Экзистенциализм Камю мен Сартр философиясы
Экзистенциализм философиясы
Камю мен Сартр философиясы
Соғыс кезінде
Философиялық идеялары
Гуманизм
Қос негіз (дуализм)
Экзистенциализм
Нақыл сөздері
Еңбектері
Жан-поль Сартр(1905-1980)
3.74M
Category: philosophyphilosophy

Экзистенциализм Камю мен Сартр философиясы

1. Экзистенциализм Камю мен Сартр философиясы

Дайындаған: Дарушканов Р.К
Тексерген: Бухметова А.А

2. Экзистенциализм философиясы

Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-өмiр сұру )
философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi
Дұниежұзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ
бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан
қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып,
мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық
жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық
сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын
адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып,
дүниетанып оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы
замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға
толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын
анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп
соқты.

3.

Өткен ғасырда өмiр сұрген дат философы С.Кьеркогердiң, немiс
философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы Б.Паскальдiң, орыс жазушысы
дiң ойларының өзектiгiн көрсетiп, олардың еңбектерi экзистенциализм
бағытының теоретикалық қайнар-көзiне айналды
Блез Паскаль
(1623—1662) Ол
Достоевский Федор
математикалық
Михайлович – орыс
талдаудың,
жазушысы.
проективті
геометрияның,
ықтималдық
теориясының,
гидростатиканың
(Паскаль заңы)
негізін салушылар
дың бірі
Сёрен Кьеркегор
Дания философы
және теологы,
ақын, әлеуметтік
сыншыл,
ол экзистенциал
изм философияс
ының негізін
салушы
Фридрих Уилһелм
Ницше ХІХ
ғасырдағы әйгілі
неміс философы
және филологы

4.

ХХғ Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен
адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi
тудырып, трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей
философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған
ең бiрiншi жаңалық - зерденiң негiзiнде ғылым мен
техника дамыған сайын адам
болмысының тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi.
Мұндай күрделену мен қатар қатыгезденiп жатқан дүниеде
тұрақтану үшiн адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн талдап,
соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн
ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң
рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең
керектi нәрсе - ол зат, материя , я болмаса идея, таным
философиясы емес, негiзiнен алғанда,- адам философиясы.
Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект,
өндiрiстiң, я болмаса , танымның құралы емес - ол субъект ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.

5.

Экзистенциализм
философиясында “шекаралық
ақуал² деген категорияға көп
көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен
өлiмнiң екi арасында қалу,
ұрей мен алаңдау, түңiлу мен
қынжылу, уайымдау мен
қамқорлық т.с.с. Тек осындай
адам өмiр сүруiне қауып
тұскен жағдайда, оның жандұниесi терең сiлкiнiске
ұшырағанда,“өмiрде-болу²
тебiренiсiнiң негiзiнде ғана
адам тез пiсiп-жетiлiп, өз
өмiрiнiң қайталанбайтын
ерекше қалыптасатын мәнмағнасын терең аша алады.

6.

Экзистенциализм философиясы
адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл
бөледi. Ерiктiк - “қажеттiктi тану², я
болмаса, “табиғи дарынды iске асыру²
емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр
сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн
өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң
өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл
дүниеде ешнәрсе адамды билей
алмайды. Адамның себебi тек өзiнде
ғана, ол өзiне “Causa sui². Ал ерiктiк
дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам ерiктi
пәнде ретiнде ойына не келсе, соны
iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол
өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi
қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “ерiктiк
дегенiмiз - адамға артылған
адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген
болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес,
басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өзөзiн жете түсiнудiң арқасында
басқалардың да терең сырын өзiне
аша алады.

7.

Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi трансцендiлеу,яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз
шеңберiнен аттап өтiп не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни
экзистенциализм Құдайды трансценденттiкпен теңейдi.
Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз ерiктiктi
содан iздеу, дiни трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни
экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң айтуына
қарағанда, “адам табиғи дұниедегi үзiлгендiк², екi жақты,
қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан,
оны түсiну - одан да жоғары тұрған - Құдайды талап етедi.
Ал мұның өзi адамның Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн
көрсетпейдi. Философия адамның құдайлығын, Құдайдың
адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi, Христостың өзi
адам болып туды. Құдай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек
қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн
көрсетедi.

8.

Экзистенциализмнiң
ерекшелiктерiнiң бiрi жеке адам мен әлеуметтiк
болмысты бiр-бiрiне
қарсы қою, осы адамзат
болмысының екi жағының
бiр-бiрiмен
ымыраласпайтынын
көрсету болып табылады.
Олай болса, адам өмiрiнiң
ерекшелiгi - өмiр сүру мен
мәндiктiң, болу мен
алудың, таным мен
түсiнудiң арасындағы
тебiренiс, таңдау. Мұның
өзi адам болмысының
трагикалық жақтарын
көрсетедi

9.

Дiни экзистенциализм бұл
мәселенiң басқа шешiмiн ұсынады.
Г.Марсельдiң ойынша, адамдар
шынайы болмысты заттардың
болмысымен теңейдi. Ал шынайы
болмыс, негiзiнен алғанда,
әрқашанда тұлғалық болмыс.
Болмыс - “Ол емес², “Сен²,
сондықтан адамдардың Құдай
алдындағы бiр-бiрiмен iштесуi, ең
құпия тереңде жатқан
тебiренiстерiмен бөлiсуi - шынайы
болмыстың алғышарты. Ол ұшiн,
яғни басқа адамның терең сырына
жетiп шынайы болмыстық
дәрежеге көтерiлу тек махаббат
арқылы ғана iске асады.

10. Камю мен Сартр философиясы

Альберт Камю (фр.
Albert Camus, 1913 —
1960) —
экзистенциализм бағыт
ындағы француз
жазушысы және философ
, тірі кезінде-ақ
«батыстың ар-намысы»
деп
құрметтелген, Нобель
сыйлығының әдебиет
бойынша 1957 жылғы
лауреаты.

11.

Альберт
Камю 1913 жылы 7 қарашада Франция
отарындағы Алжирде, нақтап айтқанда
Мондови жеріндегі «Сан-Поль» фермасында
дүниеге келген. Әкесі Люсьен Комю, арғы
атасы Эльзастық болып, шарап өндіретін
фирмада жұмыс істеген.
1918 жылы Альберт Камю бастауыш мектепке
түседі және 1923 жылы мектепті үздік
тамамдайды.

12.

1932-1937
жылы Альберт Камю
Алжир университетіне түсіп,
философия мамандығында оқиды.
Университетте ол өте көп кітаптар
оқыды, күнделіктер жазумен
болды, эссе жанырында қалам тербеді.
Сол уақыттарда ол Андре Жид, Фёдор
Михайлович Достоевский, Фридрих
Ницше ықпалына қатты ұшырады.

13.

1935 жылы Альберт Камю
бакалавр дәрежесін алады және
1936 жылдың мамырында
философия магистрі дәрежесін
алады. Ғылыми жұмысының
тақырыбы: «"Неоплатонизм және
христиандық ой" - Плотиннің
Августин теологиясына ықпалы»
туралы болды. Сол жылдары
«Бақытты ажал» повестін жаза
бастады. Бұл кезде Камю
экзистенциализм мәселелеріне
назар аудара бастаған болатын:
1935 ж Л.Шестов, Мартин
Хайдеггер, Карл Ясперстің
шығармаларын зерттеді; 19361937 жылы А.Мальроның
«абсурттық өмір» идеясымен
танысты.

14. Соғыс кезінде

Парижге келген соң Альберт Камю «Пари-Суар» газетінде техникалық редактор
болып жұмыс істейді. 1940 жылы мамыр айында «Бөгде» шығармасын жазып
аяқтайды.1940 жылдың желтоқсан айында «Пари-Суар» газетіндегі жұмысынан
кетіп, басып алынған елде тұрғысы келмейді де, қайтадан Оранға көшіп барып,
мектепте француз тілінен сабақ береді.
1941 жылы «Сизиф туралы аңыз» шығармасын жазып болады. Кейін Камю ІІ
дүниежүзілік соғыс кезінде «Қарсыласу қозғалысының» белсенді мүшесі болды
және «Айқас» газетінде астыртын атпен мақалалар жариялады.
1942 жылы «Бөгде» жарық көрді, ал 1943 жылы «Сизиф туралы аңыз» басылып
шықты. 1943 жылы «Айқас» газетінің бас редакторы атанады. 1943 жылы
«Галиммар» баспа кешенінде жұмыс істейді. Соғыс кезінде лақап атпен жазылған
«Неміс досыма хат» атты шығармасы жарияланды.
Нобель әдебиет сыйлығы
1943 жылы әйгілі жазушы Ж.П.Сартрмен танысып, оның қойылымдарына
қатысады.
1944 жылы «Оба» атты романы жазылып бітті және тек 1947 жылы ғана басылып
шықты.
1947 жылы Камю отбасында егіздер Жан және Катрин дүниеге келеді.
Оған 1957 жылы әдебиеттегі сүбелі үлесі үшін Нобель әдебиет сыйлығы
тапсырылды. Ал оның замандас, қаламдас, "бәсекелес" досы Ж.П. Сартр Нобель
әдебиет сыйлығын алудан өз еркімен бас тартады.

15. Философиялық идеялары

Абсурд ойшыл
Бүгінге дейін көп оқылатын, Нобель сыйлығының құрметті иегері болған
бұл Ұлы жазушының ажалы аянышты әрі мәнсіз болғаны секілді,
шығармаларының негізгі тақырыбы да мәнсіздік — абсурд мәселесін
төңіректейді. Камю шығармаларын, идеяларын бір жақтылы түсіндіре
салу мүмкін емес. Ол қатпары мол, идеясы алуан пікірлер тоғысқан,
астарлау мен тіке айту қатарласқан ғажайып суреткер болды және жай
суреттеп қана қоймай, өзі суреттеген құбылыстардың астарына бойлауға
жол сілтеуді де ұмытпады. Белгілі мағынада, оның тұжырымы бойынша,
адам өмірі – ажалға қарай баяу немесе тез жақындау есептеледі. Бұл
дүниеде адам қол жеткізетін лауазым, атақ-даңқ, байлық, ұрпақ, туғантуыс, ата-ана, жақындар – бәрі де өткінші. Ешнәрсе және ешкім де мәңгі
емес. Сондықтан адам тіршілігінің мәні мен мағынасы туралы сөз
қозғаудың өзі мәнсіз. Дегенмен, осынау абсурдқа толы (сен көңілді келе
жатқанда абсурд кенет белгісіз тұстан суырылып шығып бетіңе
шапалақпен осып кетеді) мәнсіздіктерге қарсылық көрсетпеу, оған
илектене кіріптар болу нағыз абсурд болар еді деп тұжырмдайды.
Абсурдты жеңу мүмкін емес, бірақ онымен тынбай күресу, жеңілсе де
күресу адам өмірінің шынайы бақыты әне сол болмақ.

16. Гуманизм

Камю философиясының өзегінде жан
тебірентер гуманизм — адамның қадіріқасиеті мәселесі жатыр: тек бақытты тұрмыс
қана адам қадіріне сай келеді, бақытты
адамның өмірін ғана мәнді деу керек.
Мысалы, оның «Сизиф туралы аңыз»
кітабында Камю Сизифтің бақыты туралы
елестетеді, өйткені Сизифтің ниеті абсурд
емес, абсурт ешқашан бізге ненің бақыт, ненің
бақытсыздық екенін ажыратып айтпайды.
Сизифтің бүкіл тірлігі басқа күш жағынан
мәжбүрленген абсурдқа құрылғанымен,
бәрібір Сизифтің өзі өз ісіне көңілді кірісіп,
тасты таудан асыра алмаса да тас
домалатудан айнымағандықтан, ол өз қадірінқасиетін сақтай алған "бақытты жан"
есептеледі.
Камюдің ойынша Сизифті бақытты еткен
нәрсе оның абсурдқа қарсылығы. Жеңе
алмайтыны белгілі болса да жеңемін деп
құлшыну — міне бұл адам қадір-қасиетінің ең
бағалы өлшемі. Тек абсурдқа қарсылық болған
жерде ғана қадір-қасиет туралы айтуға
болады.

17. Қос негіз (дуализм)

Камю шығармашылығында қос негізді тақырыптардың үлесі көп, кейі
кітап аты да болып келеді: «Сол мен оң», «Сүргін және патшалық»
қатарлылар.
Камю назар аудартқан басқа да қос негіздер "Былжырақ және ақыл",
"Өмір және өлім", "Азғындау және құтқарылу", "Жарық және көлеңке",
"Күнә және бейуаздық", ... Бұл өзара қайшы қос негізді тақырыптар
қайталанып көрініс табады және олар бір-бірін жеңе алмайды, бір-біріне
сай қисынмен қатар өмір сүреді.
Камю өз эсселерінде мынадай риториканы жиі қолданады: айқын
жарықты жойқын қараңғылық арқылы суреттеу. Шығармаларында бұл
риторикалық амал болуы мүмкін, бірақ бұл оның барлық
шығармаларында кездесетін негізгі ерекшелік есептеледі. Оның романәңгімелерінде болсын, философиялық эсселерінде болсын, немесе
сахналық қойылымдарында болсын логикалық бір ізділік жоқ, кез келген
жерінде өзара қайшылықтар тасқыны аласұрып кете береді. Басқа
жазушыларда бұл кемшілік құсап көрінгенімен, Альберт Камюге келгенде
ол ғажайып тереңдік болып көрініс табады. Дания физигі Оге Нильс Бор
айтқан болатын:

18. Экзистенциализм

Камю басқалардың өзін экзистенциалист деп атағанын қаламады.
Бірақ тіпті ол Нобель әдебиет сыйлығын қабылдаған кездегі
Арнау сөзде де оны "экзистенциалист" деп атаған екен. Демек,
экзистенциализм бағыты қалайда Камюмен байланысты.
Экзистенциализм — түрлі қарама-қайшы идеяларды қамтыған
ағым ретінде өз ішінде де қайшылық қат-қабат болатын. Қысқаша
айтқанда, экзистенциализмнің негізгі тақырыбы "жекенің
болмыстан "үрейленуі", "абсурд сезімі", "жалғыздық", "қалшыл"
болып, ол адамның дүниені сезінудегі біртүрлі көңіл күйін
білдіреді: Қорғансыз, сүйенішсіз, екіұдайы жеке адамның
мағынасыз дүниедегі түгеп бермес мәнсіз күресті бастан кешіруі,
сөйте тұра жеке адамның лақтырылып тасталғандай күйге түсуі.
Камю «Сизиф туралы аңыз» кітабында әр адамның бейне Сизиф
секілді екенін айтады. Айырмашылығы, бұл шындықты
қабылдағысы келмейді.

19. Нақыл сөздері

Қыс түскенде өз бойымда жеңуге болмайтын жаз бар екенін түсіндім.
Маңыздысы емделу емес, ауыру күйде өмір сүре беру.
Жеке, өз алдына жұмыс жасай алатындар күштілер есептеледі.
Біреудің сөзінен жалығып, одан құтылғым келгенде оның айтқанын түгел мақұлдай
саламын.
Егер сен бақыттың неден құралатынын іздесең, мәңгі бақытты бола алмайсың. Егер сен
адам өмірінің мән-мағынасын іздеуді қоймасаң, онда өмір сүре алмайсың.
Бақытқа деген құштарлық асқынған сайын, көңіл тереңінен мұң оянады.
Біз өзімізден жақсырақ адамға сенгіміз келмейді, тіпті одан аулақ жүруге тырысамыз.
Қайта өзімізге ұқсайтын, дәл өзіміз секілді әлсіздіктері бар адамдарға жүрек
қылымызды шертуге сай тұрамыз. Біз әлсіздікті түзеткіміз келмейді, тек жанашырлық
күтеміз және шабыттандыру тілейміз.
Бір адам егер еске алуды үйренсе, ендіқайтіп ол жалғыздық тартпайды. Тіпті ол жер
бетінде бір күн өмір сүрсе де, еш қиналмай жүз жыл бойы соны еске алумен өтуі мүмкін.
Шынайы құтқарылу қырғыннан кейінгі жеңістік емес, қиындық ішінде өміршеңдік
күшіне ие болу және көңіл тыныштығына жету.
Рухым мен менің аралығым өте шалғай. Бірақ болмысым соншылық шынайы.
Ажалдан құтыла алмаймыз. Әркімнің өз өлімі бар. Түбін қуғанда, күн жүйкемізді
жылтумен келеді.

20. Еңбектері

Әңгімелері
《Бөгде》 немесе《Бейтарап адам》 "L'Étranger" 1942
《Оба》 "La Peste" 1947
《Азғындау》 "La Chute" 1956
《Бақытты өлім》 "La Mort heureuse" 1936-1938 жазған, 1971ж. басылды.
《Бірінші адам》 "Le premier homme" Ақырласпаған, 1995 басылды.)
Новеллалары
《Сүргін және патшалық》 "L'exil et le Royaume" новеллалар жинағы 1957
〈Кемел әйел〉 "La Femme adultère"
〈Рухты күйзелткен қарсылық〉 "Le Renégat ou un esprit confus"
〈Үнсіз адам〉 "Les Muets"
〈Қонақ〉 "L'Hôte"
〈Йонас, немесе жұмысқа кіріскен өнерпаз〉 "Jonas ou l'artiste au travail"
〈Өскен тас〉 "La Pierre qui pousse"

21. Жан-поль Сартр(1905-1980)

француз философы, публицист, романист
және драматург.
II дүниежүзілік соғыстың кезінде неміс
тұтқынында болған, одан оралған соң
қарсылық көрсету қозғалысына қатысқан.
Соғыстан кейін Альберт Камю, Морис
Мерло-Понти және Симона де Бовуармен
бірге саяси бағытталған "Les Temps
Modernes" журналының негізін қалаған.
Сартр отаршылдыққа ашық қарсылық
көрсеткен. Ол Батыс және Шығыс
лагерлерінің арасында бітімнің орнауын
қолдады. АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы
кезінде ол Бертран Расселмен бірге әскери
қылмыстар бойынша ресми емес Трибунал
төрағасы болған. Сартр өмірінің соңғы
күніне дейін ғаламдық әділеттілікті
қорғаушы, сол үшін күресуші ретінде
танымал

22.

Жан Поль Сартр шығармашылығын
толық баяндау мүмкін емес, себебі,
ол – әркімнің ішкі әлеміндегі
мәтіндер тынысы, себебі, ол –
табаныңыз тиген сәтті қағазға
түсіруші. Нобель сыйлығынан бас
тартқан санаулы тұлғаның бірі де
осы – Сартр. Француздың ғана емес,
күллі адамзаттың ортақ ұлына
айналған бірегей қаламгер, ойшыл
кемеңгерді ХХ ғасыр туғызды –
өзінің соры қалың мезеттерін
көрсетіп, содан ой түйіндетуге Сартр
секілді егейлер керек еді, одан
адасқан жоқ, таңдау дұрыс, талғам
да орынды, тек… түсініксіз ғасырды
«түсініксіз» тілде әдіптеген оны
толық аңғаруға дәрменсіздік
танытты.

23.

Сартр адамзат көкірегіне мұңлы алау жақты. Өзіңе жақында,
өзіңнен алыстама, өзіңнен қашпа, үңіл, сенің бақытың
алыста емес, өзіңде, бүгінде, табаныңның астында, ыстық
қаныңда деді. Соны сезіне алсаң болашаққа мағыналы
қадам тастамақсың. Неге мұңлы? Өйткені, біз шын мәнінде
ешкім де емеспіз, қорғансызбыз. Оны түсінбейінше, жер
бетінде соғыстар мен өрттер тоқтамақ емес. Оны
түсінбейінше, менмендік, кеудемсоқтық, көрсоқырлық
тоқтамақ емес. Өзіңнің ешкім еместігіңді жасыру үшін
өзгеге жауыға қарайсың. Өзіңді қалайда мойындатқың
келеді. Өзгені емес, ең қиыны өзіңді өзіңе мойындату екені
естен шыға береді. Өзің иланбағанға, елді қалай
иландырмақсың, жазған?! Мұңлы алау – әлсіз, болмашы
үміт. Сол үмітті сөндірмеу ләзім. Ал оны сенімге айналдыру,
мағынаға толтыру өз қолыңда.

24.

Сартр жазушы болу үшін
талпынған жоқ, ол өзінің
көкейіндегі сұрақтарды
көркем бейнелеу үшін
жазушылықты таңдады.
Яғни, шынайы болмыс
туралы хикаясын адам
санасына тереңірек
жеткізуге философиялық
талдаудан, кең құлашты
кітаптардан, «Болмыс пен
бейболмыстан» гөрі, әдебиет,
нақышты, сазды сөз
әлдеқайда тиімді деп білді.
Оның көптеген
шығармалары өзінің
көзқарасын, танымдық
дүниелерін қайталай
сараптау үшін құрылды.

25.

Жан Поль Сартр франциялық әйгілі жазушы, философ,
публицист және драматург. Оның «Құса», «Еркіндік
жолдарымен», «Айну» секілді бірнеше романы, көптеген
әңгімелері бар. Сартрды әлемге танытқан, өз ұстанымдары
мен философиялық көзқарастарын нығыздаған пьесалары
өз кезінде әлемнің көптеген елдеріне аударылып, Батыс
елдерінің театрларына қан жүгіртті. Әлі де қойылып келеді.
Әсіресе, «Шыбын-шіркейлер», «Жабық есіктердің арғы
жағы», «Көмусіз қалған мүрделер», «Ібіліс пен Жаратушы
Тәңірі», «Лас алақандар» сынды пьесалары адам
болмысының терең нәтіне ой жүгіртуімен құнды.
Тоқтарәлі Таңжарық
English     Русский Rules