Шығыс Қазақстан облысы
Тарихы
Пайдалы қазбалары
Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібтері
Өсімдіктері
Жануарлар
2.98M
Category: geographygeography

Шығыс Қазақстан облысы

1. Шығыс Қазақстан облысы

Аймаганбетов Алихан 8 «А»

2. Тарихы

Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан
қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан
қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі
кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың
іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының
жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар
хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар
хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы
бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны
мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып
оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін
тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра
отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды.

3. Пайдалы қазбалары

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай.
Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла,
темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы,
жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар
мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

4. Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібтері

Кен өндіру өнеркәсібі
Электр энергетикалық кешені
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіп
Ағаш өңдеу өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Құрылыс материалдары өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
Транспорт

5. Өсімдіктері

Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер
даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал
жоғарырақта қайыңды-теректі шоқтоғай аралас шөптіселеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу
жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын
алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады.
Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара
самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік
Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі.
Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань
шыршасы өседі.

6. Жануарлар

Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте
бай. Мұнда табиғатының әр түрлі болуына байланысты
таулық жануарлармен бірге қарағайлы ормандар,
далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай
мен Сауырдың және Ертіс маңы
ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат
аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы
бар. Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су
қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген.
English     Русский Rules