Similar presentations:
Жеке адамдар арасындағы қақтығысу және дау-дамайдың шығу себептері
1. Жеке адамдар арасындағы қақтығысу және дау-дамайдың шығу себептері
Орындаған: Мурзалинова Н.Б.Тексерген: Тоғайбаева А.К.
2.
Жеке адамдар арасындағы қақтығысу мен дау-дамайстихиялық түрде болып отыратын болжамсыз да
жоспарсыз құбылыс.
Дау-дамай, теке тірестік, салғыласу, біріне-бірі ренжісу
әрбір адамның жеке басының өзіндік кісілігін, талаптілегін қалайда өзгелердің мойындап онымен санасып
отыру талаптарымен байланысты. Осы бағытта әрбір
адам өзінің материалдық мұқтаждығын
қанағаттандырып, өзгелерден басқалар екендігін, талаптілегін қалайда іске асыруға ұмтылып бойындағы күшқуаты мен қабілетіи көрсеткісі келеді. Мұны біз
психологияда адамның үш түрлі нәрсеге қызығып, өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы бәсекелестігі
деп атаймыз.
3. Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалды шешудің мынадай нышандары болады:
Жеке адамдар арасындағы дау-жанжалдышешудің мынадай нышандары болады:
Жалтару. Көпшілік адамдар дау-жанжалдан
жалтаруға тырысып, өзінің тыныштығын ойлайды.
Тігісін жатқызу. Мұндайда басшы адамдар
арасындағы дау-жанжал мен наразылықты өршітпеуге,
қайта татуластыруға, іштегі дау-дамайды сыртқа
шығармауға тырысады.
4.
Мәжбүр ету стилінде басшы қалайды өз көзқарасын өткізуіне,соған еріксіз көндіруге тырысады. Басшы өзінің
қарамағындағыларға толық билік жүргізген жағдайда бұл
стилъ тиімді болуы мүмкін. Бұл стильдің кемшілігі сол,
бағыныштылар тарапынан болатын инициатива өрістемейді,
тек басшы пікірі ғана үстемдік ететіндіктен маңызды
факторлардың барлығы бірдей ескерілмеуі мүмкін. Соның
салдарынан наразылық тууы ықтимал.
Ымыраға келу - мұның пайдалы болатын себебі адамдарды
наразылыққа емес, ауызбірлікке, татулыққа шақырады. Мұнда
екінші жақтың пікірі шамалы болса да қабылданады. Басқару
жағдайында келу жоғары бағаланады, өткені мұның өзі теріс
ниетті барынша сейілтігуге, наразылықты тез арада шешіп, екі
жақты да қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
5.
Проблемаларды шешу - бұл әр түрлі пікір - таластыңболатындығын мойындау, басқа көзқараспен танытуға,
келіспеушілік себептерін түсінуге өзір екендігін білдіру, барлық
жаққа ортақ іс-әрекет істейтіндігін білдіру стилі. Әр түрлі пікірталас туатын күрделі жағдайда мәліметтің дәл болуы да әділ
шешім қабылдауға елеулі ықпал етеді. Мұндайда пікір-таласты
тіпті көтермелеп отырудың, проблеманы шешу стилін пайдалана
отырып, шиеленіскен жағдайды сейілту айрықша маңызды.
6.
Бейтарап адамның ықпалы. Жауласып, бірін-бірі жек көретінадамдар бірбеткейлік көрсетіп өзара түсінісу түгіл, бір-біріне
айтқан сөзін де, мадақтауын да теріс қабылдап, мұның бәрін
керісінше кекетінді айла деп санайды. Қарсыласып жүрген екі
жақты татуластырып мәмлеге келтіру үшін үшігші бір бейтарап
адамның араласуы керек. Ол адам еш жағына да беделі бар істін
мән-жайын жете білетін кісі болуға тиіс. Ондай келістіруші
бейтарап адамды жауласып жүрген екі жақта сыйлайтын, бір
жағына қарай бұра тартатын кісі деп күдіктенбей, істің жолжосығын білетін әділ адам деп санайтын болсын. Ең бастысы
керісуші екі жағы да бейтарап адам - ды бізді психологиялық
тұрғыдан үгіттеп өз айтқанына көндіруші деп күмәнді пікірден
аулақ болып, ак ниетті ынтымақшыл кісі деп қабылдауы қажет.
Бейтарап адамның сөзінің 99%-і айтыс -- тартысты екі жағының да
ортақ мәселесіне арналып, тек 1%-ғана екі жағының наразылық
жағдайын білдіретін ұстамдылық қақпайлау сөздері болу керек.
7.
Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынастабіріне бірін, кем-кетігі мен мінезіндегі жағымсыз
қылықтарын көзіне нұқып айту, не бөтен адамдар арасында әш
керелеу оның наразылығы мен реніш сезімін
шиеленістіре түсетін қате тәсіл болып саналады.