Similar presentations:
Антика әлеміндегі мифология және философия
1. Антика әлеміндегі мифология және философия
Дайындаған: Дарушканов Р.КТексерген: Бухметова А.А
2. АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ
«Antiquus» деген латин сөзi “ежелгi” деген мағынабередi. Антикалық философия дегенде ежелгi
Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим
және Грек философиясын айтады. Антикалық
философия б.з.д. VII ғ. соңында VI ғ. басында
пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк
қоғамдағы спецификалық жағдайдағы
философиялық дәстүр пайда болды.
3.
Ежелгi гректер философияны данышпандықойлармен байланыстырды. Әлемнiң қайнар көзi
мен негiзi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады,
осыған сәйкес өткеннің, қазiргi және келешектiң
мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың,
табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу, ежелгi грек
философиясына тән болды. Бұл әрекеттi
мифология атқарды, ол сенiмге сүйенген
табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен
философияның арасында маңызды айырмашылық
көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын
әңгiмеледi, ал философия: “Ол неден пайда
болды?”–деп сұрады. Әртүрлi дәуiрдiң
философтары антикалық философиядан
шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты. Гректер
«философия» терминiн енгізді, ал адам онда
рухани белсендiк типiнiң ерекшелiгiн анықтады.
4. Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:
Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атамзаманғы) б.з.д. VI-V ғ. басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi
мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр,
Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар
(Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл
мектептерден тыс тұрған философтар – Гераклит, Эмпедокл
және Анаксагор.
Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi – софистер (Горгий,
Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн
оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы,
Аристотель және лицей мектебi.
Эллиндiк кез (б.з.д. IV-б.з.V ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi:
Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон,
Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон,
Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский);
неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).
5.
Антикалық философияның(даму кезеңiне тәуелсiз)
негiзгi сипаты – ғарыштық
логоцентризм. Логос –
ежелгi философияның
орталық ұғымы. Гректер
ғарышты тәртiпке салынған
және антикалық адамды да
тәртiпке салынған әрі
үйлесiмдi жүйелер деп
көрсетедi. Адам бойындағы
зұлымдық пен шалалық
нақты бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi
ретiнде түсiндiрiледi және
оны философия көмегiмен
толықтыруға болатынына
сенедi.
6.
Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы –ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын –
физиктер, ал философияны – натурфилософия
деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы
жөніндегі мәселе қалыптасты. Элеаттардың
философиясы бiрте-бiрте натурфилософиялық
мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның
құрлымы, ойлаудың басты тақырыбы болып қалды.
Ертедегi антикалық философияның орталық
мәселесi онтология болып, алғашқы ғылыми
(мифологиялық емес) дүниеге көзқарастың
жиынтығы жасалды.
7.
8.
Көне грекияның атақты философы Фалестiңпiкiрiнше, барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға
айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы
бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi тас та
осының нәтижесi. Әртүрлi, әр алуан әлемнiң сапалық
жағдайының мәнi мен байланысының
айырмашылығы – осыдан алғашқы орынға шығады.
Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi
түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең
батыл, таңқалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес:
Тiршiлiк мәнінің ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол
тумаған. Бәрiнен де әдемi – әлем, өйткенi оны құдай
жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол
бәрiн шешедi, – дейдi. Дүниедегi қиын не? – «Өзiңдi
тану». Ең оңайы не?– «Басқа бiреуге кеңес беру».
Бақытсыздықтан қай кезде құтыласыз? – «Жауыңа
сенен де қиын болғанда»
9.
10.
Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiндеәлдебiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп
ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне, осы түсiнiк
дүниенiң материалдық субстанциясын оның
тереңiрек қарағанын көрсетедi.
Анаксимен – материалист. Оның iлiмiнше барлық
нәрсе бастапқы материядан – ауадан пайда
болады және қайтадан соған айналады. Ауа
қозғалыста, шексiз, мәңгiлiк зат.
11.
12.
Ертедегi грекматериалистерiнiң өзiне
тән өзгешелiгi мен ең
маңызды табысы
стихиялық диалектика
болды. Оны Гераклит
дамытты. Эфестен
шыққан Гераклит (б.з.д.
540-460 ж.) шындық
дүниенiң өзгерiп
отыратыны жайында
аса ұлы пiкiр айтты:
«Дүние дегенiң – аққан
су», табиғаттың түп негiзi
– от, ол әрдайым
өзгередi. Ол қарамақарсылықтың бiрлiгi мен
күрес заңын ұсынды
13.
Пифагор (б.з.д.584-500 ж.) ежелгi грек философы,әрі математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi –
сан деп есептеген. Барлық қоршаған шындықты
таңбалап санға теңедi. «Санның арқасында
өлшеуге және тануға да болады», – дейдi.
Категорияларды бөлiп көрсету арқылы әлем
бiрлiгiнiң диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен
қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол, әйел мен
еркек, т.б.) көрсеттi
14.
15.
Элейден шыққан ойшылардың жаңалығы мынада:космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту,
өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс»,
«биболмыс», «ойлау»), диалектикалық тәсiлдi енгiзу мен
пайдалану арқылы философияда дәлелдеудiң қажеттiлiгi мен
оның тәсiлдерiн қолдануды (абсурдқа әкелу принципi)
мойындау.
Парменид – бiрiншi болып «болмыс» түсiнiгiн енгiздi. Оның
пiкірiнше дүниеде тек бiр ғана болмыс бар. «Болмыс бар,
биболмыс – жоқ». Биболмысты тану немесе ол туралы пiкiр
айту мүмкiн емес. Сондықтан, әлем болмыспен тығыз және
үздiксiз толтырылған. Сезiмдiк қабылдау нағыз бiлiмдi
бермейдi. Тек философиялық ақыл-ойға салу арқылы
ақиқатқа жетуге болады. Элеаттар тану мәселелерiнде,
сезiмдiк таным («докса» – пiкiр) және идеалдың жоғарғы
рухани таным деп қатал түрде бөледі. Бұл монизмдi
жақтаушылар – көпшiлiк құбылысты бiрлiк бастамадан
шығарады. Барлық материалдық тiршiлiктiң көрнiсi - идея
екенін айтып, олар идеализмнiң алғашқы хабаршысы болды.
16.
Материалистік және идеалистік көзқарастардың қақтығысы,оның себептілік концепциясында да көрінеді. Ол себептіліктің
төрт негізгі түрлерге ажыратады: материалдық, формальдық,
белсенді және соңғы (мақсаттылық). Материалдық себеп ─ ең
алғашқы сипатында берілген, осы ретте ол потенциялды
(мүмкіндгі бар) себепке ұқсас. Формальдық себеп –
материядан «ақиқат реалдықты» жасайтын белсенді принцип
«түрмен» байланысты. Белсенді себеп қозғалыстың бастауы
және мүмкіндіктің шындыққа өту процесімен де байланысты.
Жоғарғы деңгейге ол мақсаттылық (соңғы) себепті қояды, ол
қозғалыстың мақсаты мен мәнін түсіндіреді. Өмір сүруді түсіну
және түсіндіру үшін барлық себеп түрлерін тану керек. Бірақ
олардың маңызы бірдей емес. Формальдық себептер түсінігі,
материалдық себепті танудан қажеттірек – мұндай қорытынды
Аристотельдің пассивті материя және белсенді форма
ілімінен шығады. Мақсаттылық (соңғы) себепке берілген орын
– оның теологияға ауысуы. Бұл дамудың аяқталу, мақсаттың
орындалуының тану мүмкіндігін көрсетеді, оны Аристотель
энтелехия ұғымымен белгілейді.
17.
Скептицизм орта ғасырлық кезде ұмытылып, тек ХVI-ХVIIғасырларда еуропалық философияда “жаңа пирронизм”
ретiнде қайта туды. Схоластикалық және догматикалық
әдiстердi сынауда ерекше мәнге ие болды, соңынан
скептицизм Юм философиясының негiзiне айналып, Кант
агностицизмi мен позитивизмге әсер еттi.
Кинизм философиясы атауын Афин төбешегiнде
орналасқан “Киносарг” (“қырағы төбет” немесе “ақ төбет”
деген гимнасийден алады, онда алғашқы киниктер (кюнокс –
ит) шұғылданды (осыдан кинизм –“ит философиясы”, “ит
мектебi” латын тiлiнде), бұл мектептiң iзбасарларын – супiсi –
циниктер деп атады. Мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д.
444-368 жж.) ол алдымен софист Горийден, кейiннен
Сократтан дәрiс алды. Олар даңқты және байлықты ең соңғы
моральдық iс-әрекет ретiнде қабылдамайды және “рахаттың
өзiн рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де
жаратпады. Ол космополитизмдi патриотизмнен жоғары қоя
отырып, “әлем азаматы” идеясын ұсынды.
18.
Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiндедүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн
салушы Плотин, ежелгi римнiң идеалистфилософы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi
қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы
қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы
сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас игiлiк дедi.
Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық
шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады,
одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны
пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан – көптiк,
барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi
жағынан – бiртұтас