Similar presentations:
Бордетелла. Бордетелланың антибиотикке тұрақтылығы
1. Астана Медицина Университеті АҚ Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы
ПрезентацияБордетелла.Бордетелланың антибиотикке
тұрақтылығы
Тексерген: Байдуйсенова А.У
Орындаған:Ерболат Л.Е
206 ЖМ
Астана 2017
2. Бордетеллалар
Адам және кейбір жануарлардың тыныс алу жолдарындаорналасатын ұсақ,грам теріс бактериялар.Адамға патогенді
түрлері Bordetella pertussis, Bordetella parapertussis
3. КӨКЖӨТЕЛ ЖӘНЕ ПАРАКӨКЖӨТЕЛ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ
Қоздырғыш - Bordetella pertusіs - алғаш рет 1900 ж. балақақырығында тапқан, сосын таза өсіндісін 1906 ж.
Ж.Борде мен О.Жангу бөліп алды.
Көкжөтелге ұқсас, бірақ женіл өтетін ауру қоздырғышын Bordetella parapertussіs - 1937ж. Г.Эльдеринг пен
П.Кендрик ашты, олардан бөлек осы жылы - 1937ж.
У.Бердфорд пен Б.Славинде дәлелдеді.
Bordetella bronchіseptіca - адамда сирек кездесетін
көкжөтелге ұқсас ауруының қоздырғышы 1911 ж.
Н.Ферри иттерден тапты, ал адамдардан - 1926ж. Браун.
1984 ж. жаңа түрін анықтады - Bordetella avіum, адамға
патогенділігі әлі анықталған жоқ.
4. Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері
Бордетеллдер – ұсақ, грам теріс ,сопақша, ұшы жұмырланған таяқшалар(коккобактериялар), көлемі 0.2-0.5х1.0-1.2 мкм. Паракөкжөтел таяқшасы осыған ұқсас,
бірақ сәл үлкен (0.6х2 мкм). Спорасы жоқ, жас дақылдарда, және макроорганизмнен
бөлінген бактерияларда капсула бар. Бордетеллдер қозғалмайды, ал Bordetella bronchіseptіca,
B.avium, B.hinzii, B.trematum 37°C температурада қозғалғыштыққа ие болады.
Т
олуоидин көгімен бояғанда бордетеллалар құрамында метахроматиялық боялатын,
биополярлы орналасқан дәндер (липоидтар) анықталады.
5. Дақылдандыру
Гемофилді бактерияларға жатады - қатал аэробтар, хемоорганотрофтар. Оптималдіөсу температурасы
35-36°С, рН-7,2 . Көкжөтел қоздырғышы S-форма колониялар
түзеді, ЕПА, ЕПС өспейді. Көкжөтел таяқшасы өсуіне 3 аминқышқыл қажет етеді
пролин, цистеин, глутамин қышқылы, оларды казеин гидролизін немесе фасольді
қоректі ортаға қосу керек. Көкжөтел таяқшасын өсіретін орта
Борде-Жангу
ортасы (картоп-глицерин қосқан қанды агар)
колония бір келкі, жылтыр, мөлдір
купол тәрізді маржан немесе металды «сынапты» жылтырын береді, көлемі 1 мм,
3-4 тәулікте пайда болады. Басқа ортада
казеинді-қөмір агарында (ККА- КУА)
3-4
тәулікте тегіс дөнес колониялар сүр түсті, консистенциясы кілегейлі.
Паракөкжөтел бактериялары көкжөтел қоздырғышына ұқсас, бірақ көлемі үлкен,
2-3 тәулікте пайда болады, ал Bordetella bronchіseptіca 1-2 тәулікте пайда болады.
Көкжөтел бактерияларының ерекшелігі өсу жағдай, температурасы, тағы басқа
жағдайлары өзгерген кезде бактерияны дақылдық, серологиялық қасиеттері тез
өзгереді, патогенді қасиеттері жойылады.
Сұйық қоректі ортада өсуі
диффузды лайлану, тұнба пайда болады, клеткалар
үлкен болып келеді. Борде-Жангу ортасында өскен колониялар аймағында гемолиз
байқалады.
6.
7. Ферментативтік қасиеттері. Бордетеллдер көмірсуларды ыдыратпайды, индол түзбейді, нитратты қалпына келтірмейді. Паракөкжөтел
бактериялары активтілігі басым, тирозиназа пигмент бөледі, ортаны және дақылды қоныр түске бояйды. Сонымен қатар уреаза, аргиназа
фермент түзеді. Бордетеллдердің дифференциялық белгілері таблицада берілген.
Белгілері
B.pertussis
B.Parapertussis
B.Bronchiceptica
B.avium
Қозғалғыштығы
-
-
-
-
Борде-Жангу ортада өсу уақыты (тәулік) 3-6
2-3
1-2
1-2
ЕПА-да өсуі
-
+
+
+
Пигмент түзуі
-
+
-
-/+
Биохимиялық белсенділігі:
Урезаға тест
Оксидазаға тест
Нитраттың нитритке тотықсыздануы
Каталазаға тест
+
+
+
+
+
+
+
+
+
Патогенді факторлары:
Пертуссис- токсин
Жасушадан тыс аденилатциклаза
Трахеялық цитотоксин
+
+
+
+
+
+
+
+
8. Резисттентілігі
Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі. Көкжөтелжәне паракөкжөтел қоздырғышы сыртқы қоршаған орта жағдайына
тұрақты емес. 560С қыздырғанда микроорганизмдер 20-30 мин.
жойылады. Көкжөтел және паракөкжөтел бактериялары төменгі
температурада бірден өледі. Тура күн сәулесі 1-2 сағатта
бордетеллаларды жояды, ультра күлгін сәулесі
бірнеше минітта.
Құрғап қалған қақырықта бактериялар бірнеше сағат тіршілік ете
алады. Дезинфекциялайтын ертінділер
3% хлорамин ертіндісі,
сулема (1:1000)
көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштарын тез
өлтіреді.
Антигендік қасиеті: Бордетеллалар термостбильді туыстастық
арнайылығы бар О-антигенге ие, олар тек S-пішінді түрлеріне
тән.Бордетеллалардың беткейлік термолабилді 14 капсулалық
антигендері анықталған.
9.
Екі аурудың қоздырғыштары антибиотиктерге сезімталдығытөмен, әсіресе пенициллинге.
Негізгі патогенді фактор - термолабильді экзотоксин. Ол
жүйке және қан тамыр жүйесіне сезімтал, белоктық құрылысы
бар, 560С бұзылады. Көжектерге тері ішіне енгізгенде некроз
тудырады
Дольда сынамасы. Көкжөтел таяқшасының
термостабильді эндотоксині жалпы токсикалық әсер және
сенсибилизация береді. Сонымен қатар, көкжөтел
бордателлаларда гиалуронидаза, лецитиназа, плазмокоагулаза
патогендіферменттер анықталған. Капсула бактерияларды
фагоцитоздан қорғайды.
Bordetella pertussis қызба тудыратын эндотоксин,
антифагоцтарлық белсенділікке ие жән лимфацитозд күшейтетеін
ақуызды токсин (пертусис-токсин), тамырдың өткізгіштігін
жоғары өткізтіштігін жоғарылататын, гистаминсенсиблизациялық әсер ететін эителиалды жасушалардың
жойылуын тудыратын агрессиялық ферменттер бөледі:
10.
11.
Эпидемиологиясы. Инфекцияны жұқтыру көзі науқас адам, жұғу механизмі
ауатамшы. Бордетеллалар макроорганизмнің респираторлы трактысының эпителийіне
сезімтал. Инфекцияға барлық адамдар сезімтал, бірақ жиі жас балалар 1 жастан 10
жасқа дейінгілер.
Патогенезі және клиникасы. Көкжөтелде инкубациялық кезеңі - 3-14 тәулік, жиі 5-8
тәулік. Қоздырғыш жоғары тыныс алу жолдары кілегей қабығына түскенде,
эпителийде көбейеді, әрі бронхогенді жолмен төменгі тыныс мүшелеріне түседі
(бронхиола, альвеоларға). Экзотоксин әсерінен ұлпалар некрозданады, шеткері жүйке
талшықтары ашылып қалғанда, тітіркенуі байқалады, нәтижесінде сопақша мидың
жөтел орталығына ақпарат түскен соң олар белсенді болғандықтан спазмалық жөтел
пайда болады. Көкжөтелде бактериемия байқалмайды. Екінші реттік бактериалық
флора асқынуларды дамытады.
Ауру барысында келесі кезеңдер анықталған: 1. Катаралді кезең, 2 апта өтеді - құрғақ
жөтел болады, науқас қалі төмендейді. 2. Конвульсивті (қалтырау) немесе спазмалық
кезең - 4-6 апта созылады және тәулігіне 20-30 рет үстамалы жөтел “иттін үргеніне
ұқсас” жөтел. 3. Сауығу кезеңі 2-4 апта созылады
Иммунитеті. Аурудан соң тұрақты өмір бойына гуморальді иммунитет қалыптасады.
Көкжөтелмен ауырған науқас және сауыққан адамдар қанында агглютининдер,
преципитининдер, комплемент байланыстыру антиденелері кездеседі. Маңызды
рөлді секреторлы А иммундыглобулин атқарады.
12.
Лабораториялық диагностика. Негізгі микробиологиялық диагностика әдістері бактериологиялықжәне серологиялық. Экспресс-диагностикада иммунофлюоресценция реакциясы жүргізіледі. Таза
дақыл бөлу үшін мұрын-жұтқыншақтан кілегей, қақырық тексеріледі. КУА немесе Борде-Жангу
ортасына енгізеді. Сонымен қатар, жөтел рефлексін тудырып материал алуға болады. Бөлінген
дақылды культуралді, биохимиялық және антигендік қасиеттері бойынша идентификациясы
жүргізеді. Ретроспективтік иагноз ою үшін Серологиялық реакциялардан . агглютинация, комплемент
байланыстыру, пассивті гемагглютинация қолданады . Қоздырғыштарға антиденелер 3 аптадан бастап
түзіледі, диагноз антидене титрі бойынша дәлелденеді. Жас балаларда бірінші екі жаста
серологиялық реакциялар теріс болады.
Негізгі әдіс- бактерилогиялық.Таза дақылды морфологиялық, дақылдық және антигендік қасиеті
бойынша идентификациялайды.
Зерттеудің бірінші күні:Тампонмен алынған материалды бір-екі Петри табақшасына (Борде –Жангу
ортасы немесе ККА және алдын-ала пенициллинмен немесе бициллинмен қосалқ микрофлоарсын
басқан ортасы бар) себеді. 37С-та 72 сағат инкубациялайды.
Зерттеудің төртінші күні:Табақшаларды күмәнді колонияларға жіктейді.Күмәнді колониялар
байқалса, қиғаш казенді агарга себеді.Олардан себінді дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскопта
қарайды.Заттық шыныда агглютинациялық реакциясын адсорбцияланбаған арнайы түрлік сары сумен
қояды.Бордетелларды дифференциялау үшін уреазаға сынама, қиғаш ЕПА егеді, жартылай тығыз
ортаға сеуіп қозғалғыштығын анықтайды және Симмонс ортасына себеді.
Зерттеудің 5-6 күні:Нәтжелер талданады.Көкжөтел микробының сероварын анықтайды. Қорытынды
жауап беріледі.
Бактериялардың дентификациясы үшін флюрохроммен аңбаланған Bordetella pertussis пен
B.paraperussis-ке қарсы антиденелерді қолданып ИФР-ын (жедел диагностика) жүргізеді.
13.
14. Антибиотиктерге сезімталдығы:
•Эритромицин;•Кларитромицин;
•Мидокамицин;
•Азитромици;
•Макропен;
•Рокситромицин и аналоги
препаратов.
15.
Емдеуі. Көкжөтелдің ауыр жағдайында антибиотиктер(ЭРИТРОМИЦИН,ТЕТРАЦИКЛИН, ЛЕВОМИЦЕТИН) ,
қалыпты гомологиялық иммунды глобулин
тағайындалады.Салқын таза ауа, антигистаминді
препараттар ұсынылады.
Алдын-алуы.Көкжөтелге қарсы арнайы сақтандыру үшін
адсорбцияланған көкжөтелді-дифтериялы-сіреспе
вакцинасын қолданады.Балаларға 3 айдан бастап енгізіледі.1
жасқа дейінгі балаларға және ауру адаммен қатынаста
болғандарға адамның қалыпты иммунды глобулинін
енгізеді.АКДС-М құрамы:1 фазадан тұратын B.pertussis- тің
өлі дақылы, көкжөтелтоксині, агглютиногені, капсуланы
антиген, дифтериялық және сіреспелік анатоксин.
Қазіргі уақытта құрамында тазатылған көкжөтел
бордетеллаларының антигендері орналасқан-филаменті
гемаглютинин, пертактин, агглютиноген немесе петуссисанатоксині бар суббірлік вакциналар қолданылады
(ацеллюларлы,субкорпускулярлы).