Модульдік оқыту технологиясы
М.М. Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы
Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі. С.И.Ожегов
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты
Міндеттері
Оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен: кіріспе,сөйлесу және қорытынды бөлімнен тұрады
Оқу модулін даярлау технологиясы І кезең
Оқу модулінің жасалу барысы
Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау
Бағалар мынадай болады:
Бұл бағаларды журналға тек төмендегідей сұлбада "аударудан" өткеннен соң ғана қойылады.  
4.33M
Category: educationeducation

Модульдік оқыту технологиясы

1. Модульдік оқыту технологиясы

Марал Мәденқызы
Жанпейісова
педагогика
ғылымдарының
кандидаты

2. М.М. Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы

Бұл технология 2000 жылдан бастап мектеп
тәжірибесіне енді. Ақтөбе қаласында сынақтан өтті.
Модульді оқыту тәжірибесін зерттеген ғалым
М. Жанпейісованың «Технология модульного
обучения» атты еңбегі жарық көрген.
Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері
арқылы баланың қиялын дамытуға, зейінін
тәрбиелеуге, халықтық педагогикамен
қаруландырып, терең білім беруге негізделген.

3.

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҰЛҒА
ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА
ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ

4. Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі. С.И.Ожегов

Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес
блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi,
әдiстемелiк нұсқаулар, шамамен алғандағы iс
әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн
бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары
енедi.

5. Модульдік оқыту технологиясының мақсаты

Оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын
дамытуға қолайлы жағдай туғызу,
эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеу.

6. Міндеттері

Жеке тұлғаның қажеттіліктерін
қанағаттандыру;
Таным үрдістерін дамыту;
Танымдылық қабілеттерін дамыту
Сөздік қорын дамыту;
Өзара көмек және бірге бастан өткізу;
Оқу себептілігінің өзгеруі.

7. Оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен: кіріспе,сөйлесу және қорытынды бөлімнен тұрады

8. Оқу модулін даярлау технологиясы І кезең

Мұғалімнің
модульді даярлауы:
Оқу материалын блок арқылы тақырыптарға бөлу;
Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни
оқушы нені біліп, үйренуі тиіс);
Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы
формасын ойластыру;
Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек
сызба-конспект құрастыру;
Диагностикалық және бақылау жұмыстарын
әзірлеу;
Білім, білік дағдыларды түзетуге арналған
тапсырмалар дайындау.

9. Оқу модулінің жасалу барысы

Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа,
тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат
санына байланысты. Неғұрлым тиімдісі - 7-12
сағаттан тұратын оқу модулі.
Алайда модульге бөлінген сағат саны 4 сағаттан
("Қазақстан тарихы" курсында) 22 сағатқа
("Математика" бойынша) дейін ауытқыды.
Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына
қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты,
қорытынды бөлімге - 2-3 сағаты беріледі. Қалған
уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты)
сөйлесу бөліміне қалдырылады.

10.

Мысалы:
Мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап
отыр делік. Оның бір сағаты модульдің
бірінші бөлімі — кіріспеге, екі сағаты қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты сөйлесу бөліміне беріледі.
Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де
модульдің I және III бөлімдеріне берілетін
сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу
бөлімінің уақыты өзгереді - яғни, ол 9
сағат болады.

11. Оқу модулінде оқушы қызметін бағалау

Сөйлесу
бөлімінде оқушылардың оқу
қызметінің нәтижелерін бағалауда:
Оқушы өзін-өзі бағалайды;
Бірін бірі бағалайды.
Оқушылардың білімін бағалау баллдық жүйемен
жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік
деңгейіндегі үш тапсырма беріледі.
Күрделі тапсырмалар - О (I деңгей);
Орташа күрделілік дәрежесіндегілер (ІІ деңгей),
Жеңілдетілген тапсырмалар – Δ (III деңгей) шартты
белгісімен көрсетіледі. Олардың біреуін орындау
“5”, немесе “4”, немесе “3” баллдарымен
бағаланады.

12. Бағалар мынадай болады:

I деңгей
II деңгей
III деңгей
“5”
О
“5”

“5”
Δ
“4”
О
“4”

“4”
Δ
“3”
О
“3”

“3”
Δ
Модульдің бұл бөліміндегі барлық бағалаулар
мен бағалар-ынталандырушы сипатта.

13. Бұл бағаларды журналға тек төмендегідей сұлбада "аударудан" өткеннен соң ғана қойылады.  

Бұл бағаларды журналға тек төмендегідей
сұлбада "аударудан" өткеннен соң ғана қойылады.
І деңгей
ІІ деңгей
журналға
ІІІ деңгей
журналға
журналға
«5»
5
«5»
5
«5»
4
«4»
5
«4»
4
«4»
3
«3»
4
«3»
3
«3»
3

14.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
English     Русский Rules