Біз-тәуелсіз елдің ұланымыз!
Елорданы Астанаға көшіру тарихи шешіміне - 20 жыл  Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ,
Еліміздің астаналары: Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола.
Топтасу 1 топ – «Желтоқсан» 2 топ- «Алаш» 3 топ- «Тәуелсіздік»
501.65K
Category: lawlaw

Біз-тәуелсіз елдің ұланымыз

1. Біз-тәуелсіз елдің ұланымыз!

2.

Тәуелсіздік
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
©Қ.Сарин

3.

Тәуелсіздік тарихы
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет
болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда
Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды
қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы
болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған
Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан
Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан
соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік
Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін
мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас
Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш
болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.
Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары
қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған
Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық
құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992
жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты
елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат
аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде
әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық
қатынастар басталды.

4. Елорданы Астанаға көшіру тарихи шешіміне - 20 жыл  Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ,

Елорданы Астанаға көшіру тарихи шешіміне - 20 жыл
Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер
болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып
жарияланған күн еске түседі. Иә, сол жылдың қара күзінде Мемлекет
басшысы жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік
нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне,
осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда
қоныстанған мемлекеттік органдар Арқа төсіне атбасын бұра бастаған
еді. Ал 1998 жылдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған
жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті.

5. Еліміздің астаналары: Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола.

Еліміздің астаналары:
Орынбор, ҚызылордаАқмешіт, Алматы-Верный,
Астана-Ақмола.

6. Топтасу 1 топ – «Желтоқсан» 2 топ- «Алаш» 3 топ- «Тәуелсіздік»

7.

«Желтоқсан» тобы
1. Қазақ хандығы қашан құрылды?
2. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады?
3. ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата.
4. EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі
тақырыбы қандай?
5. Астана қаласының бейресми символына айналған
ғимарат?

8.

«Алаш»тобы
1.Шыңғыс ханның заңдар жинағы?
2.Астана қаласының бұрынғы атауы қандай?
3.Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының
құрбандарын ата.
4.ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім?
5.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

9.

«Тәуелсіздік» тобы
1.Жақында өткен Елбасы жолдауының
тақырыбы қандай?
2.Қазақтың беделді билерін ата.
3.ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы?
4.Қазақ хандығын құрған хандар?
5.Қазақ жүздерін ата.

10.

«Қазақстан» сөзжұмбағы
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
Қазақстан сөзжұмбағы
1.Оңнан солға, солдан оңға қарай да
өзгеріссіз оқылатын ұлт атауы
2. Ежелге адамзат қауымдастығында
сакралды-рухани (діни) статусы бар
адамдар.
3. Қазақстанның көлдерінің Оңтүстік
Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары
арасындағы тектоникалық ойыста
жатқан тұщы көл.
4. Астана қаласының бұрынғы атауы
5.Рейхстахқа ту тіккен қазақ батыры
6. 1991 жылы 29 тамызда жабылған
полигон
7. Ұлы жүздің биі
8. Ақмола қаласына дейінгі ҚР астанасы
9. ҚР Президенті

11.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!
English     Русский Rules