен фаунаның, биоценоз
құрамының өзгеруін туғызады.
3.
Биоремедиация -биологиялық объектілердің
(өсімдіктер,
микроорганизмдер,
жәндіктер)
метаболитті
потенциалын
қолдана
отырып
ластанған экожүйелердің тазалау әдістерінің кешені.
Биоремедиация
арқылы
ластанған
ортада
жиналатын улы қалдық заттарын, қауіпсіз немесе
қауіпсіздігі төмендетілген заттарға айналдыру
мақсатында биологиялық объктілерді пайдалануы.
4.
Биоремедиацияның бір түрі – минералды тұздардан, қант,ферменттерден
тұратын
биогенді
қоспамен
қатар,
микроорганизм - деструкторлардан құралған препараттарды
қолдану. Биодеградациялаушы негізгі биологиялық агенттер
– қарқынды метаболизмі мен әртүрлі ферменттік жүйеге ие –
микроорганизмдер. Олар кең спектрдегі тұрақты химиялық
байланыстарды ыдыратып, сонымен қатар глобальдық заттар
айналымына қажетті элементтерді береді және жер бетінде
қалдықтырдың қалмауын қамтамасыз етеді. Биологиялық
ремедиациялау жүйелері тотығудың биологиялық тәсілі,
органикалық поллютанттардың құрылымының өзгеруі мен
топырақ құрамын ауыр металлдардан арылту және
тұрақтандыру сияқты тәсілдерден тұрады.
5.
Микроорганизмдерді (бактериялар, саңырауқұлақтар)қолдана отырып биоремедиациялау технологиялары
ластағыштарды
(мұнай
көмірсутектері
және
полиароматты қосылыстар) қоректік орта ретінде
пайдалана отырып, белсенді тіршілік атқарады (биогенді
сіңімді зат, сутек, рН, температурасы, түрлі уытты
заттардың болмауы және процесті баяулатқыштар).
6.
Өсімдіктерді пайдалана отырып, биоремедиациалау технологиясы(фиторемедиация) топырақ құрамынан кадмий, мыс, қорғасын, никель,
мырыш сынды ауыр металлдарды бойына сіңіру арқылы ауыр
металлдардан арылту әдісіне және органикалық қосылыстарды
тотықтыруға негізделген.
Артықшылығы
Кемшілігі
• тазарту тиімділігі, экологиялығы
(екінші рет ластанудың болмауы),
• бақылау мүмкіндігі, қол
жетімділігі.
• процесстің ұзақтығы,
• ластаушының жоғары
концентрациясына төзімсіздігі.
7.
Биоремедиация–
минералды
тұздардан,
қант,
ферменттерден тұратын биогенді қоспасымен қатар,
көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдерден құралған
препараттарды қолдану арқылы мұнаймен ластанған топырақ
және суларды тазалау болып табылады, сонымен қатар түрлі
көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдер штамдарын
көміртектендірілген сорбенттер негізінде иммобилиздеген
түрлері де кеңінен қолданылады. Дүние жүзі бойынша мұнай
және мұнай өнімдерін өндіруші өнеркәсіп зауыттар мұнай
көмірсутектерін
утилиздеу
барысында,
көмірсутек
тотықтырушы микроорганизмдер ассоциациясынан жасалған
биологиялық препараттарды кеңінен қолдануда. Сондықтан
осындай мәселелерді шешу барысында, мұнай тотықтырушы
микроорганизмдерді зерттеудің маңызы өте зор.
8. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
http://pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow2/59252/76/1/0/2016//Ф.А. Төлегенова, Р. Адырбайқызы, С.К. Капалова
(Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы)
МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ЖОЛМЕН ТАЗАРТУ